Сабақтың жалпы мақсаты: «Отызыншы»



Дата29.04.2020
өлшемі147,59 Kb.
#65165
түріСабақ
Байланысты:
26. «Отызыншы» қарасөзі







Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

26




Абайтану

9






Сабақтың тақырыбы: Отызыншы сөз



Сабақтың жалпы мақсаты: «Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.

  4. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.

  5. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.



2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ




Отызыншы сөз. Адамның «Бес дұшпанының» бірі – мақтаншақтық деп есептеген Абай бұл сөзінде сол тақырыпқа қайта оралып, өзіне де, өзгеге де түк пайдасы жоқ, құр кеудемсоқ «қырт мақтан» дегенді тағы да бір сынап өтеді. Шынында да қазақ арасында «кімнен кім артық» деп біреуді менсінбеушілік, «Әйтеуір бір өлім» деп көкіп, қолдан келмес іске бас тіккенсіп, босқа бөсетіндер қай заманда да баршылық болған. Ақын осындайлардың бәрін де әшейін күпілдеп, біреуге қыр көрсетіп, айдындыру үшін қажет екенін айтады. Әйтпесе, «Өлімге шыдайтұғын қазақты көргенім жоқ» дейді. «Ой, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек?» деп бекерге өзін алдағанша, «ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дұниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы...» емес пе ер тұлғасын танытатын деп түсіндіреді. Сөзінің соңында мұндай қырт мақтаншақтарды «ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, «көп былжыраған арсыз, ұятсыздардың бірі-дағы» деп бағалайды.
III. Ойтолғаныс сатысы

  • «Отызыншы қарасөзін» оқу және талдау.


Отызыншы Сөз

Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдығы, арлылығы жоқ.

Мойнын бұрып қойып: "Өй, Тəңірі-ай, қойшы əрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба"— деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Əйтеуір бір өлім бар ма" деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.

Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, елімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау "қиылып қала қалайын" деп.

Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды

көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы жұртты осы сөзімен айдындырамын, "мына кəпірден кісі шошитұғын екен" дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа коқиып отырса, соны не дейміз?

Ай, Құдай-ай! Жанға мырза қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы — əр түрлі белгісі бойында түрмас па еді?

"Ұялмас бетке талмас жақ береді" деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы.


Түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесіне толтыру.

Ішіне-сыртына



Ішіне: адамның жағымды әрекеттері

Сыртына: адамның жағымсыз әрекеттері






Сабақты қорыту.



Үйге тапсырма: «Отызыншы қарасөзін» оқу.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет