Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті:«Нұрға бөлену» II. Үй тапсырмасын тексеру



Дата12.03.2018
өлшемі235,97 Kb.
#39256
түріСабақ
Конфуций- Дао ілімі

Сабақтың мақсаты: Қытайдың ұлы ойшылы, тарихшы,философ, мемлекет қайраткері Конфуцийдің өмірі мен шығармашылығының оның этикалық саяси ілімі жөнінде таныстыру.

Сабақтың барысы:



I.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:«Нұрға бөлену»



II.Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырма :«Адамгершілік неден басталады?» тақырыбында эссе жазу.

Адамгершілікті күн нұрына салыстыруға бола ма ? Неге?

1. Дәйек сөз «Нағыз адамның өзі де танымы кең рухы биік бола алмайды .Өйткені оны алып жүру оңай емес, оның жолы да ұзақ»



Конфуций

2. Ой толғау



III.Жаңа сабақ

Конфуций -Дао ілімі. Конфуций ілімі бойынша үлкендергет құрмет -тәрбиенің ең басты іргетасы . Конфуций Қытайдың мемлекеттік діні - конфуцийшілдіктің негізін салушы. Конфуцийді Қытайда Кун-Цзы, Кунфу-Цзы, Кун- Цю деп атаған.

Слайд: (Конфуций портреті)

Қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында 479 жылы туып, 551 жылы дүние салады. Халық арасында Кун ұстаз деген есімімен танылған. Ол Қытай ойшылы, философ, тарихшы ,мемлекет қайраткері, Қытайда тұңғыш мектеп ашып бала оқытқан ұстаз.Конфуцийдің арғы аталары ескі Сунь патшалығына қарасты Инь әулетінен тарайтын ақсүйектер болғанмен уақыт өте кедейленеді.Бір кезде баршылықтың айдынында жүзген кейін жоқшылық жүгендеген отбасында өскен Конфуций 22 жасынан бастап ұстаздықпен айналысады.Конфуций мектебінде тіл, мораль, саясат, әдебмиет пәндерінен сабақ береді. Ер жасы - елуге келгенде Конфуций Лу еліндегі саяси жұмыстарға араласып , сот -қылмыс істері жөніндегі төрешілдік қызмет атқара бастайды. Бірақ мемлекеттік саяси жұмыстардың қадамы сәтсіз болып өсек пен өтірікке шалынды. Амалсыз жұмысын тастап байырғы ұстаздық қаракетімен шұғылданды. Тарихшылардың айтуы бойынша , ұлы ұстаздың үш мыңға жуық ұстазы болған. Олардың 72-сі аса көрнекті ғалым болған. Конфуций өз шәкірттерін ертіп, он үш жыл бойы Қытайдың бірқатар мемлекеттерін аралап өз ғылымын насихаттайды.Конфуцийді биік деңгейге көтерген туындысы «Лунь-юй» ( «Сұхбаттар мен сырласулар») кітабы еді.Кейін Конфуций тұрған үйі халық тәуап ететін ғұламаның рухына бас иетін құасиетті храмға айналды.



«Дао » сөзінің мағынасы көп : жол, тәртіп, заң деген ұғымдарға ие.

Конфуций -Дао ілімі: оның мектебінде моральды, салт-жоралармен ежелгі мәтіндерді оқып-үйрену басты орында тұрды.Ол «жень» адамгершілік,«и» парызды өтеу, «ли» салт-жора «вэнь»тәрбиелілікті, мәдениеттілікті,«цюнь-цзы» игілікті білдіреді. Бұдан шығар қорытынды жэнь ұғымы «Өз басыңа тілемейтініңді өзгеге жасама»

Қытай жоралғыларының бастысы үлкендерді сыйлау, мемлекетте-император мен шенеуніктерге, отбасында әйел күйеуіне, балалары әкесіне қарсылықсыз бағынуы тиіс.

Қытайда Конфуций ілімін білмейтіндер, шенеуніктер жұмысқа қабылданбайды.

Б.з.д. I ғасырда Қытайда ұлдары әкесін сынауға болмайды деген заң шықты. Орта ғасырларда әкесіне сын айтқандарды жазалаған.YI ғасырларда Конфуций философиясы мемлекетттік дінге айналды.Бастысы Конфуцийдің 72 шәкіртіболса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасынан шықпай даналық ойлармен сусындаған көрінеді.Конфуций ілімі бойынша адамның бойында төмендегідей бес қасиет болуы керек:

1.«жэнь»- адамгершілік;

2.«и»- парызды өтеу;

3.«ли»- әдептілік пен сыпайылық;

4.«чжи»- зейінділік пен білімділік;

5.«синь» белсенділік;

Конфуцийдің даналығы қоғамды жетілдірмес бұрын жеке адамды жетілдіру керектігін айтқан.Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырады. Яғни басқарушы мен бағынушы арасында лояльды қарым-қатынас болу керек деп есептейді. Философиялық ұшқыр қиял жетегіндегі ойларымен Конфуций әлемге әйгілі болып танылды. Әлем мойындаған Конфуций даналығын қазақшаға аударған Мұхтар Мағауин.



Конфуцийдің даналық дәрістері :

Дана- қобалжуды білмейді,адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.

Сені түсінсе-бұл бақыт, сені сүйсе -бұл үлкен бақыт, ал сен өзің сүйсең- бұл нағыз бақыт.

Өзімізге қалайтын нәрсені басқаларға да тілейік. Бұдан асқан адамгершілік жоқ.

Адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын, керісінше мен оларды түсінбесем қапаланамын.

Өте шыншыл бол,үйренгенді сүйе біл,жақсарған үстіне жақсара түс.

Егер адамдар дұрыс жолмен жүрсе, көз алдында бол.Ал жолдары дұрыс болмаса жасырынып қал,әділ бол.

Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз.

Қоғамды біріктіріп ұстап тұратын нәрсе- адамдардың бірін-бірі ойлап ,қамқор болуы.

Жақсылыққа жақсылық қыл,зұлымдылыққа әділеттілікпен жауап бер.

Өмір өте қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз.

Дайындығы жоқ адамды соғысқа аттандыру сатқындықпен тең.

Ой тазалығына жұмыс істе,сонда ісің де таза болады.




Каталог: uploads -> doc -> 0745
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0745 -> Сабақтың аты Теріні шикілей өңдеу Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты
0745 -> Сабақтың тақырыбы Ғылыми стиль Сабақтың мақсаты
0745 -> Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет