Сабақтың №: 1 Сабақтың тақырыбы : Отбасы мүшелері. Бір үйде біз нешеуміз?



бет1/4
Дата08.07.2018
өлшемі349,68 Kb.
#48595
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың күні: 2.09

Сабақтың №: 1

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері. Бір үйде біз нешеуміз?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру,оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңымен танысу.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13

3.Фонетикалық жұмыс

II . Сабақтың мақсатымен таныстыру: Отбасы мүшелерін білу, олармен сөйлем құра білу, үлкенді сыйлап кішіні құрметтей білу.

III. Жаңа сабақты меңгеру


  1. Ребустің шешуін табу – отбасы

  2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру

  3. Үндестік заңымен танысу

Кесте бойынша тақырыпты түсіндіру,мысал келтіру

Үндестік заңы- Закон сингармонизма. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.Сөздің соңғы буыны жуан болса оған жуан қосымша жалғанады.Мысалы: ата-лар, ана- лар. Сөздің соңғы буыныжіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.



  1. 13б. Сөздікпен жұмыс. Сөздерді өз беттерімен үш қайтара оқып шығады. Содан дауыстап оқиды, әр оқушы оқиды да дәптерлеріне жазып алады.

  2. Тірек сызба бойынша отбасы мүшелерімен таныстырып, сөз тіркесін құру.

  3. Сөз тіркестерін оқушылар атайды, бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне жаза отырады. Мысалы: атам зейнеткер, менің әкем.

  4. Оқулықпен жұмыс.№ 2 Суретке қарап отырып шағын әңгіме құрау.Өздері дәптерлеріне орындайды, болған соң дауыстап оқиды. Мұғалім қатесі болса қарап шығып, қосымша тапсырма беру: үш , төрт сөзге фонетикалық талдау тақтаға үш оқушы орындайды.

IV. Сергіту сәті № 6

V . Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

  1. 3- ші тапсырма бойынша өздері диалог құрайды да, төрт, бес сөйлемнен , сол арқылы бірімен бірі рөлмен сөйлесу. Мұғалім дәптерін қарап шығады.

  2. № 4 Сөздердегі үндестік заңын көрсету

  3. Өлеңді түсініп оқып, жаттау

VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII . Сабақты бағалау.

VIII . Үйге тапсырма

13 б. Сөздер

14 б. Ереже
Сабақтың күні: 4.09

Сабақтың №: 2

Сабақтың тақырыбы: Менің анам мен әкем

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Отбасы мүшелері ана мен әке туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер, доп

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық №19

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.

2. Карточкалар арқылы ережені еске түсіру

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Сөзжұмбақтың шешуін табу – Ата-ана

  2. Тақырыпты жариялау,мақсатымен таныстыру

  3. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.



  1. Мәтін бойынша «Мені түсін» ойыны.

Ата-ана


  1. Сұқбаттасу

  2. ВЕНН диаграмма арқылы әңгімелеу


ана

әке

IV. Сергіту сәті №7

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Тапсырма: Әке,ана сөздерді

А) тәуелдеу

Ә) септеу

2. Сұқбаттасу «Менің әкем, шешем»

(сипаттап беру)

3.Деңгейлік тапсырмаларын сұрау: Тақтаға жазып көрсету: Зат есім+зат есім

Сын есім+ зат есім

Зат есім + етістік

Есімдік +зат есім Оқушылар ойланып тақтаға мысалдар жазады, оны дәптерлеріне жазып алады.



VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII. Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Өз ата-аналар туралы әңгімелеу


Сабақтың күні: 5.09

Сабақтың №: 3

Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ата мен әженің отбасында алатын орны туралы сөз ету.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық №15

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.өз ата-аналар туралы жұмысын тексеру.

2. карточкамен жұмыс

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырып айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен таныстыру

қарт – пожилой человек шәкірттер – ученики

ақылды – умный қол ұштары береді – (здесь)помогать

мейірімді – добродушный құрметтейді – уважают


  1. Сөз тіркесін, сөйлемдерді құру

  2. 1 – тапсырма. Сурет бойынша сұрақтар құрастыру

  3. 2 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аудару

Менің атам мен әжем.

Менің атам мен әжем 70 жаста.Мен оларды өте жақсы көремін.Атам мен әжем жеті бала өсіріп, немере жиендерімен бақытты өмір сүреді.Әжеміз кішкентай кезімізде бізден ештеңе аяған жоқ.Немерелеріне тәтті тамақ әзірлеп,жылы әрі әдемі киім тікті. Бәрімізді өсірді.Біз бақытты отбасымыз.



  1. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар.

1.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2.Осы үлгі бойыңша өз атаң - әжең туралы әңгімеле

3. Мәтіннен жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға, аралас сөздерді үшінші бағанға жаз.

IV. Cергіту сәті № 9

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 3 – тапсырма. Төмендегі қанатты сөздерді оқып, мағынасын түсініп ал. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау



Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімнен көрінеді (Ғабит Мүсірепов)

Шын бақыт – ата – ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде. (Шәкәрім)

2. 4 – тапсырма. Өлеңді жаттап алу.

3. ВЕНН диаграмма арқылы әңгімелеу

VI. Рефлексия


  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII. Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Шағын шығарма жазу (сипаттап беру)



Сабақтың күні: 9.09

Сабақтың №: 4

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әпкем мен сіңлім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту;ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық №20

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Шығарманы тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту, мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен таныстыру

Ақылды- тату-

Мейірімді- жұмсақ мінезі-

Әдемі- әлбетті-


  1. Сөз тіркесін, сөйлемдерді құру

  2. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.

б) Мәтін бойынша «Мені түсін» ойыны.


  1. ВЕНН диаграмма арқылы әңгімелеу


әпке

сіңлі


IV. Сергіту сәті № 21

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Оқулықпен жұмыс: Өлең оқу. Бір үйде біз нешеуміз?

2. 2-ші тапсырмадағы диалогты оқыту, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою, диалогты сөздіктің көмегімен аудару.

3. 3- ші тапсырма оқулықтағы сурет бойынша сөйлем құрау, тақтаға орындау.

4. 4-ші деңгейлік тапсырманы орындау.Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырманы түсіндіру, топқа бөліп тапсырманы бөліп беру.Тапсырманы оқыту, тақтада жазып, оқып түсіндіру.

VI. Рефлексия


  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Сенің әпкең қандай?

VII. Сабақты бағалау.

VIII. Үйге
Шағын шығарма жазу (сипаттап беру)

Сабақтың күні: 11.09

Сабақтың №: 5

Сабақтың тақырыбы: Менің ағам мен інім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену және алғашқы бекіту сабағы

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ, бақылау сабақ, жаттығу сабақ, білім, білік, дағдыны бекіту сабағы, өздік жұмыс сабағы, практикум сабақ, қайталау-қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 26

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Шығарманы тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

ІІІ. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыпты айту, мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен таныстыру

Ақылды- тату-

Мейірімді- жұмсақ мінезі-

Әдемі- әлбетті-

Күшті- қорғаушы-



  1. Сөз тіркесін, сөйлемдерді құру

  2. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

  1. Мәтінді түсініп оқып, аудару

  2. Мәтінді өзара оқып шығады, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріп жазу. Оны жазып болған оқушылар аударады.

Мәтінге сұрақ қойып өздері жауап береді.

  1. Тақтадағы тірек сызбада мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, дұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс дұрыс еместігін анықтау

  2. ВЕНН диаграмма арқылы әңгімелеу

IV. Сергіту сәті № 22

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Деңгейлік тапсырмаларын сұрау: Тақтаға жазып көрсету: Зат есім+зат есім

Сын есім+ зат есім

Зат есім + етістік

Есімдік +зат есім Оқушылар ойланып тақтаға мысалдар жазады, оны дәптерлеріне жазып алады.

2. Мақал- мәтелмен танысу

1)Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар

2) Аға алдында пейілінді көрсет,

Іні аддында мейірінді көрсет.

3)Аға әдепті болса іні әдепті,

Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

VI. Рефлексия


  • Біз бүгін кім туралы айттық?

VII. Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Шағын шығарма жазу (сипаттап беру)



Сабақтың күні: 12.09

Сабақтың №: 6

Сабақтың тақырыбы: Отбасымыздағы дәстүрлер

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту;ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 25

3.Фонетикалық жұмыс



ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Шығарманы тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру, ой шақыру: «Дәстүр» деген сөзді түсіндіру. Мақсат: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

  2. Пазл ретінде оқушыларды топқа бөлу.

І– пазл Мерекелерді қарсы алу.

ІІ–пазл Үлкендерді сыйлау.

ІІІ– пазл Қонақ күту.


  1. Жеке жұмыс «Өз отбасымдағы дәстүрлер» – слайд, сурет, көрме ретінде көрсету. Жұмыстарды бағалайды бір парта да отырған оқушы.

  2. Жазба жұмысы– фонетикалық талдау: отбасы, дәстүр, қамқор сөздеріне.

IV .Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Оқулықпен жұмыс– 20 бет 2 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құру.

2. Пазлдың жанына отбасының дәстүрлерін жазу. Мысалы: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қарсы алу.

3. Қорытынды: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.

Сөздер: здравствуйте, сіңлі(сестренка ей), қарындас сестренка (ему), жақын(близкий) , бауырмал(сердечный), тату (дружно), құрмет көрсету (уважать), қамқор болу (заботиться), бірге (вместе), қарсы алу (встречать), тұру (жить).


  1. Фото арқылы әңгімелеу

  2. Өз отбасы мүшелері туралы әңгімелеу

VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII . Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Өз отбасындағы дәстүрлер туралы мазмұндау



Сабақтың күні: 16.09

Сабақтың №: 7

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге құрмет көрсету

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Балалардың әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту;ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, имандылыққа баулу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер,карточкалар

Пәнаралық байланыс:орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Өз отбасындағы дәстүрлер туралы әңгімелеу

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру

  2. Сурет арқылы әңгімелеу

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Олар не істеп жатыр?

  • Бала не істеп жатыр?

  1. Сурет арқылы мәтін құрастыру

  2. Өлеңді түсініп оқып,әңгімелеу

Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

5. Нақыл сөздер (дәптерге жазғыздыру)

1)Үлкенге үнемі сәлем бер.

2)Үлкенге қарсы шықпа

3)Үлкеннің батасын қабыл ал.

4)Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5)Үлкен кісіні ренжітпе.

6)Ақылды қария – ағып жатқан дария.



IV. Сергіту сәті № 23

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Сұрақтарға жауап беру

- Әдемі қартаю дегенді қалай түсінесіз?

- Басыңыздан кешкен үлкендер мен жастар арасындағы қарым-қатынастағы жақсы ғибратты сәттен еске түсірсеңіз?

-Жас кезіңізде балалықпен , үлкен кісіні ренжіткен кезіңіз болды ма?

2. Тапсырма: ата,әже,ана,әке

1) тәуелдеу

2) септеу



VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • Нені үйрендік?

VII. Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Өлең, мақал- мәтел



Сабақтың күні: 18.09

Сабақтың №: 8

Сабақтың тақырыбы: Атасы мен немересі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: Ата мен немеренің ерекшеліктерін анықтап, өмірдегі іс-әрекеттерде қолдануына мысалдар келтіреді, ата-ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар,доп

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Өлең,мақал-мәтел тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгеру


  1. Тақырыппен,мақсатымен таныстыру

  2. Мәтінді өз бетінше оқып, белгісіз сөздермен жұмыс өткізу

  3. Жаңа сөздермен танысу

  4. Мәтінді түсініп оқып,аудару

  5. Сұрақтарға жауап беру

  • Әке мен бала сөзінде не айтылған?

  • Негізгі ой не еді?

  • Әке мен баладан нені білуге болады?

  • Немересі неге атасына жаны ашыды?

  • Әкесі мен шешесі неге баласынан ұялды?

  • Атасына қалай көңіл бөлетін болды?

  1. Мәтін бойынша кластер құру

  2. Венн диограммасы.

IV. Сергіту сәті № 9

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 6.5 жолды тұжырымдама стратегиясын құру. Үлгі ілінеді:

1сөз КІМ? НЕ?

2сөз ҚАНДАЙ?

3сөз НЕ ІСТЕДІ?

4сөзден тұратын сөйлем.

2. сурет арқылы әңгімелеу

3. өлең


VI. Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Не білдік?

  • «Ата ақылы» өлеңі бойынша не айтпақшы ойы бар?

  • -Көңіліңе не түйдің?

VII . Сабақты бағалау.

VIII. Үйге

Өлең


Сабақтың күні: 19.09

Сабақтың №: 9

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел отбасы мүшелері туралы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: мақал-мәтелдер жөнінде ұғым беру,мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту; логикалық ойлауды, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтайтын,тәрбиелейтін,ақыл-өсиет беретін халық даналығы екендігін оқушыларға ұғындыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар,карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет


Каталог: uploads -> doc -> 0542
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0542 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта,флипчарт,маркер,қима қағаздар
0542 -> Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту Сабақтың мақасты: Рационал сандарды көбейту тәсілдерін меңгерту
0542 -> Доскалиева Гулнар Урынбаевна С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 1-санатты химия пәнінің мұғалімі. Осы мектепте 1988 жылдан бері сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет