Сабақтың мақсаты : Білімділігі



Дата24.04.2017
өлшемі75,79 Kb.
#14922
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ типтері

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беруге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, дағдысы мен іскерлігін пәнге деген қызығушылығын ой өрістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызыметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, Интерактивті тақта.
Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физ. атлас картасы, оқулық, сызба, үлестірме, қима қағаздар, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, әдебиет, экология, химия.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
(Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу,
құралдарын тексеру.)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үй тапсырмасы.
VI. Бағалау.

Географиялық диктант.
Топырақ -_______________ компоненттерінің бірі. Алғашқы жұқа топырақ қабаты_____________ бұрын __________ дәуірінде пайда болды. Топырақты зерттейтін ғылымды -__________________. Жас ғылымның негізін салушы. Қарашірігі (гумусы) мол топырақ__________________
ІІ. Деңгейлік тапсырма.
1Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.
2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік, тірі ағзалар әсері, тау жыныстарыңың үгілуі)
3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? (топырақтың механикалық құрамына топырақтың ірілі және кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.)
4) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі)
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальцийге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ)
6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? (Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ дейді)
Жаңа сабақ мақсаты
Топырақ жамылғысының типтерін және топырақ эрозиясын, олардың алдын алу шаралары туралы толық және қосымша мәліметтермен толықтыру.

Жаңа сабақ жоспары:
1. Топырақтың түрлерімен танысу.
2. Топырақтың эрозиясы.
3. Топырақтың негізгі қасиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді.
1. Қара топырақты зона (52⁰ с. е. солтүстігінде)
2 - Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с. е. аралығында)
3 - Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с. е. аралығында)

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы мен елдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бұл сабақта Оңтүстік Американың халқын, олардың ерекшеліктерін материк бойынша таралуын және елдерін географиялық жағдайына қарай аумақтарының бөлінуі және олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оңтүстік Америка халқының тарихы және ежелгі елдердің мемлекеттері аралас нәрселері туралы айта отырып, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Америка елдерін айта отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың саяси картасы, интерактивті тақта, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
3. Сергіту сәті.
4. Жаңа сабақ.
5. Рефлексия
6. Үй тапсырмасы.
1. Сұрақтар.
1 ) Оңтүстік Америка географиялық орнына және климаттық жағдайына сәйкес қандай ормандарға бөлінеді?
2) Экватордың екі жағын қандай ормандар алып жатыр?
3) Сельвас дегеніміз не?
4) Ауыспалы ылғалды ормандарда қандай ағаштар өседі?
5) Льянос және кампос дегеніміз не?
6) Саванналар мен сирек ормандарда қандай жануарлар мекендейді?
7) Субтропиктік дала зонасы қай бөлікті алып жатыр?
8) Пампа дегеніміз не?
9) Шөлейт зонасы қай жерлерді алып жатыр?
10) Шөл зонасының жануарлар дүниесін атандар?
11) Оңтүстік Америка материгінде қандай ірі өзендер бар?
12) Ең суы мол өзен қандай өзен?
13) Қандай көлдер бар?
14) Қандай ірі сарқырамасы бар?
2. ВЕНН диаграммасы
Айырмашылығы Ұқсастығы
3. Сергіту сәті.
1 ) Ең үлкен көл -
2) Ең ұзын өзен -
3) Ең биік тау -
4) Ең биік сарқырама -
5) Ең үлкен арал -
6) Ең үлкен ағаш -
7) Ең үлкен материк -
8) Ең кіші материк -
9) Ең үлкен мұхит -
10) Ең суы мол өзен – 
11) Ең ыстық материк -
12) Ең үлкен шөл -
13) Ең ластанған мұхит -
14) Ең кіші мемлекет -
4. Жаңа сабақ.
Оңтүстік Американың байырға халқы үндістер. Х. Колумб Америка дүние бөлігің ашқанға дейін үндістер рулық қоғамдық құрылыста өмір кешіп, аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Ал, Анд тауларының мекендеген үндістер дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрды. Жазумен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениетінің жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалар қатаң сақталған. Денсаулығы жарамсыз қарт адамдарға көмектесу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асырылған. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөктерінде тұрады. Европалықтардың жергілікті үндістер мен некелерінен тараған ұрпақтар метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. Негірлердің европалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар ал, үндістер мен негірлердің некелесуінең самболар тараған. Негірлер мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. 19 ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің Оңтүстік Шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары креолдар. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататың испан, португал тілінде сөйлейді.
Елдің аты Астанасы Ауданы Халқының саны Тілі Діні
Бразилия Бразилия 8512 мың см 163, 1 млн адам Португал Католик
Оңтүстік Америка елдері: Халқы:
Аргентина - 2777 мың шқ 35, 5млн
Боливия - 1099 мың шқ 7, 8 млн
Бразилия - 8512 мың шқ 163, 1 млн
Венесуэлла - 916 мың шқ 23, 6 млн
Эквадор - 4835 мың шқ
Колумбия - 1142 мың шқ 37, 7 млн
Перу - 1258 мың шқ 24 млн
Чили - 757 мың шқ 14, 3 млн
5. Бекіту кезені: Сөзжұмбақ халқы елдері.
1 ) Негрлер мен үндістердің некелесуінен туылған ұрпақтар (самбо)
2) Перудің астанасы(Лима)
3) Орталық Америка мен Оңтүстік Американы қоса не деп атайды(Латын Америка)
4) Аймара елдерінің қайық жасайтын өсімдіктері (Қатты жапырақты)
5) Ежелгі өркениетті ел деп қай елді атайды. (Инктер) 
6) Астанасы 30 метр биіктікте орналасқан ел(Боливия) 
7) Сөнбеген30 жанартау орналасқан ел(Эквадор)
8) Испания мен Португалиядан келгендердің ұрпақтары (Креолдар)
9) Европалықтар қай нәсілмен некелескенде мулаттар туылады.(Негірлер)
5. Кері байланыс жазу
6. Үйге тапсырма. Кескін картаға елдерді Астанасымен түсіру
Каталог: uploads -> doc -> 087f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
087f -> Сабақ: №10 Сабақтың тақырыбы: 17-18ғғ жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрес Сабақтың мақсаттары
087f -> «Менің педагогикалық ұстанымым» Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған
087f -> Тақырыбы : Шебер қыздар және сегіз қырлы бір сырлы ұлдар арасындағы сайыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет