Сабақтың аты Етістік. 354-359-жаттығу Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі116,37 Kb.
#6251
түріСабақ

Пәні:Қазақ тілі

Мұғалім:Сыздықова.Б

Күні:19.02.2016

Сабақтың аты

Етістік. 354-359-жаттығу

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Сөз таптары, етістік туралы түсінік беру.

Сөйлем ішінен етістікті тауып, оның басқа сөзбен байланысын таба білуге,сұрақ қоя білуге үйрету.

Өздігінен қорытынды жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

  • Сөз таптары, етістік туралы түсінеді

  • Сөйлем ішінен етістікті тауып, оның басқа сөзбен байланысын таба білуге,сұрақ қоя білуге үйренеді

  • Өздігінен қорытынды жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренетін болады. Өзара бірлесіп жұмыс жасай біледі.

Негізгі идеялар

Заттардың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? қайтті?

не қылды? деген сұрақтар қойылады.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс

«Білгенге маржан»



Жұптық жұмыс

«Сөз ойла,тез ойла»




боташым
Тапсырмалар

Топтық жұмыс Жеке жұмыс «Тест»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 мин). Зат есімнің көпше түрі –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер қосымшалары арқылы үш топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

Өз есімдерінің бас әрпіне байланысты жақсы сөз айту.

Мысалы:сабырлы Сырым.

II. Топтық жұмыс «Сен-маған,мен-саған» (10 мин)

1. Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген әңгімені оқып, топпен бірлесе отырып, тапсырмаларды орындайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.Үш топтан үш оқушы үй тапсырмасына байланысты «Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме оқып шығады.

Топтар арасында өткен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап.

Топтар орындаған тапсырмасын алмастырып критерий арқылы бағалау.



III. Жаңа сабақ

Етістік


Ой қозғау «Суреттер сөйлейді»

-Балалар , мына суреттен не көріп тұрмыз?

-Балалар, ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді??

-Неліктен мұндай сұрақ қойып тұрмыз?



IV. Топтық жұмыс. «Білгенге маржан» (10 мин)

1-топ Мәтінге байланысты көрініс көрсету

2-топ Мәтіннен етістікті табу

3-топ Етістікті қатыстырып суретке байланысты әңгіме құрау

Топтар арасында екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау.


VI. Сергіту сәті « Ойлан тап » (5 мин)

Тақтаға бір оқушы шығады.Мұғалімнің сыбырлап айтқанын іс-қимыл арқылы көрсетеді.

Оқушылар не істеп жатқанын табады.



V. Жұптық жұмыс « Тез ойла, сөз ойла » (10 мин)

1-жұп

Тоғайда түрлі аңдар........................Терең шатқалға қояндар................................

Қызыл түлкілер тоғайда .......................Тиіндер ағаштан-ағашқа...............................

Керекті сөздер: , секіреді,жүреді, болады,жасырынады.

2-жұп

Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды,жауды,тасыды, жүзді.


3-жұп

Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертіп жаз.

Ойнады, емдеді, жазды, баптады.

Үлгі: көрді - көреді

Жұптар арасында бармақ арқылы бағалау
VI. Жеке жұмыс «Тест» (5 мин)

1.Заттың қимылын білдіретін сөз табы:

А.сан есім

Ә.етістік +

Б.зат есім



2.Етістіктің сұрақтары:

А.кім? не?кімдер?нелер?

Ә.қандай? қай?

Б.не істеді? не қылды? қайтті? +



3. Қимылды білдіретін сөзді көрсет:

А.оқыды +

Ә.жасыл

Б. гүл


4.Етістікті тап:

А.қырық


Ә.отырғыш

Б. кесті +



5. Етістік дегеніміз не ?

А. заттың атын білдіретін сөздер

Ә. заттың қимылын іс-әрекетін білдіретін сөздер +

Б. заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер

Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.



Рефлексия

Бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін бағдаршам стикерлер арқылы алма ағашына ілу.



Кейінгі тапсырма

Ереже жаттау.

Кейінгі оқу

359-жаттығу «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау

Тақырыптың ашылу

Көптік жалғауының пайдаланылуы

Орфографиялық қатесі



87058554172

Каталог: uploads -> doc -> 0de7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0de7 -> Абылай ханның ұлт тарихындағы орны
0de7 -> Сабақтың тақырыбы: Денсаулығымызды дәрі- дәрмексіз нығайтайық. Сабақтың мақсаты
0de7 -> Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы. Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет