Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білім қалыптастыру



Дата08.09.2017
өлшемі35,42 Kb.
#29990
түріСабақ
«Картоп салынған пирожки»

Мақсаты: оқушыларға картоптан жасалған пирожки тағамы туралы түсінік бере отырып, оның жасалу жолдарын түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету;

Дамытушылық: оқушылардың картоптан жасалатын пирожки туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, аспаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Түрі: аралас, кіріктірілген сабақ;

Көрнекілігі: тағамды дайындауға арналған құрал – жабдықтар;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа білім қалыптастыру.

  4. Жаңа білім бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Оқушыларды бағалау.

  7. Сабақты қорытындылау.

Жаңа сабаққа кіріспе.

Қажетті ыдыс аяқтар: қамыр илеу үшін тостаған немесе табақ, азық-түлікті турайтын тақтайша, стакан, шойын таба, жайпақ тәрелке, оқтау, тақтай;

Азық-түліктер: қамыр илеу үшін – 1 кг ұн, 1 стакан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1 жұмыртқа.

Салма үшін – 1кг картоп, 1 бас үлкен пияз, 50 гр сары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.

Дайындау технологиясы

Салманы дайындау:

  • Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуырады.

  • Аршылған картопты дайын болғанша пісіреді.

  • Суын төгіп, картопты езеді.

  • Оған қуырылған пиязды қосады.

  • Араластырады, тұздайды, бұрыштайды.

  • Бөлме температурасына дейін салқындатады.

Қамырды дайындау технологиясы:

  • Ұнды илейді.

  • Араластырылған ашытқыны, су(сүт), жұмыртқа, тұз, қант, майды ұнға қосып, бостау етіп қамыр илейді, жылы жерге қояды, демалдырады.

  • Дайын қамырды кішкентай күлшелерге бөліп, жұқалап жайып, ортасына салма салып бүгеді.

  • Пирожкилерді майланған қаңылтыр табаға салып, толықсытуға қояды.

  • Жұмыртқаны араластырып, пирожкилердің бетіне жағып шығады.

  • Нан пісіруге арналған шкафта 200 – 250 С температурада 10 – 12 минутқа қойып пісіреді немесе табаға тоңмай немесе сұйық май құйып қуырады.

Жұмбақ шеше білеміз бе?

Олай болса, балалар, бүгін өздеріңіз көріп отырғандай бәрімізге белгілі картоп салынған пирожкиді қалай дайындау керектігі туралы дәріс алдық. Ендеше, осы тағамымыз дайын болғанша жұмбақ шешіп көрелік:



  • Ақ қиыршық еритін,

Ас жоқ одан жеритін. (Тұз)

  • Үсті тас, асты тас.

Ортасында піскен ас. (Нан)

  • Дәмді, дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңіліне сыйлайды. (Дастарқан)

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

  • Екі жағы «Н» болса,

Қасиетті тағаммын.

Екі жағы «А» болса,

Ел қадірлер адаммын. (Нан, Ана)

Мақал – мәтел жалғасын тап:


  • Ет етке, (сорпа бетке).

  • Таңғы асты қалдырма

(Кешкі асқа қарама).

  • Тойған үйге (тоғыз бар).

  • Ас – адамның (арқауы).

  • Шақырған жерден қалма,

(Шақырмаған жерге барма).

Блиц сұрақтар

Енді балалар, жұмбақ шешіп, мақал айтып болсақ, бірнеше қызықты сұрақтарға жауап беріп көрейік:



  • Бір жұмыртқа 10 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10 минутта)

  • Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек?(3 сағат)

  • Адам баласы бір күнде тамақтың 3 түрін қай мезгілде ішуі керек?(түсте).

Үйге тапсырма:

Картоп салынған пирожкидің жасалу жолдарын үйрену және оны дайындау.

Оқушыларды бағалау:

Оқушылар картоп салынған пирожкиді дайындау деңгейлері бойынша бағаланады.

Сабақты қорытындылау:

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Каталог: papk -> resurs -> zhospar
zhospar -> Сабақтың типі- жаңа білім беру сабағы. Сабақтың түрі- зерттеу сабағы
zhospar -> Сабақтың мақсаты: Фашистік режимді талқандағаннан кейінгі Германияның бөліну себептерін нақтылау. Отарланған аймақтарда
zhospar -> Тақырыбы: «Қосу формулалары»
zhospar -> Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
zhospar -> Сабақтың тақырыбы: "Германия Федеративтік Республикасы"
zhospar -> Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, орыс әдебиеті
zhospar -> Шығарма «Ы. Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы» Қазақ әдебиеті
zhospar -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
zhospar -> Түсті металдар әлемі
zhospar -> Сабақ тақырыбы: "Жыр алыбы-Жамбыл"


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет