Сабақтың мақсаты : Оқушыларға



Дата15.12.2016
өлшемі15,31 Kb.
#3847
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Махаббат» құндылығы туралы түсінік
  • беру, адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті
  • танып, оны құрметтеуге баулу.
  • Міндеттері:
  • Махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы сезім екенін, ал сүю мен
  • ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы іңкәрлігі
  • екенін білдіру;
  • Адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметпен қадір тұтуға
  • баулу;
  • Сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу;
  • Құндылық: Мейірімділік таныту
  • Қасиеттер: Әдептілік, мейірім, достық, адалдық.
  • Мұғалiм: Утеходжаева Баджан Нұрғожақызы
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Махаббат –өмір нәрі.
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңi.
  • Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
  • Топтарды таныстырып кету, сабақтың топтар арасында ой- бөлісу арқылы өтетіндіктерін хабарлау.
  • Әр топ өздерінің аттары мен ұрандарын айтулары керек.
  • Тыныштық сәтi.
  • Тыныштық сәтінде оқушылар үнтаспадан С.Тұрғынбековтың сөзіне
  • жазылған М.Ілиясовтың «Махаббат» әнін тыңдау (мүмкіндігінше
  • оқушылар қосылып айтады).
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Берілген ойды жылғастырып жазып кеіндер
  • Сәби бақыты, ол-...
  • Әйел бақыты, ол-...
  • Ер-азамат бақыты, ол-...
  • Ата-ана бақыты, ол-...
  • Дәрігер бақыты, ол-...
  • Кәсіпкер бақыты, ол-...
  • Ұстаз бақыты, ол-...
  • Ғалым бақыты, ол-...
  • Ұлт бақыты, ол-...
  • 10)Қоғам бақыты, ол-...
  • 11)Адамзат бақыты, ол-...
  • Тапсырма: топтар бойынша:
  • 1-топ. «Мөлдір махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • 2-топ. «Шынайы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • 3-топ. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • 4-топ. «Ғашықтық». Бір көргеннен ғашық болу.
  • Оқушылар өз мүмкіндіктерінше анықтама беріп, пікірлерін білдірді.
  • Түйіндеме: оқушылардың ой-пікір, анықтама беру сөздеріне сүйене отырып, құрметтеу, бағалау, сыйлау, махаббат деген ұғымның ортақ екенін, адам жанына ерекше жақындығына сай ықылас-ынта сезімнің басқаша екеніне көзін жеткізе айтып түсіндіру. Махаббаттың бар адамға ортақ сезім екенін, егер махаббат болмаса өмірде мән де, құн да болмайтынын айтып түсіндіріп, ойларын қорытындыладым.
  • Мәтінмен жұмыс.
  • М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні оқу, талдау.
  • Жақсы жігіт, сұлу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде, Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айырылмасқа, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі әсем әнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан қауышып табысқан шаттық айтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: «Көрші бізді, кінәлап көрші!» дегендей.
  • Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінен бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшқындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды.
  • Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сәлем жолдаған Абай, енді әннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті. «Сағындырған ғашық жар, ынтығы іште жүрген шерлі досын кінәлаудан тоқтар ма екен? Бар дүние, бар сырын, барлық бақыт тілегін бір өзінің шұғыласына құрбан етем деп келсе, не дер екен!» деген бір өзгеше сыр кетті.
  • Талдау барысында оқушылардың назарын әсерлі көркем суреттеудегі сезім шаттығына, оның шексіз ләззатына бөленген қыздың жан құбылысын, шуақты ләззатын жастар сезген қуанышты, шаттықты, махаббат деген құдіретті сезімді сыйлаған ғажап жан шуағына аудару.
  • Әңгiмелеу (сұхбат).
  • Оқушылармен жаңа тақырыпты ашу мақсатында келесі сұрақтардың төңірегінде әңгіме жүргізу:
    • Тоғжанды сұлу етіп тұрған қандай күш?
    • Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?
  • Дәйексөз:
  • «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» (Абай)
  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрай отырып, жауаптарын қорытындылау.
  • Шығармашылық жұмыс:
  • «Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді»
  • Оқушыларға ақын, жазушы, суретші, композиторлардың махаббат туралы
  • жазылған шығармаларын көрсете отырып, тапсырма беріледі. Әр топ жеке-
  • жеке тақырыпты дәлелдеп, ән-жырға тақырып бойынша кезек береді.
  • Ата-анаға деген махаббат. Сөзі Ғ.Қайырбековтың, әні Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні шырқалды.
  • Әлемнің жарығын
  • Сыйладың сен маған.
  • Даланың әр гүлін
  • Жинадың сен маған.
  • Сен бердің құстардың,
  • Қанатын самғаған.
  • Балалық құштарым
  • Өзіңе арнаған.
  • Қайырмасы: Әлдилеп аялап
  • Өсірген жемісін.
  • Самал жел, саябақ
  • Құшағың мен үшін.
  • Есейіп кетсем де
  • Мен саған сәбимін
  • Көңіліңді көктемдей
  • Көзіңнен танимын.
  • Сөзі М.Шаханов, әні Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні шырқалды.
  • Жас едім өмірге еркін бойламаған,
  • Күні ертең не боларын ойламаған.
  • Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
  • Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
  • Отанға деген махаббат.
  • Сөзі Ш.Сымаханұлы, әні Ж.Тұрсынбаевтың «Таң нұрындай Отаным»
  • әні шырқалады.
  • Сенде ғана жаралдым,
  • Таң нұрындай Отаным.
  • Сенен ғана нәр алдым
  • Көз нұрындай Отаным
  • Шоқ жұлдыздай көктегі
  • Бауырласып көп елмен
  • Достық күйін шерткелі
  • Көсегеміз көгерген
  • Ана сүтін арда емген
  • Ақ пейілді қазақпын
  • Бесік болып тербеген
  • Алтын қанат азат күн.
  • Туған жерге деген махаббат.
  • Сөзі Қ.Мырза Әлі, әні Е.Қасанғалиевтің
  • «Атамекен» әні шырқалады.
  • Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,
  • Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
  • Айдарымнан сипап өткен самалды
  • Қазағымның алақаны деп білем.
  • Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен
  • Көкейіңде жатады екен
  • Күннің өзі ұясынан
  • Қимай оны батады екен.
  • Досқа деген махаббат.
  • Сөзі Х.Закариянов, әні О.Көшеровтің «Достарыма» әні шырқалады
  • Толтыра көңілдің отын достарым
  • Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың
  • Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын
  • Жүрсіңдер, сендер, қолтықтан демеп достарым.
  • Қайырмасы: Жабыққан сәтте қас қағым,
  • Жаныңды ұғар басқа кім
  • Жаңа бір әуен бастадым
  • Сендерге арнап достарым.
  • Үй тапсырмасы.
  • «Бәрінің бастауы – махаббат» атты эссе-шығарма, өлең жазу.
  • Соңғы Тыныштық сәті
  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
  • Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
  • Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен шаттыққа толы таза, шипалы
  • ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
  • Ал енді көздеріңді ашыңдар
  • Жүректен-жүрекке.
  • Оқушылар бір-біріне сезім шуағын тілеп, «Мерекем – сен» әнін орындайды. Сөзі мен әні: Қ.Қозыбаев.
  • Махаббатым нәр бердің
  • Жүрегіме, жаныма
  • Ғұмырыма гүл ектің
  • Арманыма, жолыма.
  • Қайырмасы: Жан шуағым – мерекем,
  • Іздегенім сен екен
  • Өзіңменен шаттанып
  • Кірер менің берекем.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет