Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет6/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру 
2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: 
Сабақтың түрі: бақылау  сабақ

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ұя.
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. Достық – үлкен күш.
(32 сөз)

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды. 
(14 сөз)

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Баяндауыш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: бекіту
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: «Болашақ баспалдағы», ту, жұлдызшалар, сызбалар.

Психологиялық ахуал

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қаақ тілі сабағын бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жатқа жаздыру.
Торғай тоғайды ұнатады.
Тоғай торғайды қуантады.
3. Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын 2 рет сыздыру.
4. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр, сонда қалай болғанын баянда.
Жұмбақ:
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты. (күн, ай, тәулік)
Тапсырма: Бастауыш, баяндауышты табу.
Күш - білімде,
Білім – кітапта, - («Болашақ» баспалдағының тапсырмасын орындап, келесі басқышқа жылжимыз. Жұлдызша қою.
«Жүйрік ойлы,
Тапқыр кім?» қаншалықты? Яғни, өзіміздің тапқыр ойға жүйріктіліктеріңді байқап көреміз. Ол үшін: жұмбақ шешеміз:
а) Өзім сөзден тұрамын,
біткен ойды құрамын (Сөйлем)
ә) Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем) «тары»- нүкте
б) Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) «орақ»- сұрақ белгісі
в) Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) «шарға ине»- леп белгісі
Жүйрік ойлы тапқырымыз кім болды?
Оқушыларды мадақтау. Жұлдызша қою.
Өлеңді аяқтау:
1) Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз басады, қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
2) Қар атып ойнайды,
Қызыққа тоймайды.
Аппақ қыс, ашық күн,
Ойнатпай, қоймайды.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесінатаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не?деген сұрауларға жауап береді.



Үйге тапсырма

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1/ Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін түсініп, сөйлемдерді қатесіз жазуға үйрету, сабақты өтілген сабақтармен байланыстыра өту.

2/Мақал-мәтелдердің мәнін түсіну, ойлау, зерделеу, есте сақтау қабілетін дамыту

3/Өз бетінше жұмыс жасау , ұқыптылыққа , табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі; плакат, мультимедиа, маркер

Әдісі: түсіндіру, тест


Психологиялық ахуал

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым , бақытым , дара тілім

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:



Бастауыш

Баяндауыш

Мысалдар

зат есім

Атау септіктегі зат есім

Қазақстан — жас мемлекет.

сын есім

зат есім

Жақсы — ісімен жақсы.

сан есім

сан есім

Алты жерде алты — отыз алты..

тұйық етістік

зат есім

Айту — біздің парызымыз.

сілтеу есімдігі

зат есім

Бұл — үлкен табыс.

1-топ

Құмай- тазының бір тұқымы

Сарымақ - жолбарыстың күшігі

2-топ

Арқар- жабайы қой

Құлжа- қой тектес жабайы жануар

Құралай- киіктің лағы



3-топ

Сайғақ- киіктің текесі

Қонжық- аюдың төлі


Сергіту сәті

Біздер тату баламыз

Гүл- гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

1/Зат еcімді тап: а/дала ә/ күлді б/қызы в/екінші

2/Сын есімді тап: а/ мектеп ә/ он б/ қызыл в/жазды

3/Қайтті ? Неғылды? Не істеді?

Қай сөз табының сұрақтары;

а/ сын есімнің ә/ зат есімнің б/ сан есімнің в/етістіктің

4/Сөйлемдегі бастауыш болатын сөзді тап:



Бүгін Сәния ерте оянды.

а/ ерте ә/ оянды б/ Сәния в/ бүгін

5/Сөйлемдегі баяндауышты болатын сөзді тап:

Оқушылар есепті тез шығарды.

а/ есепті ә/ оқушылар б/ тез в/ шығарды



Үйге тапсырма

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Міндеттері: 1.Модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру.Білім сапасын бақылау.
2.Оқушыларды саналы білім алуға баулу.Оқушылардың оқу құралдарын күтіп ұстауға үйрету.
3.Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын сөйлесім әрекеті арқылы дамыту.
Сыни ойлануға, белсенділік танытуға, ынтымақтастықта топпен жұмыс жасауға баулу.
Оқу нәтижелері:
Оқушылар саналы білім алады.
• өз пікірін ауызша ашық білдіруге үйренеді.
• Оқушы бойында көшбасшылық қабілеті қалыптасады.
• Қабілетті оқушылардың қабілеттері анықталады.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөздік диктант.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға.
(15 сөз) Тапсырма.Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
Тапсырма.1. Әр сөзді жазылған түсі арқылы оқу.
жасыл қызыл көк сары күлгін қара қызыл сары көк сары


Мағынаны тану

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.(60сөз)

Жазылуы қиын:құмалақтарымен,шұңқыр.

1.Мәтіннен сан есімдерді тауып,дара сан есімді бір сызықпен,күрделі сын есімдерді екі сызықпен сызыңдар.


Сергіту сәті

Жаза-жаза жазуды,
Талып кетті қолымыз,
Бір,екі,үш,
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Қайта сабақ бастаймыз.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЕРЕЖЕСІ

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.



Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: оқушылардың тұрлаулы  мүшелер және  бастауыш  туралы білімдерін еске түсіру,  бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем  мүшесіне талдай  білуге  үйрету;
Дамытушылық:  жаттығуларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымдық ізденушілік, есте  сақтау, ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:   қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін  терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде  сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа  сабақты  меңгерту.
Сабақтың типі: Дәстүрлі  сабақ.
Сабақтың  көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, оқулық, сызбалар.
Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен  жұмыс,  жаттығу  орындау;

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өткен  сабағымызға  қысқаша  шолу


Ал, жақсы балалар, біз бүгін алдымен тұрлаулы  мүшелерді пысықтап, қайталап  аламыз.
1. Сөйлем мүшелері  дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
3. Сөйлем мүшесі бола  алмайтындар қайсылар?
4. Сөйлем мүшесі құрамына қарай нешеге бөлінеді?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
6. Тұрлаусыз мүшелер  дегеніміз  не?
ІІІ.  Жаңа сабақ
Сөйлем  мүшелері  атқаратын  қызметіне  қарай  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелер  болып  екіге бөлінетінін  өткен  сабақта  айтқан  болатынбыз.  Біз  бүгін  тұрлаулы  сөйлем  мүшесінің  бірі  бастауышқа  кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай  түрлерімен, қай сөз  таптарынан   жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі  күннің жадын  жазып, тақырыпты жазып  алайық.
Тұрлаулы  мүше – сөйлем  құрауға  негіз  болатын  бастауыш  пен  баяндауыш.
Бастауыш – сөйлемде  айтылған  ойдың  иесі,  сөйлемнің  негізі,  басты  өзекті  мүшесі.

  • Бастауыштар  құрылысына  қарай  мынадай  болып  болып  бөлінеді:


Құрылысына     

                    қарай



Сұрақтары:  Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің?Нең?

              Дара

Омар қырман басында жүр.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

           Күрделі

Туған жерім – әйгілі Шалқар өңірі

Күле беру  ыңғайсыз.

            Үйірлі

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын
 

 

 



– Енді, бастауыштың қай сөз  таптарынан  жасалатынына назар аударайық.

Бастауыш болатын

сөз таптары



Сөйлемдер

Зат есім

Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.

Есімдік

Өзіміз де жүргелі отырмыз.

Сын есім

Көп қорқытады, терең батырады.

Сан есім

Берерменге бесеу көп.

Есімше

Әке көрген-оқ жонар,

Ана көрген-тон пішер.



Тұйық етістік

Тыңдау - мәдениеттіліктің белгісі.

Одағай

«Ә, құдай!» – күйзелгеннің белгісі.

Үстеу

Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.

Олай  болса,   бәріміз  тақтаға  қараймыз.   Мына  сөйлемнен  тұрлаулы  мүшені  тауып көрейік:

– Шығысқа қарай беттеген үлкен  кеме теңізді  тіліп келеді.


Мұндағы, бастауыш – кеме, баяндауыш – тіліп келеді.
Ал,енді сол тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқып қарайық. Нені  байқадық? – Айтатын  ой аяқталды ма?
– Яғни, бұдан біз нені аңғардық? Бүгінгі  тұрлаулы  мүшелер сөйлем  құрауға негіз болады екен. Бұл тұрлаулы мүшелердің басты  ерекшелігі.
Кітаптарымыздан ережені оқимыз. Бастауыштың ережесі оқылады.
Мысалы: Құнанбай да тысқа шықты.  (Кім шықты?)
Бастауыш – Құнанбай,  баяндауыш – шықты.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Тапсырмаларды орындаңдар

1.Зат есім         ……….    маған   амандасты.


2.Есімдік       Ертең  ……….  он үшке келеміз.
3.Сын есім   ……….. –  ісімен  жақсы.
4.Сан есім    ………..  екіге де, үшке де бөлінеді.
5.Есімше  ………..  білер  бір  сөзді.
6.Тұйық  етістік     ………..  оңай, істеу  қиын.
7.Одағай         ………… – жекіру   одағайы.
Яғни, балалар  байқап  отырғанымыздай,  бастауыш  көбінесе зат есімнен  жасалады  екен.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тұрлаусыз мүшелер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 Өткен сабақты қайталау


1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Мағынаны тану

«Тұрлаусыз мүшелер»


ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға-солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелді жаз. Олардың мағынасын қалай түсінетіңдерңді айтып беріңдер.



Отан ... да ыстық

Отансыз...,

Ормансыз бұлбұл.

Ел іші- алтын ....

Басқа Отанымыз, жеріміз еліміз туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?



8.    Қорыту .

9.    Венн диаграммасы

10.Тест

1.    Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:

А) зат есім

Ә)бастауыш

Б)баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?

А)Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса

Ә)бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса

Б) Бастауыш та, баяндауыш тасын есімнен жасалса

3. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?

А) Тұрлаусыз мүшелер

Ә) Тұрлаулы мүшелер

Б)Анықтауыш мүшелер

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап.

А) кім?не?кімдер?нелер?

Ә)қандай?кім?

Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:

А) етістік

Ә)зат есім

Б)баяндауыш

 Бір-бірін тексеріп бағалау. 1.



Кілті: 1-ә, 2-а, 3-ә,4-б, 5- б.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет