Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, тақырып. Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол!»



Дата15.09.2017
өлшемі416,13 Kb.
#33450
түріСабақ
Тақырыбы: 13 жас – алғашқы мүшел
Мақсаты:Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!»
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Қазақтың көне күнтізбесінің бірегей көрінісі - мүшел есебі. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Әрбір жылды хайуан атымен атайтынын кез келген қазақ біледі.

Көрініс «Жыл аты»

Не көрдік балалар?
"Тышқан жылы - тыныштық; Сиыр жылы - сыйлық; Барыс жылы - бірлік; Қоян жылы - қамбалы; Ұлу жылы - үлгілі; Жылан жылы - жайлы; Жылқы жылы - жұтсыз; Қой жылы - құтты; Мешін жылы - мерейлі; Тауық жылы - табысты; Ит жылы - игілік; Доңыз жылы - дүниелі". Жылдың жаманы жоқ екен. Оны жақсы ететін де, бүлдіретін де адамдардың ниет-пиғылы мен іс-әрекеті екенін түсіндік.

түйе бойына сеніп тұрғанда тышқан алтын нұр - жылды бірінші көріп, жыл басы дәрежесіне ие болғаны жайлы жалпымыз білдік


Мүшел туралы не білеміз?

Дүние жүзінің әр түрлі халықтары түрлі күнтізбелерді қолданады.Орталық Азия халықтарының ертеден бері пайдаланып келе жатқан"Мүшел" сөзінің шығуы туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Мүшел есебінің Шаванның пікірінше б.з. бірінші жүз мүшел есебінің шығуы туралы зерттеген В.Шахматов 1955 жылы-ақ мүшел күнтізбесін революцияға дейін қырғыз-қайсақ циклдық күнтізбесі. Ал жапондықтар бұл күнтізбеге Күн мен Ай ғана мыңдаған жылдар бойы көк аспан мен қара жер соған орай қам-қаракет жасап, жол жүріп, көшіп-қонған. Көшпелілердің бақылауынша- сиыр, барыс, жылан, жылқы жылдары жайлы, көшпелілер қоян жылынан қатты қорқатын болған.

Ата - анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата - ана мен перзент арасындағы байланысты тамаша жариялаған.«Адамның бір қызығы бала деген! Деп қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама.

Қандай бала тойларын білеміз?


Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?
Жігіт болды баланың
Құрбан шалып, малды сой,
Деп,- ең алдымен оқушыларымызды өткен туған күндерімен құттықтап, бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде Нұржан шешеннің мына бір ұлағатты сөзін айтуға рұқсат етіңіздер,

«Бала болсаң болғанда бол,


Ағайынға қорғандай бол!» Бүгінгі көрсеткелі отырған бастамасыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.

.
1 - оқушы: 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.


2 - оқушы: 37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел.Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
3 - оқушы: 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.
4 - оқушы: 61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
5 - оқушы: 73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім - ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
Мұғалім: 85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
   Мен сіздерге ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз - әңгіменің бірін айтып берейін.

   «Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп , соларға атқосшы етіп 13 -14  жасар Қазыбекті аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;

-Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт- береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

...Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, -деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті»       

     Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.



Балалар: жыл қайыру туралы аңызды білесіңдер ме?
Қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
6 - оқушы:
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті.«Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір - бір жылдың атын алыпты.
7 - оқушы:
Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде«мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен.
8 - оқушы:
Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды.
9 - оқушы:
Астрологтар, жұлдызшалар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген.
10 - оқушы:
Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық.
1 оқушы: 21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау.
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
Мұғалім: Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері жайлы шығарма жазу тапсырылатын болатын. сол шығармалардың бір - екеуін оқиық.
11 - оқушы: Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.

Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.


12 - оқушы: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
13 - оқушы:
13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
14 - оқушы:
Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
15 - оқушы:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған
Барлық оқушы.«Тамаша» әнінің әуенімен ән айтады.
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі

Тамаша мектептің біз алды болсақ


Бауындай тонның ішкі тату болсақ
Тамаша болар еді сыныптастар

Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым


Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын

Тамаша ақылға ақыл қоса берсек


Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын, 13 жас – алғашқы мүшел деген сөздің мағынасына қалай түсіндің?


18 - оқушы:
Мүшел аяқталып, енді 13 жылды саған да бастапқы жыл қайта келеді, сонда 13 жас – алғашқы мүшел. Қазақ халқы ұл баланы 15 – де, 13 – де иесі дейді, яғни жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос мен жолдастықты айыра білетін кезең.
Түгел оқушы:
Сарыарқаның самалындай есеміз,
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!

Қорытынды сөз. (Мұғалімнің сөзі)

Кеше ғана осы балаларымызға тілашар той жасап, әріп білгеніне мәз болсақ, бүгін ересек болып өз қылықтарына баға беретін, ой түйіндейтін дәрежеге жеткенін көріп отырмыз.Бұл тек жетістіктердің алғашқы баспалдағы ғана. Мен сынып жетекшісі ретінде оқушыларымның  ең алдымен амандығын тілей отырып, шығатын шыңдары  жоғарыда деп күтемін.Енді аз ғана уақыттан соң,  яғни, 2018 жылы гимназиямыздың тарихындағы ерекше, білімді, қабілетті мектеп бітірушілері бүгін алдарыңызда тұр деп ойлаймын! Ол әрине ешқашан шаршамайтын әріптестерім мен баласын демеуге әрқашан дайын ата-аналардың, сіздердің әрқайсысыңыздың арқаларыңызда!

Мағжан Жұмабаевтың мына өлеңі бүгінгі мүшел той иелеріне арналған деп қабыл алыңыздар!

Жас қырандар — балапан,

Жайып қанат, ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңкарға?!



Иман күшті оларда,   Мен жастарға сенемін!..-дегеніндей,  осы отырған  дүйім ел өздеріңе  үлкен сенім артады. Осымен бүгінгі тойымызды аяқтаймыз. Амандықта жолыққанша, сау болыңыздар

Мүшел жас - мерейлі жас. 
Мақсаты: 
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. 
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. 
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: интерактивті тақта,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.. 
Тәрбие сағатының жүрісі: 
1.Алғы сөз «13 жас-алғашқы мүшел» 
2.«Мүшел жас-мерейлі жас» әдеби-сазды бағдарлама. 
3.Мүшел жасқа шыққан қонақтарға сөз беру. 
4.Мерекелік ән-шашу. 

Мұғалімнің кіріспе сөзі «13 жас – алғашқы мүшел» 

1- жүргізуші 
Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар және оқушылар! Бүгінгі болғалы отырған 6- сынып оқушыларының «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер 

2- жүргізуші: 13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін 

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар,мүшелі жас иелері, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылға бір хайуанның аты берілген. 

2- жүргізуші Мүшел жасқа дейінгі тойланатын тойлар. 

Оқушы 
Той, той, той! 
Ананың құрсағынан басталатын, 
Ең бірінші қуаныш басталатын, 
Той – «құрсақ той», той! 

Оқушы 
Анадан шыр етіп туылған күн, 
Кінедігі жібек жіппен буылған күн, 
Той – туған күн, той! 
Рәсім – «кіндік кесу» жарасты ғой, 

Оқушы 
Түн ұйқысын төрт бөліп, 
Жылаған сәбиін әлдилеп жұбатқан. 
Жас нәресте бөленсе бесікке –той! 
Той – «бесік той», той! 

Оқушы 
40 күнде қырық рет түлеткенде, 
40 қасық сумен тәнді нұр еткенде, 
Той – « қырқынан шығару», той! 

Оқушы 
Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда, 
«Тұсау кесу» айналар той - думанға, 
Той - тұсау кесер , той! 

Оқушы 
Мұсылман ата- ананың міндет тойы, 
Одан кейін жасалар сүндет тойы, 
Той –«сүндет той», той! 

Оқушы 
Оқушы атанатын мектепке барып, 
Қуантқан ата-анасын әріп танып. 
Тауысып «әліппені»жүрдек оқыр, 
Сол күні «тілашардың» болатыны анық. 
Той – «тілашар» да той! 

Оқушы 
Өмірдің бір белесін болдырған шақ, 
Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ, 
«13- те – отауға ие» деген қазақ, 
Балиғатқа бас болдырған шақ ... 
Бүгін міне «Мүшел той» - үлкен той! 

1 жүргізуші 
Мүшел жасың құтты болсын, 
Орындалсын ойда жүрген бар арман 
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа 
Отбасыңмен аман болшы әрқашан 
Ән « Достық» 

Оқушы 
Адамзат туған анадан, 
Ақылы іске жараған. 
Адамның жасын атаулы, 
Мүшелге бөліп балаған. 
Көркейер көңіл батадан, 
Үлгі алып өссен атадан. 
Он үшке толсаң, қазақта, 
Бір мүшел жас деп атаған. 
Өнеге қалса данадан, 
Өсиетті елге тараған. 
Бір мүшел жасты халқымыз, 
Есейген шақ деп санаған 
2 -жүргізуші: Жыл қайыру туралы аңызды білесің бе? 
1 -жүргізуші: Білмеймін, қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік! 

1 -оқушы: Аяулым 
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын». 
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. 
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір-бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты. 

2 -оқушы: Эльдар 
Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен екені айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған. 
Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдайы беріп, қан шығарып, мүшелден аман-есен шығу үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы—жақыбайларға таратылады екен. 
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман-есен шығып, ұзақ сүру үшін, бақытты болу үшін істелетін ырым екен. 

2 Жүргізуші 
Балалар барлықтарының 13 жасқа келдіндер. Бұрынғы ата - бабамыз «13 жас – отау иесі» деп бекер айтпаса керек. 
Енді сендерге ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз - әңгіменің бірін айтып берейін. 
«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп , соларға атқосшы етіп 13 -14 жасар Қазыбекті аттандырады.қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері 
тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға; 
-Біз қазақ деген мал бақан елміз, 
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Елімізден құрт- береке қашпасын деп, 
Жеріміздің шетін жау баспасын деп, 
Найзаға үкі таққан елміз. 
Ешбір дұшпан басынбаған елміз. 
...Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, -деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті» 
Балалар ,сендер де Қазыбек би аталарындай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болындар. 
Ән « » Данияр 

- Мүшел жастың бір боларын білгенбіз, 
Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз. 
Күн жылынып, қар еритін мезгілде, 
Көктемде біз дүниеге келгенбіз. 
Ойна, ойна осы тойда 
Биле, биле осы тойда 
Ойна, ойна осы тойда 
13 мүшел тойыңда 

- Біз атақты Дербісек елденбіз, 
Жақсы сөзді мүшел жасқа тергенбіз. 
Жаздың шіркін жайма шуақ күнінде, 
Әнді салып дүниеге келгенбіз. 
Ойна, ойна осы тойда 
Биле, биле осы тойда 
Ойна, ойна осы тойда 
13 мүшел тойыңда 

- Күз мезгілі бәрінен де жарайды, 
Қуат беріп қанымызға тарайды. 
Астықпенен дүниеге келгенбіз, 
Нұрға бөлеп жатқан кезде маңайды. 
Ойна, ойна осы тойда 
Биле, биле осы тойда 
Ойна, ойна осы тойда 
13 мүшел тойыңда 

- Әуелгі аты Тоболин деген жерденбіз, 
Үлкендердің ізгі ісіне ергенбіз. 
Жердің беті ақ көрпеге оранып, 
Жатқан кезде дүниеге келгенбіз. 
Ойна, ойна осы тойда 
Биле, биле осы тойда 
Ойна, ойна осы тойда 
13 мүшел тойыңда 

Оқушы 
Он үш жасқа толғанда, 
Бірінші мүшел болғанда. 
Жастықты жарқын сезім көп, 
Жас адам «білем өзім» деп. 
Шыңына жетер бала шақ, 
Шыңдайды жасты болашақ. 

Ән «Әке туралы жыр» 
1 жүргізуші 
Мүшел жасты тойлауымыз, жұртымызға мүшел жастың 
кезеңдерін айтып өтейік. 
1 жүргізуші: 13 – сәбилік мүшел; 
2 жүргізуші 25 – ер жету мүшел; 
1 жүргізуші 37 – жігіттік мүшел; 
2 жүргізуші 49 – орта жас мүшел; 
1 жүргізуші 61 – ақсақалдық мүшел; 
2 жүргізуші 73 – қарттық мүшел; 
1 жүргізуші 85 – кәрілік мүшел 
2 жүргізуші 97 жас қалжырау 
1 жүргізуші 109 жас шөпшек сүю 
2 жүргізуші 121 жас немене сүю 

оқушы 
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.: 
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да, 
Игіліктің о да берген, 
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың, 
Қайратың қиратқандай таудың тасын . 

- оқушы: 
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. 
Жаста келіп қырықпенен астасар, 
Ерттеп қойған құр аттай, 
Қырық та бір жас екен, қырдан астым, 
Көңілді тасып жүрген әрең бастым. 

-оқушы 
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы. 
Елу деген жасыңыз, 
Ода бір көшкен ел екен, 
Елу де бір жас екен есептеулі, 
Есептеп елдің жөнін білсек дейді. 
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп, 
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді. 

- оқушы: 
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез. 
Алпыс деген жасыңыз 
Қайғылы – мұңлы кұн екен, 
Алпыстағы жасыңыз 
Қоңыр салқын күн екен... 
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні, 
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі. 

- оқушы: 
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды 
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар, 
Жасарып ап жас келіндей ырғалар. 
Қуантар да, жалған салар сүргінге, 
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге 
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың, 
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың. 

- оқушы: 
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. 
Сексен деген жасыңыз 
Қараңғы тұман түн екен 
Сексенде таяғыңды серіппейсің, 
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің . 

- оқушы: 
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады. 
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің, 
Сүйегің қартайған соң бор екенсің . 
Тоқтының баласына әлің келмей, 
Балаңның баласына қор екенсің . 

Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді, 
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді. 
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты, 
Денеңе қызу емес, мұз келеді. 
Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік. 
2 жүргізуші 
Қазақ халқы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұшан-теңіз мағлұмат алған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса жинақталған тәжірибесін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсінік-ұғымдарымен білім жиған. Күн, ай, тоқсан, жыл санау есебі мен жұлдыздар қозғалысын білу арқылы жайлауға көшу, күзеу мен қыстауға уақытымен келу, қой қырқу, күйек алу, мал төлдету, шөп шабу, соғым сою, т.б. шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырған. Сол секілді ұлан-байтақ кең далада, таулы аймақтарда көшіп-қону, мал бағу, жолаушы жүру, жоқ қарау, аң аулау, қараңғы түнде жұлдызға қарап бағыт-бағдар белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуды қазақтар жете білген. 
1 жүргізуші Көрініс 
Қазақтың көне күнтізбесінің бірегей көрінісі - мүшел есебі. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Әрбір жылды хайуан атымен атайтынын кез келген қазақ біледі. 
Көрініс «Жыл аты» 
"Тышқан жылы - тыныштық; Сиыр жылы - сыйлық; Барыс жылы - бірлік; Қоян жылы - қамбалы; Ұлу жылы - үлгілі; Жылан жылы - жайлы; Жылқы жылы - жұтсыз; Қой жылы - құтты; Мешін жылы - мерейлі; Тауық жылы - табысты; Ит жылы - игілік; Доңыз жылы - дүниелі". 

2 жүргізуші. Жылдың жаманы жоқ екен. Оны жақсы ететін де, бүлдіретін де адамдардың ниет-пиғылы мен іс-әрекеті екенін түсіндік. 
түйе бойына сеніп тұрғанда тышқан алтын нұр - жылды бірінші көріп, жыл басы дәрежесіне ие болғаны жайлы жалпымыз білеміз. 
Оқушы 
Түйе сеніп бойына, 
Қалған ұмыт жолдардан. 
Жатпа қарап,мойыма. 
Тойма именіп ділмәрдан 

. 
1 жүргізуші 
. Түйе жылдың басы болмағанымен, он екі жылды бойына сыйғызып тұр. Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар. Құлағы - тышқан, бақайы - сиыр, тірсегі - барыс, еріні - қоян, төбесі (қарақұсы) - жылқы, тісі - қой, жүні - мешін, мойыны - тауық, шөккені - ұлу, қабағы - жылан, табаны - ит, құйрығы - доңыз", - дегенде түйенің сыртқы жаратылыс пошымын көз алдымызға келтіріп, қайран қалып едік... Мұны да жастарымыздың біле жүргені дұрыс. 

2 жүргізуші 
Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық. 
1 оқушы: 21 наурыз бен 20 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды. 
2 оқушы: 21 сәуір мен 21 мамыр, Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер. 
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау, 
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек. 
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді. 
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр. 
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу. 
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ. 
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді. 
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар. 
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан Суқұйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар. 
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады. 
1 жүргізуші 
Жалын болып жанайық, 
Әсем әнге салайық. 
Өнерің болса қолыңда 
Өнерлінің ырысы 
Жарқырап жатыр жолында. 
Кешімізде ән салайық, би билейік, 
Өнермен өрге басып кідірмейік –дегендей енді кезек оқушыларымыздың билерімен көріністерін тамашалайық . 
Би 
Көрініс 

Оқушы Денің сауда жетерсің арманыңа 
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа, 
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің. 
Бар қызық, рахатын, жарығында. 
Оқушы 
Денсаулық-шексіз бақыт, 
Досым менің, 
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа. 
Қолда барда біл оның қасиетін, 
Күтіп, баптап, аяла әр уақытта. 

2 - жүргізуші: 
Өзге халықта сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде ата заманнан бері жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін, Отан сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Бүгінгі кешімізден осы қасиеттерді бойларыңа сіңіре біліңдер. 

1 - жүргізуші: Мүшел жасың құтты болсын, 
Орындалсын ойда жүрген бар арман 
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа 
Отбасыңмен аман болшы әрқашан. 
2 – жүргізуші: 
Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін сынып жетекшіміз Бибінұр апайымызға береміз. 
Думандатып шәкірттерім тойла бүгін, 
Дос сүйінсін, күйінсін дұшпан қасың. 
Он үш жастың оншақтасын атап өтіп, 
Бүтін ғасыр жасауға тағдыр жазсын. 
Қуаныштан бәріміз жылы шыраймыз, 
Мерекеге әсем өлең құраймыз. 
Шәкірттерге ұлағатты сөз айтар, 
Үлкендерден қол жайып бата сұраймыз 
2 – жүргізуші: 
Білім - теңіз, ақыл – біздің кемеміз, 
Үлкендердің игі ісіне ереміз. 
Құттықтау сөз айту үшін тілекпен, 
Апайлар мен ағайларға сөз береміз. 
1 – жүргізуші: 
Балаларын тағы бір қырдан байқады, 
Өнеріне тамсанып бас шайқады. 
Құттықтау сөзді бар баланың анасы, 
Ата – аналарға береміз. 

: 2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, 
Барымен шат-шадымен болыңыздар. 
Қоштасайық, келесі кездескенше, 
Әрдайым сау-саламат болыңыздар! 

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тәрбиелік шарамызды жабық деп жариялаймыз. 


13 - жас алғашқы мүшел

  

Мақсаты:

- Оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан салтымыз бойынша 13 жас мүшел жасқа толу құрметіне өткізілетін мүшел той туралы таныстыру;

- Қазақ халқының салт-дәстүрі – ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра дәріптеуге үйрету.

- ұлттық дүниетаным қалыптастыратын өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.

 

  Көрнекілік:



Нақыл сөздер, шарлар,  тақырып.

 

  Барысы:



Мұғалім:

Салеметсіздер бе , құрметті ата-аналар, қонақтар, оқушылар

Той, той, той!

Ананың құрсағынан басталатын,

Ең бірінші қуаныш басталатын,

Той – «құрсақ тойы»!

Анадан шыр етіп туылған күн,

Кіндігі жібек жіппен буылған күн,

Той – туған күн, тойы!

Рәсім – «кіндік кесу» жарасты ғой,

Жас нәресте бөленсе бесікке –той!

40 күнде қырық рет түлеткенде,

40 қасық сумен тәнді нұр еткенде,

Той – «қырқынан шығару»!

Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда,

«Тұсау кесу» айналар той  - думанға,   

Мұсылман ата- ананың міндетті тойы,

Одан кейін жасалар сүндет тойы,

Оқушы атанатын мектеп барып,

Қуантқан ата-анасын әріп танып.

Тауысып «әліппені»жүрдек оқыр,

Сол күні «тілашардың» болатыны анық.

Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,

«13- те – отауға ие» деген қазақ,

Балиғатқа бас болдырған шақ ...

Бүгін міне «Мүшел той» - үлкен той!

                                                                           



Ән: «Қазақы дәстүрлері» 6-сынып оқушылары

 

 



 

Мұғалім:

Бүгінгі болғалы отырған 6- сынып оқушыларының «13-жас – алғашқы мүшел» атты тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссен атадан.

Он үшке толсаң, қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Өнеге қалса данадан,

Өсиетті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған

Сөнбесе сенім санадан.

Ынтымақ кетпес арадан.

Кешегі күндер үлгісі,

Аңыз бен жырмен тараған.

 

Ән: «Бүгін сенің туған күнің» 6-сынып оқушылары

 

Мұғалім:

Міне бүгін сендер 13 жасқа келіп отырсыңдар. Бұрынғы ата - бабамыз  «13 жас – отау иесі» деп бекер айтпаса керек.

   Мен сіздерге ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз - әңгіменің бірін айтып берейін.

   «Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп , соларға атқосшы етіп 13 -14  жасар Қазыбекті аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;

-Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт- береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

...Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, -деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті»       

     Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.

 

би : «Қара жорға» 6- сынып оқушылары

 

 

Мұғалім:  Мүшел жылдар әрдайым 22-наурызда басталып, келесі жылдың 21-наурызында аяқталып отырады. Бірақ қазақ халқы адамның өміріне байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып отырып, 25,37,49,61,73,85  адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген.



         Адам баласы туғаннан бастап, өсіп жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

Саят:  25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.

Тлеухан:  37 жас- адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

Сания: 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.

Данияр:  61 жас-адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

Бекжан: 73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

Мұғалім: 85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.  Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз

10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,

20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

Осымен біз көптеген ұғымдарды танып білдік.

         Барын бағалай білуді басқа жұрт бізден үйренсін. Тоғыз ай , он күн көтерген анасынан шыр етіп дүниеге келген сәбиін аялы алақанымен қабылдап алған, алғашқы адамы мейірім мен жылу берген, кіндігін кесіп, жұрттан жағалай сүйінші сұраған «кіндік шешені» аса дәрептейді қазақ.

       Мүшел жасын тойлап отырған бүгінгі балғын жастын әр қайсында алғаш қадамына сәттілік тілеп,«күрмеуін шешкен – тұсауын кескен» жанашыр жақын жандар бар.

       Түн ұйқысын төрт бөліп, жылаған сәбиін әлдиімен жұбатқан қадірлі ананың «жарығым» , «күнім» деген жүрек жарды жылы лебізі әркімнің – ақ көңілін жылытары даусыз.

Жайнаған балғын гүлінмен,

Жан анам – жасыл бағым.

Өзіңмен жаным бірге.

Мәңгілік қасындамын.

Ал, ендеше осы атап кеткен кіндік шешеге, тұсау кескен жанашарларға, ұйқысын төрт бөлген аналарға арналатын

 

ән : «Сенің анаң  алтын» 6-сынып оқушылары

 

Мұғалім:   Ал енді құрметті ата-аналар оқушылардың  сіздерге арналған тағы бір тосын сыйлары бар, қазір олар сіздерге  ас әзірлейді. Ас болғанда әр-түрлі көкеністерден салат жасайды. Оқушылар салаттарын әзірлегенше біз сіздермен ойын ойнамыз. Бұл ойынның аты «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»  ал шарты  сіз мимика немесе қолдарың мен берілген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. 

 

1.     Неше мүшел жасыңыз бар?



2.     Мамандығыңыз қандай?

3.     Тамақты немен жисіз?

4.     Туған күніңіз қай айда және нешесі?

5.     Бидің қандай түрі ұнайды?

6.     Матаны қалай тігесіз?

7.      Неше балаңыз  бар?

8.     Тағы неше бала қалайсыз?

 

Ойын: « Менің отбасым» ата-аналарға ақ қағаз бен қарындаш беріледі. Ойынның шарты: ақғазға отбасының мүшелерін салып аттарын жазу.



 

Мұғалім: Ендеше ата-аналар суреттерін салып болғанша, Нажиоллин Данияр сіздерге ән орындайды.

Ән:  «Әкелер»

 

Мұғалім: Ата-аналар суреттерін аяқтап, қорғайды.



Би: «Уока-уока»

 

Мұғалім: Оқушылармен ойын   «Әріп тандау» Қалаған әріпін тандап алады. Сол әріп бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Сенің атын кім?

- Фамилияң кім?

- Қайдан келдің?

- Қайда барасын?

- Немен барасын?

- Онда не өседі?

- Тағы не өседі?

- Сені кім қарсы алады?

- Оған силыққа не әпердің?

- Сендер қайда барсыңдар?



Мұғалім:  Ал міне бүгінгі біздің мүшел тойларымыз аяқталуға жақын, сондықтан  келесі кезекті мұғалімдер ұжымына береміз. Бірінші сөз сөйлеу кезегі мектеп директоры Мейрамгүл Жеңісқызына беріледі.

Мұғалімдерге сөз беру.

Той иелеріне сыйлық беру рәсімі

Мұғалім:  Бүгінгі тоймызды  той иелері  «Туған күн кешінде» деген әнімен аяқталы отыр. Бәріміз қосылып, қолдап отырайық.

(Өнерпаздар өнеріне ұласады) 

Тәрбие сағатының тақырыбы:  

Алғашқы мүшел – адам өмірінің үлкен бір белесі

Мақсаты:

Мүшел жас туралы қызықты мәліметтермен   таныстыру.

Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.

Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейірімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі:  Оқушылардың сәби, мектеп табалдырығын аттаған және бірінші мүшел жастарындағы кезеңдерінің суреттері, интерактивті тақта, шарлар.

(Тәрбие сағаты басталмас бұрын арнайы тілшілеріміз залдағы ата-аналармен, қонақтармен және оқушылармен сұхбат жүргізеді.)



Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I бөлім. 13 жас-алғашқы мүшел

2 бөлім. Достарыма мың алғыс.

3 бөлім.Ата-анама мың алғыс.

4 бөлім.Ұстаздарға мың алғыс.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі



13 жас – алғашқы мүшел. 13 жас -жақсы мен жаманды, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне, осындай мақсатта бүгін сыныбымызда үлкен той болғалы отыр, ол- біздің 7 «Б» сыныбымыздағы алғашқы мүшел тойымыз. Алғашқы мүшел – адам өмірінің үлкен бір белесі.

(Зейнеп апаның естелігі) Қазақтың байырғы күнтізбесіндегі ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебі қазақ өмірінде зор мәні бар есеп болған. Мүшелмен жас санау, жыл қайыру халық даналығынан шыққан ұтымды да ыңғайлы әдіс болғанын бұл күнде маман ғалымдар бұлтарыссыз мойындап отыр. Бұрынырақта ата-әжелер жасын мүшелмен айтатын. «Бес мүшелден үш жас астым» немесе «жеті мүшелге жеттік қой…» деп отырушы еді. Мүшел жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурызда ауысады. Наурыздан бұрын немесе кейін туғанына қарай жаңа туған баланың жылын белгілеген екен. Қазақ бірінші мүшелді он үш деп алып, ары қарай он екі жылдан қосып, келесі мүшелді шығарады. Жас кезімде анамнан: «Неге бірінші мүшел – он үш, қалғандары он екіден? – деп сұрағанымда: «Баланың іште жатқан мерзімінің есебі, өйткені ана құрсағында шарана өмір сүріп жетіліп, жарық дүниеге келеді», – деп айтқаны есімде қалыпты. Алғашқы мүшел – адам өмірінің үлкен бір белесі, яғни балалықпен қоштасып, бойы ғана емес, сана-сезімі, ақыл-ойы да өзгеріп, ересек өмір-тіршілікке қадам басуының бір баспалдағы. «Он үште – отау иесі» дегенді халқымыз мүшелмен байланыстырып айтқан. Ата-әжелер балаға «қарағым, мүшелге толдың, оң-солыңды танитын санатқа іліктің, сенімен санасатын, ой бөлісетін кезең келді. Енді ат жалын тартып мініп, тізгін ұстайтын азаматтығың мен өзіңнен кейінгіні жетелеп демейтін ағалық жолың басталды» деп он үштегі бозбалаға міндет-парыз жүктеп, сенім артады екен.»

Әдетте дәрігерлер мен психолог мамандардың «өтпелі жас» (переходной возраст), «қауіпті жас» (опасный возраст) дейтіндері баланың он екіге толып, ары қарай мүшелге кіретін, он үшке толып, ары қарай мүшелден шығатын мерзіміне тура келеді екен. Бұл жаста жеткіншектердің көпшілігі өзінікін мақұл көретін өзімшіл, әр нәрсеге еліктегіш, жақсы мен жаманның, адал мен арамның аражігін ажыратпай, тентектігін – ерлікке, ерсілігін өжеттікке балап, олай да, бұлай да шайқалатын ұрымтал тұсы екенін өмір көрсетіп жүр.   « Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел — 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оңды-солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезің, енді өзгенің тізгінінен емес, өз тізгініңді ұстайтын уақыт келді.»-деп Бауыржан атамыз айтқанындай.- бұл – мән-мағынасы терең аталы сөз, үлкен тәрбие жолы. Олай болса, бүгінгі той иелерін құрметпен ортаға шақырайық!

(оқушылар жұппен залдың артқы жағынан келіп,  «Қазақ вальсін» орындайды.)

 

1 бөлім

Едіге: Ата-ана, ұстаз, сыныппен

Тойлауға мүшел жасымыз,

Мектептің үлкен залында

Қосылды, міне, басымыз.



Айым:Алғашқы мүшел – 13 жас,

Балиғат жасы саналған,

Жылыстап бізден барады,

Балалық, бал шақ – бал арман.



Заңғар:Атандық «отау иесі»,

Кешегі ойын баласы,

Болуға жарап қолғанат,

Қуантқан ата-анасын.



Айғаным:Бой ұзарып, ой өсіп,

Есейіп біздер келеміз.

Алда үлкен ізгі мақсат көп,

Ертеңгі күнге сенеміз.



Едіге: Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ.

«13-те отауға ие » деген қазақ,

Балиғатқа анық бас білдірген шақ

Бүгінгі той-мүшел той!

Айым: Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.



Заңғар: Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссін атадан.

Он үшке толсаң қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.



Айғаным: Өнеге қалса данадан,

Өсиеті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз;

Есейген шақ деп санаған.



Едіге: Сөнбесе сенім санадан,

Ынтымақ кетпес арадан.

Дәстүрімнің үлгісі,

Аңыз бен жырдан тараған!, — дей келе, сыныбымыз ұлу мен жылан жылы дүниеге келген перзенттер болғандықтан  осы жылдарда туылған тұлғалар жайлы қосымша ақпарат беруді жөн көрдік.



Айым: Ия, Едіге, дұрыс айтасың, Он екі жылда бір айналып келетін ұлу жылы туған ұлы тұлғалар әлем тарихында аз емес. Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын, ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.

Заңғар: Бұл тізімді- шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям  бастаса, атақты жазушы Максим Горький  де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.

Айғаным: Ал,  коммунизмнің «көкесі» Фридрих Энгельс ,  Жан-Жак Руссо , әйгілі  Иммануил Кант та  осы жылы дүниеге келіпті.

Едіге: Саясатқа қатысы барлар арасына танымал тарихи тұлғалар: өжет қыз Жанна д’Арк , орыс патшасы Николай II Романов , Америка президенті Авраам Линкольн,  көрші Владимир Путин , Франсуа Миттеранды да  атауға болады.

Айым: Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Сонымен, Ұлу жылы туған ұлылар аз емес екен. Олар әлем тарихында өз қолтаңбаларымен түрлі жол салып-ақ келеді…



Заңғар: Олай болса, кезекті тойымызға ән шашумен келіп тұрған достарымызға берейік!  музыкалық номер

2 бөлім

Аян: Математика сыныбы –

7 «Б»-да оқимыз,

Отызымыз оқуды

Отыз түрлі тоқимыз.



Гаухар: Отыз жүрек дүрсілі,

Отыз болмыс — отыз хәл,

Отыз үйдің үміті,

Отыз арман — отыз ән.



Алмат: Отыз мінез иесі,

Отыз талғам — отыз сән,

Отыз түрлі көзқарас,

Отыз таным — отыз мән.



Камила: Бір мектеп, бір сыныпта

Тағдырымыз тоғысқан,

Отыз түрлі отыз жан

Біріне-бірі болысқан.



Аян: Әрқайсымыз өзді-өзді

Сырлас құрбы, дос таптық,

Бірге ойнадық, бір күлдік,

Пернесін көңіл бір бастық.



Гаухар: Шекістік, қайта бекістік,

Бола ма онсыз тірлікте,

Ренжіттік, кейде ренжідік,

Ұмтылдық бірақ бірлікке.



Алмат: «Бір жағадан бас шығарып»,

Жарыста талай топ жардық,

Былтырғы оқу жылында

«Ең үздік сынып» атандық.



Камила: Алда әлі қанша уақытты

Өткіземіз бірге біз.

Бір болып ыстық-суықта,

Ажырамасын іргеміз!



Аян:  Әр жылдан тек жақсылық күтетін қазақ үшін, жылан жылы жылылықтың белгісі болған. Бұл жылы туғандардың арасынан ұлы ойшылдар мен ел бастаған тұлғаларды көптен кездестіруге болады. Өйткені, астрологтардың пайымдауынша, жылан жылы дүние есігін ашқандар, жүз рет өлшеп, бір рет кесетіндер. Сондықтан, олар терең пайым мен сараптауға бейім болады екен. Ендеше, осы жылы өмірге келген тұлғалар кімдер?

Гаухар: Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев жылан жылы өмірге келген. Бүгінде Абай Құнанбаевтың өмірбаянын білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Артынан өлмес мұра қалдырған тұлғаның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары әлі талай ұрпаққа жаназық болмақ.

Алмат: Сондай-ақ туған жылы жыланға тура келетін тағы бір ақын — қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған Мағжанның шығармалары қазақ поэзиясының алтын қорынан ойып орын алады. Оның өзіндік қолтаңбасын жырсүйер оқырман бірден таныры анық.

Камила: Қазақтың ән-күйін жинастырып, нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 100 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» атты жинақтар қалдырған композитор-этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторұлы Затаевич 1869 жылы дүниеге келген. Бұл жыл да — шығыс күнтізбесі бойынша жыланға сәйкес келеді. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүниежүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды.

Аян: Ғылым мен білім, әдебиет саласында зор жетістіктерге жеткендерге жыл сайын табысталатын Нобель атындағы сыйлық бар. Бұл сыйлық атақты швед ғалымы Альфред Нобельдің құрметіне аталады. Шведтың өнертапқыш ұлының өмірге келген уақыты-1833 жыл-жылан жылы.

Гаухар: Жылан жылы дүние есігін ашқан әлемдік тұлғалардың бірі — Индира Ганди. Индира Ганди тарихқа тек Үндістанды ұзақ жылдар басқарған әйел ғана емес, халықаралық аренада өз елінің беделін көтеруге барын салған жан ретінде қалып отыр.

Алмат: Жоғарыда аты алған ойшыл, ақын, ғалым, саясаткерлерден басқа да жылан жылы дүниеге келген белгілі азаматтар жетерлік. АҚШ-тың 35-ші Президенті Джон Кеннеди, Қытайдағы жаңа дәуір төңкерісінің көсемі Мао Цзедун, Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы Мұстафа Кемал Ататүрік сынды саясаткерлермен қатар, Николай Коперник, Пабло Пикассо, Иоганн  Гете, Дени Дидро, Дмитрий Достоевский, Николай Гоголь,  секілді түрлі саланың саңлақтары омірге келген.

Камила:  Ендеше, біздің арамыздан да қазақтың атын шығарар ұландары көп болсын деп тілейік!

Музыкалық сәлем

Алмат: Сахна төріне біздің бойымыздағы білім негізін қалаған бастауыш сыныптағы сүйікті ұстаздарымызды шақырамыз. Алғашқы ұстаздардың тілегі.

«Ақылдың 6 қалпағы»

Мұғалім:Бала тәрбиесі бәріміз үшін маңызды. Сөйте тұра, біз, үлкендер, мына қағиданы ұмытып кетіп жатамыз. Ол: « Егер баланы түсінгің келсе, балаша ойла», деген қағида. Ал енді қазір  мына алты ақылды бастар, педагогикадағы бір маңызды әдістердің бірі-ақылдың алты қалпағын кию арқылы сіздерге күнделікті өмірде не ойлайтындықтарын айтып береді.Таныстырып өтейін: белгілі психолог Эдвард де Боно ойды дамытудын «алты қалпағын»  практикаға енгізген. Осы айналымды ұтып алған автор ойланып-толғанудың алты тәсілін ұсынады. Ойлаудың алты қалпағы қандай да құбылысқа жан-жақты талдау жасау үшін және талдап қорыту үшін маңызды.

Оқушылардан алдын-ала сауалнама арқылы күнде ересектерден көп еститін сөздері анықталған, соған байланысты  оқушылар жауабы  «6 қалпақ» арқылы тыңдалады.Достар туралы ән

              

 

3 бөлім

Ислам: Ең қымбат екі жақының,

Ең қамқор, асыл екі жан —

Жарығын өмір сыйлаған,

Әрине, сенің ата-анаң.



Тоғжан: Жанынан артық аялап,

Әлпештеп бізді өсірген,

Еркелігімізді көтеріп,

Қателігімізді кешірген.



Бексұлтан: Бәйгеге шапсақ бақ сынап,

Мына жақтан қысқан тақымын,

Тигізбей жүрген мәпелеп,

Өмірдің суық-салқынын.



Іңкәр: Ыстығымызға сан күйіп,

Біз үшін барын арнаған,

Ардақты ата-анамыз

Болсыншы әркез дін аман!



Ислам:   Биылғы  қазақша  жыл санау бойынша енгелі тұрған жылқы жылы жылан жылы туылғандар үшін өте жақсы,  табысты жыл болады деген болжам бар.

Тоғжан:  Ендеше, Жаңа жылдан тың шығармашылық ойлар, биік жетістіктер, керемет  өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер күтеміз!

Бексұлтан:  Әрбіріңізге береке,  әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық тілейміз. Жаңа жыл баршамыздың шаңырағымызға құт-береке әкелсін! Еліміздің мерейі үстем болғай!

Іңкәр:  Сыныбымыз жылқы жылында бас бәйгені бермесін! Татулығымыз бен ынтымағымыз артсын! Және, біздің ардақты ата-аналарымыз аман болсын! Ән.

Ойын. «Өз балаңызды танисыз ба?» Оқушылардан алдын-ала алынған сауалнамалардан бірнеше оқушының ерекше қасиеттері таңдалып алынып, үзінді оқылады. Осы қасиеттер арқылы ата-аналар өз балаларын таниды.

4 бөлім

Нұрдаулет: «Ұстазы болса пейілді,

Шәкірті болар зейінді»

Дейтұғын ұстаз хақында

Жақсы бір сөз бар түйінді.



Жұлдыз: Пейілді ұстаз бізде көп,

Білімге терең баураған,

Сөзі – өнеге, ісі – үлгі,

Шәкірттің жанын жаулаған.



Айбек: Білікті мектеп басшысы,

Еңбекқор апай — ағайлар,

Шәкірттің ашып сан қырын,

Білімін әділ бағалар.



Жанель: Әр шәкіртін ертеңгі

Бір-бір тұлға санаған,

Құрметке лайық әр ұстаз,

Еңбегін бізге арнаған,- дей келе, сөз кезегін мектеп-гимназиямыздың директорына  береміз. Ән.



Нұрдаулет: Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін, сізсіз мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.



Жұлдыз: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп қүлімдеген жарықсыздар.



Айбек: Өмірдің ұғып тереңін,

Өркен жайған қауымым.

Қабыл ал жүрек сәлемін,

Құлақта сенің әр үнің!



Жанель: Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкіртіңіз құрметпен,

Келіп тұр жолдап сәлемін!



Нұрдаулет: Ғұлама, білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан.

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан.

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден, батырдан.

Өнері асқақ актерден,

Ырыс қазған шахтерден.



Жұлдыз: Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден.

Оқыған жас кәріден,

Оқушының бәрінен



Бәрі бірге: Ұстаздарға мың алғыс!  Ұстаздар туралы әндерден папурий

 

Қорытынды сөз. (Мұғалімнің сөзі)



Кеше ғана осы балаларымызға тілашар той жасап, әріп білгеніне мәз болсақ, бүгін ересек болып өз қылықтарына баға беретін, ой түйіндейтін дәрежеге жеткенін көріп отырмыз.Бұл тек жетістіктердің алғашқы баспалдағы ғана. Мен сынып жетекшісі ретінде оқушыларымның  ең алдымен амандығын тілей отырып, шығатын шыңдары  жоғарыда деп күтемін.Енді аз ғана уақыттан соң,  яғни, 2018 жылы гимназиямыздың тарихындағы ерекше, білімді, қабілетті мектеп бітірушілері бүгін алдарыңызда тұр деп ойлаймын! Ол әрине ешқашан шаршамайтын әріптестерім мен баласын демеуге әрқашан дайын ата-аналардың, сіздердің әрқайсысыңыздың арқаларыңызда!

Мағжан Жұмабаевтың мына өлеңі бүгінгі мүшел той иелеріне арналған деп қабыл алыңыздар!

Жас қырандар — балапан,

Жайып қанат, ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңкарға?!



Иман күшті оларда,   Мен жастарға сенемін!..-дегеніндей,  осы отырған  дүйім ел өздеріңе  үлкен сенім артады. Осымен бүгінгі тойымызды аяқтаймыз. Амандықта жолыққанша, сау болыңыздар
Каталог: uploads -> doc -> 06a2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a2 -> Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция Жоспар
06a2 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарама-қарсы сандар, бүтін және рационал сандар туралы
06a2 -> Жүргізуші. Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын «Нұр жаудырған Әз Наурыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет