Сабақтың атауы Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов. Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі



Дата17.06.2018
өлшемі28,5 Kb.
#43137
түріСабақ

Әдебиет 4 сынып

Мұғалім: Боканова. А.С. Тексерген: Садуақасов.М.Б

Сабақтың атауы

Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар, бағалау кестелері,смайликтер АКТ, слайдтар.

Жалпы мақсаттар

Мақсаты:Алған білімдерін өмірлік тәжірибемен ұштастыра білуге, төрт түлік малды не үшін асырайтынымызды білу, олардың адамға тигізер пайдасын, түліктің өсу ретімен атауын білу. Сыни тұрғыда ойлау. Еңбексүйгіштікке, елдің ар-намысын қорғауға және адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Жаңа сабақ идеясын түсінуге өмірге деген құштарлығы, өнерге сүйіспеншілігі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға, құрметтеуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: А.Тоқмағамбетов портреті, суреттер, слайдтар.

Әдісі: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру. .

Түрі: жарыс.

Типі: жаңа білім беру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Стикер арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық Танысу,амандасу.Ортаға шақырып есімдерін айтып ойын түрінде танысу. Жақсы танысып алдық енді бүгін осы әдебиет сабағында бірге боламыз. Сабағымыз көңілді өту үшін алдымен бой сергітіп алайық, ортаға шығып «Ақбұлақ» сергіту сәтін жасайды.

Топқа бөлініп алайық./стикер арқылы/

Сабақтың мақсатымен таныстырып үй жұмысын сұраймын.


Оқушылар мұғаліммен қосылып жаттығу жасайды.

Стикер бойынша топ болып отырады.


Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ бізден жауап сізден.
Қызығушылықты ояту


-Қане балалар үйге қандай тапсырма берілді? Бүгінгі сабағымыз сендерге қызықты болу үшін сабағымызды «Бәйге жарыс» деп алып сабақтың соңына дейін екі топ болып бір-бірімізге демеу болып,көмектесе отырып мынадай жұлдызшаларға қол жеткізейік.

1.Смайликтер бойынша сұрақтарға жауап беру.

2.Асық шиыру арқылы көрсетілген сан бойынша 2-3 сұраққа жауап беру. Асыққа тоқталу.Екі түрлі асық көрсету біреуі сиырдың, біреуі қойдың,олардың айырмашылығын сұрау.


Мағынаны тану. Жаңа сабаққа көшу

Постермен жұмыс

Келесі сіздерге мынадай тапсырма қолыма қағазды жасырып «қайсын аласың?» -деп 2 топқа таңдату: 1-қағазда: «партаның астында емес тақтада» 2-қағазда: «тақтада да,есікте да емес партаның астында» -деген бағыт бойынша өз тапсырмаларын тауып алып, орындайды.

1-топ 2-топ

Қойдың қандай пайдасы Сиырдың қандай пайдасы мен қасиеттерін атау. мен қасиеттері атау.

Қой туралы не біледі,сиыр туралы не біледі соны постерге жазып, сосын топ болып қорғау.

-Жақсы енді мынаған назар аударайық -деп пақтада берілген сұрақтарға екі топ кезек-кезек жауап береді. Арасында шапшаң болуын бір-бірінен қалмауын айтап отырам.

-Балалар осы тапсырмаларды орындай отырып бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

-Төрт түлік.

-Ия, дұрыс айтасыңдар бүгін сендермен Асқар Тоқмағамбетовтың «Түліктер туралы сабақ» –деген өлеңін өтеміз.

Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысы,Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвада полиграфия институтын бітірді.Ақынның шығармаларының жинағы өте көп. Ұлы Отан соғысына қатысқан.Сондықтан соғыс жылдарында жауынгерлердің ерліктері туралы, халықтар достығы, бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау еткен. «Батыр Әли», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Бақыт кілті» .. сияқты поэмалары жарық көрген.Асқар Тоқмағамбетовтың жазған кітабы бойынша «Бәріміз де осындай болсақ» деген киносы да шыққан.С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударған.Осындай еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Отан соғысы және басқа да бірнеше медальдары бар.Ақын сатирик,лирикалық өлеңдер көп жазған. Балаларға арнап «Алыптар туралы ертегі» атты дастаны. Өздерің білетін «Бидай мен қаңбақ» атты мысал өлеңі мен сан алуан шығармалары жеткілікті.Кейін өздерің оқисыңдар.

-Ал бүгін Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңін оқимыз. Қане оқып шығайық, бірінші шумағын өзім оқып берем, келесі шумақтарын әр оқушыға бөліп оқытып шығамын.

-Өлеңде кімдер деген балалар қатысып отыр?

-Олар не туралы сөйлесті?

-Олар төрт түліктің өсу ретімен біле ме екен?

-Ал сендер біледі екенсіңдер. Бірақ тағы да осы төрт түлік туралы толығырақ білу үшін мында назар аударайық.

Интербелді тақтадан: жұмбақтар,төрт түліктің қалай дыбыстауы,неге төрт түлік деп аталуы, жасалатын тағамдар, терісінен жасалатын киімдер туралы көрсетіледі.

Дәптерлеріне ай күнді жазып,төрт түліктің ретімен атауларын жазып алу, уақыт аз болса үйде жазып келуге тапсыру.  



Сергіту сәті

Интербелді тақтадан қарап «Ақбұлақ» сергіту сәтін жасайды,/сыныпта ешкім жоқ/ ойыны.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Сұрақ бізден жауап сізден.

  1. Төрт түлікке нелер жатады?

  2. Қай малды өсу ретімен жақсы білесің? /доп лақтыру/.

Үйге. «Түлік туралы сабақ» өлеңді мәнерлеп оқуға.

Үй тапсырмасы

«Түлік туралы сабақ» мәнерлеп оқуға, малдарды өсу ретімен жаттап келу, біліп жүру.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау


Оқушылардың сабаққа қатысуларына қарай смайликтер,жұлдызша таратамын.

Бағалау парақшасы арқылы кері байланыс жасайды.



Күнделіктеріне жапсырамын
Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Жаңатұрмыс негізгі мектебі



Түлік туралы сабақ

/Әдебиеттен семинар сабақ/

Өткізген: Боканова Айнагүл Сматайқызы


2017 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 1211
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1211 -> Сабақ жоспары Сынып: 9 Күні: 28. 10. 2015ж
1211 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерту, сөйлем құрастыра білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет