Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар! (Балалар хормен). Сәлеметсіздер ме!



Дата17.06.2018
өлшемі18,54 Kb.
#42828
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасына саяхат

Сабақтың мақсаты: Балаларға Отандық белгілерді ұғындыра отырып, рәміздердің қазақша атауларын үйрету, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру,Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсінік беру, көрсету, сұрақ-жауап, жаттықтыру, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Карта, Астана, Қазақстан рәміздері бейнеленген слайд, бүркіт бейнесі, бәйтеректің сувинирі.

Меңгерілетің сөздер: Рәміз, ту, елтаңба, әнұран, Елорда, қыран.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

(Балалар хормен). Сәлеметсіздер ме!

(Әнұран орындалады)



Дыбыстық жаттығу:

-таң, -таң, -таң – елтаңба

-ән, -ән, -ән – әнұран

-у, -у, -у – ту

-міз, -міз, -міз – рәміз

Жаңа сабақ:


  • Балалар, бүгін сендердің саяхатқа шыққыларың келе ме?

  • Иә. (Қыран құсты көрсету)

  • Ендеше бүгін біз Қазақстан Республикасына саяхатқа шығамыз. Бұл саяхатқа шығуға бізге қыран құс көмектеседі. Қараңдаршы, қыран құс қанатын жайып, бізбен бірге саяхатқа шығуға дайын. Кәне, ендеше көзімізді жұмып ұшайық!

(әуен жүреді, әуен басылған соң балалар көздерін ашады)

  • Қараңдаршы (картаны көрсету) біздің Отанымыз, яғни Қазақстан Республикасы қандай үлкен! Балалар, Отанымызды біз жақсы көреміз бе?

  • Иә.

  • Ендеше, балалар, Отанымызды сүйетінімізді дәлелдеп көрейікші! Отан туралы біз не білеміз? (мақал-мәтелдер мен өлең оқылады)

1. Отан – оттан да ыстық.

2. Отан үшін күрес – елге тиген үлес.

3. Өз елім – алтын бесік.

4. Отан үшін отқа түс күймейсің.

5. Отан деген Атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан – ана, Отан – пана,

Қазақстан туған ел.



  • Жарайсыңдар, балалар! Отанымызды біз өте жақсы көреді екенбіз. Біздің Отанымыз астыққа, қазбаларға бай. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында көптеген қалалар бар екен. Соның ішінде еліміздің бас қаласы – Астана. Ал, балалар, сендер Астана туралы не айтар едіңдер?

1. Астана – әдемі, көрікті, үлкен қала.

2. Астанада біздің Президентіміз тұрады.



  • Жақсы. Ал біздің президентіміз кім?

  • Нұрсұлтан Назарбаев.

  • Балалар, Астана әдемі, көрікті қала дедіңдер. Енді сол Астананың көрікті екенін көзімізбен көрейікші!

(Слайд бойынша Астананың көрікті жерлерін түсіндіріп айтып өту)

  • (бәйтеректің сувинирі бойынша сөйлеу) Балалар, ал мынау Астананы көркейтіп тұрған – бәйтерек. Бұл бәйтерекке қарап біз достығымыздың, ынтымағымыздың мықты екенін көреміз. Жақсы, балалар, біз Астанамыз ең әдемі қала екеніне көз жеткіздік.

  • Балалар, біздің Отанымыз орманға, ағаштарға да бай екен. Ендеше осы ағаш туралы біз сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

- Балалар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. 16 желтоқсан күні біз осы тәуелсіздігімізді тойлаймыз. Біз Тәуелсіз мемлекет болғандықтан Қазақстанның өзіне тән рәміздері бар екен.



Рәміз символ

  • Ал бүгін біз сол рәміздермен таныс боламыз. (Слайдпен жұмыс)

  • Балалар, мынау не, білесіңдер ме?

Флагту

  • Балалар, қараңдаршы тудың түсі көгілдір, ортасында күннің көзі және қалықтаған қыран құс бейнеленген. Ал шетінде қазақ халқының ұлттық оюы.

  • Ал мынау – Елтаңбамыз.

Гербелтаңба

  • Елтаңбаның дәл ортасында шаңырақ, ал екі жағында қанатты қос арғымақ бейнеленген. Төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.

  • Рәміздеріміздің үшіншісі ол – Әнұран.

Гимнәнұран

  • Балалар, Әнұранды барлығымыз жақсы білеміз. Әр дүйсенбіде орындаймыз. Сабағымыздың басында осы Әнұранды орындадық. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжмеденов және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін сендермен Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Қане қайталап өтейікші!(Слайд бойынша қайталату)

  • Бұл – ту. т.б.

  • Балалар, біз бүгін Отанымыздың үлкен екенін білдік және оның рәміздерімен де таныс болдық.Отанымыздың көркейюіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Ол үшін біз әдепті, тәрбиелі, білімді болуымыз керек.

Балаларды мадақтау:

  • Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Әсіресе ..., ... -ды ерекше атап өтуге болады. Ал бүгінгі біздің көмекші қыран құсымыз сендерге риза болып, рахметін айтады. Және ол жай келмеген екен сендерге арнап өзінің аз ғана сыйлығын ала келіпті.(сыйлықтарды тарату)

Балалар, сабағымыз аяқталды.
Каталог: uploads -> doc -> 0cf8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf8 -> Сабақ жоспар Биология пәні Сыныбы: 7 сынып Сабақтың тақырыбы
0cf8 -> Сабақтың тақырыбы Балықтардың көбейуі және дамуы. Мінез -құлығының ерекшеліктері. Кәсіптік маңызы
0cf8 -> Сабақ Тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу
0cf8 -> Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі кмм 5 сынып бойынша музыка пәнінен оқушы білімін тексеру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет