Сабақтың мақсаты: 1 Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы»



бет1/9
Дата19.02.2017
өлшемі1,27 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Сабақтың мақсаты:

1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім беру;

2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;

3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.



Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: альтернативті жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық , слайдтар

Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (5минут)

Аспанына елімнің,

Бейбіт өмір орнапты!

Тарихтың ғана еншінде

Қалай жеттік бұл күнге?!

Бабаларымыз бар ерен !

Тарих жырлар есімін

Сенің де ол еншіңде

Зерттеп оны білу де! - дегендей қазір бізде қай сабақ?

-Қазақстан тарихы сабағы

-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?

А) Психологиялық дайындық

«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)

Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады»,-демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.

-Балалар бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Ол үшін берілген тапсырмаларды толығымен орындау керек. Астанаға бару үшін біз ұшаққа мінеміз.

Ұшаққа міну үшін үй тапсырмасын тексерейік.

Ә) ІІІ Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

(Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.)

-Дұрыс,міне ұшаққа міндік.




Б)Өткенді қайталау

1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Қай ғасырда қаңлы мемлекеті құрылды ?

2. Қаңлылар мекендеген жерлер?

3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?

4. Қаңлылардың қандай археологиялық ескеткіштері бар ?

5. Шаруашылығы қандай, қандай кәсіппен айналысқан?

6. Шет елдермен сауда байланысы туралы не білесіңдер ?

7. Қаңлылардың астанасы туралы не білесіңдер?

8. Дін наным –сенімдері қандай болған?

9. Халқы мен әскері туралы не білесіңдер?

Берген жауаптарың өте дұрыс.

-Міне ұшақтан да түстік. Ұшақтан түскен бетте алдымызда не тұрады?




Балалар, сапарымыз сәтті, қызықты болу үшін топтарға бөлініп, өз топтарымызға ат қойып алайық!


ІІІ Жаңа сабақ. (25 минут) «Ғұндар» слайд көрселіп, аңыз айтылады

Енді әр топ өздеріне осы тақырыпқа сәйкес мақсаттарын айқындап алсын
Б.з.д. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун, хунну» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғ. мен б.з.4 ғасыры аралығын қамтиды. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жж. өмір сүрген. Қазақстан жеріне б.з.б. І соңы мен Іғ. келген. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі б.з.б. ІІ ғ.- б.з. І ғ. аралығы Б.з.б 206 жылы шығыстанушы Л.Н. Гумилев көрсеткендей Мөде «шаньюйдің» басқаруымен ғұн мемлекеті құрылды.
Ғұндардың тарихы.

1 - тапсырма.



Қашан?

Қайда?

Қандай оқиғалар болды?

Б.з.б І ғ. соңы мен

б.з. І ғ.




Қазіргі Қазақстан жеріне




Б.з.б. 55

Ғұн мемлекеті



Б.з.б 206 ж.



Қытайдың шекаралық аудандарында





Каталог: uploads -> doc -> 0534
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0534 -> Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе мен салт атты
0534 -> Сабақ жоспары Топ 4 топ Сабақтың өткізілетін күні Пәні: Информатика
0534 -> Сыныбы: 10 b Математика пәнінің мұғалімі: Шайхиева Н. Ш


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет