Сабақтың көрнекілігі: қауіпсіздік ережесі жазылған кесте, лабораториялық құралдар мен құрылғылар. Сабақтың барысы



Дата25.08.2017
өлшемі16,74 Kb.
#27212
түріСабақ
Күні:

Сабақ тақырыбы: №1 Практикалық жұмыс. Химия кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережесі. Лабораториялық құрылғылармен жұмыс жасау ережелері.ТҚ бойынша алғашқы нұсқау беру


Сабақтың мақсаты:
1. Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқауларды және лабораториялық құрылғылармен жұмыс жасау ережелерін оқыту.

2. Осыған дейінгі оқыған білімдерін практикамен байланыстырып, жұмыс жасау шеберлігін тереңдету.


3. Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ


Сабақтың көрнекілігі: қауіпсіздік ережесі жазылған кесте, лабораториялық құралдар мен құрылғылар.
Сабақтың барысы:
І. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Қандай зертханалық құралдарды білесіңдер?

ІІІ. Қауіпсіздік техникасының ережелері

1.Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.


2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның,көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек.
4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп,қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс.Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де,қажет болуы мүмкін.
5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып керек.
6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн.
7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың иесін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
Зертханалық ыдыстар: Сынауық, құтылар, құйғы, стакандар, тамшуырлар, склянка, отбақыраш.
Каталог: uploads -> doc -> 09cd
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09cd -> Сабақ «Абылай хан» 5- сынып Сабақтың тақырыбы: Абылайхан Сабақтың мақсаты
09cd -> Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Сабақтың мақсаты
09cd -> Сабақ тақырыбы: Орындаған: Химия пәнінің мұғалімі Дараев Азамат
09cd -> Сабақтың тақырыбы: «Балмұздақ» Е.Өтетілеуұлы Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер: а ақпараттық
09cd -> Сабақтың тақырыбы: Натурал санды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару. Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет