Сабақтың әзірлемесі Пән: Тартымды жылжымалы құрам құрылысы



бет1/3
Дата17.06.2018
өлшемі1,8 Mb.
#42843
түріСабақ
  1   2   3
КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»

Бекітілді: Келісілді:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Колледж әдіскері

________ Дюсенбаева Г.А. _________ Дюсегулова Ж.О.,

_________ Бозекенова Э.О

(қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы) (аты-жөні, тегі)



Сабақтың әзірлемесі

Пән: Тартымды жылжымалы құрам құрылысы

Сабақтық тақырыбы: Автотіркегіш құрылғысының қолданылуы, құрылысы, жіктелуі

Оқытушы: Майтайбаева Асель Ергазыевна

Топ: 14-ЭПС-3
ҚАРАЛДЫ

ПЦБ отырысы _________________

Хаттама №___ «___» __________ 2016

ПЦБ жетекшісі ________ Ноғасбаева.Ғ.Ө

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Сабақ жоспары
Күні: 29. 11.2016 ж Топ:14-ЭПС-3 Кабинет:№ 202
Сабақтың тақырыбы: Автотіркегіш құрылғысының қолданылуы, құрылысы, жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға автотіркегіш құрылғысының қолданылуы, құрылысы, жіктелуі, автотіркегіш құрылғысын жинап-шашуды үйрету.

Дамытушылық: автотіркегіш құрылғысының құрылысын атап айтуға, құрылғыны өз бетінше жинап-шашуға, автотіркегіш құрылғысының моделін анықтай алуға .

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер:автотіркегіш құрылғысының макеті, автотіркегіштің тіркеу механизмдерінің бөлшектері, суреттер, плакаттар.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, құжат сканері.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, орыс тілі, жылжымалы құрамдарды жөндеу технологиясы

Өндірістік байланыс: ЖШС « Қамқор вагон» вагон жөндеу депосы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, бейне материал қолдану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1-2 мин)

1. Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісханананың тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

2. Сабақтың тақырыбын таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі сабақта әр топ жетекшісі өз топтарын бағалайды. Топ жеткшілеріне бағалау парағы ұсынылады. Үй жұмысы және жаңа сабақ бойынша екі бағалау парағы болады.
Бағалау парағы

Топ капитанының аты-жөні:





Үй жұмысы бойынша бағалау

Жаңа сабақ бойынша бағалау



Жалпы баға

Аты-жөні

Макет

Вагонның сипаттамасы

Үй жұмысы бойынша жалпы баға

Сәйкестендіру тесті

Жекелеген тапсырма

Сабаққа қатынасу бойынша

Жаңа сабақ бойынша жалпы баға

1




























2




























3




























4




























5



























Ескерту: Бағалау 5 баллдық жүйемен жүргізіледі



ІІ. Үй жұмысын қайталау (10 мин)

Үй жұмысына алдын ала үш топқа бөлініп берілген вагон макетін жасап оның сипаттамасын жазып келу. І топ – цистерна, ІІ топ – жартылай ашық вагон, ІІІ топ – жабық вагон.



ІІІ. Жаңа тақырып.( 15 мин)
Жоспары:

1.Автотіркегіштің тарихы

2.Автотіркегіш құрылғысының қолданылуы

3.Автотіркегіш құрылғысының жіктелуі

4.Автотіркегіш құрылғысының құрылысы
«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсын» деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар өздеріңіз таңдап, оқып жүрген мамандық иесі болу да оңай емес. Ол үшінде еңбектеніп білім алудан жалықпау керек. Әр сабақты мейлінше игеруге тырысу қажет.


  • Жаңа сабақтың басында және аяғында сұрақ қою арқылы салыстырмалы диаграмма сызу. Диаграмма арқылы студенттер жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін білуге болады .

Диаграмма сұрақтары:

1. Автотіркегіш құрылғысы не үшін қажет.

2. Негізгі бөлшектерін атаңыз

3. Автотіркегіштердің жіктелуі

4. Қазіргі таңда қолданыста жүрген автотіркегіштер типі

5. Орталықтандырушы құрылғының қызметі

6. Автотіркегіштің тіркеу механизмдерін атаңыз
Автотіркегіштің тарихы

Ең алғаш автотіркегіш құрылғысын қолданысқа еңгізу 1989 жылы теміржолшылардың XX кеңестік съездінде талқыланған болатын. Джанея жүйесінде жұмыс істейтін американдық автотіркегіште қаралды. XX ғасырдың басында бір неше вагондарда американдық тіркегіштер сыналды. Бірақ, оның кемшіліктерімен құрылысы бойынша сәйкес келмегендіктен американдық автотіркегіштерді еңгізу белгісіз уақытқа дейін тоқтатылды.

Қазіргі қолданыстағы СА-3 автотіркегіші 1932 жылы В.Ф.Егорченконың басшылығымен А.Ф.Пухов., И.Н.Новиков., В.А.Шашков., В.Г.Голованов сынды өнертапқыштармен құрастырылған болатын. Автотіркегішті құрастыруда 1916 жылы құрастырылған шахталардағы жылжымалы құрамда қолданылған Виллисон автотіркегіші негізге алынды. Авторлар автотіркегішті түгелдей өңдеп, жаңа біріктіру ілгегін еңгізді. Автотіркегіштің құрылысы өте ыңғайлы болып шықты. Батыс елдерінде оны «Орыс автотіркегіші» немесе «Виллисон автотіркегіші орыс ілгегімен» деп атайды. КСРО темір жолдарында СА-3 автотіркегішіне ауысу 1935 жылдан басталып 1957 жылы толығымен аяқталды.

Авотіркегіш құрылғысы.

Автотіркегіш құрылысының қолданылуы, түрлері және құрылысы.
Автотіркегіш құрылғысы вагонның соққылы тартымды құрылғысына жатады,ол вагондарды бір-бірімен және локомотивпен жалғауға арналған. Автотіркегіш қозғалыс кезінде пайда болатын соққыларды өзіне қабылдап, женілдетуге және вагондардың арасында белгілі бір ара-қашықтықты сақтап тұру үшін арналған.

Автотіркегіш құрылысының қалыпты жұмыс жағдайы поездың қауіпсіз қозғалысын қолайлы етеді.

Бұл құрылғы біріктірілген құрылғы болып табылады.Онда соққылы және тартымды құрылғылардын жұмысы бір жүйеге келтіріледі.Автотіркегіш құрылғысы әр вагонның екі шеткі жағынан орналасқан.

Барлық автотіркегіш құрылғысы өзара әрекеттесу әдісі бойынша үш типке бөлінеді: қатты емес, қатты, жартылай қатты.


Автотіркегіштер 3 түрге жіктеледі.

Қатты Қатты емес Жартылай қатты



Қатты емес типтегі автотіркегшітердің тіркелген корпустары тік бағытта қозғалады. Осьтердің бойлық биіктігінен айырмашылық болған жағдайда қатты емес автотіркегіштер көлденең қалпын сақтай отырып, сатылы орналасады. Автотіркегіштердің көлденең жазықтықта қозғалуын корпустың соңғы жағындағы қарапайым ілгектер қамтамасыз етеді.

Қатты автотіркегіштер – тік жазықтықта автотіркегіш корпустарының салыстырмалы қозғалуын болдырмайды. Егер вагондарды тіркегенге дейін осьердің бойлық биіктіктігінің айырмашылығы болса, онда тіркелгеннен кейін бір жазықтықта жатады. Бұндай автотіркегіштердің соңғы жағында күрделі ілінулер орналасады, сол арқылы салыстырмалы тігінен және көлденең корпустардың қозғалысын қамтамасыз етеді.

Жартылай қатты автотіркегіштер – жұмыс барысында бір-бірімен қатты емес автотіркегіштер сияқты, бірақта олардың тігінен қозғалысы кезінде корпустың кіші тісінде орналасқан сақтандырғыш кронштейнмен шектелген.

Аталған автотіркегіш түрлерінің барлығында да өз кемшіліктерімен ерекшеліктері бар, сол себепті жеке вагоннын типіне қолайлы тіркегіштер таңдалып орнатылады.

4-білікті жолаушы және жүк вагондары типтік қатты емес СА-3 (советская автосцепка, третий вариант)автотіркегішімен жабдықталған, оның айырмашылығы тек соққы розеткасының енімен,жұту аппаратының құрылысында.

4-білікті вагондардағы СА-3 автотіркегіш құрылғысы жүк вагондарының рамасының жоталық арқалығының (хребтавый балка) шеткі жағында орналасқан.


Автотіркегіш құрылғысының негізгі бөлшектері:

1.Корпус(тіркеу механизімі)

2.Орталықтандырушы құрылғы

3.Жеңілдету құрылғылары



4.Ағытушы жетек пен тіреуіштер
1.Корпус- вагондарды бір бірімен жалғауға және ағытуға арналған, соққыларды өзіне қабылдап жеңілдету құрылғысына жіберуге арналған. Корпус соққы розеткасының терезесінде орналасқан. Ол өзінің соңғы жағында орналасқан ойық арқылы тартымды қамытпен сына (клин) арқылы жалғанған. Корпус бас және соңғы жағынан тұратын бос құйылған бөлшек. Бас жақ бөлігінің ішінде автотіркегіштің тіркеу механизм бөлшектері орналасқан. Ол үлкен тіс және кішкене тістен тұрады.Олардың қосындысы зев деп аталады. Корпустың кішкене тіс жағынан құлып орналасатын терезе, үлкен тіс жағынан құлып ұстағышқа арналған терезе бар. Корпустың үстінгі жағындағы шығыңқы бөлігі жұту аппаратының толық сығылуы кезінде қатты соққыны өзіне қабылдап, соққы розеткасы арқылы жақтауға (рамаға) жібереді.

Каталог: uploads -> doc -> 0e40
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e40 -> Сабақтың мақсаты: А/ Ә. Тәжібаев туралы қысқаша мағұлмат беру. «Толағай» әдеби ертегісімен таныстыру
0e40 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік: Үлестер. Жай бөлшектерге есептер шығаруды үйрету
0e40 -> Сабақтың тақырыбы Квадрат теңдеу Сабақтың мақсаты
0e40 -> Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі: а Сәлемдесу ә Оқушылар тізімін тексеру Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір-бірімізге сәттілік тілейік! а. «Өрмекші шырмауынан шығып көр»
0e40 -> Сабақтың атауы Түйе мен тышқан (монғол ертегісі) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет