Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет2/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ф дыбысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары 
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану

Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

I.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Ой сергіту. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау)Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә)Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту.Түсініктерін сұрау.
Б)Өткен дыбыстарды еске түсіру,дауысты,дауыссыз екенін ажырату
III.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала 
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс?
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру.
Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс 
Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу,дыбыстық талдау жасау,оларды буынға бөлдіріп,Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы.

Сергіту сәті

Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ 
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

V.Кітаппен жұмыс.
А)ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә)Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.
Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.
VI.Жазу дәптерімен жұмыс.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?
Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру
Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу.

Шығармашылық тапсырмалар:


А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол,ферма,телефон,фабрика
Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет:
Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон .
Б)Қай әріпті жоғалттым? ойыны 
Қай буынды жоғалттым? ойыны
В) «Адасқан әріптер» ойыны ф м а с б т к р о н е 

Үйге тапсырма

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ч, щ дыбыстары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
2. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.
3. Мамандық түрлеріне баулу, тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: алфавит, атауында ц дыбысы бар сөздер, постерлер, топқа бөлуге арналған геометриялық фигуралар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: топқа бөлу, миға шабуыл, топпен жұмыс, топтық сұрақ,

Психологиялық ахуал

1. Ұйымдастыру 
Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Сәлеметсіз бе!
- Оқушыларды сабаққа дайындау
Оқу – құралдарының түгел болуына назар аудару
-Сабаққа зейіндерін аудару
2. Топқа бөлу
Түсті шеңберлер арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
Сары түсті шеңбер – 1 топқа
Қызыл түсті шеңбер – 2 топқа
Жасыл түсті шеңбер – 3 топқа
Көк түсті шеңбер – 4 топқа

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

1 топ: Э дыбысына сөз құрау.


- Щ дыбысына сөз құрау.
2 – топ: «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
... лектр, а... ы,... кран, тұ... ы.
3 – топ: «Буындарды біріктір» дидактикалық тапсырмасы
Параққа жазылып сөздер буынға бөлініп беріледі
Оқушылар екінші буынып дұрыс таып, сызық арқылы біріктіру керек
4 – топ: Сөздерге талдау жасату
Щетка(2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс)
- Борщ(1 буын, 4әріп, 4 дыбыс)

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

1) Топтық сұрақ қою
Топ мүшелері бір – біріне тізбектей сұрақ қояды
1 – топ 2 топқа: 2 топ 3 топқа; 3 – топ 4 топқа; 4 топ – 1 топқа сұрақтар қояды. 
2) Кері байланыс
Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Біз бүгін не істедік?
Топқа бөліндік
Сөздерге талдау жасадық
Буындарды біріктірдік

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ц дыбысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру,Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату, ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың принципі: жүйелілік, ғылымилық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ алфавиті, тірек - сызбалар т. б.

Психологиялық ахуал

Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. «Ой ашар»: «ӘР ҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»сөйлеміндегі тек дауысты дыбыстарды оқи отырып, әнімен айтып шық.


Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші. Қандай қорытынды шығарар едің?
ІІІ. «Ой сергіту»жаттығулары:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
5. «Лагерь»сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6. «Ащы»сөзіне қарама - қарсы сөз.
7. «Р»қандай дыбыс?
8. «Бойында»бар, «ойында»жоқ. Ол қай әріп?
9. Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
10. «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.
ІY. Жаңа сабақ. Ц дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: цемент, авиация, марганец.
А) көрнекілікпен жұмыс.
Б) дәптермен жұмыс.(бір жолға «ц» әрпінің үлкенін және кішісін жазу ұсынылады.)
Y. Оқулықпен жұмыс (әр сөздің мағынасын түсіндіру)
мысалы: центнер - салмақ өлшемі т. б.
YІ. Бейнелі жазу.
Мына суретте қандай әріптер бар? Сол әріптерден сөз құра.
(Жауабы: автомобиль)
YІІ. (ц әрпі бар сөздерді теріп жазу.)
Станция, авиация, цирк, цистерна.

Сергіту сәті

Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап
Сәйгүлікше жүруді.
Аяқты алға қоямын,
Жұдырықты түйемін.
Қос қолымды жоғары
Көтерем де, иемін.
Шығарғанда демімді,
Екі деймін ішімнен.
Көтерілген қолымды
Қапталыма түсірем.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Дидактикалық ойын: «Нешінші бөлік артық?»
(Жауабы: төртінші бөлік артық, себебі Б, В, Г - ұяң дауыссыз дыбыстар)

В?... ирк, Кие...


Ф?... агон, шка...
Ц? теле... он, кон... ерт

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Х, һ дыбыстары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Х,һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың айтылуындағы
ерекшелікті байқату, х,һ дыбыстары бар сөздердің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Сөздерді қатесіз, дұрыс, көркем жазуға үйрету, үнемі кітапханамен
байланыс жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, х,һ дыбыстарының кестелері.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қазақтың көне жерінде,


Айдаһар өмір сүріпті,
Патша боп көп жыл тұрыпты,
Күшсізді талай жалмапты.
Тіссізді талай қандапты...
Талай- талай қаһарман.
Жеңіспенен табысқан
Шыққан осы шаһардан.
- Ай- да- һар, қа- һар- ман сөздерінде үшінші, екінші буындарында қандай 
дыбыс естіп тұрмыз. (Һ). 
- Енді өлең- жұмбақ шешей ік.
Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан таныстан.
Келетұғын «хат», «хабар»,
Қай әріптен басталар? (Х).
4. Ендеше бүгін Х,һ дыбыстары туралы білімдерімізді тереңдетеміз.

Х
1. Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан 
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
Һ
1. Бұл дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан 
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана
салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

 Шығармашылық жұмыс. Шеңбердің ішіндегі әріптерден Х,Һ әріптері бар 
сөздер тауып жазу. Тапқан сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Халық» сөзіне сөзсазындық (фонологиялық 1-саты) талдау жүргізу.
Халық. 1. Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
Себебі,сөз құрамындағы дауысты дыбыстар жауан дауыстылар.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.
Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету. 
Оқыту нәтижелері Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;
теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады. 
Түйінді идеялар Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.
Мәтіннің ауызекі сөйлеу стилінде жазылғанына дәлелдер келтіру, Оралхан Бөкей жайлы мәлімет білгізу, жазушы стиліне жалпылама талдау жасау.
Дереккөздер,сілтемелер: «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөздік диктант

Қасық, ашудас, қараңғы, құлып, сыйлық, үңгір, қапсырма, бурыл, аспан, шеңбер, әңгелек, дөңгелек.

Тапсырма: Өзің қалаған бес сөзге сөйлем құра, ң әрпінің астын сыз.



Шағала. 

Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар.Бұл кеште аспан ашық болатын.Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.Көл беті айнадай жарқырайды!Өте тамаша көрініс. 


Кенет арал шуға толып кетті.Шағалалар шаңқылдай ұшып,айналып қонып,қайта көтерілді.Не болғанын білгілерің келеме?Шағалалар қауіптің төнгенін сезді. 
Он сағат өткенде,сол түстіктен күшті дауыл түрды.Көлдің беті алай-дүлей болды.(55сөз). 
Тапсырма: 
1.Мәтінде қанша сөйлем бар екенін анықта.Жазып қой. 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.

(сағат)

Таңмен көзін ашады,



Әлемге нұрын шашады.

(Күн)


Шетінен белдің қарап тұр,

Бетінен көлдің қарап тұр.



(Ай

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет