Сабақтың білімдік мақсаты: қазақтың салт-дәстүрімен танысып, одан үлгі, өнеге алу



Дата08.07.2018
өлшемі42 Kb.
#48806
түріСабақ
VI модуль «Қазақ отбасы, қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Тақырып: «Қазақ отбасы»


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың білімдік мақсаты: қазақтың салт-дәстүрімен танысып, одан үлгі, өнеге алу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: сөздік қорын молайту, сөйлемдер құруға жаттықтыру,ауызекі сөйлеуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының, өз ұлтының дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: компьютер, теледидар, магнитофон, қиықшалар, қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктері.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: 1 Сәлемдесу. 2 Сабақтың тақырыбы.

II Өткен тақырыптарды қайталау, үй жұмысын тексеру:

1. Активті лексиканы тексеру .Сөздік диктант (47 беттегі 5-тапсырма бойынша).

2. 2 оқушы тақтада жұмыс істейді (47 беттегі 7-тапсырма . Төмендегі деректер бойынша өз өмірбаянды жазу.

1) Фамилияң, атың, әкеңнің аты.

2) Туған жылың, айың, күнің.

3) Туған жерің (қалаң, ауылың)

4) Отбасың.

4) Ата-анаңның аты-жөні, қызмет орны.

5) Мекенжайың.

6) Үй телефоның.

7) Қолың.

3. Оқушылардың презентациялары «Отбасым- мақтанышым» (слайд-шоу) Үйге алдын ала берілген сұрақ-

тардың үлгілері:


  1. Отбасыңыз қайда тұрады?

  2. Отбасыңызда қанша адам бар? Олар туралы айтып беріңіз.

  3. Отбасы мүшелерінің мінездері қандай?

  4. Әкеңіздің (шешеңіздің...) жақсы жақтары қандай?

  5. Отбасыңыз бос уақытта немен шұғылданады?

  6. Өз халықтың отбасындағы салт-дәстүрлерін қалай сақтауға тырысасыңдар?

Тақтаға ұлты татар, неміс, орыс балаларды шақыруға тырысамын.

4. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Презентацияны тыңдап, әр топ өз жұмысын атқарады:

1 топ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударады.

2 топ көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларының дұрыс қолдануына назар аударады.

3 топ сөйлеу мәнеріне назар аударады (үндестік заңының ерекшеліктері)

5. 3 топ анализ жасайды да, тақтадағы оқушылардың жұмыстарын тексереді.



III Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

-Әр халықтың отбасындағы өз салт-дәстүрлері бар екеніне көзіміз жетті. Бүгін сабақта біз қазақ отбасының

рұхани құндылығымен танысамыз.

1. Жаңа сөздермен жұмыс (46 бет)

2. «Қазақ отбасы» мәтінімен жұмыс ( 2-тапсырма, 46 бет)

3 «Анасын сүйгеннің баласын сүй», «қыз-қонақ», «атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал-мәтел-

дерді қалай түсінесіңдер?

4. Жаңа материал негізінде диалог құрастыру.



IV Аудирование.

Мәтінді тыңдап, Мазмұнын айтып беріңіз.

Балалар аудиожазбаны тыңдайды (мүмкіндік болмаса, мәтінмен жұмыс істейді)

Отбасында ер адам - басты тұлға. Әйел- оның серігі, көмекшісі. Сондықтан да үйдегі бар істі ер адам басқарып отыруға тиіс. Әйел адамның жұмысы- бала тәрбиелеу, отбасын тамақтандыру, үйді таза ұстау. Балалар да жас кезінен отбасы жұмыстарына қатысу керек. Отбасын қаржымен қамтамасыз ету- ер адамның міндеті. Әйел адамның жұмыс істемегені дұрыс, себебі бала тәрбиесіне көп уақыт қажет болады. Отбасының бірлігі әйелге де, ер адамға да байланысты. Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс.



V Жаттақтыру жаттығулары.

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Сөйлеу үлгілері:

Мәтінде... туралы айтылады. Үйде ер адам... .Әйел адам ... . Татулық ... байланысты дейді.


Проблемалық жағдаятты туғызу.

Топтық жұмыс.

2-тапсырма. Қазіргі заманда, XXI ғасырда, осындай пікірмен келісесіңдер ме?

Үйде кім не жұмыспен айналысуға тиіс деп ойлайсыз?



Сөйлеу үлгілері:

  1. Бұл негізінен дұрыс, себебі ... .

  2. Бұл дұрыс емес , себебі ... .

  3. ... деген пікірге қосыламын /қосылмаймын , өйткені ... .

  4. Меніңше, ... деп ойлаймын.

  5. Ер адам ... керек. Әйел адам ... керек .


Топтық жұмыс.

3-тапсырма. Отбасы мүшелері үйде қандай міндеттер атқаруы тиіс екені туралы басқа топтың оқушыларының

пікірін сұраңыз. Олармен пікірталас ұйымдастырыңыз.



Сөйлеу үлгілері:

  1. ... білейін деп едім, ...?

  2. ... сен қалай ойлайсың, ...?

  3. Пікірің дұрыс, ...

  4. Бұған қосылмаймын, ... .

  5. Бұған қосыламын, ... .


Жұптық жұмыс.

4- тапсырма. Отбасында ер адам қандай болуы керек? Әйел адам туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды

айтыңыз.



Сөйлеу үлгілері:

Ер адам отбасында басты тұлға, сондықтан да ... . Әйел адам ... болуы керек. Сіздікі дұрыс, себебі ... .

( Жоқ, олай емес, ... басты міндеті ... )
VI Қорытынды. Нені білдік? Нені үйрендік?

Оқушыларды бағалау, жұмыстарына қысқаша анализ жасау.


VII Үй тапсырмасы. Үйленетін досыңызға хат жазу. Досыңызға оның отбасы және оның әйелі қандай болу керек деген тұрғыда кеңес беріңіз.

Сөйлеу үлгілері:

Саған айтарым ... . Сен ер жігітсің, сондықтан ... . Болашақ әйелің ... болғаны дұрыс. Тату-тәтті болу ... байланысты .
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет