Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме



Дата18.03.2017
өлшемі65,71 Kb.
#11897
түріСабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Садықова Әзина Сексенқызы

6-сынып.

Оқушының саны 20


Ақмола облысы

Зеренді ауданы «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ



03.02. 2015 жыл

2- сабақ.

Сабақтың атауы

Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Сілтеме

1. К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал

Алматы «Атамұра» 2011ж.

2.Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі.

3.Сабақ жоспары.



Жалпы мақсаты


Повесть бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасау. Өз көзқарасын жүйелі жеткізе білуге үйрету.


Міндеттер:


1.Оқушылардың өз ойын жинақтай алуын, еркін жеткізуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын дамыту, сабақта алған білімдерін, тиімді қолдана білуін дамыту.







Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың берілген ақпараттар арқылы аталған тақырыпты меңгеруі;

2.Оқушылардың өзін-өзі бағалауға қалыптастыруға үйрету;

3. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;

2.Тақырыпты қайталау арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру;

3.Оқушылар «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның бейнесімен

танысады.




Күтілетін нәтиже

Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлерін айтады.

Еркін сөйлейді, идея айтады. Қорытынды жасайды.




Тапсырмалар


«Бақытты балалық шақ» тақырыбына ойтолғау жазу.

Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі


Психологиялық ахуал 3 минут


Топтастыру, топбасшысын таңдау, тәттілер тарату арқылы:

алмалар – «Ақылдылар» тобы, банандар – «Талаптылар» тобы,

алмұрттар – «Алғырлар» тобы

3 топқа бөлу. 2 минут





Қызығушылықты ояту 5 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1.Ой қозғау.

«Топтастыру» стратегиясы

-Қожа кім?



1.Әр топ мүшелері топтасып ойланады. Тақтаға шығып, өз ойларын жазады.




Мағынаны тану 22 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтық жұмыс.

Назарларыңды тақтаға аударыңдар.

( оқушыларға «Менің атым – Қожа» фильмінен, Қожаның құпия кеңес өткізген жерінен үзінді көрсетіледі).

Үзіндіні көргеннен кейін әр топқа әртүрлі тақырып бере отырып эссе жазғызамын. Ортадағы «Ыстық орындықта» әр топтан бір оқушы эссені оқиды.



«Ақылдылар» тобы: «Мен Қожаның орнында болсам ...».

«Талаптылар» тобы: «Осы жерде Қожа өз бойынан қандай кемшіліктерді көріп отыр, оны қалай жойып отыр».

«Алғырлар» тобы: «Сендер келешекте Қожа қандай адам болады деп ойлайсыңдар».

2.Сергіту сәті

Ортаға шығып шеңбер құрамыз. Оқушылар бір-біріне жылы шырайлы лебіз білдіреді.



3. Топтық жұмыс.

- Балалар, қазір біз «Менің атым - Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің есімдерін тағы есімізге түсіріп көрсек. Ендеше, қазір сендер концептуалдық кестені толтырасыздар.



«Ақылдылар» тобы:



Кейіпкерлер

Адамгершілік қасиеті

1.

Жантас




2.

Сұлтан




«Талаптылар» тобы:



Кейіпкерлер

Адамгершілік қасиеті

1.

Майқанова




«Алғырлар» тобы:



Кейіпкерлер

Адамгершілік қасиеті

1.

Әжесі




Жас ерекшеліктеріне байланысты және жұптық жұмыс (дарынды оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмегі).

Топтық жұмыс жүріп жатқан кезде, үлгерімі төмен оқушыларға келесі тапсырмалар желісін ұсынамын:

1. Қожа тұрып жатқан ауылдың суретін салу. /Калиев Ерлан/

2. Өз бойыңдағы жағымды қасиеттер.

/ Дәулетхан Диас/

3. Сенің сыныбыңда Қожадай бала бар ма?

/ Галиев Данияр/

(Осы оқушылардың жұмыс жасау барысын дарынды оқушылар қадағалайды, көмек береді).



1. Тақтадан фильмнен үзінді көреді. Ойларын әр топтан топ мүшелері қағазға түсіріп жеткізеді.

10 минут.

2.2 минут.

3.Кестені топ мүшелері ақылдаса отырып толтырады.

10минут


Ой толғаныс. 4 минут




Оқушылардың танымдылығын және тіл байлығын дамыту мақсатында сұрақтары бар үлестірмелі тапсырмалар беріледі.

«Ақылдылар» тобына:

-Өздеріңе қандай есімдер ұнайды?



«Талаптылар» тобына:

-Қожа балалықтың бал дәуренінде түрлі оқиғаларды басынан өткізді, сенің де сондай қызықты оқиғаларың болды ма?



«Алғырлар» тобына:

-Қазақтың қара домалақ баласы қандай болу керек?




1.Әр топ мүшелері ақылдасады, араларындағы жетекші оқушы жауап береді.


Рефлексия 4 минут
«Менің повестен алған әсерім..»

«6 қалпақ» бойынша жауап беру.





1.Қалпақ иелері жауап береді.





Бағалау 3 минут


Мұғалімнің іс-әрекеті




Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды.




«Бағдаршам» арқылы бағалау.





Үйге тапсырма 2 минут



Мұғалімнің іс-әрекеті




Оқушының іс-әрекеті


«Бақытты балалық шақ» тақырыбына ойтолғау жазу.

Күнделікке жазады.



Сабақтың соңы 45 минут
Каталог: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды»
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1E7973318117C007 -> Сабақтан тыс іс шара Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде»
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы Күні уақыты Сынып Екі өрнектің квадраттарының айрымының формулалары
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: §28 Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастар
1E7973318117C007 -> Сабақтың барысы: Үй жұмысын сұрау. Эссе. «Менің досым»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет