Сабақтың жоспары I. Сабақтың тақырыбы



Дата21.04.2017
өлшемі254,04 Kb.
#14354
түріЛекция
Сабақтың жоспары

I. Сабақтың тақырыбы: § 27. Аминдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.

  3. Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

Сабақтың жабдығы: 1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С. Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл. 2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?

2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.

3. Целлюлоза қайда қолданылады?

4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?

III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH3) молекуласындағы бір,екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.

Аминдер аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:



Біріншілік

R-NH2

Екіншілік

R2

NH


R2

Үшіншілік

R1 – N – R2



R3


CH3 – NH2 C H3 СН3 – N – CH3

метиламин NH

C2H5 C2 H5


метилэтиламин диметилэтиламин



  • NH2 тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.

Мысалы,

СН –NH2 метиламин немесе аминометан


СН3 – СН – СН3

NH2

Изопропиламин немесе 2- аминопропан
Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.

1.Көміртек тізбегі изомериясы.


H3C

H3C C – NH2

H3C


H3C – CH – CH2 – CH3



NH2





H3C – CH2 – CH2 – CH2 – NH2



2.Амин тобының орналасуы бойынша

біріншілік, екіншілік, үшіншілік

деп бөлінеді.

CH3 – H2C – N – CH2 – CH3

H

CH3 – N – C2H5


CH3



C4H11N



Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.

Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.

  1. Ауада жануы:

4CH3 – NH2 + 9O24CO2 + 10 H2O + 2N2

  1. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.

Н H +


. .

СН3 – N : + Н+ ОН-  СН3 – N – H OH

. .

Н

H



CH3 – NH2 + H2O  [ CH3NH3] +OH-

метиламин метиламмоний

гидрооксиді


  1. Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы).

CH3NH2 + HCl  [CH3NH3]+ Cl

Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.
IV. Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма беру:



  1. § 27. Аминдер. 127-128 беттер;

  2. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?

Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады ? Мысал келтіріңіздер.

3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.



V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.

Сабақтың жоспары

I. Сабақтың тақырыбы: § 28. Аминқышқылдары.

Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру

    2. Дамытушылық: Аминқышқылдарының кейбір өкілдеріне назар аудартып, тереңдете түсу.

    3. Тәрбиелік: Білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

Сабақтың жабдығы:

1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С. Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.

2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

3. Кожарева М.Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.



II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?

2. Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады. Мысал келтіріңіздер.

3. Не себепті аммиакқа қарағанда метиламиннің негіздік қсиеті басым болады?

4. Қандай қасиетіне байланысты органикалық негз деп аталады?

5. Анилинді алу реакциясы қалай аталады?



III. Жаңа сабақ: Аминқышқылдары дегеніміз – молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын заттар.

Жалпы формуласы: (NH2)m R (СООН)n

n, m – көбіне 1-ге немесе 2-ге тең болады.

Аминқышқылдары құрамындағы:

а) Функционалдық топтардың санына қарай жіктеледі:


NH2 – R – COOH; (NH2)2 – R – COOH NH2 – R – (СООН)2

моноаминдикарбон диаминмонокарбон моноаминдикарбон

қышқылы қышқылы қышқылдары

ә) амин тобының орналасуына қарай жіктеледі:


О

y B L //

Н3С – Н2С – НС – С

\

NH2 ОН

L – аминқышқылы

О

y B L //



Н3С – Н2С – НС – С

\

NH2 ОН

B – аминқышқылы

О

y B L //



СН2 – СН2 – СН – С

\

NH2 ОН

y – аминқышқылы


Біздің қарастырғанымыз құрамында бір амин тобы – NH2 және бір карбоксил тобы - CООН бар қарапайым, қаныққан қатардағы аминқышқылдар. Оларды молекула құрамындағы радикалдың сутек атомының біреуінің орнын – NH2 амин тобы басқан карбон қышқылдары деп қарауға болады. Аминқышқылдары тарихи қалыптасқан жүйе бойынша атау үшін карбоксил тобынан кейінгі көміртектен бастап, грек әріптерімен белгілейді де, сол әріптердің көмегімен амин тобының орнын көрсетеді.

Одан басқа табиғатта кездесетін түрлерінің тривиалдық атаулары да болады. Мысалы: NH2CH2 – COOH – глицин қышқылы (аминсірке қышқылы) (11- кесте)


Амин қышқылдарының кейбір өкілдері


Қышқылдардың аты

Формуласы

Аминсірке

Аминпропион

Аминмай

Аминвалериан

Аминкапрон

Аминэнант



H2N – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 - CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 - CH2 - COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 –CH2 – CH2 – CH2 – COOH



Бұларда класс ішінде изомерияның екі түрі: көміртек тізбегі және функционалдық топ орынына байланысты изомериясы болады.Осыған қоса класаралық изомерлер де түзеді.Оның өзі радикалдардың орналасуына қарай түрленеді.Мысалы:

а) көміртек тізбегі изомері:

б y B L

Н3С – Н2С – СН – CН2 - СООН

NH2

B – аминвалериан қышқылы


NH2

y B L


H3C – C – CH2 - COOH
CH3

B амин - B – метилмай қышқылы


ә) орынбасушылар орнына байланысты изомер:

y B L


Н3С – СН – СН - СООН

NH2 CH3

B – амин – L – метилмаймай қышқылы
б) класс аралық изомер:

О

B L //



Н3С – СН – С

\

ОСН3



B – аминпропион қышқылының

метил эфирі


О

//

Н2С - С



\

NH2 ОС2Н5


Аминсірке қышқылының этил эфирі

Аминқышқылдарын алу.

Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:

СН3СООН + Сl2  СН2 – СООН + НСl

сірке қышқылы Сl

хлорсірке қышқылы
СН2 – СООН + NH3  CH2 – CОНН + НСl

Cl NH2

хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы
Физикалық қасиеттері. Аминқышқылдыры – суда еритін түссіз кристалл заттар, балқу температурасы 230-300°С. Көпшілік B – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.
Химиялық қасиеттері: Аминқышқылдарында екі түрлі функционалдық топтар болғандықтан, химиялық қасиеттерін төмендегідей жіктеп қарастырамыз:


H2N

COOH

– R –




Негіздік қасиеттер (аминдерге тән)



Қышқылдық қасиеттер

(карбон қышқылдары тәрізді)







Негіздік қасиеттер (аминдерге тән)



  1. Негіздермен әректтесуі (қышқыл ретінде):

Н2С – СООН + NаОН Н2С – СООNа + Н2О

NH2 NH2
аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының

(глицин) Na тұзы, Na-дің глицинаты




  1. Қышқылдармен әрекеттесуі (негіз ретінде):

+

O

//



Н2С – СООН + Н+Cl-  H2C – C Cl -

\


NH2 NH3 OH

аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының

(глицин) хлориді (тұз)
Сөйтіп аминқышқылдары екі жақты қасиет көрсететін органикалық екідайлы қосылыстар.


  1. Ортаның ( қышқыл немесе сілті) өзгеруіне байланысты аминқышқылдарының молекуласы ионданады:

O O O


// OH- // OH- //

+Н3N – CH – C NH3+ - CH - C H2N - CH - C

\ H+ \ H+ \

OH R O- R O-

қышқыл орта бейтарап орта сілтілік орта


Егер амин тобы мен карбоксил топтарының саны тең болса, онда аминқышқылдары бейтарап орта көрсетеді, егер біреуінің саны көбірек болса, онда ондай аминқышқылдарының ортасы да фунуционалдық топтың түріне қарай негіздік немесе қышқылдық болады.


  1. Аминқышқылдары өзара әректтесіп, петидтер түзеді:

R – CH – COOH + R1 – CH – COOH 


NH2 NH2

_ _ _

R – CH – C – N – CH – COOH + H2O

_ _ _

NH2 R1

пептидтік (амидтік) байланыс

Аминқышқылдары өзара әректтескенде түзілген:


О H

С N


байланысы пептидтік немесе амидтік байланыс деп аталады. Түзілген қосылысты бірінші қышқылдың тривиалдық атына –ил- жұрнағын жалғап, соңғысын сол қалпында қосып атайды.

Түзілген затта амин және карбоксил тобы болғандықтан, ол екі жағынан тағы да аминқышқылдарын қосып алады. Осындай реакция нәтижесінде көп аминқышқылды буындары бар молекулалар түзіледі. Олар полипептидтер деп аталады.



Аминқышқылдарының маңызы. Аминқышқылдары адам және жануарлар организмінде белоктың құрамына кіретін тіршілік үшін аса маңызды заттар.Бұл мақсат үшін аминқышқылдарын тікелей тағамнан алады немесе организм өзі синтездейді. Осыған байланысты аминқышқылдары екі топқа бөлінеді:

  1. алмасатын аминқышқылдары- адам организмінде синтезделеді. Оған: глицин, аланин, глутамин, серин, аспарагин, тирозин, аргинин, пролин жатады.

  2. алмаспайтын аминқышқылдары- саны – 9. Адам организмінде синтезделмейді, жануар текті белоктары бар тағам арқылы қабылданады. Оған. Валин, лейцин, фенилаланин, изолейцин, лизин, треонин, метионин, гистидин, триптофан, цистейн жатады.

Белоктың құрамына кіретін аминқышқылдарының жалпы формуласы:


R – CH – COOH
NH2


Осы кезге дейін белок құрамынан 20 шақты L - аминқышқылдары табылған. Олар тіршіліктің негізін құрайтын заттар.
IV. Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма беру:

§ 28. Аминқышқылдары. 132-135 беттер;

Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.



V. Қорытындылау: Аминқышқылдарының құрамында қасиеттері бір-біріне қарама-қарсы екі функционалдық (амин және карбоксил) топтары бар.Осы функционалдық топтардың орналасуына байланысты олар L -, B-, y- аминқышқылдары деп бөлінеді.
Сабақтың жоспары

I. Сабақтың тақырыбы: §1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға құрылыс теориясының негізгі ережелерімен таныстыра отырып, құрылымдық формуланың маңызын түсіндіру, мейлінше кең мағлұмат беру

2. Дамытушылық: «Химиялық құрылыс», және «зат қасиеттерінің оның құрылысына тәуелділігі» туралы ұғымдарды қалыптастыра дамытып, Бутлеровтың териясын дәріптеу.

3.Тәрбиелік: Терең білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.



Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

Сабақтың жабдығы:

1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С. Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.

2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

3. Кожарева М.Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.

4. №1,2,3 анықтама материал (Органикалық заттардың құрылысы)

5.Э.Франклендтің өмірбаяны мен портреті.

6.А.С.Купердің өмірбаяны мен портреті.

7.А.М. Бутлеровтың өмірбаяны мен портреті.

8. Ф.А. Кекуленің өмірбаяны мен автопортреті.

II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.


  1. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Органикалық химия пәні нені оқытады?

2. Органикалық заттардың саны қанша?

3. Бейорганикалық заттар жөніндегі білімді периодтық заң мен элементтердің периодтық кестесін бір жүйеге келтіріп қорытындылаған кім?

III. Жаңа сабақ: Заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.

а) органикалық заттардың құрылыс теориясына дейінгі кезең.(ХІХ ғ. 30-40 ж. аралығы)

ә) заттардың химиялық құрылыс теориясы және стереохимия туралы теорияның дәірі (ХІХ ғ. 40-60 ж аралығы)

б) заттардың құрылысы туралы электрондық және кванттық механиалық көзқарастардың қалыптасқан кезеңі (ХІХ ғ. 60ж. Бастап бүгінгі күнге дейін.)

1860 ж дейін зат құрылымын түсіндіретін теория болмады.Бұл кезде химияның дамуына ағылшын ғалымы К.Э. Франкландтың жұмыстары өз әсерін тигізді. Ол атомистика идеяларына сүйене отырып, 1853 ж «валенттілік » түсінігін енгізді. Және неміс ғалымы А.Кекуле органикалық қосылыстардағы көміртектің 4 валенттілігін және көміртек атомдарының өзара тізбек құрып байланыса алатындығын дәлелдеді. Шотланд химигі А.Купер химиялық қосылыстардың құрылысын қазір қолданып жүрген сызықтар арқылы кескндеу жүйесін ұсынды.

А.М. Бутлеров осындай алдыңғы қатарлы жетістіктерді өз теориясында дұрыс пайдалана білді. 1861 ж А.М. Бутлеров органикалық қослыстардың құрылыс теориясына «молекулалық құрылым» туралы жаңа мағұлмат енгізуді ұсынып, химилық құрылыс теориясын дамытты.

1861 ж Қазан университетінің профессоры Александр Михаилович бутлеров органикалық химияның қарыштап дамуына жол ашқан жаңа теорияның негізін қалады. Химиялық құрылыс теориясының ережелерін төмендегідей тұжырымдады.

1. Молекулада атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттілігіне сәйкес өзара бірімен-бірі белгілі тәртіппен байланысады.

Н

І Метан молекуласындағы атомдар қандай



Н – С – Н ретпен орналасқанын валенттіліктерді

І сызықшамен белгілей отырып көрсетеміз.

Н

2.Заттардың қасиеттері молекула құрамына қандай элементтің атомдары және қанша мөлшерде кіргеніне ғана байланысты емес, сол сияқты молекуладағы атомдардың байланысу ретіне тәуелді болады.



3.Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиеттеріне өзара әсер етеді.

4.Заттың молекула құрылысынв байланысты қасиеттерін болжауға немесе керісінше қасиеттеріне байланысты молекула құрылысын анықтауға болады.

Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула құрылымдық немесе құрылыс формуласы деп атайды.

Құрылыс териясының одан әрі қарай дамуы мына төмендегі бағыттармен сипатталады.

а) молекуладағы атомдар кеңістікте орналасуы;

ә) атомдардың құрылысы ;

б) химиялық байланыстардың электрондық табиғаты.

IV. Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма беру:



§ 1.Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы 5-10 беттер;

Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.



V. Қорытындылау: заттардың қасиеттері олардың құрылымына тәуелді болады. Хим. құр.теор. ашылуы орг.-қ химияның қарқындап дамуына ықпалын тигізді. Орг.хим. саласы- стереохимия ғылымы п.б. оның пайда болуына заттың кеңістіктегі құрылымын зерттейтін физ-хим әдістер әсерін тигізді.
Сабақтың жоспары

I. Сабақтың тақырыбы: §5. Гомологтар мен изомерлер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың назарына «гомология, гомологтық қатар, изомерия» ұғымдарын түсіндіріп, қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Көміртек қаңқасының изомериясын, класаралық изомерияларға мысалдар келтіріп құрылымдық формуласын үйрету.

3.Тәрбиелік: Тармақтарға бөліну барысында нәтижеге жету үрдісіне көз жеткізу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.



Сабақтың әдісі: Лекция , түсініктемелік конспект жазу.

Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика

Сабақтың жабдығы:

1. Қ.Н. Сақариянова, М.Б. Усманова, Б.Н. Сахариева, Р.С Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.

2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.

3. Кожарева М.Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.

4. 1 кесте Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары.

5. 1-сызбанұсқа (изомерия)



II. Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Гибридтену және орбиталь дегеніміз не?

2. Гибридтену қалай жүзеге асады? (sp3 , sp2 , sp)

3. А.М.Бутлеровтың түсіндіруінше «химиялық құрылыс » дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ: Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я.Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж.Дюма бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады.

Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп,

« гомология » терминін енгізді.

Құрылысы және соған байланысты қасиеттері ұқсас, бір-бірінен бір немесе бірнеше СН2 - тобына айырмашылығы бар қатарды гомологтық қатар деп атайды. («Гомос» - бірдей, «логос» - орын ). Ал СН2 тобын гомологтық айырымы деп атайды.

Гомологтық қатар дегеніміз біртұтас ұғым. Бұл қатардағы заттардың құрылыстары ұқсас болуы мен бірге молекула құрамдары жақын, қасиеттері ұқсас болады.

1- кесте


Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары


Молекулалық

формуласы



Атауы

Қайнау, t0С

Молекулалық

формуласы



Атауы

Қайнау, t0С

СН4

С2Н6

С3Н8

С4Н10

С5Н12


Метан

Этан


Пропан

Бутан


пентан

-164

-88,7


-42,1

+0,6


+36


СН3ОН

С2Н5ОН

С3Н7ОН

С4Н9ОН

С5Н11ОН


Метанол

Этанол


Пропанол

Бутанол


пентанол

+65

+78


+97

+117


+138

Органикалық қосылыстарға тән тағы бір құбылыс- изомерия құбылысы. Ең алғаш рет «изомерия» ұғымын ғылымға енгізген – Швед ғалымы И.Я. Бецелиус. Ол құрамдары бірдей, біраққасиеттері әртүрлі жүзім және шарап қышқылдарын тапқан еді. Міне осы кезден бастап, құрамдары бірдей, бірақ қосылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше болатын заттарды изомерлер деп атайды. «Изомерия» деген ұғым – гректің изос – «бірдей», «біркелкі», мерос- «бөлшек», «бөлік» деген сөздерінен біріктірліп алынған.




  1. сызбанұсқа

2 - кесте




IV. Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма беру:



§ 5.Гомологтар мен изомерлер 21-23 беттер;

Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.



V. Қорытындылау: Құрылыстары және қасиеттері ұқсас, бірақ құрамы жөнінен бір-бірінен бір немесе бірнеше – СН 2 - топтарына айырмашылығы бар органикалық заттар қатарын гомологтар деп атайды.

Молекула құрамы бірдей, бірақ құрылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де –згеше болатын заттарды изомерлер деп атайды.





Х и м и я І І к у р с , п ә н м ұ ғ а л і м і:

А қ а ж а н о в а Г ү л м и р а Қ а ж ы г е л д і қ ы з ы



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет