Сабақтың атауы: Сапқа арналған жаттығулар Мақсаты: Оқушыларды саптық жаттығулар жасауға үйрету



Дата18.06.2017
өлшемі30,86 Kb.
түріСабақ
Сапқа арналған жаттығулар.

1-2 сыныптарда дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәннің аты

Уақыты:


Мұғалім

Сабақтың атауы: Сапқа арналған жаттығулар

Мақсаты: Оқушыларды саптық жаттығулар жасауға үйрету

Күтілетін нәтиже Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денелерін жаттықтырады білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал: – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу: Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту: Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті: «Қаражорға» биі

Жаңа сабақ: Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дене жаттығулрын жасау

Қолданылатын құрал саймандар: гимнастика төсеніш, гимнастикалық скамейка, гимнастикалық қабырға.

Мотивациялық – қозғаушы

Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.

Шеңбер бойымен жүру, қолға арналған жаттығулар жасап жүру – алдыға, жан — жаққа, белге, иыққа – шынтақты әр жаққа 5 реттен айналдыру. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен – «күнге созыламыз», өкшемен – «балапандар»; балапандар өсті, қораздар тәрізді тізені жоғары көтеріп жүреміз. Жүру, дем алу жаттығулары, 3 саптізбек құру.

Ұйымдастырушы — ізденуші:

1. Басқа арналған жаттығулар

1. Алға

2. Бастапқы қалыпқа келу



3. Артқа ию

4. Бастапқы қалыпқа келу (2 — рет)

2. Иыққа арналған жаттығулар

1. Оң иықты көтеру.

2. Бастапқы қалып

3. Сол иықты көтеру

4. Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)

3. Қолға арналған жаттығулар

1. Қолды алға созу

2. Жоғары созу

3 Жанға созу

4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)

4. Белге арналған жаттығулар

1. Оңға иілу

2. Бастапқы қалыпқа келу

3. Солға иілу

4. Бастапқы қалыпқа келу

5. Аяққа арналған жаттығулар

1. Аяқты қосу

2. Тізені бүгу

3. Бастапқы қалыпқа келу

Негізгі қимылдар:

1. Гимнастикалық скамейкадан секіру;

2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.

3. Гимнастикалық қабырғада мініп — түсу. Жаттығуларын жасату.

Қимылды ойын: «Балапандар»

Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.

Рефлексивті – коррекциялаушы:

Сап тізбекте бір — бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? – деп балалардан сұрау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: гимнастикалық скамейкадан секіруді, гимнастикалық қабырғада мініп — түсуді;

Машықтандыру: гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуге

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс: Бағалау парақшаларын толтыру.



Смайликтер арқылы кері байланыс орнату Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет