Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдерхалық поэзиясының жанрлық түрі. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтелдерімен таныстыру. ә) Дамытушылық: халық шығармасының бұл түрлерін бір - бірінен ажырата білуін, мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуін, тілін дамыту. б) Тәрбиелік: оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап Сабақтың түрі: тренинг - сабақ Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, дүниетану. Көрнекі құралдар: үлестірмелі қима қағаздар, тренинг ережелері жазылған плакат, топ ұпайларын белгілейтін көрсеткіш. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. А) сәлемдесу; ә) топтарға бөлу. II. Жаңа сабақ - Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг - сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру. Сабағымызды бастамай тұрып тақтадағы ілулі тұрған сөздерді оқи отырып топтарға бөлінейік Кереге Уық. Осылайша сыныпты 2 топқа бөле отырып, ережесімен таныстыру. 1. Тыныштық сақтау 2. Бір - бірін тыңдау. 3. Қол соғу. 4. Ойын ашық айту. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. - Енді әр топ өздерінің 1) топ басшысын 2) уақыт есептеушісін 3) жазып отырушысын 4) көпшілікке таныстырушысын сайлау керек. - Әр топтың топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бақылап, сабақ соңында бағалау тапсырылады.
1 - бөлім. Кіріспе бөлім. «Білгенге маржан, білмегенге арзан» Әр топқа тапсырмалар таратылады. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Тапсырмалар:
№1 Мақал дегеніміз не? №2 Мәтелді қалай түсінесің?
Ойын: «Орамал тастамақ»
2 - бөлім. «Халық айтса, қалт айтпайды» атты бөлімде топ басшылары келіп тапсырмалар алады. Орындауға 2 минут, түсіндіруге 2 минут уақыт беріледі. А) Мақал - мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру. №1 Оқу – білім азығы, Білім - ырыс қазығы. №2 Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп. №3 Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. №4 Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім - жанып тұрған шырақ. №5 Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
ә) Әр топқа тақырып беріледі, тақырыпқа сай 3 мақалдан айтулары керек. Ойлануға 1 минут уақыт Тақырып: Қыс. Отан. Кітап. Ойын: «Ұршық» 3 - бөлім. «Ойлан, тап!»деп аталады. А) Бұл бөлім бойынша әр топқа жеке - жеке жұмбақ жасырылады.. Шешуін 3 тілде айтулары қажет. Ойлануға 10 секунд
№1 Бір үйге көзссіз боп басыңды сұғасың, Бұл үйден көреген болып шығасың. (мектеп, школа, school) №2 Ымырт түссе шығамын, Таң атқанда батамын. Көк теңізде шашылып, Көзімді ілмей жатамын. (жұлдыз, звезды, stars) №3 Тындырып адам жұмысын, Тазартып үйдің жуды ішін. Кейде дауыл соғады, Кейде ішіне сорады. (шаңсорғыш, пылесос, vacvum cleanen ) №4 Ішегіне мұз қатқан, Өзін - өзі мұздатқан. (тоңазытқыш, холодильник, fridge)
№5 Жылыны суытпайды, Суықты жылытпайды. (термос, termos) ә) – Сөз жазылған карточкалар таратылады Түлкі, жұмыртқа, қайшы, кітап, бор. Әр топ өзіне түскен сөзге жұмбақ құрастырып, қарсы топқа жасырады. Ойлануға 2 минут. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» 4 - бөлім. «Кім жылдам?» Оқылған жаңылтпашты топ басшылары жаңылмай, қайта айтып берулері керек.
№1 Бала бал арасын қуалады Бал арасы баланы қуалады №2 Ықылас пен Ыбырай Ыдыстарын тасымай, Ырыскүлден үлгі алмай, Ынтасыз жүр тілді алмай. №3 Ескекті есекші еседі, Ескекші ескекті еседі. №4 Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді. №5 Әбдіреде әбігер әтеш отыр, Әбігер әтеш отырған әбдірені Әжем қолмен ашып отыр.
III. Сабақты бекіту, қорыту. - Тренинг сабақ ұнай ма? - Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
IV. Бағалау Әр баланың сабаққа қатысуына қарай бағалап, жұмыстарын қорытындылап, мадақтау. Топ басшылары өз топтарының балаларын жазбаша түрде бағалап береді. Оқушылар толық бағаланады.