Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі52,15 Kb.
#2720
түріСабақ

Пәннің аты

Уақыты:8:30-9:15

Кабинет:212

Мұғалім:А.М Валеулина

Сабақтың атауы

Құлын мінген бала

Мақсаты

а) Бауыржан Момышұлы оның ерліктері туралы түсінік беру
ә)Логикалық ойлау қабілетін , есте сақтау қабілетін пысықтау
б) Оқушылардың патриоттық сезімін дамыту, елін , жерін
сүюге қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық,Б.Момышұлы суреті, өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. 177-жаттығудың орындалу жолын тексеріп, үй
жұмысын қорытындылау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.Қазақ батылары туралы не білесің?
IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар демалыс кезінде қайда демалады?
Ауылды немесе лагерьде т.б



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Сергіту сәті

Мен қазақпын видео роликтен көрсетіп қимылды қайталау.

Ой сергітеді,шашағандары
басылады

Ой толғаныс

Топқа бөлу
Әлия тобы:Б.Момышұлына мінездеме беру постерға салу
Мәншүк тобы:Бала батырдан –батыр Бауыржанға дейін жету жолдары постерға салу
Бауыржан тобы:Мақал –мәтелдің мағнасын ашу.постерға салу.
Талғат тобы:Өлең жолдарын ашу.
Дәптермен жұмыс
Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жазу
VI.Жаңа материалды пысықтау. Отанды қорғаған қандай батырларды білесіңдер?Туған елді, жерді не үшін қорғау керек?
VII.Бекіту кезеңі :Ыстық орындық әдісі бойынша қорытындылау.

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту 186-187 бет



Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет