Сабақтың мақсаты : оқушылардың бойында адам туралы,оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптас



бет1/4
Дата15.11.2016
өлшемі0,52 Mb.
#1812
түріСабақ
  1   2   3   4
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов атындағы орта мектеп Мерзiм:____________№ 1-2 сабақ.

Тақырып: Көкірек көзін ашалық!

Құндылық: Қиянат жасамау.Қасиеттер:рухани -адамгершілік,мейірімділік.

Мұғалiм_Смаилова Г.К.___Класс:7сынып. Оқушылар саны_______




Сабақтың мақсаты: - оқушылардың бойында адам туралы,оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,

мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптас

тыра отырып,оларға өзін-өзі дамытып,жетілді -

ре алу және өсу,есею жөнінде түсінік беру.



Сабақтың міндеттері: - адам өмірінің үнемі дамып,өсіп,жетіліп отыратын құбылыс екенді

гін ұғындыру;



- адам бойындағы барлық қасиеттерді,өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып,оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және

оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

- оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен

іздене білуге тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырма

ңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбе

ңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналас

қан. Гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңыз

ды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсірің

із. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгіістер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңыз

ға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтар

ыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміз

ге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгел

дей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғыла

на бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқан

дарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:«Мен

нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күй

інде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

2.Жақын адамдарыңды біраз уақыт көрмесең қандай күйде боласыңдар?

3.Сағыныш дегенді қалай түсінер едіңдер?

4.Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

5Өздеріңнің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсіндірер едіңдер?



Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылып,әңгіме жүргізіледі.


3.Дәйексөз.

« Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ».

Абай.


1.Дәйексөздің мағына

сын қалай түсінесіңдер?

2.Абай өзі армандаған жетістіктеріне қол жеткізу үшін,не істеуі керек деп ойлайсыңдар?


4. Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу (сұхбат).




5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Өлеңдегі адамның көңіл-күйін іс-

әрекеттермен сахналап көрсетіңдер.

2-топ: Өлеңдегі адамның көңіл-күйін суретпен салып көрсетіңдер.



Оқушылар сабақ барысында тиянақ

тау мақсатында «Өзім» өлеңін оқып, орындайды.



6.Топпен ән айту.Сөзі Ш.Сариев,әні К.Дүйсекеевтің «Ойлан балам» әнін топпен орындау.




7.Үйге тапсырма.

Қ.Әбділдақызының «Екі жол бар» атты өлеңін жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.




(Мұғалімнің сыйы).



«От пен су» ертегісі 
Бір күні от пен су кездесіп қалады.От судан: 
- Қайдан келе жатырсың? – деп сұрады.Су оттың сөзіне ашуланып: 
- Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл – талқан етті! – деді. От: 
- Суеке, оған менің қатысым қанша? – деп еді, су одан бетер айқайлап, 
- Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады!-деді. Сонда от: 
- Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булыққан су: 
- Енді сенің үніңді біржолата өшірмесем бе, Су атым құрысын, - деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды. «Су бір айла жасар - ау» деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп, әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала – пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте – бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан: 
- Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, - деп жалынды. Сонда От: 
- Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш алсын, - деді. 
Дұрыс айтасың, - деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді. 
«От досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың.Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара – бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті. 
- Су бар жерде ну бар. Әлі – ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық.Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп – дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін, - деп сыбырлады. От сөзін жел қағып алып Суға жеткізді. 
Содан бері Су күш – қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам – тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді. 
Сұрақтар 
- От пен Су не себепті бір- бірімен келіспей қалды? 
- Ол екеуінің бір шешімге келуіне не әсер етті? 
- Ертегіден қандай ой

Мектеп: М.Әуезов о/м Мерзiм: 5-7сабақ.



Тақырып: «Сыр мен сымбат»

Құндылық:Ақиқат.

Қасиеттер: кішіпейілділік,сыпайылық, биязылық,ұяңдық.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,сезім мен ой тазалығы,сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері:- оқушыларды адамның ішкі жан-дүниесіне үңіле білуге,жақсы мен жаман

ды ажырата алуға үйрету;



- адам бойындағы барлық қасиеттерді,өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып,оқушыларға әр адамның ішкі жан-дүниесінің ерекше екендігін

және оны түсіне білуге үйрету;

- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге,сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

ұлттық мәнерде салынған суреттері, табиғат көріністері бейнеленген суреттер ж/е сұлулық пен жан тазалығы,сыртқы бейне мен ішкі әлем

нің үйлесімі туралы плакаттар,интерактив тақта,үнтаспа, флом/р


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi.

баяу әуен жіберіп, «орманға ойша серуен жасаймыз» тыныштық сәтін орындату.

Сабақ барысын талқылау:

балалардан қандай сезімде болғандарын сұрау.



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ойланайық,пікірлесейік

*Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесің

дер?

*Сымбаты мен ішкі жан-дүниесі сай адамды қалай атайды?

*«Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер?

*Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

*Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?



Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылып,әңгіме

жүргізіледі.




3.Дәйексөз.

«Адамның жан дүниесі,дүние сұлулығымен,

жақсылығымен үндестікте болуы керек,сонда адам рухани да,табиғи да сау болады.»

Г.Құрманбай.



Дәйексөздің түйінін дәптерге жазып,

мағынасын қалай түсінесіңдер айтып беріңдер.?









4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Бірден –бір сұлулық»

«Өзін-өзі тану KZ»

№61.2015ж.қаңтар.



5.Шығармашылық жұмыс.

«Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салып,оны талдау.Топпен талқылап,қорғау.





Қ.Әбділдақызының «Жан әлемің сұлу ма»

өлеңді оқып,жан сұлулығы қандай болуы керектігіне назар аударып,ойлар

ыңды дәптерге түсір.


6.Топпен ән айту.Сөзі И.Сапарбай,әні Р.Таймановтің «Қазақ қызы» әнін топпен орындау.










7.Үйге тапсырма. № 5-6 сабақта айтылған ойларды ұштау үшін бата жаттап келу.

Қыз балаға бата

Ф.Оңғарсынова

Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін.

Жаздай жамал берсін,

Қардай жанар берсін.

Анаға шуақ болсын,

Атаға құрақ болсын.

Ағаға қуат болсын,

Нәзік жаны болсын.

Елінің ары болсын,

Басына өнердің бағы қонсын.

Ақ орданың шамы болсын.





8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

балалардан бүгінгі сабақта әңгімеленген құндылық-қасиеттер туралы білімдерін естеріне түсіріп,өз-ойларымен түйіндейді.







Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм: 8-9 сабақ

Тақырып: «Бақыт құшағында»



Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер:рухани-адамгершілік,қанағат ету.т.б.

Мұғалiм: Смаилова ГК. Сынып: 7 сынып Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты:-Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:- оқушыларға адам өмірін

дегі қуанышты сәттер,істеген игі істерден рахат

тану,барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты

туралы түсіндіру;



- адам бойындағы барлық қасиеттерді,өзіндік

ерекшеліктерді дамыту;

- оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге,өмірді

бағалай алуға тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерің

ді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын ата-анамызға,бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге,сынып жетекшілерімізге арнап көрейік!


Сабақ барысын талқылау:

балалардан қандай сезімде болғандарын сұрау.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Біз өткен «Сыр мен сымбат» тақырыбында адамның сыртқы сұлулығы мен ішкі сұлулығы туралы әңгімелескенбіз,оны «Жан әлемің сұлу ма?» өлеңімен қорытындыласақ,үйден кім жаттап келген екен ?






3.Дәйексөз

«Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында».

Әл-Фараби.


Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер

4.Мұғалім сыйы. Бақыт құсы (ертегі)

Ертеде бір кедей бала қой бағып жүріп, жерде жатқан қанаты сынған балапанды көреді. Оны сол бойда алақанына салып, үйіне алып келеді. Әке-шешесіне, інісіне көрсетіп, шағын ұя жасап, бағады. Әкесінің көмегімен қанатын емдеп, жазады. Балапанға өздері сауып отырған жалғыз сиырының сүтін беріп асырайды.

Бала қой бағуға кеткенде тентек інісі балапанды қызық көріп, ұядан шығарып алып, ұрып-соғып, қинайды екен. Соған шыдамаған балапан өскеннен кейін ренжіп, бір жаққа ұшып кетеді. Бала жылап, оны қанша іздесе де, ешжерден таба алмайды. Сол құс ұшып кеткелі інісі қатты ауырып, малдары өліп, үй - іші көп қиындық көреді.

Бір күні бала осы қиындыққа шыдай алмай, даладажылап отырса, қасына бір құс келіп қоныпты. Ол баланы жұбатқандай болып, айналшықтап, шықылықтай береді. Анықтап қараса, баяғы өзінің балапаны сияқты, тек аздап өсіп кеткен. Бала қатты қуанып:

- Енді сені ешкімге жәбірлетпеймін, - деп, үйіне алып келеді.

Содан бері бұл үйге үлкен қуаныш келіп, інісі ауруынан жазылып, малдары көбейіп, бақытты өмір сүріпті.

Бұл – бақыт құсы еді...

Сұрақтар:

1.Кедей баланың балапанға жасаған риясыз әрекеті қандай еді?

2.Інісінің жасаған әрекеті арқылы оның мінез – құлқынан нені байқадыңдар?

3.Бала не себепті,енді сені ешкімге жәбірлетпеймін деді?

Түйіндеме

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр.


Әңгімелеу.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

М.Мақатаевтың “Бақыт деген...”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып көріңдер.






6.Топпен ән айту. Өлеңді жазған: М.Мақатаев

Бақыт

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.

Бақытты сол-тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.

Бақыт деген әркімдер де бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір

Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тасқала

Бірақ балам, мынаны естен тастама!

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Бақытың мен, бақытым деп білмені

Мені білсең бақытыңды білгенің.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Балам саған бақыт іздеп жүргенім.





7.Үйге тапсырма. №10сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап келу.




8. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.

Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




Мектеп: М.Әуезов орта мектебі Мерзiм: 10-12сабақ.

Тақырып: «Қарым-қатынас мәдениеті»

Құндылық:қиянат жасамау. Қасиеттер:сүйіспеншілік,ынтымақ,бірлік.т.б.

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып: 7 сынып. Оқушылар саны________




Сабақтың мақсаты:- Оқушылардың өзара қарымқатынастары(отбасында,аулада,сыныпта,мектепте

,ұжымда)сыйластыққа,сүйіспеншілік құруға үйрету.



Сабақтың міндеттері:-оқушыларға жағымды,

ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін,маңызын

түсіндіру;

-Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын

дамыту;


- оқушыларды жағымды қарым-қатынас жасай

алуға,ізгілікке тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»




Сабақ барысын талқылау:

балалардан қандай сезімде болғандарын сұрау.



2.Үй тапсырмасын тексеру. №10сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап келу.




3.Дәйексөз.

«Өмір-теңіз жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Рудаки.


Дәйексөздің мағына

сын талқылап,түсін

діріледі.


4.Мұғалім сыйы.Әңгiмелеу (сұхбат).










5.Шығармашық жұмыс.Өзіммен - өзім сәті.

Ендеше армандайық. Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды бір бетке бейнелеңіздер. Міне, оқушылар біздің арманымыз осындай. Aл енді әлем балаларының арманын көрейік.



(Бейне-сюжет интер тақтада ұсынылады)

Топқа бөлініп сурет,

өлең арқылы суреттейді.



6.Топпен ән айту.Сөзі М.Мақатаев,әні Т.Төлендиевтің «Аңса жаным» әнін бірге орындау.




7.Үйге тапсырма.

Оқулықта ұсынылған тақырыптарға ой-толғау жазыңдар.






8.Соңғы тыныштық сәтi.Сабақты қорытындылау.

Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,

Мейірім кең пейілді болу міндет.

Таңертең ояна сап Күнге қара,

Амандас, аманыңа шүкірлік ет.

Сонымен, біз әрқашан әрбір атқан таңымызға, осынау өмірде өмір сүргенімізге, өмірде бар екендігімізге шүкірлік етейік.



Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді дәптерлеріңнің пікір жазу парағына толтырыңдар.

Каталог: uploads -> doc -> 0f85
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f85 -> Мектеп кітапханасының 2016-2017 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
0f85 -> Семинар сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика
0f85 -> Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
0f85 -> Сабақ мақсаты: Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет