Сабақтың мақсаты : а білімділік Студенттерге дүниетаным, оның құрылымы жайында айту



Дата08.09.2017
өлшемі71,77 Kb.
#30423
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Дүниетанымның құрылымы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Студенттерге дүниетаным, оның құрылымы жайында айту.






ә) дамытушылық

Студенттердің ойларын жетік жеткізуге, өз ой-пікірлерін емін-еркін айтуларын дамыту.






б) тәрбиелік

Тақырып мазмұны арқылы студенттерді еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: мультимедиялық проектор, №1-5 слайдтар, сызбалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақ жоспары:



  1. Дүниетанымның анықтамасы

  2. Дүниетанымның типтері

Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.

Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.

Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.

Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, ғылыми, көркем, философиялық, күнделікті-қарапайым дүниетаным). Мифология – қоғамдық сананың формасы, ежелгі қоғамның дүниеге деген көзқарасы, қоршаған ортаны фантастикалық, реалистік тұрғыда қабылдау. Мифологияның белгілері:

-табиғатқа адам бейнесін беру;

-қиял-ғажайып құдйлардың өмір сүруі, олардың адамдармен қатынасы және өзара әрекетке түсуі;

-абстрактілі ойлауды жоққа шығару;

-нақтылы өмірлік мәселелерді шешуге ұмтылу;

-мифологиядық сюжеттердің (көріністердің) біркелкілігі мен үстірттігі.

Діни–нанымға негізделген, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға әсер ететін жоғары күш бар екендігін мойындайтын дүниеге көзқарас. Дүниеге көзқарастың барысында адам қоршаған ортаны рационалдық түрде емес сезімдік, бейнелі-эмоциональдық түрде қабылдайды. Дін мифология қарастырған мәселені де қарастырады.

Діннің функциялары:

-біріктіруші-идеялар мүддесі үшін қоғамды бейімдеу;

-мәдени-белгілі бір мәдениеттің талалуына жағдай жасайды, мәдениетке ықпал етеді;

-парасатты-тәрбиелік жақындарына деген сүйіспеншілік, күйзелу, тазалық, төзімділік, парыз, адамгершілік.

Философиялық  - дүниеге көзқарастың ерекше, ғылыми-теоретикалық типі. Философия көзқарастың жоғары деңгейі. Ол рациональдылығымен,  жүйелілігімен, логикалығымен және теориялығымен еркшеленеді. Философияның дүниеге көзқарас ретіндегі негізгі даму сатылары:

космоцентризм-қоршаған ортаны,

табиғаттағы құбылыстарды құдіретті,

шексіз жоғары тұрған тылсым күш-ғарыш арқылы түсіндіреді.

Материяны алғашқы деп танитындар материалистерге, ал сананы алғашқы дейтіндер идеалистерге жатады. Материалистерге жататындар: ертедегі дүниеден-Демокрит, Эпикур, Кар; орта ғасырдан-номинадистер; жаңа дәуірден Бэкон, Декарт, Гельвеций т.б. Идеалистерге жататындар: ертедегі дүниеден Сократ, Платон, Аристотель; орта ғасырдан-реалистер, жаңа дәуірден Беркли, Кант, Гегель, Соловьев т.б. Ал енді сол материаличтер мен идеалистер де біркелкі емес. Олар да толып жатқан мектептерге, бағыттарға бөлінеді. Философияның негізгі мәселелерінің екінші жағы-біздің дүниеге қатынасымыз. Оны танып-білуге болама деген сауал. Бұл жөнінде де философтар екі бағытқа бөлінеді. Біреулері дүниені тануға, білуге болады десе, екіншілері дүниені танып, білуге болмайды дейді.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.



  1. Дүниетаным туралы анықтаманы есте сақтаңдар.

  2. Негізгі дүниетанымдық сұрақтарды атап, оларға өздерің жауап беріп көріңдер.

  3. Дүниетанымның философиялық түрінің пайда болуы мен дамуы неге байланысты болды?

  4. Дүниені түсінудің дүниені сезінуден және қабылдаудан қандай айырмашылығы бар?

  5. Дүниетанымның қандай деңгейлері бар, олар бір-бірінен несімен ажыратылады?

  6. Адамдардың өмірлік қызметіндегі дүниетанымның рөлі қандай?

Перфокартамен жұмыс.



  1. Дүниетанымның типтері...

  2. Дүниетанымның бірінші деңгейі, бұл –

  3. Дүниетанымның екінші деңгейі, бұл –


ІV. Үй тапсырмасы.

Кестені толтыру


V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).

Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.




Дүниетанымның философиялық түрінің

пайда болуы мен дамуы

неге байланысты болды?



Дүниені түсінудің дүниені сезінуден және қабылдаудан қандай айырмашылығы бар?

Дүниетанымның қандай деңгейлері бар, олар бір-бірінен несімен ажыратылады?

Адамдардың өмірлік қызметіндегі дүниетанымның рөлі қандай?





Топ Білім алушының аты-жөні






  1. Дүниетанымның

типтері...

  1. Дүниетанымның

бірінші деңгейі,

бұл –





  1. Дүниетанымның

екінші деңгейі,

бұл –


Топ Білім алушының аты-жөні






  1. Дүниетанымның

типтері...

  1. Дүниетанымның

бірінші деңгейі,

бұл –





  1. Дүниетанымның

екінші деңгейі,

бұл –



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет