Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға аккумулятор батареясына күтім жасау әдістерін үйрету



Дата24.04.2017
өлшемі38,57 Kb.
#14579
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Аккумулятор батареясына күтім жасау
Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушыларға аккумулятор батареясына күтім жасау

әдістерін үйрету.



Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың еңбекке деген икемділігін арттыруға

ықпал жасау, ұқыптылықпен тиянақтылыққа баулу.



Сабақтың дамытушылық мақсаты:Оқушыларға аккумуляторға күтім жасау әдістерін

меңгерту мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру


Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Мультиметр, шыны түтік, резеңке

қолғап, алжапқыш, қорғаныш көзілдірік,құм қағаз, аккумулятор батареялары, оқу плакаты, интер белсенді тақта, технологиялық нұсқау карталары.


Оқу өндірістік базасы: «Тракторлар құрылысы» шеберханасы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі 830- 835
1.Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

2.Оқушылардың арнайы киімдерін тексеру


ІІ.Кіріспе нұсқау 835- 915
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру

2.Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру:

а) Оталдыру жүйесінде қолданылатын қосалқы двигатель маркасы? ( ПД-10 )

ә) Оталдырудың қосалқы двигательінің ақаулары?

(Шатунның майысуы,сақинаның сынуы,вкладыштардың желінуі, поршеннің ластануы)

б) Тракторды оталдыру жүйесінің негізгі түрлері? ( магнетолық, батареялық)

в) Оталдырудың қосалқы двигателі неше тактілі? ( екі )

г) Оталдырудың қосалқы двигателіне қандай жанармай қолданылады? ( бензин)

д) Оталдырудың қосалқы двигательін жөндеу тәсілдері?

(сынған сақиналар мен майысқан шатун алмастырылады, поршень түбі күйеден тазартылып, желінген вкладыштар ауыстырылады)




Оқушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру
1.Аккумулятор батареясының құрылысымен танысу

2.Аккумулятор батареясындағы электролит деңгейін тексеру

3.Аккумулятор батареясының кернеуін өлшеу

4.Аккумулятор батареясын зарядтау

5.Аккумуляторды жұмыс үстінде тексеру


Кіріспе нұсқауды пысықтау
а) Аккумулятор батареясы неше бөліктен тұрады? ( алты)

б) Айырғыштар қандай материалдан дайындалады? ( пластмасса)

в) Электролитті даярлау әдісі? ( қышқыл суға жіңішке ағынмен жайлап құйылады)

г) Аккумулятор батареясының сыйымдылығының өлшемі? ( ампер-сағат)

д) Электролит азайғанда қандай сұйықтық құйылады? ( дистилденген су)

е) Пластиналар нешеге бөлінеді және қалай аталады? ( оң және сол зарядты)

ж) Аккумулятор батареясының зарядсыздануының шегі? ( 1,7 В )

з) Аккумулятор штырлерін жөндеу әдісі? ( арнайы қысқышпен қорғасын ерітіп құйылады)

и) Аккумулятор батареясының жұмыс істеу мерзімділігі? ( 18 айдан 2 жылға дейін)


ІІІ.Ағымдағы нұсқау 920-1310
1.Оқушыларды жұмыс орындарына бөлу

2.Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру

3.Технологиялық нұсқау карталарын тарату

а) Аккумуляторға күтім жасау жүмыстарына арнаулы жұмыс киімін киюін тексеру

ә) Үстемелеп электролит құйғанда шашырап төгілмеуін қадағалау

б) Аккумулятор корпусынан электролиттің ақпауын тексеру

в) Аккумуляторды зарядтау кезінде тығындарының ашылуын қадағалау

4.Оқушылардың іс –қимылын, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білуін қадағалау.

а) Аккумулятордағы электролитті тексеріп қажетінше дистилденген су құю

ә) Қақпақтағы немесе тығындағы желдеткіш тесіктерді тазарту

б) Мультиметр арқылы аккумулятор кернеуін тексеру

в) Арнайы құрылға арқылы аккумулятор батареясын зарядтау.

5.Жұмысты орындау кезінде оқушылар жіберілген қателіктерді ескертіп түзету және қосымша нұсқау беру.

6.Оқушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру

7.Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру.

ІҮ.Қорытынды нұсқау 1310-1330
1.Сабақты қорытындылау,бағалау

2.Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып оқушылардың жақсы жұмыстарын атап өту

3.Үйге тапсырма беру: «Аккумулятор батареясына күтім жасау »

« Беларус» тракторлары . А.Рзалиев, Н.Салықов. 193-197 беттер


Өндірістік оқыту шебері: Н.Ділманов
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет