Сабақтың атауы Диктант Мақсаты



Дата06.04.2020
өлшемі29,21 Kb.
#61705
түріСабақ
Байланысты:
диктанттар

.

Күні: 16.10.2019

Мұғалім: Байтугелов С

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 11

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

   ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі

Диктанттар жинағы

Сабақтың әдісі:                  

     баяндау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



                  а)   Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың  зейінін аудару.

     Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.



                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Шәкірт

Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.

Күнұзын аттан да түcпей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйрім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.

Арттағылар - Байтас пен жорға Жұмабай:

- Мына баланың ауылға асығуын-ай!

- Сорлы бала қыстай іш-құста болып қалған-ау, - деседі. Шәкірт бала ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына ілген ұзын қайың сойылы бар-ды. Тақырбұлақ түсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:

- Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады...- деді.

- Сені мен бізді манадан көріп отыр! «Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп атын әпкел өзінің!» - дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, - деді Жұмабай да.

- Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?

- Ойбай, бізде не қауқар бар? Біз екеу-ақ...

- Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бізді өзіміздің елдің адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, - деп Жұмабай шошыта сөйлегісі келеді.

Баланың қытығына тиетіні осы жері.

- Әйтеуір сендерден дәрмен жоқ екен, ендеше бірге жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! - деп, соқтырта жөнелді.
Мәтінді бір рет оқып беремін , оқушылар тыныс белгісін қояды.


Мағынаны тану

Үйге тапсырма

Қайталау


Тексерілді: Б.Исахов

Күні: 18.12.2019

Мұғалім: Байтугелов С

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 11

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

   ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі

Диктанттар жинағы

Сабақтың әдісі:                  

     баяндау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



                  а)   Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың  зейінін аудару.

     Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.



                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлы достық

Ағыбай  мен  Төреқұлды  табыстырған  тағдырдың  өзі  —  жатқан  бір  тарих. Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй ішімен қырғыз асып барып, күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген. Төреқұлдың әкесі Ералыны мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен. Қиыншылық кезде қара тартып  барып,  осылардың  қолтығын  паналаған.  «Ашаршылықта  жеген құйқаның  дәмі  кетпес»  деп,  қырғыз  ағайындардың  сондағы  істеген жақсылығы  естен,  сірә,  кетер  ме?  Ералының  бұларға  бір  бөлмесін  босатып беріп,  аздаған  азық  -  түлігін  бала  шағасының  аузынан  жырғандай  етіп, топты  жанды  бір  қыс  асырап  шыққанын  қалай  ғана  ұмытарсың?!  Жұмахан 
оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ. Бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгірмей, өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп, табыстап кетті. Әкелер арасындағы үрдісті кейін балалары жалғастырған. Әке аманатын  Ағыбайдың  қаншалықты  орындай  алғанын  кім  білсін,  әйтеуір қырық  жылдан  бері  Төреқұлмен  қатынасы  үзілген  жоқ,  заманына  қарай екеуінің арасында жорға ауысқан кездер де, дорба ауысқан кездер де болып тұрды. Саған артық, маған кем кетті дегі, ешқайсысы есептескен де емес. Сол Төреқұл ғой —іздеп бара жатқан адамы.
 
Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.



Мағынаны тану

Үйге тапсырма

Қайталау

Тексерілді: Б.Исахов

Күні: 18.12.2019

Мұғалім: Байтугелов С

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 11

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

   ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі

Диктанттар жинағы

Сабақтың әдісі:                  

     баяндау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



                  а)   Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың  зейінін аудару.

     Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.



                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

                 Даланы сағыну

            Қызуы азайған дала күні қала жақта көлденең сұлап жатқан көксұр белге төніп,аспанның арғы шалғайына өрт жібергендей,батыс көкжиек әлдебір оқыс лап еткен алкүрең шұғыламен арайланады.

         Жайлауда ауыл-ауыл боп жағалай қонған, Көктөбенің іргесін көмкере ойдым-ойдым қотандасып тігілген ақбоз үйлер; үйден    үйге кіріп қарбаласқан,  ауылдан ауылға бара жатқан үлкенді-кішілі әйел- еркектер, қыз-келіншектер; ауыл сыртына алтыбақан орнатып, әлпеншек тепкен, ән салып күй тартқан, мың бұралып би билеген көңілді жастар;одан әрі сонау сарқырама бұлақ бойында, мынау көк айдын қоғалы көл жағасында ат ойнатқан, ит жүгіртіп, құс салған шабандаоз сері жігіттер; бәрінен аулақ ошарылып,бірақ жайлау шетін тегіс басқан, түгел жапқан қара-құрым мал,ауыл адамдарының әніне үн қоса жамыраған жас төл: боздаған бота, маңыраған қозы, кісінеген құлын... Бәрін ертегідей мұнарта кіреукелеген торғын шымылдық тәрізді жұқа қызғылт нұр...

           Осынау жан тебірентер жақсы көрініске қыр үстінен қызыға, сүйсіне қараған Мұхтар ойдағы жайлау көркінен көпке дейін көз ала алмады. Көңілі көтеріңкі. Ойы өрбіп, қиялы сергіп алысқа алып қашқандай.

         Сондықтан Мұхтар бүгінде қалада жүріп  даланы сағынады. Түбінде Мұхтардың мұхтарлығы дәл осы далаға деген сағынышта жататын шығар. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Мұхтардың отбасы да осы далада, демек, отаны да осы дала. Тірі кісі жыл өткен сайын ілгерілейді,өседі десек, Мұхтарды ілгерілететін, өсіретін осынау далаға деген сағыныш болса керек. Даласын сағынып өсіп келеді Мұхтар...

                                             

                                                                       Зейнолла  Қабдол.   (208 сөз).

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.



Мағынаны тану

Үйге тапсырма

Қайталау

Тексерілді: Б.Исахов

Күні: 26.02.2020

Мұғалім: Байтугелов С

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 11

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

   ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

  б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі

Диктанттар жинағы

Сабақтың әдісі:                  

     баяндау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



                  а)   Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың  зейінін аудару.

     Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.



                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Шытырманда 
Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай: 
- Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау!-деп айналаға көз жіберіп келе жатты. 
Аласа, ал күрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес. 
- Жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен!-деді. 
Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді. 
Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой!-деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты. 
- Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтеді деймісің? 
- Жылда сүйтеді. Сәуірді осы жұлдыөша не дейді? 
- Апрель дейді. 
- Ендеше сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені,-деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады. 
Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір-бұл айдың арапша аты. Қазақша-мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды. 
Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді. 
- Осы «отамалы» немене? Не деген сөз еді?- деп, Абай соны сұрады. 
- Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі  сонда.

    

Мәтінді бір рет оқып беремін , оқушылар тыныс белгісін қояды.



Мағынаны тану

Үйге тапсырма

Қайталау

Тексерілді: Б.Исахов

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет