Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Сынып лидеріне сөз беріледі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



Дата24.07.2017
өлшемі71,29 Kb.
#21947
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : Жануарлар қалай қоректенеді?

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жануарлардың қорек тауып жеуге қалай бейімделетіндігі, олардың қысқа қалай дайындалатындығы туралы түсінік беру;

ә) Қоршаған ортаны танып білуге деген ынталарын дамыту;

б) Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: «БжС» технологиясының «Ауызша – 1» картасы, түсіндіру.

Көрнекілігі:Жануарлар бейнеленген суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сынып лидеріне сөз беріледі.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жануарлар тіршілігі үшін не қажет?

  2. Олар немен тыныс алады?

  3. Топырақта нелер тіршілік етеді?

  4. Топырақта тіршілік ететін ұсақ жәндіктер немен тыныс алады?

  5. Топырақтың барлық қуыстарын не толтырып тұрады?

  6. Топырақта тіршілік ететін ұсақ жәндіктердің қандай пайдасы бар?

  7. Топырақты қопсыту арқылы қандай жағдайц жасайды?

  8. Топырақ жұмсақ болса, онда нелер көп болады?

  9. Суда тіршілік ететін жануарларға не қажет?

  10. Су астында ұзақ бола алатын жануарларды ата

  11. Балықтар ауа жұту үшін міндетті түрде қандай әрекет жасайды?

  12. Қыста ойық төңірегіне не жиналады?

  13. Су бетін мұз басқанда ауа өтеме?

  14. Балық ойыққа не үшін жиналады?

  15. Қандай жануарлар түнде де, күндіз де жақсы көреді?

  16. Қандай жануарлар түнде жем аулайды?

  17. Жапалақ пен үкі күндіз не істейді?

  18. Ұзақ су ішпей жүретін жануарды ата.

  19. Түйе сусыз неше күн жүре алады?

  20. Шөлді жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?

  21. Ақбөкендер мен қарақұйрықтар қайда барып шөлдерін қандырады?

  22. Салқын түссе жорғалаушылар, қосмекенділер және жәндіктер не істейді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндіруі (интерактивті тақта арқылы)



Оқулықпен жұмыс

Тірек сөздер: қорек, бағалы, дің, құмырсқа, олжа,бұлан, тұяқты. (1 минут ішінде жаттап,

1 минут ішінде жазу)

Бір-біріне тексерту.

Мәтінді оқу (5 мин)



Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Орманда қандай құстар бар?

  2. Орманда нелердің дауысын естиміз?

  3. Құстар күні бойы не істейді?

  4. Ала тоқылдақ қайда тіршілік етеді?

  5. Тоқылдық қысы-жызы не істейді?

  6. Тоқылдақ неге ағаш қабығын оңай теседі?

  7. Тоқылдықтың тілі қандай?

  8. Тоқылдықты басқаша қалай атайды?

  9. Құмырсқалар қайда тіршілік етеді?

  10. Құмырсқалар немен қоректенеді?

  11. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне қанша зиянкес жәндікті құртады?

  12. Құмырсқалардың қозғалу ерекшелігі қандай?

  13. Қай кезде құмырсқалар бір-біріне көмекке келеді

  14. Аю қандай аң?

  15. Аюдың негізгі азығы не?

  16. Бұлан қандай жануар?

  17. Оның биіктігі, салмағы қандай?

  18. Бұланның еркегі мен ұрғашысының айырмашылығ неде?

  19. Бұлан немен қоректенеді?

  20. Түлкі немен қоректенеді?

  21. Түлкінің терісі қандай ?

  22. Түлкінің терісінен не жасайды?


Сын тұрғысынан сұрақтар:

  1. Орманда жануарлардың дауысын естиміз.+

  2. Құстар күні бойы азық іздейді.+

  3. Ала тоқылдық аулада тіршілік етеді.-

  4. Тоқылдық қысы-жызы ағаштың діңін тоқылдатады.+

  5. Ол ағаш қабығы арасынан бал табады.-

  6. Тоқылдақ ағаштың қабығын қинала теседі.-

  7. Тоқылдақтың тілі ұзын, түкті.+

  8. Тоқылдақты басқаша «орман дәрігері» деп атайды.+

  9. Құмырсқалар ұяда тіршілік етеді.-

  10. Құмырсқалар шөппен қоректенеді. -

  11. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне 20 мың зиянкес жәндікті құртады.+

  12. Құмырсқалар бір ізбен шұбайды+

  13. Қауіп төнген кезде құмырсқалар бір-біріне көмекке келеді.-

  14. Аю жыртқыш аң.+

  15. Аю шөптің тамыры, жидек, балықпен қоректенеді.+

  16. Аюдың негізгі азығы – көкөніс.-

  17. Бұлан – үй жануары-

  18. Оның биіктігі 6м, салмағы 200 кг.-

  19. Бұланның еркегінде мүйіз, л ұрғашысы мүйіссіз+

  20. Жазда бұлан шөппен қоректенеді +

  21. Түлкінің терісі арзан –

  22. Түлкі таулы жерде кездеседі-


Тақырыптық сөздік қор

5 мин ішінде тірек сөздерді пайдалана отырып, тақырып бойынша анықтама немесе түсінгендерін жазады.



Бағалау

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екн.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық
VI. Қорытындылау

«Жануарлардың күзгі тіршілігі» сахналық көрініс.

Кірпі:


  • Қыста маған өте қиын. Құрт, кесірткілердің бәрі жасырынып қалады, қоңыздар да, бақалар да жоқ. Мен немен қоректенемін? Ұйықтаймын. Алты ай ұйықтап, ұйқымды қандырамын, содан соң оянып, қыдыруға шығамын.

Бақа:

  • Біз су қоймаларының түбіне, жапырақ немесе мүктердің астына тығылып, қықы ұйқыға кетеміз.

Тиін:

  • Мен саңырауқұлақ, бүр, жаңғақтар жинап аламын. Біз қысқы аязда бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда жатамыз. Ұяның аузын шөп-шаламмен бекітіп тастаймыз. Менің атжалман, борша, тышқан сияқты достарым бар. Оларда қысқа корек жинайды.

Мұғалім:


  • Қыста тек аңдар ғана емес, жорға торғай, балқарағай торғайы, көктеке сияқты құстар да қорек жинайды. ( аталған құстардың суреті көрсетіледі)


Сөзжұмбақ
















Ж

а

п

а

л

а

қ




қ

А

с

қ

ы

р




т

Ы

ш

қ

а

Н







т

а

У

ы

қ













н

А

р




б

ү

Р

к

і

т

т

ү

Л

к

і




а

Р

ы

с

т

А

н







к

і

Р

п




  1. Күндіз ұшпайтын құс?

  2. Халық ертегісінде кездесетін «Жауыз, ұры, қарақшы» деп қай жыртқышты айтады?

  3. Мысықтың жемтігі

  4. Үй құсы

  5. Бір өркешті жануарды ата?

  6. Жыртқыш құсты ата?

  7. «Қу» жануарды ата?

  8. Аң патшасы

  9. Түлкінің айламен жейтін жемтігі


Үйге тапсырма

Кез келген бір жануардың қалай қоректенетіні туралы мәлімет жина.

№40 орта жалпы білім беретін мектеп


Тақырыбы: «Жануарлар қалай қоректенеді?»

Өткізген: Тулегенова А.Г.



2012-2013 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет