Сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар (07) ббк 81. 2 (5 Каз) 923 С73



Дата11.01.2017
өлшемі340,19 Kb.
#6855
түріСабақ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орындаушылық өнер кафедрасы

СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ

«Музыкалық білім» мамандығы бойынша күндіз

және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс

сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар
УДК 81. 271:2 (07)

ББК 81.2 (5 Каз) 923

С73
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Пікірсарапшы:

Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Сметова А. А.


Құрастырушы: У.А. Ажіғалиева, Қ.М.Балажанова
С73 Сөйлеу мәдениеті әдістемелік нұсқау / құрастырушылар Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. – Павлодар, 2007. – 25 б.

Әдістемелік нұсқау «Сөйлеу мәдениеті» пәніне арналып, күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлерге жалпы дәріс сабақтарының тақырыптарымен таныстырады.

Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық білім» ҚР МЖМБС 3.08.256 - 2006 мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.

УДК 81. 271:2 (07)

ББК 81.2 (5 Каз) 923

С 73

© Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007




Кіріспе
Келе жатқан дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтілік сайыс, гуманитарлық технологиялар, психологиялық өзгерістер сияқты көрінісімен елестейді. Сол кезеңге сай интелектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты өсіру мемлекеттіміздің ең маңызды стратегиясы. Сондықтан интелектуалды ірі мемлекеттік позицияны сақтап қалу, тіпті ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық приоритетіміздің бір шешімі болашақ ұстаз қолында.

Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: « …Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, кәзіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар … күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады… Олар ұрпапқ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды…» . Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, …әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру», - делінген.

Мұғалім қызметі - өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуде. Әлі толықпаған сәби жанын жасытып, жаралап алмас үшін мұны әрқашан да есте сақтау қажет. Педагогтың шәкірт пен шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық ақыл - оймен, ар-ұят – парыздылықпен, өз ұлтына деген сүйіспеншілік – соған адал қызмет етумен тәрбиеленеді.

Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, тәрбиеленушінің әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп атайды.

Болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын сөйлеу мәдениеттілігі тұрғысынан қалыптастыру, яғни мұғалімнің тек кәсіби сапасына ғана емес, тұлғалық сипатына, адамгершілік қасиетіне, моральдық бет-бейнесіне ден қою көп көңіл аударарлық мәселе.

Педагог тұлғасы біршама сапалық қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Бұл сапалық белгілер тұрақты түрде дәлелденуі тиіс. Мұғалім тұлғасы дәстүрлі түрде психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде сапалық жіктеліміне қарай мынадай топтарға бөлінеді: іскерлік, тұлғалық, жалпы, ерекше және жеке.

Мұғалім-дәрігер мамандығы сияқты ертеден келе жатқан мамандықтың бірі. Ол ұрпақтар арасын байланыстырушы. Орыстың ұлы педагогі К.Д Ушинский мұғалім жайлы былай дейді: “Жас жеткіншекті тәрбиелеуде оқулық арқылы да , моральдік көтермелеу арқылы да, жазалау арқылы да әсер ете алмайтын күшті мұғалімнің жеке жақсы оқу бағдарламасы, тәрбие әдісі болсын, ол тәрбиеші болмаса, жай сөз болып қала береді. Тәрбиеші ешқашан айтқанды көзсіз орындаушы бола алмайды, ол өз жүрегінің жылуын беруші, жанымен сезінуші болғанда ғана тәрбиеші бола алады”.

Ұлы педагог және қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин: “Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен басқа ешкім теңесе алмайды” - дейді.Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде адам және оны биік адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің жолдары туралы айтады. Ол адамның шығармашылық күшіне сенеді. Адамның адамдық қасиеті, өмірдегі орны еңбек арқылы көрінетіндігін айтады. Тәрбие ісінде Ы.Алтынсарин халық даналығына сүйенеді.

Осының бәрін іске асыру үшін аға ұрпақтың ісіне сәйкес кәсәби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықта жалықпайтын, жаңалыққа құштар, ізденімпаз, өз ісіне адал, сөйлеу мәдениеттілігі жоғары музыка мұғалімін даярлау қажет. Осы қасиетке ие болуды «Сөйлеу мәдениеті» пәні қарастырады. Болашақ музыка пәні мұғалімнің сөйлеу тілі және оның тұлғаның іс-әрекетін ұйымдастырудағы ролі, атқаратын функциясы. Сөйлеу мәдениетілігінің тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсері. Сөйлеу тілінің мәдениеттілігі, сапалық көрсеткіштері, шеберлігі. Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік және экспрессивтік қызметі. Мұғалімнің тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы және оның үлгілері, ережелері т.б. мәселелер педагого мамандар даярлау үрдісіндегі басшылыққа алатын нормалар.

1 Сөйлеу мәдениетілігінің тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсері

Тәрбиеленуші студент – болашақ ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін сыйлайтын, оны таныта алатын, рухани дүниесі бай, интелектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы шарт.

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан-2030» атты кешенді жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде төмендегідей тұжырым жасайды: «Келер ұрпақ бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады, ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды…».

Тәрбие үрдісінде ұстаз тұлғасы шешуші рөл атқарады. Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. Кезінде А.В. Луначарский атап көрсеткендей, педагогикалық моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткеншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім – бұл ең әуелі қайғы қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адам.

Мұғалім мархабатты мамандық. В.Г. Белинскийдің ойынша: тәрбие мақсаты – адамгершілік, құралы – сүйіспеншілік. Педагогикадағы адамгершілік адамдарға әрдайым пайда келтіруі, тәрбиеленушілердің рухани және дене саулығы таза болып өсуіне жәрдемдесуі арқылы көрінеді.

Сонымен қоса мұғалім бейнесін көпшілік мақұлдаған ізгілікті жандардан тұратын бейне бір стандартты, өзгермейтін модель ретінде елестетуге болмайды. Адам баласына тән нәрсенің барлығы мұғалімге жат емес. Алайда болашақ жас педагогтар үшін өзін-өзі тәрбиелеудің, сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырудың, кәсіптік-педагогикалық үрдістің өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн. Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты – оқушыны жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады. Әрине, оқушыны жақсы көру, жеке басын сыйлау, мұғалімнің тағы басқа да келелі қасиеттерімен толысып, тез үйлесімін тауып, толықтыра түседі.

Оқу-тәрбие ісі тәрбиеленушінің жүрегін тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін:


  • біріншіден, тәрбиеші ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді болып, сөйлеу мәдениетін терең меңгеруі шарт;

  • екіншіден, оқу-тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай отырып жан саулығына, ден саулығына келелі сөзімен, табиғатына үйлесімді жан-жақты жәрдемдесуі керек,

  • үшіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.

Бүгінгі тәлім-тәрбие, оқыту, білім беру тұрғысынан қазақтың халық педагогикасы, дала ұстаздары өсиет еткен өнегелі сөздерін еске алсақ, шәкірттің көзі ояу, көңілі ұйқыда болмас үшін, болашақ тәлімгер ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылықтарды терең біліп, оны жүзеге асыруды парыз деп тануы шарт.

Мектеп пен ұстаз және оқушылар – бір-бірінен ажырағысыз, тығыз байланыста болады. Педагогтардың кәсіби моралінің талаптарының ең негізгісі болып саналатыны әр жекелеген оқушының игілігі үшін қамқар болу. Әр нақтылы жағдайда бұл игіліктің неден белең алатындығын ұстаз өзі шеше алуы тиіс, ол үшін шәкірттің жеке тұлғасына талдау жасау, оның сыныптағы жағдайын білу, жанұядағы және оны қоршаған балалармен және үлкендермен өзара қарым-қатынасын нақтылай білген жөн. Мораль педагогтардан тұрақты педагогикалық жұмыс ретін талап етеді. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды өлшемі – оқушы туралы қамқорлық шаралары.

Өзінің кәсіби болмыс, мінез-құлқына өзіндік талдау жасаудан әр педагогтың ұтары мол. Оқушы үшін ненің қажет екендігін, оны толғандырып жүрген нендей жағдай екендігін білмей тұрып ұстаздың бала игілігі үшін әрекет жасауынан нәтиже шықпайды. Әсіресе балалардың да жан–дүниесіне үңілу және олардан тек тәртіпсіздікті ғана көрмей, дұрыс қарым-қатынастың ыңғайында тәрбиелесе, нәтижеге жетері хақ. Әр педагогикалық жағдайда ұстаздан ақылдылық және нақты әрекет талап етіледі. Педагогтардың шәкірттерінің игілігі үшін қамқорлық жасауы төрт аспектіге байланысты: олардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани дамуын жетілдіру. Шәкірттерінің физикалық дамуын жетілдіру аясына оқушыларының денсаулық жағдайына көңіл бөлу, мектептегі сабақ барысында және үй тапсырмаларын орындауда әр оқушының физикалық және психикалық тұрғыдан өзіне артық салмақ артпауына себепші болу.

Оқушылардың ақыл-ойын дамыту – мұғалімдер алдындағы маңызды шаруаның бірі. Бұл талап педагогтарға өзінің негізгі әрекеті мен қосымша жұмыстарының ара жігін толықтай ашып алудан басталады. Оқу уақытының көп бөлігі осы міндеттерді шешуге жұмсалғаны жөн. Осы әрекеттерден келіп шығатыны: әр шәкірттің алдына оқу міндеттеріне қатаң талап қою және міндеттер деңгейінің баланың ақыл-ой деңгейімен бір мөлшерде болуы ескерілуі шарт. Ол міндеттер аса жеңіл де емес немесе аса күрделі де болмауы тиіс. Талаптардың тым босаң болуы оқушылардың дамуының деңгейін төмендетеді, тым жоғары болса жүйкеге салмақ түсуі ықтимал. Сол себепті нақты баланың жас ерекшелігіне сай өлшемді ұстанған дұрыс.

Тәрбиеленушінің адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу мәселесі де ұстаздарға толағай міндеттер жүктейді. Өздерінің тәрбиелеп отырған шәкірттерінің бойында адами қасиеттерді ұштауда да жүргізілетін жұмыс түрлері сан алуан. Бұл арада тек әрекетке педагог қана енуі тиіс десек қателесеміз, олардың мүмкіндіктері шектеулі, ал басты жауапкершілікті ата-аналар алады. Бірақ, ұстаздар бойын аулақ ұстауы керек деген ұғым тумауы тиіс. Бұл талапқа басшылық жасай отырып, ұстаз шәкіртіне моральдық зиян келтірмеу жағын ойластырғаны дұрыс. Адами қасиеттер сапасын шәкірттеріне дарытуда ерекше жетістіктерге ие болатын ұстаздар өздерінің күнделікті әрекетінде бұл үрдісті дағдыға айналдырғандар. Бұл ұстаздардың бойындағы сапалық қасиеттер: ұқыптылық, сыпайылық, адам жетістігін бағалай білу, жауапкершілік, көмек көрсетуге даяр болу, шыдамдылық, патриотизм, шынайылық, көпшілдік.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына мынадай анықтама берілген: «Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы». «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік қасиеттерінен ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді тәрбиеленуші бойына сіңіру тек шебер сөйлеу шеберлігі жоғары қалыптасқан тәлімгердің қолынан ғана келеді.

Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениет пен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Бүгінгі өркениетті педагогикада тамыры тереңге жайылған халық педагогикасы негізінде оқыту, оны ұрпақтар санасына сіңіру, тәлім-тәрбиенің іргетасын балдырған шақтан қалау ісі жолға қойылуда. Осы мақсатта:

1) Сөздік әдістерді қолдану: мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, терме, айтыс, жыр, ертегі, өсиет сөздерді оқытып, үйрету;

2) Үлгі-өнеге, оны ұлы адамдардың өмірімен байланыстара оқыту;

3) Әдеп және жантану. Болашақ мұғалімге құлықтық тәрбие беруде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі етеді.

Ғұлама даналарымыз адамның жан дүниесіне жүрек сырына терең бойлап ондағы құпия жайттарды ұғынып, олардың бейнесіндегі маңызды жақсы-жаман қасиеттері туралы өте көп педагогикалық тұжырымдар, ой-пікірлер айтқан. Олар жақсы мінез құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде қазақ даналары, әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтады. Егер осы екеуі – жақсы мінез құлық пен ақыл күші, бірдей болып келсе, ол адам – үлкен ат иесі деген. «Адамнан үлкен ат жоқ» - деген тобықтай түйін осыдан қалса керек.

Қазақ ойшылдарының тұжырымдауында, ақыл парасаттылық жеті нәрседен тұрады: біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдылықпен қараудан; екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан, төртіншіден, қатеңді бірден мойындап кешірім сұраудан, бесіншіден, әдеп сақтап, өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтануынан; алтыншыдан, төзімді болып, қызбалыққа жол бермеуден; жетіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан.

Халық даналығының кәусар бұлағы – ұлттық педагогикаға назар аудару қазіргі білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Мұның студенттер ұшін де маңызы зор, өйткені оқушыларды халық даналығында адамгершілікке тәрбиелеу мұғалімнің жеке тұлғалық адами қасиеттеріне, осы салада меңгерген теориялық-практикалық білім, іскерлік, дағды деңгейіне байланысты айқындалады.

Халық педагогикасының әр түрлі қырларын тілге тиек еткенімізде, алдымен соны іске асырар педагог тұлғасына қойылатын талаптар және сол талаптарға педагог тұлғасын сәйкестендіру тетігін айқындау мәселесі – қазіргі күнгі білім беру саласының күн тәртібінде басты орынға ие.

Сөйлеу мәдениеттілігі жоғары деңгейде қалыптасқан ұстаз тұлғасы қандай болуы керек? – деген сұраққа жауап ретінде төмендегі ой-пікірлерді ұсынамыз:

1) ұстаздық еңбек жолындағы алғашқы қадамы шәкірттің оқуға деген ынтасына терең мән беріп, шәкірт жүрегіне жол тауып, атқарылатын іске шын қызықтыра баулу;

2) ар-ождан алдындағы басты парызың мамандықтың басты шарты болғандықтан, ол сенен төзімділікті, ұстамдылықты, шыдамдылықты, шыншылдықты, әділдікті талап етеді. Оған машықтанып, дағдылану;

3) нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды таңдандыра, қызықтыра, шабыттандыра білу;

4) педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты – оқушыны жақсы көру, жылы жүзбен қарау, жеке басын сыйлау;

5) өз халқының мәдениетіне, тіліне, тарихына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарайтын нағыз адам қалыптастыру.

Қорыта айтсақ, педагогтарға кәсіби білім беру проблемасы, оның ішінде болашақ мұғалімдердің сөйлеу мәдениетілігінің тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсері проблемасы жан-жақты қарастыруға және жоғары оқу орнындағы білім беру процесі жүйесіне оңды өзгерістер енгізу үшін қажетті мәселе деп есептейміз.
2 Мұғалімнің тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы және оның үлгілері
Қазіргі күннің талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру, өнегелілік мәдениетін, тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы дамыту ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі барлық оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы, көбінесе соған байланысты.

Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын, тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы мәдениетін жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Мұғалім үщін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А. Дистервег.

Мұғалімнің тиімді сөйлеу мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ең алдымен адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайырымдылық сезімін нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Ұстаз тұлғасының ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушылармен бірге толғанатын, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын кеңейте алады.

Сөйлеу мәдениеті ұстазға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, іштарлық, атаққұмарлық секілді әдеттерден аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі.

Өзімшіл өресі таяз адамдар өзінің көптеген рухани адамгершілік қасиеттерінен айырылады. Адамгершілік қасиеттен айырылудың осындай жақтарын байқаған В.Г. Белинский былай деп атап көрсетті: ғалым, дәрігер, заң шығарушы болған жақсы, алайда осының өзінде адам болмау өте жаман.

Әрине, өресі кең адамдардың өзінде де әр алуан кемшіліктер, болуы мүмкін. Шындығында әр адам өзінің өнегелі ішкі дүниесін жақсартып жетілдіре алады. Ол үшін бірінші кезекте адамгершілік, мейірбандық сезім аясын кеңейтіп, өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеру керек.

Мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптар педагогикалық деонтологияның жеке тұлғалық компоненттерінде өз көрінісін табады.

Мектептің алға қойған мақсаты - мәдени орталық болып саналуы, адамның бойына тек жақсылықтарды ұялату, дамыту. Тұлғаны дамыту үрдісі күрделі қайшылықтарды жеңумен байланысты, осы орайда көптеген келеңсіздіктермен күресуге тура келеді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігі туындайды. Мұнда педагогикалық мораль, ұстаздың кәсіби жұмысында адамгершілік қатынастардың бірлігіне құрылады. Бүгінгі күні этикалық тәрбиенің, адами қасиеттерді меңгертудің мәні зор.

Педагогикалық этика педагогикалық моральдың қызметін, принциптерін, мазмұнын, ерекшеліктерін қарастырады, педагогтың адамгершілік іс-әрекетін, мінез-құлқын негізге алады. Ол педагогикалық этикет негіздерін даярлайды, оның аясына адамдардың, өскелең ұрпақ тәрбиесімен кәсіби тұрғыда айналысып отырған барлық жандардың дұрыс қарым-қатынасының ережелері, қағидалары енеді.

Педагогикалық мамандықтың моральдық аспектілері әр педагогикалық қызметкердің өзінің іс-әрекетіне деген жауапкершілікпен, жеке көзқарасымен ұштасады. Педагог өз шәкірттерінің келеңсіз, жаман әдет-қылыққа баруына жол бермей, жан-жақты тәрбиенің аясынан босатпауы шарт. Бұл салаға ата-анамен тығыз байланыс та енеді. Кез келген ұстаз моральдық міндетін орындауда еркін. Өзінің кәсіби білімін, білік, дағдысын қандай деңгейде пайдалана алуы оның кәсіби этикасына байланысты.

Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: егер етік тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды, бар болғаны азаматтар барынша нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде жаман адамдар мен бұзақылар көбейіп кетеді.

Мұғалімдік атаққа ие болған әрбір адам ұстаздық абыройға ие бола бермейді, өйткені ол абыройлы, ардақты іс болғанымен, қолындағы дипломға қоса «абыройлы» деген мандат берілмейді. Жазылмаған бұл мандатты халықтан өзі алуы керек. Диплом алған әрбір адамның болмысы түгелдей мұғалім болып жаратылуы керек. Бұл мамандықты меңгерту барысында ұстаз кадрларын даярлайтын жоғарғы оқу орны әрбір тәлімгер болам деген талапкерге мұрындық болуы керек.

Педагогикалық талаптарға сәйкес болашақ ұстаз абыройының баспалдақтары:

1) мұғалімнің маңызды еңбек құралы, оның жеке тұлғасы. Өзінің кәсіби міндеттерін нәтижелі орындау үшін ұстазға міндетті түрде өз оқушыларының алдында ерекше абыройлы болғаны дұрыс. Алайда бұл сый-құрметтің, сенімділіктің өзі ерен еңбекпен келетіні түсінікті. Осы орайда әңгіме тек арнайы кәсіби-педагогикалық сапалық қасиеттер (мейірімділік, шыдамдылық) хақында ғана емес, басқа да түрлі жалпы адами әлеуметтік құнды қасиеттер хақында. Бұл әлеуметтік бағалы қасиеттер педагогқа аса қажет, оның кәсіби міндеттерінің аясына адамгершілікке тәрбиелеу енеді. Әлеуметтік құнды сапалық қасиеттерді тәрбиелеу білім беру және іскерлік дағдыны жетілдірумен қатар жүреді. Білімді терең игертетін, моральдық сенімге тәрбиелейтін педагогтың өзі жан-жақты білім иесі, мол адами қасиеттерді бойына жинақтаған жан болуы тиіс. Білім беретін тұлға мен оқушылардың болмысының аралығындағы өзара байланыстың болуы педагогтың кәсіби моралінің кодекстерін құрудың маңызды алғышарты болып есептеледі.

2) ұстаздарға қарап шәкірттер еліктейді. Балалар мен жасөспірімдер күн сайын бірнеше сағаттан мектеп әлемінен орын ала отырып, ұстаздарының берген білімдерін ғана меңгеріп қоймайды, мінез-құлық ерекшеліктерінен де көп нәрсені дарытады. Кез келген жағдайда мұғалімдердің назарға алатын қағидасы, олар оқушыларға өздерінің мақсатты бағытталған педагогикалық әрекеттерімен ғана қолайлы немесе қолайсыз әсер беріп қоймайды, сонымен қоса өзінің тұтас болмыс, жан-дүниесімен де қатты әсер етеді. Осы себептерге байланысты ұстаздардан қатты талап етілетіні – олардың тек үлгі аларлықтай бағыт-бағдар берулері, оқушыға зиянды әсер беретін барлық шараларға қарсы тұра білулері қажет. Нақты осы жайт кәсіби мораль кодексі тұрғысынан анықталуы тиіс.

3) кәсіби міндеттерді атқарудағы еркін таңдаудың жеткіліктілігі. Жоғарыда айтып өтілгендей, ұстаздың кәсіби рөлі оған сан алуан және күрделі міндеттерді артады. Олардың жүзеге асуы үшін әрекеттің үнемі бірдей амалдары кезіге бермейді. Педагогикалық ахуалдар үнемі өзгеру үстінде және әр кезде жаңаша бағалануы тиіс. Педагогты барлық уақытта өз міндеттерімді қалай, қандай әдістермен жүзеге асырамын деген ой мазалайды. Таңдаудың өзі өзгеріп, жағдайға сәйкес түрленіп отырады. Кімде неғұрлым жоғары таңдау еркі болса, сол адамда соғұрлым жоғары жауапкершілік болмақ. Сол үшін мұғалімдерге моральдық нормалар аса қажет, көп жағдайларда оңтайлы шешім табуға жол ашады.

4) қоғам мұғалімнің әр шешімінің сапасын және мақсаттылығын қадағалап отыра алмайды. Сол үшін бақылау ең алдымен мұғалімдердің өздерінің тараптарынан белең алуы тиіс. Педагогтың кәсіби тұрғыда өз ісінің шебері болмауынан және кәсіби міндеттерінің сапасыз атқарылуымен заңдар мен нұсқаулардың көмегі арқылы күресу мүмкін емес. Бұл арада анағұрлым тірек болар күш те кәсіби-моральдық сана-сезім болып саналады.

5) бүгінгі таңда ұстаздар қауымына нақты талаптармен қоса негізсіз де міндеттер артылуда. Негізді және қисынсыз жайлардың ара жігін ашып алған дұрыс. Бұл арада жан-жақты ойластырылған кәсіби мораль көмектеседі. Білім беруден басқа да (экологиялық, әлемге көзқарасты тәрбиелеу) міндеттерді ұстазға жүктей беру ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінің төмендеуімен байланысты. Ата-аналар өз міндеттерін қуана-қуана ұстаздарға артуға құмар, көпшілігі оларды тәрбие мамандары деп санайды. Бұндай міндеттің көп жүктелуі ұстаздар қауымына бірқатар міндеттерді тереңдей қабылдай алмауға итермелейді. Өздерінің кәсіби міндеттерін қысқартуға әкеледі. Қат-қабат нұсқаулар мен шамадан тыс толтыратын қағаздар реті де тәжірибелік міндеттерін алмастырып жібереді. Ұстаздарды осындай қат-қабат әрекеттерден, негізсіз талаптардан қорғау, ата-аналарды бала тәрбиесіне біліктілікпен қарауға дағды беруде де кәсіби моральдың лайықты нормалары аса қажет.

Педагогтардың сөйлеу мәдениеттілігінің мазмұнын анықтауда педагогтарға табиғи түрде осы салада жинақталған халқымыздың мол тәжірибесіне, педагогикалық бай мұрасына арқа сүйейтіні белгілі. Көптеген педагогтар кәсіби болмыс, мінез-құлықтың қалыптасқан нормаларын өз түсінігінше қабылдайды. Алайда, атап өтерлігі, бұл нормаларды мойындау оған мойын ұсыну емес. Сократтың өзі таң қалған жай - көптеген адамдар мейірімділік, қайырымдылықтың бар екендігін біле тұра қатыгездікке барады. Ал, Гегель тұжырымынша, нақты моральдық сана дұрыс әрекеттер арнасына жол ашпақ, ал адамның өзі іске асырған қылықтарымен танылады, өз мамандығын құлшыныспен, жан-тәнімен сүйіп атқарған педагогтың жоғары шеберлік шыңына өрлеп, өз еңбегінің жемісінің дәмін тата беретіндігі айқын.
3 Сөйлеу тілінің мәдениеттілігі, сапалық көрсеткіштері, техникасы
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың немесе құбылыстың бейнесі пайда болады, осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық күйін білдіретін аффектік тілінен ажыратылады. Адам тіліндегі көңіл күй көрінісі үлкен маңызға ие. Сөзді тек ақыл-ой көрінісі деп тану оның өрісін өте тарылтып жібереді. Сөзде, әсіресе оның ауызша түрінде көңіл-күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады: іркініс, ырғақ, әуен, жазба түрінде – тыныс белгілері, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында біз тек сөйлеу ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, әңгіме арқауына болған, әңгіме тыңдаушыға болған өз көңіл толғаныс, қатынастарымызды білдіреміз. Сөз неғұрлым өрнекті, әсерлі болған сайын, одан сөйлеушінің келбеті, болмысы да нақты көрінеді.

Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен бірге ықпал жасау құралы да болып қызмет етеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі - өте мәнді құбылыстардан тұрады. Сөйлеу - әлеуметтік міндетті орындау, тіл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызиетін орындайды.

Сөйлеу процесінің негізгі тірегі – түсіну. Сөз қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын әлеуметтік өнім.

Сөйлеу саналы әрекетке арнаулы үшін әңгіме арқылы шешілетін мәселе және оның мақсаты анық болуы қажет. Сонымен бірге, әңгіме барысындағы міндеттің шешімі сол әңгіме жүріп жатқан жағдайға да байланысты. Әңгіме мақсаттары мен жағдайларын бірлікте қарастыра отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендігін қарастырады, осыдан өз сөзіне алдына қойған міндетін шешуге жарайтын саналы әрекетке айналдырады.

Сонымен, сөйлеу – тіл көмегімен түзелген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша – монологтық және диологтық болып бөлінеді.

Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз не? Оған ғалымдар мынадай анықтамалар береді: тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу, дәрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы. Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру.

Тіл мәдениеті курсының мақсаты мен міндеті, зертеу нысаны және салалары. Тіл мәдениетінің негізі – тілдік норма, яғни тіл мәдениеті дегеніміз тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. “Тіл мәдениеті әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім”. Ал тілдік норма дегеніміз не? Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Тіл нормасы дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Норма дегеніміз - әлуеметтік тұрғыдан қолдау табатын ғана ереже емес, ол тілдік тәжірибеге сүйенетін, тілдік системаның заңдылықтарын көрсететін және беделді жазушылардың қолданылуымен расталған ереже. Қазіргі қазақ әдеби тілінде қалыптасқан тілдік нормаларды ғалымдар: орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, лингвостилистикалық деп бөледі. Осыған орай курстың негізгі мақсаты – тілдің қалыптасқан заңдылықтарын, жүйесін, яғни нормаларын сөз ету, оған ауытқудың себептерін ашу; ойды түсінікті де көркем жеткізудің, тіл байлығын орынды жұмсай білудің маңыздылығын байқату. Яғни студенттен ой байлығын, тіл көркемдігін, тіл тазалығын талап ету.

Тіл мәдениеті курсының мақсатына қарай мынадай негізгі міндеттер қойылады:

- студенттерді ауызша сөйлегенде сөзді дұрыс дыбыстауға дағдыландыру. Осыған орай тілдің баяға заманнан қалыптасқан орфоэпиялық нормасының негізін игерту;

- сауатты жазуға, яғни орфографиялық норманың заңдылықтарын қатаң сақтау дағдыларын қалыптастыру;

- әр сөзді мағынасына қарай сай жұмсауға дағдыландыру. Әр сөздің өзіне тән мағынасы, қолданылатын аясы, стильдік реңкі, тіркесетін сөздері бар екендігіне студенттің назарын аудару;

- айтайын деген ойын сөйлем түрінде жүйелі, тіл заңдылығына сай жеткізе білуге қалыптастыру;

- көркем әдебиет тіліндегі уәжді, уәжссіз қолданыстарды бір-бірінен адырата білуге дағдыландыру т.б.

Тіл мәдениеті ғылымының зерттеу нысаны да тілдің басқа салалары сияқты – сөз. Мәселен, тілдің фонетика саласы сөздің дыбыстық жағын, лексикология мағынасын, морфология құрамын, сөзжасам құрылымын, синтаксис сөйлемінің құрылысын қарастырады. Ал, тіл мәдениеті ғылымы сөздің дұрыс дыбысталуын, мағынасына сай дұрыс қолданылуын, емле ережесіне сай дұрыс жазылуын, қосымшаның дұрыс қосылуын, сқздердің бір-бірімен дұрыс тіркесіп, сөйлеснің дұрыс құралуын және ойдың көркем де айқын берілуін қарастырады, зерттейді. Демек, тііл мәдениеті ғылымы тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланыса отырып, әр саланың қалыптасқан заңдылықтарының дұрыс сақталуын талап етеді.

Тіл мәдениеті ғылымы ғылыми еңбектерде: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті немесе ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті делініп әр түрлі жіктеледі. Ауыызша сөйлеу мәдениеті әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына негізделеді. Атап айтқанда, сөйлеу актісінде қатар немесе алшақ тұрған дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, сөздің құлаққа жағымды естілуі.

Сөз дәлдігі. «Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. … айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтылығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық, мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық айтады да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт айтады. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе әмәндес (мағынасы жақын сөздер) сөздер», - дейді А. Байтұрсынов.

Сөз – шындықтың санамыздағы сәулесі, ой өрнегінің бөлшеі. Ол мынадай шарттармен байланысты:

1) логикалық дәлдік. Сөз дәлдігі – ой дәлдігі. Айқын ойлайтын адам сөзді де мағынысына сай жұмсайды. Сөз бен оның атауының арасында логикалық қайшылық болмауы тиіс;

2) сөздік мағыналық қырлары мен ерекшелігін, оларды қолданылу шегін жақсы білу. Тіліміздегі сөздер тура мағынасымен қатар ауыспалы, келтірімді мағынада да, бір-бірімен мәндес, омонимдес те жұмсала береді. Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді, синонимдерді бір-бірінен мағыналық жігі, стильдік реңкіне қарай ажыратып қолдану арқылы ойымызды анық-айқын жеткізуге болады.
4 Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметтері
Мұғалімнің тіл психологиясы. Сөз, тіл арқылы мұғалім оқушыларға ықпалын, қызығушылығын тигізеді: өз ойын, білімін, өмірге деген өз түсінігін, оқытылатын пән туралы.

Соңдықтан сөз – шеберлік, сөз табу педагогикалық іс - әрекеттің керекті сапасы. Мұғалім өз әңгімесімен, сөзімен әуестену қажет. Мұғалімге өз жұмысында ауызша тілді меңгеріп, қажет етеді. Ол үшін талап, талант керек. Мұғалім – музыкант оқу, жұмыс барысында мамандығының қажеттілігін сезіне, идеялық бағытын, теориялық, әдістемелік дайындық алып, қазіргі техникалық құралды меңгеріп ойын жеткізе алады.

Б.С.Найденов былай дейді: жиынтығы, бостандығы, ұшуы, қапы, жылжымалы, кеңдігі, әуенділігі – осының бәрі дауыс дыбысының сапасы:

Ал, дыбыстың бояуы, екпіні өзінің жеке қабілеті бар. Бояу арқылы біз әртүрлі адамдарды танимыз. (аспаптың дауысы сияқты).

Ал, оқу процессінде әртүрлі тіл екпіні арнайы педагогикалық зерттеуден өтті. Аса тез емес, аса баяу емес тіл екпіні оқушылардың зейінін алмайды, әңгімеге қосылмайды, қарсылық көрсетеді.

Педагогикалық тілі, екпіні орташа, 1 минутта 250 сөз, не 180-300 буын диопозон құбылысы 1 минутта. Осы жағдайда логикалық кідіріс, белгілер керек және де адамның жоғары жүйе іс-әрекетіне байланысты адамның мінезі де әсер етеді.

Мұғалімнің білім психологиясы. Педагогикалық талаптың 2-ші компоненті, ол, музыкалық пәнге терең қызығушылығы, әлем объектісін білу, өздігін жетілдіру жолы.

Оқу процесінде педагог оқушыларды байқай отыра, олардың ынтасы мен қызығушылығын зерттей отыра: өнерге деген қалып, не барлық музыкалық пәндерге, не түрлі әрекетіне, шығармашылығына байқайды. Осының бәрі тәжірибе жұмысы – еңбегінде келеді. Тәжірибелі ұстаз деген осы.

Балаларға мұғалімнің психологиялық махаббаты. Мұғалімнің балаға берген махаббатының маңызы: олардың өмірін түсіну, көңілін тану, оларды қуанышпен қабылдау, оларға қызығушылықпен қарау, олардың өсуіне бірге ат салысу. Осының бәрі психологиялық құбылысқа байланысты: көңіл-күйі, қызығушылығы, зейіні, күмәнділігі т.б. Бұл бір жағы, екіншісі – жалпы адамгершілік қажеттілігі, биологиялық, әлеуметтік және идеялық деген ұғымды береді, қоршаған әлемді білу, ондағы өзінің орны, жердегі өзінің өміршілігі.

Педагогикалық іс - әрекетінде аталған жоғарғы үш қасиеті өте қажетті және маңызды. Мұғалімнің жұмысында сонда ғана талаптар пайда болады: педагогикалық әдеп, байқаушылық талапкершілік және тағы да басқа осы қасиеттер болмаса, педагогикалық қабілеттілігі де болмайды.



5 Әдеби тіл нормалары
Тілдік норма мен дағдының өзара қатынасы. Әдеби тіл тілдің құралдары қырналып, сұрыпталған, қоғам мүшелеріне ортақ кодификациялықнормасы бекітілген, стильдері қалыптасқан тіл. Әдеби тіл функционалды қарым-қатынас жасаудың ауызша және жазбаша формаларында қолданылады. Қоғамдық өмір қалыптастырған түрлі сала қажеттігін өтеп, тілдік ұжым мен мүшелерінің мүдделерін орындайды.

Қазақ әдеби тілі – жоғарыда көрсетілген әдеби тіл белгілеріне ие сан ғасырлық тарихы бар, тілдік элементтері бірізді жүйеге түсірілген, тілдік ұжымның бар саладағы қажетін өтеудегі мүмкіндігі жететін жол. Кемелденген қазақ тілінің сөздік байлығы фукционалды қарым-қатынастың қай саласына да талабына жауап бере алады.

Күнделікті тіршіліктегі қарым-қатынасты жүзеге асырушы сөйлеу тілі мен жазба тіл арқылы кітабилық сипатқа ие болған фукционалды стильдер әдеби тіліміздің негізгі бөлінісіне жатады.

Осы салалардағы қарым-қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильді тармақтапры арқылы жүзеге асады:



  • ғылым, білім, оқу ағарту саласы – ғылыми стиль;

  • құқықтық сала, заңнама – ресми стиль;

  • қоғамдық-саяси сала-публицистикалық сала;

  • көркем шығармалар тілі – көркем әдебиет стилі;

  • тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі.

Қазіргі қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдегі осы аталған бес салада қызмет етуге бейімделген, яғни аталған бес саланың қалыптасқан арнаулы атаулары, сөз құрылымдары, сөйлеу дағдылары, мәтін түзу ережелері бар.

Қарым-қатынастың ресмилік және бейресмилік сипатына қарай жоғарыда көрсетілген бес стильдік тармақ екі салаға бөлінеді:

а) қарым-қатынастың ресми түрі – кітаби тіл.

ә) қарым-қатынастың бейресми түрі – сөйлеу тілі.

Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. «Тіл мәдениеті» әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенге саяды. Тілдік норма алдымен тілдік жүйемен (системамен) салыстырыла қарастырылады. Мен оқыдым, сен жаздың, ол үйге барды тәрізді құрылымдардың жақтық мағыналарын өзгеше қиыстырып айтуға болмайды. Затты тәуелдеп айтып көріңіз: менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы. Қазақ тілінде сөйлеушілердің бәріне ортақ септеудің де жүйесі бар. Міне, осыған қарағанда, тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс тәрізді көрінеді. Бұл тілдік жүйе мен тілдік норманың бірлігін көрсетеді. Сондықтан тілдік норманың арқауы тілдік жүйе болып табылады. Бірақ тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тнң құбылыс емес.

Тіл – жүйелі құбылыс. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде –ла, -ле, (-да, -де, -та, -те) сияқты аса құнарлы қосымшалар есім сөзден етістік тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, су-ла, ау-ла, шөл-де т.б. Сөз тудырудың дәл осы жүйесі бойынша кез келген зат есімге –ла, -ле, (-да, -де…) қосымшасын жалғауға болатын сияқты. Бірақ жүйе бойынша баула, жүкте, сыйла деп айтқанымызбен, кірпікте, соғымда, кітапта деп айтуға болмайтыны белгілі. Неге? Себебі бұлай деу жүйеге (системаға) қайшы болғанымен, дағдыда жоқ. Міне, осыған байланысты белгілі бір тілдік қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы немесе норманың тілдік жүйемен жарыспалы болуы жеткіліксіз. Бұған қоса ондай қолданыс тілдік дағдыда болуы, сондай-ақ дәстүрге айналуы қажет.



Орфография (грек. Orfhos – дұрыс, gropho - жазамын) – жазудың бірізді тәсілдерін белгілейтін ережелер жиынтығы. Дыбыстардың таңбалануын, олардың бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазылу тәртібін, сондай-ақ бас әріптердің қолданысын, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін анықтау да кіреді.

Көптеген тілдердің емле заңдарына фонематикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік, т.б. қағидаттар негіз болады.



Фонематикалық қағидатқа дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонематикалық түрлері сақталып жазылады.

Фонетикалық қағидат бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, айтылуынша (естілуінше) жазылады.

Морфологиялық қағидат бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады.

Тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей, сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі алынады. Қазақ орфографиясы морфологиялық- фонетикалық принциптерге сүйенеді.

Бұдан басқа дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда қолданылатын айырым қағидаты да бар.

Дұрыс жазу емлесіне байланысты төмендегі жайттарды айтуға болады:

1) қазақ сөздері мен бөлшектерінің негізінен түпкі тұлғасын сақтап, фонетикалық қағидат бойынша жазылатыны. Фонема – сөз мағынасын ажыратуға қабілетті ең кіші тілдік элемент екені белгілі. Мәселен, қас – қаш сөздерінің мағынасы «с» және «ш» фонемалары арқылы ажыратылып тұр. Мұндай түбір сөздерге түрлі қосымшалар жалғанғанда, жазуда олардың бастапқы формасы сақталып қалады: қашса. Айтылуы (қашша) формасында болғанымен, жазуда ескерілмейді.

2) қазақ орфографиясында фонематикалық және морфологиялық қағидаттардың кейде тоғысып кететіні. Айталық, біріккен және қос сөздердің әр компонентінің тұлғасы негізінен бастапқы формасында жазылады, олардың арасындағы дыбыстардың айтылуы бір-біріне тигізетін әсері ескерілмейді: шек+рар, қиян+кескі, жар+қабақ, қара+күйе, т.б.

3) қазақ орфографиясында фонетикалық қағидат та кеңінен қолданылатыны:

а) қосымшалар түбірге соңғы буынның лингвалдық (жуандық-жіңішкелік) белгісіне және соңғы дыбысына қарай түрліше жалғанады: қазақ+тар, қалам+ның, бала+мын, әже+м, т.б.

ә) қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяңданады: талабың, қайығым, жүрегі.

б) п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің –ып, -іп жұрнақтары жалғанғанда п дыбыстары қатар айтылмай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналады: кеп+іп – кеуіп, қап+ып қауып, жап+ып жауып т.б.

в) кейбір біріккен сөздердің бөлшектері түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазылады: қолғап, екіншігәрі, белбеу.

г) орыс тілінен бұрынырақта енген бірқатар сөздер фонетикалық қағидат бойынша дыбысталуымен жазылады: болыс (волость, волостной управитель), кереует (кровать), самаурын (самовар) т.б.

д) араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің айтылу заңдылығына бағына қолданылады: әділ (адл), ақпар (әхбар), дүние (дүнйа), мазақ (мәзх) т.б.

4) тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің қазақша айтылуынша емес, орыс орфографиясы бойынша жазылатыны: физика, алгебра, фестиваль, акция, банк, биржа т.б.

5) жекелеген дыбыстардың қолданыс ерекшеліктері: жай (жәй емес); іңкәр; рас (ырас емес); лай (ылай емес); қиын (қыйын емес), бірақ сыйлық, тыйылды; мұхит, халық, хабар, Мұхтар, Хамит.

6) Сөздердің бірге, бөлек, дефис арқылы жазылуы:

1) Бірге жазылатын сөздер:

а) ғылым мен техника салаларында терминге айналған күрделі

атаулар: тілхат, жарыссөз, өнеркәсіп т.б.

ә) екі түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары: гүлтабан, сүтқоректілер, ақбауыр (құс), аққайран (балық) т.б.

б) шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, әр алуан ұғым атаулары мен мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары: бессайыс, жанкүйер, қылқалам, жолжазба т.б.

в) екінші сыңары аралық, тану сияқты сөздер және алғашқы сыңары авиа, изо, ультра тәрізді болып келген күрделі тұлғалар біріктіріліп жазылады: халықаралық, өлкетану, автомашина, ультракүлгін, авиабилет т.б.

2) Бөлек жазылатын сөздер:

а) күрделі сын есімдер: он бес, жүз он тоғыз, екі мың алты жүз елу бес т.б.

ә) күрделі етістіктер: ала бар, айтып жүр, құлап қала жаздап барып тұрып кетті т.б.

б) күрделі сын есімдер: қызыл ала, ақ сары, қоңыр көк т.б.

3) Қос сөздер негізінен дефис арқылы жазылады: жарқ-жұрқ, бұрқ-сарқ, мая-мая, үйір-үйір т.б.

Дұрыс сөйлеу нормасының жиынтығы орфоэпия (грек. orhoepcia, orthos – дұрыс, epos – сөз) делінеді. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларында мына жайттарға баса назар аударылады:

1) қазақ сөзі буын үндестігіне бағынады:

Кеме-де-гі-нің жан-ы бір (мақал). Бұл заңдылыққа бағынбайтын бірді-екілі қосымшалар да бар (-хана, -қой, -паз, -кер/-гер, -нікі/-дікі/-тікі т.б.): әсемпаз, ардагер, сәнқой, адамдікі т.б.

2) сөз бен сөздің, түбір мен қосымшаның аралығындағы дыбыстар бір-біріне әсер етіп, айтылымда жеңілдік туғызады: қазақ-тар, қаз-дар, үй-лер, күрег-і, [Амаңгелді], [Дошшан] т.б. Осы ретте ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін атауға болады.

3) сөздерді дақпа-дақтап айтқанда негізінен соңғы буынға түсетін екпін қазақ тілінде сөз мәнін ажырату үшін емес, сөз бен сөздің, сөз тіркесі мен сөз тіркесінің арасын ажырату үшін (делимитативті қызмет) қолданылады. Он, алты түрінде бөліне айтылған сан есімдер жеке сөздік екпінге ие болса, он алты түріндегі күрделі сан есімге айналғанда, ортақ фразалық екпінге бағынады. Мұндай фразалық немесе тіркестік екпіндер күрделі сын есімдер (қоңыр көк, ал қызыл), күрделі етістіктерді (айта жүр, бере ғой) айтқанда да кездеседі.

4) қазақ орфоэпиясы ұлттық тілдің дамып, қолданыстық ерекшелігінің бірізділігін сақтауда негізге алынады. Ш-ч, ж-дж, л-д дыбыстық нұсқауларының нормаға сай қолданылуын реттейді: шал (чал емес), жақсы (джақсы емес), түндік (түңлік емес) т.б.

Кей сөздерді тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, арқанда, бұзаула, ботала деп қолданып жатамыз. Бірақ осындай сөздерді тілдік жүйеге сай қолданғанымызбен, сөз жұмсауымызда ара-тұра нормадан ауытқу кездесіп те қалады. Оның негізгі себебі ондай қолданыстың дәстүрде бар не жоғын елеп-ескермеуден туып жатады. Мысалы, ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу – тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыда айналып, дәстүрге енген қолданыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп те жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екендігін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттені ерле деп қолдану да соған ұқсас: “Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі” (“Манашы ұлы Тұяқбай”).

Абдырап, басын қосып жиылғанша,

Бір жерге құйылғанша,

Ат ерлеп, түйе қомдап, жігіт жинап,

Үйлері аруанаға буылғанша.

Тілдік жүйе бойынша, дұрысында, ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, қыр-ла, түр-ле “текеметке түр басу” т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып, күреске түседі. Мұндайда да бір жүйе басым болып, дағды ығысады да, қайшылық шешіледі, қарама-қарсылық бірлікке айналады. Кейде тілдік жүйеден тілдік дағды басым түсіп, дағды орныға түседі де, нормаға айналады. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.

Жүйе бойынша реттік сан есімдерге қосымша –ыншы, -інші (-ншы, -нші) түрінде жалғанады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші… Олай болса, жиырмасыншы (шілде) емес, жиырманшы (шілде) болуға тиіс қой? Ескіше уақыт есептеуге сан есімдер тәуелдік тұлғада қолданылған: қараша жұлдызының бесі, қазан жұлдызының он алтысы т.б. Кейіннен күнді реттік сан есіммен (сегізінші маусым, бірінші шілде, жиырма алтыншы қазан т.б.) айту нормаға айналды. Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай, жиырмасыншы деп қолданудан да тілдік жүйеден тілдік дағдының басым түсіп жатқандығын байқаймыз.

Дағды үнемі тілдік жүйеден басым түсе бермейді. Тілдің даму барысында кейде екі түрлі (не одан да көп) жүйе қатарласа қолданыла келіп, оның ішінде тілдің даму үрдісіне сәйкес келген біреуі жалпы халықтық сипат алып, тілдік норма ретінде танылады да, өзгесі тіл майданынан ығыстырыла бастайды. Тіл қолданысынан ығысқан жүйенің кейбір көріністері нормаға айналған жүйемен қатар дағды бойынша қолданылып та отыруы ықтимал. Бірақ оларды белгілі бір мақсатсыз жұмсау - әдеби тіл нормасын бұзу.

Қазақ тілінде сөздерге тәуелдік жалғауының жалғануын еске түсірсек, дауыстылардан соң бұл қосымша –сы, -сі (бала-сы, күлкі-сі, дала-сы т.б.), ал дауыссыздардан кейін –ы, -і (үй-і, қыс-ы, жаз-ы, тау-ы т.б.) түрінде келуі – бұлжымас жүйе. Осындай жалпыға ортақ жүйені ескермей, біреуі, екеуі, үшеуі, төртеуі, көбі, уақыты, бәрі дегендерді біреу-і-сі – біреусі, екеу-і-сі, үшеу-і-сі – үшеусі, төртеу-і-сі – төртеуісі, көбі-ісі, уақыт-ы-сы – уақтысы, бәрі-сі деп қолдану да кездеседі.

Бұл жерде мұндай жөнсіз қабаттастырудан сырттай осыған ұқсас құбылыстың парқын айыра білу абзал. Отағасы, қолбасы, елубасы тәрізді бірер сөздерде тәуелдік жалғауы айтыла келіп, сол сөздің құрамына сіңіп кеткен. Ондай сөздердегі тәуелдік жалғауы (отаға-сы) меншіктілік мағынаны білдірмейтіндіктен және бір тәуелділік көрсеткіші үстемелене жалғанады: отағасысы, қолбасысы, елубасысы т.б. Бұл айтылғандар объективті нормаға тән қасиет.



Қорытынды
Тіл мәдениеті ғылымының зерттеу нысаны да тілдің басқа салалары сияқты – сөз. Мәселен, тілдің фонетика саласы сөздің дыбыстық жағын, лексикология мағынасын, морфология құрамын, сөзжасам құрылымын, синтаксис сөйлемінің құрылысын қарастырады. Ал, тіл мәдениеті ғылымы сөздің дұрыс дыбысталуын, мағынасына сай дұрыс қолданылуын, емле ережесіне сай дұрыс жазылуын, қосымшаның дұрыс қосылуын, сөздердің бір-бірімен дұрыс тіркесіп, сөйлемнің дұрыс құралуын және ойдың көркем де айқын берілуін қарастырады, зерттейді. Демек, тііл мәдениеті ғылымы тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланыса отырып, әр саланың қалыптасқан заңдылықтарының дұрыс сақталуын талап етеді.

Тіл мәдениеті ғылымы ғылыми еңбектерде: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті немесе ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті делініп әр түрлі жіктеледі. Ауыызша сөйлеу мәдениеті әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына негізделеді. Атап айтқанда, сөйлеу актісінде қатар немесе алшақ тұрған дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, сөздің құлаққа жағымды естілуі.

Сөз дәлдігі. «Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады.

Қорыта келе айтарымыз жоғары оқу орындарындағы студенттердің немесе мектептегі оқущылардың білімге деген құштарлығы, ынтасы, талпынысы сабақ берер мұғалімінің жан-жақтылығына өз мамандығының шебрлігіне жәнете сөйлеу мәдениеттілігінде. Себебі әр оқушы сол оқытушысына ұқсауға талпынады.



Әдебиеттер
1 Назарбаев Н. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. – Қазақстан-2030. – Алматы, 2004. – Б. 13

2 Кертаева Ғ.М. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. Алматы: Ғылым, 2002. – Б. 38

3 Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. – Алматы, 1992. – Б. 10

4 Даналардан шыққан сөз. Құрастырған. Асылов Ұ. – Алматы, 1987. – Б. 312-322

5 Дистервег А. Избр. пед. соч. – М., 1956. Б 73

6 Кертаева Ғ.М. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. – Алматы: Ғылым, 2002. – Б. 7

7 Құнантаева Қ. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы. – Алматы: Ғылым, 1998. – Б. 138

Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................3

1 Сөйлеу мәдениеттілігің тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсері........5

2 Мұғалімнің тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы және оның үлгілері.................9

3 Сөйлеу тілінің мәдениеттілігі, сапалық көрсеткіштері, техникасы.......13

4 Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметтері.......................16

5 Әдеби тіл нормалары..................................................................................17

6 Қорытынды..................................................................................................24

Әдебиеттер...................................................................................................25






Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет