Сабақтың атауы Әдебиеттік оқу С. Торайғыров «Кедей» Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет16/16
Дата25.12.2016
өлшемі3,67 Mb.
#4989
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


Бекітемін :----------- о.і.м.Бабаева Ж.Ш.

----- ---------- 2016 ж.

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сын есім 14-21 жаттығулар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Сын есім, оның негізгі және туынды түрлері туралы алған білімдерін қайталау, кеңейту. Сатылай кешенді талдау арқылы сын есімнің тұлғасына, құрылысына, мағыналық түрлеріне қарай талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Сын есімдерді сөйлеу, жазу кезінде стильдік тұрғыда орнымен қолдана білу дағдыларын әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәнерлі, жүйелі сөйлеуге баулу.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жаттығу.
Көрнекілік: тапсырмаға берілетін сөздер.
Қолданылатын технология: СКОТ

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сын есім дегеніміз не?
- Құрамына қарай сын есімдер нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)
- Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланыста болады?
Терме диктанттан сын есімдерді теріп жазады. «Сары ала» сөзіне ауызша морфологиялық талдау жасайды.
Сары ала
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: сары және ала.
2. Тұлғасына қарай – сары ала – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің тіркесуінен жасалған туынды сөз.
3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз. Себебі, ритм - ырғағы жағынан бір ұдай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас, лексика - грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып тіркесіп тұрақталған құрама сөз.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – заттың, нәрсенің сапалық қасиетін білдіріп тұр.
6. 1. Бірінші грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
6. 2. Екінші грамматикалық мағынасы – екі түбірдің тіркесуі арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына – түсін анықтау мағынасы.
7. Сары ала – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл - сын есім. Сын есім дегеніміз – қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, т. б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай – сапалық сын есім. Себебі, заттың, нәрсенің сапалық қасиетін сын есімдердің тіркесуі арқылы білдіріп тұр.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

Өз бетімен орындалатын тапсырма
Топтық жұмыс

ІV. Оқулықпен жұмыс
14 - жаттығу.

Берілген сын есімдерге қарсы мағыналы сын есім табу.Әрбір сын есімді оған қатысы бар зат есіммен байланыстырып айту.

15-жатт. Тақтада орындалады. Сын есімдердің астын сызу
16-жаттығу Затты берілген белгілері бойынша табу.

..... – сопақ,қызыл,ащы.....- жыртқыш,қорқақ.

.... – ашық,жылы,суық..... – биік,әдемі.
18-жатт. Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жазу.
Ескі ...... жұқа ...... қысқа .......
21-жатт. Зат есім мен сын есімді Венн диаграммасына салу,ұқсастығы мен айырмашылығын табу.


Үйге тапсырма

19,20- жатт. 187- бет.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Тілек ағашына жапсыру»

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Бекітемін :----------- о.і.м.Бабаева Ж.Ш.

----- ---------- 2016 ж.

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды сын есім 28-34 жаттығулар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту;
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Проблемалық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация



Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру
Амандасу
Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
Психологиялық дайындық
Балалар, бүгінгі сабақта Айбар деген жалқау балаға қазақ тілінен жаттығуларды орындауға көмек көрсетейік. Келісеміз бе?
2. Жаңа сабаққа дайындық
Тірек білімдерін жетілдіру
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі


Туынды зат есім болатын мамандық иелерін атаңдаршы ?

Кенші,дәрігер,оқытушы,аспаз,т.б.

2-тапсырма Негізгі зат есімдер мен туынды зат есімдерді ата
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,
қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,
көл, коньки, суат.
3-тапсырма Туынды зат есімдердің

түбірі мен жұрнағын белгіле.


Негізгі зат есімдер: ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл.
Туынды зат есімдер: суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат

3-топ Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,


туынды зат есім жаса.
Кітап, дос, егін, орын, - шы, - ші, - лық, - лік,
таза, адам, мал, шебер - дық, - тық, - хана
Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, адамдық, малшы, шеберлік.
Көрікті далама қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы,
Алтай мен Атырау арасы
Қазақтың кең байтақ даласы
Қазақтың кең байтақ даласы
Сабақты бекіту
«Ойлан, тап» ойыны
Тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.

22-жатт.


Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу.

23-жатт.Мақалды жатқа жазу



24-жатт. Өз бетімен орындайды






Сергіту сәті

Ой толғаныс

1-топқа

2-топқа

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс
Өз бетімен жұмыс

Үйге тапсырма

26-27 жатт.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Тілек ағашына» жапсыру

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шығарма Жеңіс туы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: слайд

Психологиялық ахуал

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін-күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Шығарманың жоспарын құру.

Мәтін бойынша әңгіме жүргізу.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас

Батырды жауда, шешенді дауда сына.

Батырдан – сауға,

Аңшыдан – сыралғы.

Ердің құны – жүз түйе,

Көздің құны – елу тайлақ.

Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.

Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.

Еліңді сүйсең ерлік істейсің



Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылардың тақырыпты жан жақты қаншалықты толық меңгергенің анықтауСөйлем ішінен сұрақ қою арқылы дұрыс табуды меңгерту.

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдаларын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу.

3. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында әдемі,көркем,таза ұқыпты жазуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қималар, үлестірме қағаздары, 

Түрі:   бекіту сабақ

Әдісі: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын ояту



Психологиялық ахуал

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

 (оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)


Қызығушылықты ояту

Терме диктант 

              Ен салу

Көк саулықтың қозысы,

Ақ саулықтың қозысы,

Қара саулықтың қозысы,

Ала саулықтың қозысы,

Бір біренен аумайды,

Ескердім де сол жайды,

Басөбасына ен салдым,

Ен салғанда мол салдым:

 

Біреуіне  ойық ен,



Біреуіне  қиық ен,

Біреуіне  тұйық ен,

Біреуіне  тілік ен

• Сын есімдерді теріп жаз.

                      ІІ.  Операциялық –орындаушылық кезең

 бүгінгі сабақта сендер тапсырмалар орындайсыңдар. Үш деңгейлік тапсырмалар болады. Әр деңгейлік тапсырмалардың ішінде екі үш тапсырмадан. Әр тапсырманы орындау барысында «бағалау парағына»  белгі қоясыңдар.  Сабақ соңында өздеріңді бағалайсыңдар.

1-   Деңгейлік тапсырмаларды орындау 


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сын есімдерді кестеге орналастыру 

Заттың


түсі көлемі сыны дәмі пішіні

Қызыл


Шұбар

сұр Ұзын


Таза

Аласа


Қызық

Суық


Жүйрік

Өткір


Үшкір

сүйір Дәмді

Тәтті

Тұщы


ащы Қалың

Тегіс


Жалпақ

Дөңгелек


доғал

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Диктант жаздыру. Оқушылардың есте сақтау,көркем жазу қабілеттерін дамыту.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану

Құмырадағы су

Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра болса биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті. Қарға айласын асырды.

(48 сөз)


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма

1. Маржан төсек... тұрды. Ол төсек... жинады. 2. Кітап... күтіп ұстау керек. 3. Біз жексенбі күн... саябақ... бардық. Жапырақ жер... түсіп жатыр. 4. Сынып іші айна... тап-таза. 5. Апасы Әйгерімге сыз..., өшір... сатып алып берді.



  • Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаздыру.




Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сан есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске тусіре отырып, сан есім туралы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. 
2. Тәрбиелік: Сауаттылыққа,ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу жұмысын жүргізу. 
3. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. 
Сабақтың түрі: Аралас. 
Сабақ әдістері: Ойын, дамыта оқыту технологиясының әлементтері, топпен жұмыс. 
Сабақ көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, слайдтар. 

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

- Қане, балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушалар 3 шапалақ. 


2. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту: 
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз журналисттер болып, газет шығарамыз. 
- Журналист деген қандай маман? 
- Олар не істейді? 
- Қандай журналисттерді білесіңдер? 
Біз де бүгінгі сабақта журналист болып, газет шығарамыз. Ал біздің газет қалай аталады деп ойлайсыңдар? 
Сендерге көмектесейін. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сан есім». Сондықтан газет те «Сан есім» деп аталады. Сабақ барысында сан есім туралы алған білімімізді қайталаймыз және осы тақырыпта білімімізді көтеріп отырамыз. 
Біздің редакцияда 3 топ журналисттер отыр. Бірінші топ «Тілшілер», екінші «Суретшілер». Ал үшінші топ «Редакторлар» деп аталады. Тапсырманы топтар бірігіп жасайды, сондықтан бір-бірімізге көмектесіп, бірлесіп отырамыз. 
3. Үй тапсырмасын тексеру: 
- Есепжұмбақтың шешуін айтыңдар. Дәлелдеңдер. 
4. Көркем жазу: Журналисттер тез және әдемі жазу керек. Қай топ тез орындайды екен.
Бб Дд 
Бірінші байлық – денсаулық. 
5. Сан есімді пысықтау: 
• Берілген сұрақтардың арасынан сан есімнің сұрақтарын ғана теріп жазамыз /тапсырма топпен жеке бетке орындалады/. 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы аяқтаған топ бірлесіп қолдарын көтереді. Әр топтан жеке бала шығып, беттің парағын тақтаға іледі. Талданады. 
• Сөздерді шешіңдер. Олардың арасынан тек сан есімдері белгілеңдер. 
удейле /елудей/ бірүт /түбір/ себуе/бесеу/ 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен салмын.

А.Бақтыгереева

Сан есімнің астын сыздыру. Сын есімдерге сұрақ қойғызу.

Жұмбақтар

Кімге керек бұл өзі?

Қызға керек!

Төмен қарап өседі екі терек.

(Қос бұрым)

Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.

(Қаңбақ)

Мақал-мәтелдердің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып жазыңдар. 

Білекті /бірді/ жығар, 


Білімді /мыңды/ жығар. 

/Алтау/ ала болса, 


Ауыздағы кетеді. 
/Төртеу/ түгел болса, 
Төбедегі келеді. 

Анадан артық дос бар ма? 


Ашудан жаман қас бар ма? 
/Жиырма бестен/ жақсы жас бар ма? 
Қымыздан тәтті ас бар ма? 

/Алты/ ұл тапқан ананы "ханым" десе болады. 


Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады. 

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сан есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушыларды сан есім және оның сұрақтарымен таныстыру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір - бірінен ажырата отырып сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындау үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейрімділікке, халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегі суреттері, таблица, карточкалар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу.


1. Онның жартысы
2. 6 ондық
3. жоқ сан
4. Қасиетті сан
5. 100 - ден оны кем сан
6. Бірліктің ең кішісі
7. Төрт орынды сан
Сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Сан есім

Мағынаны тану

А) 7 саны туралы не білесің?


- 7 лақ, 7қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 жұп т. б
Б) Әр топқа 7 киелі санға тоқтаймыз.
1 - топ
1) Әке
2) Бала
3) Немере
4) Шөбере
5) Шөпшек
6) Немене
7) Туажат
2 - топ
1) Құрғақшылық
2) Жұт
3) Өрт
4) Оба
5) Соғыс
6) Топан су
7) Зіл зала
3 топ
1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ақыл, білім
4) Жүйрік ат
5) Берен мылтық
6) Құлмай тазы
7) Қыран бүркіт

Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сөздік диктант ( сан есімді табу )
Төрт аяқтап жүрсе де,
Тіршілікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған. ( тасбақа )
Ойын « өз орнын тап».
Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құра.
1 - топ Мұрат бес алды әдемі қалам
2 - топ Асанның лағы сүйкімді екі бар
3 - топ Болат оқиды сыныпта екінші
Бүгін сабақта не білдіңдер?
Сан есім
Есептік Қанща? неше? нешеу?
Реттік Нешінші?
Қосымша сұрақ қою.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Диктант жаздыру. Қатесіз,дұрыс әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану

Емен.

Емен – қатты ағаш. Ол ежелден шаруашылық үшін бағалы боп есептеледі. Еменнің сүрегін көпір діңгектерін, кемелер мен вагондар жасауға пайдаланады. Одан ұзаққа шыдайтын үйлер тұрғызады. Еменнен әдемі фанер, тамаша паркет дайындалады.

Еменнің жемісінен крахмал және спирт адады. Шошқажаңғақтар кейде кофе алмастырғыштарын даярлауға да жұмсалады. Шошқажаңғақ – шошқа үшін тамаша азық.

(48 сөз)



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Кім көп біледі?

Бояулар: көк, көкшілт, ...

Өлшемдер: ұзын, биік, ...
Терме диктант

Құлыншақ

Жібек жалды құлыншақ,

Бөкен санды құлыншақ.

Құндыз жүнді құлыншақ,

Қоңырау үнді құлыншақ.
Қияқ құлақ құлыншақ,

Болат тұяқ құлыншақ,

Құлыншақты ноқталап,

Сылап-сыйпап міне шап.



Оразақын Асқар

  • Сын есімдерді теріп жаз, сөйлем құрастыр.




Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0aa6
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aa6 -> Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты
0aa6 -> Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған
0aa6 -> Пәні: Құқық негіздері Сыныбы: 10 а Пән мұғалімі: Шалғынбаева А. С тақырыбы
0aa6 -> Орындаған: Қапасова Г.Қ “№17 орта мектебі”кмм
0aa6 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет