Сабақтың жүрісі : Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ана тілім ұраным



Дата08.06.2018
өлшемі82,98 Kb.
түріСабақ
Атырау облысы Атырау қаласы

облыстық арнаулы №3 мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Идрисова Лиза Махсотқызы

Ана-тілі

Тақырыбы: 16 желтоқсан



Мақсаты:Оқушыларды елін, отанын, жерін сүюге үйрету. Патриоттық сезімін ояту.

Коррекциялық мақсаты:тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, видеоматериалдар, аудиоматериал

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім - құраным

Ана тілім – болмаса

Болмас еді жыр – әнім.

Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар,

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін, ақ таңдар.

  • Балалар, кәзір бізде қай сабақ?

  • Ана тілі.

  • Біздің ана тіліміз?

  • Қазақ тілі.

  • Біз ана тілімізді сүйеміз бе?

  • Сүйеміз.

  • Оқып, біліп үйренеміз бе?

  • Үйренеміз.

Олай болса, сабағымызды бастайық.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Зейнолла Шүкіров. Ақшақар жаттау. Қыс туралы сурет салу.

  • Кәне, кімдер жаттап келді? Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген? Ақын қарды неге теңейді?

Кәне, «Қар үрлеу» жаттығуын жасайық (мақтадан қар жасап үрлеу). Қыс туралы салған суреттер бойынша сөйлеу. Қортынды, қар қандай?

  • Қыс айларын кім атап береді? Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

  • Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

  • Тәуелсіз елдің ел басшысы, ел таңбасы, ән ұраны, төл ақшасы болады. Әнұранды бәріміз білеміз бе?

Сөз-жұмбақ шешу. Хормен оқыту.

16 желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.

1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесінің 7-ші сессияында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Сонымен 1991 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Биыл 21 жыл.

Кәзір, кітабымызды ашып Тұманбай Молдағалиев ағамыз жазған «Желтоқсан» өлеңін оқимыз. Кітаппен жұмыс. Балаларға оқыту. Сөздік жұмысы.

Енді, осы тәуелсіздігіміз бізге қалай келді? Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.

Магнитофоннан оқу. Слайд жасау.

Міне, балалар жаңа өздерің көріп, естігендей 1986 жылдың желтоқсанында бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген тарихи оқиғаға толы күн болды. Бұл күні Алматыда оқып жатқан жастар Үкімет басына орыс ұлтының өкілі Колбиннің келуі, өз ұлтымыздың аяқ асты болып, қазақ мектептері көптеп жабылып, қазақ тіліміздің өшіп бара жатқанына шыдамай қазақ жастары шеру жасап алаңға шықты. Олар үкімет басына қазақ ұлтынан сайлансын деген тілектерін білдірді. Үкімет басшылары оларды тыңдамады. Күш көрсетіп, ұрып-соқты. Салқын су шашты, көптеген жастарды түрмеге қамады. Өз еліне, еркіндік, тәуелсіздік талап еткен жастарға «Халық жауы», «бұзақылар», «ұлтшылдар» деген жала жабылып қатаң жазалады. Осы жастар ішінде Желтоқсан құрбандары Ләззат, Ербол, Сәбира, Қайраттарда бар еді.

Есіңе сақта! Хормен оқу.

Қ.Рысқұлбеков Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

Қ. Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы алматы сәулет-құрылыс институтына түседі. Желтоқсан оқиғасы күні «Савицкийді өлтірген қауіпті қылмыскер» деп түрмеге жабады. Қайрат сол қараңғы абақтыда жатса да еш сескенбей өзінің елін, жерін, Отанын сүйетіндігін сол жолда өзінің құрбандыққа да баратынын ашық айтады.

Жиырма бірде жасым бар,

Қайрат деген атым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар – деген өлең жолдарынан анық аңғарамыз. Сол кезде ол небәрі 21 жаста еді. «Ол ақын болар ма еді» деген Қайрат туралы мәтін бар. Ия, ол тірі болса ақын болар еді. Сол Қайраттың жазу дәптерінен кішкентай үзінді берілген кәзір оқып берейін. Өзім оқып беремін.

Түсініксіз сөз бар ма? Олай болса оқиық. Балаларға оқыту. Сұрақ-жауап. Сергіту.

Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?

Қайраттың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың? Олай болса Қайратқа сипаттама берейік.

Қайрат ол: ақын, ержүрек, батыр, өжет, қайсар, отаншыл, патриот.

Логикалық ойлау. Болжау стратегиясы.

  1. Қайраттың осындай батыл да батыр болу себебі неде деп ойлайсың?

  1. Жастарға еріп көшеге шығуы, жастық еліктеушілік.

  2. Жігерлі, намысшыл, батыл Отан сүйгіш патриоттығы.

  3. Елдегі жағдайға көндікпеу.

  1. Қайраттың арманы орындалды ма? Дәлелде.

  1. Ия

  2. Жоқ

Ойын: Кім көп біледі?

  1. Біздің Отанымыз?

  1. Россия

  2. Қазақстан

  3. Өзбекстан

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

  1. Қазақша

  2. Орысша

  3. Ағылшынша

  1. Тәуелсіздік күні?

  1. 1995 жылы 30 тамыз

  2. 1991 жылы 16 желтоқсан

  3. 2002 жыл 10 қазан

Сонымен балалар , тәуелсіздік бізге оңай келмеген екен. Қайрат ағамыз сияқты талай боздақтар мерт болып, талай ана баласынан айырылған екен. Кәзір сендерге Қайраттың анасының зары деген өлең жолдарын оқып береді. 1996 жылы Қайрат рысқұлбековке үкімет «Халық қаһарманы» атағын берді. Егеменді ел болып алдық бүгінде Рухына бас иеміз Қайрат ағаның.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: 16 желтоқсан жаттау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет