Сабақтың мақсаты: а Білімділік оқушыларға спид ауруы туралы мағлұматтар беру, шығу тарихы, таралу



Дата21.07.2017
өлшемі105,24 Kb.
#21622
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: СПИД –ХХІ ғасыр обасы

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік - оқушыларға СПИД ауруы туралы мағлұматтар беру, шығу тарихы, таралу

жолдары,сақтану жолдарын түсіндіру;

б) Дамыту - оқушыларға қоғамның келеңсіз жағдайына көзқарасын ояту,СПИД туралы ой-

өрісін дамыту;

в) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиеналық дене күтіміне тәрбиелеу.



Сабақтың ұйымдастыру формасы: Блум жүйесі

Әдісі: Рольдік ойын, баяндау

Типі:Жаңа материалды меңгерту сабағы

Оқытудың формасы:Ұжымдық, топтық

Көрнекілігі: видео кассета, интерактивті тақта,кодоскоп.

Пәнаралық байланыс: Биология,география,медицина, тарих

Дидактикалық материал:құрастырмалы карта,тест,араласып кеткен оқиғалар, графикалық тест

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

І.Оқушыларды 4 топқа бөлеміз:


Д
Әр оқушының бағалау парағы болуы керек.


С

П

И


ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

1) Футбол ойыны



Менен жылдам сұрақ-сіздерден жылдам жауап.

1. Жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулар. (Соз,мерез,хламидоз,гарденеллез,трихомониаз т.б.)

2.Хламидиоз ауруымен кімдер ауырады? (Әйелдер,қыздар)

3.Егер анасы хламидиоз ауыруымен ауырса, қызына жұғуы мүмкін бе? (Ия)

4.Осы жыныстық аурулар мен ауырған науқастар уақытылы емделмесе, асқынуларға әкеле ме? (Ия)

5.Соз дегеніміз не? (Жыныстық жолмен берілетін жиі кездесетін ауру)

6.Сифилис дегеніміз не? (Жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру)

7.Создың қоздырғышы қалай аталады? ( трипонема)

8.Мерездің қоздырғышы қалай аталады? (Бозарған спирохета)

9.Создың инкубациялық жасырын кезеңі қанша апта? (Бір апта)

10.Мерездің инкубациялық жасырын кезеңі қанша айға созылады? (Алты ай)

11.Мерездің белгілері қандай? (Денеде бөртпелер пайда болады және жыныс мүшесінде шанкрдің пайда болуы)

12.Создың белгілерін ата? (Жыныс мүшесінен ақ сары бөліністің бөліну)

13.Хламидиоздың белгілерін ата? (Жыныс мүшесінің ауырсынуы,ақ бөліністің бөлінуі)

14.алғашқы пайда болған мерезді қалай және қандай жолмен анықтайды? ( қанын алып,лабораториялық жолмен анықтап зерттейді.)

15.Созды қалай анықтайды? (Лабораториялық жолмен микроскоп арқылы анықтайды)

16.Жыныстық жолмен ауырған адамдардың өз бетінше емделуі дұрыс па? (Дұрыс емес).

Күнделікті сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

СПИД – ХХІ ғасыр отбасы

Мақсаты

Педагогтің қызметі

Оқушы қызметі

Тапсырмалар жүйесі

Білімділік

Сабақ жоспарын құру

Игерілетін материалдарды білу

Оқушылардың СПИД ауру туралы мағлұмат беру

Түсіндіру

Негізгі материалды түсіндіру

Түсіну,тыңдау

1.СПИД дегеніміз не?

2.СПИД-тің шығу тарихы

3.СПИД-тің жұғу жолдары

4.СПИД-тен сақтану жолдары

5.Статистикалық деректер


Қолдану

Бөлген топқа тапсырмалар беру

Берілген тапсырманы орындау

Құрастырмалы карта,тест,араласып кеткен оқиғалар

Талдау

Рольдік ойынды талдау

Оқушылардың ой-пікірін білу,талдау

СПИД монологі

Бейнетаспа көру



Жинақтау

Графикалық тест

арқылы жинақтау



Білімді жинақтау,ойға бекіту

Графикалық тест

Бағалау

Оқушыларды бағалау

Өз ұпайын санайды

Үйге берілген тапсырманы бағалау

ІІ.Жаңа сабақ.

Б.Блум жүйесі бойынша

1.Білу.

Жоспары: 1. ЖҚТБ – дегеніміз не?

2. ЖҚТБ-ның шығу тарихы

3. ЖҚТБ-ның жұғу жолдары

4. ЖҚТБ-дан сақтану жолдары

5. Статистикалық деректер.

2. Түсіну: Мұғалім: 1.) ЖҚТБ- жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.

АҚТҚ-адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы

Оқушылар ЖҚТБ мен АҚТҚ –ны бір ұғым деп ойламаңдар.Ең әуелді ауруды лабораториялық жолмен қанын тексергеннен кейін қоздырғышы табылса, онда АҚТҚ деп айтылады.Содан кейін бірнеше ай өткеннен кейін ЖҚТБ диагнозы қойылады.

2.)ЖҚТБ –ның шығу тарихы.

ЖҚТБ –ауруы дүние жүзі ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда 1970 жылдары Африкада негрлер арасында тараған деген болжам бар.1981 жылы АҚШ-та ЖҚТБ-ауруының алғашқы оқиғасы гомосексуалистер арасында тіркелген болатын.Сол жылы 2000-дай адам ауырып, ғалымдар арасында бұл ауру қайдан келді, қоздырғышы не, емі бар ма, алдын-алуға болады ма деген сұрақтар туып, жер-жерде зерттеулер жүргізіле бастады.Тек 1983 жылы ғана бұл аурудың қоздырғышы вирус екенін анықтап, АҚШ, Францияның ғалымдары Галло мен Монтанье АҚТҚ/ВИЧ деп атады.

Біздің Республикамызда бұл ЖҚТБ дертін 1987 жылы Эстония мемлекетінен Алматыға оқуға келген студент бірге оқитын Қазақстан азаматтарына жұқтырған.

3).ЖҚТБ-ның жұғу жолдары

4).ЖҚТБ-жан сақтану жолдары

5).Статистикалық деректерді кодоскоп арқылы көрсету.



3.Қолдану.

4 топқа тапсырма беріледі.

С тобы құрастырамлы карта

П тобы тест тапсырмалары

И тобы араласып кеткен оқиғалар.Жұғу жолдарын ажырату

Д тобы араласып кеткен оқиғалар.Қандай жолдармен берілмейтінін ажырату

4. Талдау.

Рольдік ойын. ЖҚТБ –құрбаны.

Рольдік ойынды тамашалағаннан кейін, талдау жасалады, яғни төмендегі сұрақтарды қоямын:

А) Кінәлі қоғам ба?

Б)Ата-ана ма?

В)Өскен ортасы, достары ма?

Г)Әлде ауруға шалдыққан адамның өзі ме?

Әркім өз ойларын айтады.Артынан оқушыларға ЖҚТБ бейне таспасы көрсетіледі.

5.Жинақтау. Графиктік схема арқылы алған білімді бекіту.

Тест

7-сыныптар үшін



Р/с

Тест сұрақтары

Дұрыс

Білмеймін

Дұрыс емес


1

АҚТҚ жұқтырған көп адам дені сау сияқты көрінеді және өзін денім сау деп сезінеді










2

ЖҚТБ-ның емі бар











3

АҚТҚ жұқтырған ер адам ауруын шәует сперма арқылы жұқтырады










4

АҚТҚ-жұқтырған адамдар басқаларға қоздырғышын қан арқылы таратады










5

Ана өзінің нәрестесіне АҚТҚ-ны жұқтыра алады










6

Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қолдану арқылы АҚТ-ның жұғу қаупін азайтуға болады










7

Егер сені маса шақса, онда АҚТҚ-жұқтыруың мүмкін










8

Донордың қаны арқылы жұғады











9

Дені сау сияқты көрінетін адам мен жыныстық қатынаста болу арқылы АҚТҚ жұғу қаупін азайтуға болады.










10

АҚТҚ және ЖҚТБ бір ұғымды білдіреді.










Графикалық кескін.


1970 ж Африка



Қарағанды



Эстония



140

10 адам



3838





60 млн



4531

22 млн



206

1.ЖҚТБ қай жылы пайда болды және қандай мемлекетте?

2.Біздің Республикамызға ЖҚТБ-ны жұқтырған студент, қай елден еді?

3.Республика бойынша дерттің көп тараған жері?

4.Қызылорда облысында қанша адам ЖҚТБ-мен тіркелген?

5.Қазір біздің елде АҚТҚ ВИЧ жұқтырғандардың саны?

6.Біздің елде ЖҚТБ СПИД дертінің саны?

7.Дүние жүзі бойынша АҚТҚ ВИЧ жұқтырғандардың саны неше миллионнан асты?

8.АҚТҚ ВИЧ жұқтырған адамның неше миллионы қайтыс болды?

9.Республикамызда 2004 жылы 1 қазанда барлығы қанша АҚТҚ ВИЧ тіркелген?

10.Республикамызда қанша ЖҚТБ СПИД тіркелген?

Араласып кеткен оқиғалар

Моншаны пайдаланған кезде

Инелерді, шприцтерді есірткіні қолдану кезінде

Ұстараны пайдаланған кезде

Ортақ дәретхана

Бірлесіп бассейнге шомылғанда

Ортақ ампула

Жәндіктер, үй жануарлары тістегенде

Төсек орны

Ыдыс арқылы

Сусын арқылы

Түкірік арқылы

Сүйіскенде

Қол алысқанда

Мүше қаптарды қолданбағанда

Қорғалмаған жыныс қатынасы

Қан арқылы

Қорытынды.

Мұғалім: СПИД-ХХІ ғасыр обасы деп неге айтып отырмыз,өйткені осы күнге дейін ЖҚТБ-ның емі жоқ.Қорыта айтқанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жыныстық қатынастан бас тарту, бізді осынау залады зардаптардан сақтап қала алады.ЖҚТБ-дан қорғанудың бір –ақ жолы бар.Ол –білім.

6.Бағалау

Бағалау парағы және жетон арқылы.



Үйге тапсырма.

СПИД-ХХІ ғасыр обасы.
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет