Сабақтың дамытушылық міндеті: Оқушылардың сабақ барысында білімдік деңгейін көтеру, белсенді ойлау қабілеттерін арттыру



Дата01.04.2017
өлшемі260,91 Kb.
#13403
түріСабақ

Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушан Тұрсынахуновна

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы

№5 орта жалпы білім беру мектебі. «Мемлекеттік мекемесі»
Ашық сабақ .

Тақырыбы: Соңғы тас дәуірі . 10 «Б» класс

Сабақтың мақсаты:Соңғы тас дәуірінің кезеңдерін , хронологиясын, басты жаңалықтарын , мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін түсіндіре отырып таныстыру.Осы дәуірлердегі адамзат дамуының дәрежесіне тоқталу.

Сабақтың дамытушылық міндеті:Оқушылардың сабақ барысында білімдік деңгейін көтеру, белсенді ойлау қабілеттерін арттыру

Сабақтың тәрбиелік міндеті:Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өнер туындыларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Зерттеу сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, картамен жұмыс, кестемен жұмыс,

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар , тірек сызбалар, анимациялық карталар, анимациялық суреттер, тасқұралдардың суреттері, кесте.

Пәнаралық байланыс: өнер, дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

3. Жаңа сабақты бекіту

4. Бағалау

5. Үйге тапсырма беру

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең –Зерттеу

2-кезең-Жас тарихшы сөйлейді

3-кезең-Картамен жұмыс

4-кезең-«Бәйге ойыны»

5-кезең-Тест шешу



1-кезең «зерттеу» бөлімі.Оқушылар үй тапсырмасын өзбеттерінше оқып келеді :3 топқа бөлініп әрқайысы мына сұрақтарға жауап береді.1-топ ерте тас.2-топ орта тас.3-топ кейінгі тас.



  1. Хронологиясы

  2. Ерекшеліктері, кәсібі мен тіршілігі,

  3. Тас өңдеу әдістері

  4. Еңбек құралдары

  5. Адамның даму сатысы

  6. Ерте тас кезеңінің тұрақтары

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймын.





Сабақтың жоспары.

1. Мезолит – Орта тас

2. Неолит – Жаңа тас

3. Энеолит-Мысты тас

Мезолит -Орта тас .б.з.б. 12-5 м.ж . Ерекшеліктері: Мұз басу аяқталды,мұз еріді,балық аулау, аңшылық, жеке аңшылық, садақ пен жебе . Еңбек құралдары: Бумеранг,Қайық, Қақпан,Тұзақ, найза, сүргі ,түйреуіш, біз ,пышақ.

Тұрақтары:

Солт. Қаз-Явленко, Ерейментау, Екібастұз, Дачная,Тельман.

Орт.Қаз-Әкімбек, Қарағанды.

Неолит-Жаңа тас -б.з.б. 5-3 м.ж.Ерекшеліктері:Табиғат қазіргі қалыпқа келді, тас құрал жасаудың ең жоғарғы сатысына жетті , ыдыс жасау,дәнді дақылдар өсірді жануарларды қолға үйреткен, егіншілік , мал шаруашылығы пайда, тоқымашылық болды ,

Дән үккіштер,келі мен келі сап, балта,кетпен, қашау,қыш дыстарға өрнектер салған, маллюскалардан әшекей жасаған.Неолиттік тас құралдарды өңдеу әдістері : жылтырата тегістеу,тесу,кесу,бұрғылау,жону

Тұрақтары:

Арал маңы-Сексеуіл

Оңт.Қаз- Қараүңгір, Үшбұлақ

Шығ.Қаз- Сатшықыз, Нарым

Сол.Қаз- Иманбұрлық, Құлсары

Орт.Қаз-Маңғыстау- Ойықты,Төлес

Сол.Балқаш тұрақтары- Батпақ, Қосқұдық

Мысты тас – Энеолит б.з.б.4-3 м.ж.Ерекшеліктері:Адам алғаш пайдаланған метал мыс

Ботай тұрағынан -158 тұрғын үйдің орны табылды, Ботайлықтар алғашқы жылқыны қолға өсірушілер 70000 жылқы қаңқалары табылған.Тас тоқпақ пышақ,қанжар,жебе,сүңгі, найза,шанышқы балық аулайтын ,балта, шот, қашау, жоңғы.



Петроглифтер-деген не?
сұраққа жауап алғаннан кейін


  • Электронды оқулықты пайдаланып петроглифтердің суреттерін көрсету

  • Ескерткіштерін көрсету

  • Жерлеу орындарын көрсету

  • 2.Тапсырма “Жас тарихшылар сөйлейді

  • 1. Неолит қышқұмыралар заманы

  • 2.Алғашқы қауымдағы өнер

  • 3.Алғашқы адамдардың діни түсінігі

Мәтінмен жұмыс орындау

Сабақты бекіту

3.тапсырма . Картамен жұмыс

1.Аталған жер-су аттарын картадан көрсету

Оңт. Қаз. Түлкібас ауданы, Маңғыстау, Ақтау, Атбасар,Торғай, Ақмола.

Жер-су аттары картаның төменгі жағында жазылып тұрады

2. Жаңа сабақта өткен тұрақтарды картаға түсіру актив студиода орындау

« Соңғы тас дәуірі» тақырыбы бойынша кесте толтыру. Интерактивтік тақтамен жұмыс.






мезолит

неолит

энеолит

Уақыт

шеңбері











Ескерткіштері










Ерекшеліктері











4.тапсырма“Бәйге” ойыны

1. Қазақстан жерінде қанша неолиттік , энеолиттік ескерттіштер белгілі?

2. Неолиттік Ойықты мәдениетінің ерекшеліктері?

3. Неолиттік Қосқұдық тұрағының ерекшелігін ата ?

4. Мұздықтың ери бастаған уақыты ?

5. Мыстан жасалған құралдар неге тастан жасалған құралдарды неге ығыстырып шығара алмады?

6. Ботайлықтар қаза болған адамды қайда жерлеген?

7. Қай тұрақтан саз балшықпен мумияланған адамның бас сүйегі табылған?

8. Тұрғын үйлердің табалдырығының астына иттің қаңқаларын көмген бұл нені білдіреді?

9. Тас дәуірі адамдарыарасында діни сенім болды ма, қандай?

10. Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады?

Бәйге” ойынының жауаптары

1.600

2.маллюскалардан , теңіз тұздарынан әшекейлер жасаған



3.балық аулау құралдары суға батырып тұратын тастар және көтеріп тұратын қалқымалар көп кездеседі.Ыдыстардың сырты тарақ тәрізді өрнектелген және жаңа үлгіде жасалынып, қабыршық ұнтақтар қосылған.

4.13 м.ж.

5.Мыстан жасалған құралдар жұмсақ , тез опырылғыш, тез майысып қалады. Қатты нәрсеге пайдалануға жарамады.

6.Көне тұрақтарына жерлеген.

7.Ботай

8.тотемдік сананы, рәсімдік сипаттағы әдет ғұрыпқа байланысты


9.Өлген адамның үстіне қызыл бояу себу -анемизм

10.б.з.б. 8 м.ж.

5. Тапсырма тест шешу

1.Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А. Неолит

В. Мезолит

С. Кейінгі палеолит

Д. мустьер дәуірінде

2. Мезолит дәуірі

А.б.з.б. 40-12 м.ж.

В. .б.з.б. 12 -5 м.ж

С. .б.з.б. 5-3 м.ж

Д. .б.з.б. 3-2 м.ж

3.Тас өңдеудің әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті?

А.Мезолит

В.Энеолит

С.Неолит

Д.Мысты тас

4.Тасқа салынған суреттер қалай аталады?

А.Иероглиф

В.Таңбалар

С.Петроглиф

Д.кириллица

5.Неолиттік Пенки тұрағы

А. Солт Қаз

В. Оңт Қаз

С. Шығ Қаз

Д. Орт Қаз

6.Энеолиттік ескерткіш

А.Зеленная балка

В.Қарақұдық

С.Шебір


Д.Сексеуіл

7.Мал қалдықтарының 80% қой мен сиырдікі

А.Ботай

В.Шебір


С.Сексеуіл

Д.Қызыл рысбек

8. Микролит пайда болды

А..б.з.б. 4-3 м.ж.

В. .б.з.б. 12 -5 м.ж

С. .б.з.б. 5-3 м.ж

Д. .б.з.б. 3-2 м.ж

9. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы

А.Тотемизм

В.Анемизм

С.Магия

Д.Шаманизм



10.Энеолит

А. .б.з.б. 40-12 м.ж.

В. .б.з.б. 12 -5 м.ж

С. .б.з.б. 5-3 м.ж

Д. .б.з.б. 3-2 м.ж

Тест жауабы:

1.В 2.С 3.С. 4.С 5.А 6.С 7.С 8.В 9.А 10.Д



Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

1-кезең

2-кезең

3-кезең

4-кезең

5-кезең

Жалпы ұпай






















Үйге тапсырма

1. 2 –ші тақырыпты мазмұндау

2. Сөзжұмбақ құрастыру

3. Тақырып бойынша тірек-сызбалар құрастырып келу



















Каталог: media
media -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
media -> Жандарбек з
media -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
media -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
media -> Боранбаева б. С
media -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
media -> Жизнь и деятельность. Альберт Эйнштейн
media -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
media -> Жаратылыстану ғылымдары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет