Сабақтың барысы: Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар құрметпен бас иіп, Сәлем бердік біз. І. Ұйымдастыру кезеңі



Дата01.04.2017
өлшемі52,01 Kb.
#13422
түріСабақ
Күні:

Пән: Дүниетану

Сынып:1 қазақ

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар.Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер.


Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Жануарлар әлемі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғаттың жанашыры болып, оны қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызба, сурет, жұмбақтар, кесте
Типі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы: Сәлемдесу:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар құрметпен бас иіп,
Сәлем бердік біз.
І . Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғат, тіршіліксің тұнып тұрған,


Сен күнсің көтерілген күліп тұрған.
Сен көлсің,
Сен ормансың,
Сен бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен жарықсың,
Сен жерсің,
Сен ауасың,
Сен анамсың
Бәрі менің өмізім сен сыйлағаң.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы ? (Табиғат)
- Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз? (Дүниетану)
- Олай болса, балалар қазір біз дүниетану сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


- Қандай тақырып өттік?
- Кім өз түсінігін айтып береді? 

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.


- • Миға шабуыл. «Табиғат» (Ой шақыру)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)
- Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, су, т. б.)
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)
- Ендеше, тірі табиғаттың бір тобы жануарлар әлемі жөнінде әңгімелесейік. Балалар, сіздер қандай жануарларды білесіңдер?
Қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Балалар, бұл суреттегі жануарларды аңдар дейміз.


- Аңдарды адамдар бағып күте ме?
- Жоқ, өздігінен тіршілік етеді.
- Олай болса, жабайы аңдар деуге де болады екен.
- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
- Жолбарыс, арыстан, бұғы, киік, арқар.
- Туған өлкемізде қандай аңдар кездеседі?
- Қасқыр, қоян, түлкі.
- Олардың пайдасы бар ма?
- Табиғат көркі, терісі - киім, еті - қорек, мүйізі - дәрі, санитарлар.
- Аңдар өсімдіктермен қоректенеді дедік, бірақ бірін - бірі жеп, етпен қоректенетін де аңдар бар. Оларды «Жыртқыш аңдар»- дейді.
Мысалы қасқырды алайық, ол етпен қоректенеді, бірақ жыртқыш екен деп жойып жіберуге болмайды.

ІҮ. Жаңа тақырып: 


- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз жануарлар тіршілігі туралы. Жануарлар – тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Жануарлар әлемі өте бай, оларды өзара бірнеше топқа бөлуге болады.
Жануарлар – жабайы жануарлар және үй жануарлары болып бөлінеді. Жабайы аңдар табиғатта өздігімен тіршілік етуге бейімделген. Үй жануарларын (малды) адам қолда бағып өсіреді. 
Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «сүтқоректі жануарлар» деп атайды. (Таспадан үй жануарларын көрсету)
Аңдарды қорғау мақсатында біздің елімізде көптеген қорықтар ашылды. Осы қорықтарда қорғауға алынған аңдар тіршілік етеді. Олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

3. «Жануарлар әлеміне» қысқаша шолу жасау:


Жануарлар әлемі
Табиғат жағдайы жер шарының барлық бөлігінде бірдей емес. Осыған байланысты жан – жануарлар тіршілік етуге бейімделіп отырады. Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ете береді. Олар бір - бірінен ұқсастығына, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Ү. Оқулықпен жұмыс.


1. Мәтінді оқып беру.
2. Балаларға тізбектеп оқыту.
ҮІ. Сергіту сәті. Жұмбақ арқылы қимыл қозғалыстарды көрсету.

1.Сурет бойынша мәтін жауабын табу (ЖҰППЕН ЖҰМЫС)


2.Ойын «Адасқан сөз» (ЖҰППЕН ЖҰМЫС)
3.Суреттегі жануарларды сілтема арқылы топтастыру (ЖҰППЕН ЖҰМЫС)

4.Жануарларды топтастыру (ЖҰППЕН ЖҰМЫС)

5.Ойын «Жануарлардың бөліг»табу атап айту (ЖҰППЕН ЖҰМЫС)

ҮІІ. Сабақты бекіту.

Жұмбақтың шешуін суреттен табу.

А) «Кім жылдам?» ойыны. Жабайы аңдар туралы жұмбақтар беріледі.


1. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні. (Түлкі)
2. Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ (Қоян)
3. Қайда болсын баратын,
Мінсең ұшқыр қанатың. (Жылқы)
2. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
3. Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей
Ақырын басады. (Мысық)
4. Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
Б) Үй жануарларының пайдасы туралы әңгімелеу.

ҮІІІ. Сабақты қорыту. Жабайы аңдар да, үй жануарлары да өмірге өз төлдерін әкеледі, сүтпен қоректендіреді, есейгенше қорғаны болады. Олардың қайсысының өмірі жеңілірек деп ойлайсың? Әлде бәрі бірдей ме?


Олар қайда мекендейді және немен қоректенеді?
*Олардың қандай ортақ белгілері бар, сен соны байқадың ба?
(Ойлануға уақыт беру)
*Олар «сүтқоректілер» деген қорытынды жасау.

- Биылғы жыл қай жыл?


- Қой жылы.
Жыл атаулары жануарлар атауларымен аталады,

Аңдар мен малдардың суретін көрсету.

Дұрыс, Бұрыс сұрақ жауап

Қорытындылау:






 
ИЯ


Дұрыс

Қате

1

Кірпінің аяқтары қысқа болады.

 
ИЯ


 

2

Аңдар жабай өседі

 

 

3

Жабайы жануарлар орманда, тауда тіршілік етеді.

 
ИЯ


 

4

Жабайы жануарлар адамға қызмет етеді

 
ЖОҚ


 

5

Аңдар өз қорегін өздері тауып жейді.

 
ИЯ


 

6

Аңдар төлдерін өздері асырайды

 
ИЯ


 

7

Борсық тышқан,бақа,жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.

 
ИЯ


 
ЖОҚҚҰ


8 Аю тамақты таңдап жейді.

9 Саршұнақ бидай, арпамен қоректенеді.


ИЯ

10. Күзде аңдардың ескі жүні түседі.


ИЯ

а)ешкім бақпайды;

ә)орманда, тауда, далада тіршілік етеді;

б)тамақтарын өздері тауып жейді;

в)жабайы өседі;

г)төлдерін де өздері асырайды


ІХ. Бағалау. Мадақтау.


Х. Үйге тапсырма беру.
Тақырыпты оқып келу, әңгімелеу.

« Майқайың жалпы орта білім беретін мектеп » КММ

Дүниетанудан ашық сабақ

1сынып

Тақырыбы: Жануарлар. Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Х.Ташмағанбетова



2014-2015 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0df1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0df1 -> Өзін-өзі тану сабағының жоспары
0df1 -> Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай жобб мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0df1 -> Сабақ жоспары Күні: Сабақтың тақырыбы Компьютердің логикалық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет