Сабақтың мақсаты : Білімділік мәні : Әншнің шығармашылығына тоқталу, таныстыру



Дата08.07.2017
өлшемі22,18 Kb.
#20939
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері -Жүсіпбек Елебеков

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Әншнің шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға, әнге деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні : Композиторлардың музыкалық шығармалары,әндері арқылы халықтың

салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Бекіту

4.Жаңа сабақ

5.Қорытындылау

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау

Сабақтың барысы:

2.Үй тапсырмасын сұрау

Ән өнерін паш еткен-Манарбек Ержанов

3.Бекіту

а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

ә)Манарбектің ұстазы кім?

б)«Қыз Жібек»операсында кімнің ролін сомдады?
Жүсіпбек Елебеков

(1904-1977)

Жүсіпбек ЕлебековҚарағанды облысыЕгіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.

5.Қорытындылау

а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?

6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.
7.Бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 126d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
126d -> Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару. Өткізген : Сейсембина Камила Зиятқызы. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 мектеп-гимназия Пәні математика
126d -> Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
126d -> «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет