Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау. Сабақтың типі: Аралас сабақ



Дата27.03.2018
өлшемі49,88 Kb.
#39638
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Кавказ халықтарының музыкасы
Сабақтың білімділік мақсаты: Кавказ халықтарының музыкалық ерекшеліктерімен таныстыру . «Шөжелерім»әнін үйрету.Дауыс жаттығуының нотасын оқыту арқылы нота сауатын бекіту. Әзірбайжан музыкасы «Еркіндік», грузин биі «Лезгинка» тыңдату. Нота сауатынан негізгі басқыштар- тоника,доминанта, субдоминанта туралы түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:өзге халықтардың музыкасымен таныса отырып,көрші халықтардың өнерін түсінуге, құрметтеуге баулу,интерноционалдық тәрбие беру. Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ


Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта,сурет, дыбыс қатары,баян т.б.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын дайындау. Түгелдеу. Дауысын жаттықтыру.
Дауыс жаттығуы

Нота сауаты


Дыбыс қатарындағы негізгі басқыштар
Тоника дегеніміз не? Дыбыс қатарындағы ең тұрақты басқыш –І басқыш, ол тоника деп аталады.
Осы І басқыш- негізгі басқыштардың бірі. Негізгі басқыштардың тоникадан басқа да түрлері бар. Олар: Доминанта және субдоминанта. Доминанта латын тілінен аударғанда үстем етуші деп аталады. Ол дыбыс қатарының – Ү басқышы. Ал ладтың ІҮ басқышы субдоминанта деп аталады. Оны қазақ тіліне аударғанда төменгі үстем етуші деген мағынаны білдіреді.

Үйге берілген тапсырма:


1 аялдама. Тәжік еліне саяхат

Музыкалық аспаптары.


ішекті: дутар, думрак
үрлемелі: карнай, сурнай
ұрмалы: дайра, даф.
Музыкалық жанрлары
Ән- тақырыптары: эпикалық, тұрмыс- салт, еңбек , әдет-ғұрып-жоқтау, үйлену, мерекелік, лирикалық.
Аспаптық пьесалар.

Суреттегі халықтың аты.


Суретке қарап әңгіме құрастыр.
Музыканы тыңдап аспабын тап.

Тәжік халқының музыкасы «Еркіндік» шығармасын


дутар аспабының орындауында тыңдату.

2 – аялдама. Қырғыз еліне саяхат

Музыкалық аспаптары.
ішекті: қомыз, қыл қияқ
үрлемелі: керней, сырнай
ұрмалы: добылпаз, доол
Музыкалық жанрлары
Аспаптық ән,жыр,күйлер.
Насихаттаушылар:акындар, жыршы-термешілер, манасшылар.

Суреттегі халықтың аты.


Суретке қарап әңгіме құрастыр.
Музыканы тыңдап аспабын тап.

Қырғыз халқының музыкасы «Маш ботой»


қомызшылар оркестрі орындайды.

Үйге берілген ән.

Жылқышы әні
Қырғыздың халық әні
Мен жылқышы сен шабан,
Жайлауда жүріп ән салам.
Жаныма келші құрбыжан,
Жайлауда қойды айдаған.

Есімде осы жайлауым,


Жоқ екен ешбір байлауым.
Кездескен сәтте құрбымның,
Қалаймын әркез жайнауын.

Жаңа тақырып

Кавказ халықтарының музыкасы

3 аялдама. Әзірбайжан еліне саяхат


Әзірбайжанның музыкалық жанрлары

Музыка тыңдау.


Проблемалық тапсырма:
Музыка тыңдап, оның мазмұны не туралы , қандай жанрға жататындығын ажырату.
-Ән жанры. Шөжелер туралы. Иесі шақырып жем, су беріп жатыр.
Дұрыс. Бұл әннің аты «Шөжелерім» деп аталады. Музыкасын жазған әзірбайжан композиторы Г.Гусейнли. Сөзін жазған Т.Муталибов. Қазақшаға аударған М.Әлімбаев.
Слайд арқылы әнді үйрету

Шөжелерім


Музыкасын жазған әзірбайжан композиторы Г.Гусейнли
Өлеңін жазған Т.Мұталибов
Аударған М.Әлімбаев

Қайырмасы


Шеп,шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
1.Көк шалғында жайылым бар, 2.Не жейсіңдер мен берейін,
Тез келіңдер жайылыңдар Су берейін, жем берейін.
Көк шалғында жайылым бар, Не жейсіңдер мен берейін,
Тез келіңдер жайылыңдар Су берейін, жем берейін.
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерім
Әй,менің шөжелерім Әй,менің шөжелерім
Мамық жүнді шөжелерім Балғын бөбек шөжелерім.
Қайырмасы
Шеп,шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Шеп,шеп,шеп
4 –аялдама. Грузин еліне саяхат

Грузин халқының музыкалық аспаптары

Чонгури-ішекті аспап Доли-ұрмалы аспап Пандури-ішекті аспап

Музыка тыңдау.


Проблемалық сұрақтар:
1. Музыкамен не істеуге болады?
2. Ол жанрдың қай түріне жатады?
Бұл музыка «Лезгинка» деп аталады. Ол Грузиннің жігерлі ,қайратты билерінің бірі.

Қорытындылау.


Қай елдерге саяхат жасадық?
Олардың қандай музыкаларымен таныстық.
* «Лезгинка» Ол қай халықтың музыкасы, қандай жанрға жатқыздық? (грузин халқының биі)
* «Шөжелерім» әні.
* Ол қай халықтың музыкасы, қандай жанрға жатқыздық?(әзірбайжан композиторы
Г.Гусейнлидің әні)

* Дыбыс қатарының І басқышы қалай аталады? (тоника)


* ІҮ басқышы қалай аталады? (субдоминанта)
* Ү басқышы қалай аталады? (доминанта)
* Бұл үш басқышты бір сөзбен қалай атаймыз? (негізгі басқыштар)

Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма: Кавказ халықтарының музыкалық жанрлары мен аспаптары.
«Шөжелерім» әнін жаттау. Негізгі басқыштарды ажырату.
Каталог: uploads -> doc -> 049d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049d -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы сауданың дамуы Сабақтың мақсаты
049d -> Сабақ жоспары бекітемін келісемін мектеп директоры: Қ. Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А. М.Әбдіғапар
049d -> Реферат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры»
049d -> Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қымыз-шипалы сусын Зерттеудің өзектілігі
049d -> Сабақтың түрі:қайталау Сабақтың типі: сайыс сабақ Пайдаланған көрекілігі: дана сөздер > ж. Баласаұғын


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет