Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру



бет14/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,23 Mb.
#6006
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу,материалды деңгейлеп беру,бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу,өз бетімен жұмыстану,рөлдік,іскерлік т.б.

Сабақ жабдықтары: зат есім,сын есім,сан есім,олардың түрлері туралы таблицалар,сабақ жоспары жазылған плакат,дидактикалық карточкалар т.б.

Сабақ түрі: проблемалық,деңгейлік саралап оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу өнері,музыка.

Сабақ барыс.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп,сабақ жоспары тақтаға көрсетіледі.

  1. «Бірін-бірі үйрету» сабағы

  2. «КВН» ойыны

  3. «Бетпе-бет» ойыны

  4. «Мені түсін» ойыны

  5. «Бірін-бірі тексеру» ойыны

  6. «Ән сала білесің бе?»

  7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

  8. Үйге тапсырма

Сабақта өтілген материалдар бойынша оқушылардың алған білімі тексеріледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Әр топ алдын-ала жоспар бойынша дайындалады.Әр түрлі кітаптар өтілген шығармалардағы қажетті мақал-мәтел,жаңылтпаштарға көңіл аударады.Ойын шарты бойынша тақырыпқа сай материалдар іздейді,ішінен сөз таптарын табады.


  1. «Бірін-бірі үйрету» сабағы

Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі.1)тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы түсіндіреді,екіншісі оқушы болып жауап береді.2) тапсырмада орындарын алмастырады,яғни зат есім,сан есім,сын есім,олардың түрлері туралы айтып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіру қажет.Оқушылар схема-таблицамен жұмыс істейді.


  1. «КВН» ойынының шарты 3 турдан тұрады: топты таныстыру;үй тапсырмасы; шығармашылық кезең.

.1) тур бойынша әр топ өздерін таныстырады.

2) турда оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.Әр топ зат есім,сын есім,сан есімі бар мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып талдау жасайды.

Әдепті бала – арлы бала.

Әдепсіз бала – сорлы бала.



Бала – мағынасына қарай жалпы,деректі зат есім,құрамына қарай негізгі,дара зат есім.

3) тур бойынша берілген тақырыптағы шығарған өлеңдері, ой-толғаныстары тыңдалады.


3. «Бетпе-бет» ойынында 1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап,3 топтан 3 оқушыны «Бетпе-бет» студиясына қонаққа шақырамыз.3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа алма кезек сұрақ қояды.Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады.

«Зат есім» тобынан келген қонаққа: «Атауыш сөздер деп қандай сөздерді айтамыз,деректі,дерексіз зат есімдер жайында айтсаңыз».

«Сын есім» тобынан келген қонаққа : «Сын есімнің шырайлары туралы айтсаңыз,сын есімнің маңызды белгілері қандай?»

«Сан есім» тобынан келген қонаққа : Сан есім туралы қызықты әңгіміелер айтсаңыз,қасиетті сандар туралы әңгімелессңіз.


4. «Мені түсін» ойынның шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ қояды.Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып,сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді
5. «Бірін-бірі тексеру» ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір-біріне сұрақ қояды.

«Зат есім» тобына

1.Жалпы,жалқы есім деген не? Мысалдар келтір.

2.Тыйым сөздерден зат есімді тауып,талдау жүргіз.

3.А әрпінен басталатын жалқы есімдер.



«Сын есім» тобына

1.Сын есімнің мағыналық түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.

2.Өлең жолдарынан сын есімді тауып, талда.

3.Бояумен сурет салып,сөзбен суретте.



«Сан есім» тобына

1.Реттік,жинақтық сан есімдер туралы не білесің? Мысалдармен дәлелде.

2.Билер сөзінен сан есімді тауып,талда.

3. Сан есімнен басталатын ұлттық ойын атауларын ата.


6. «Ән сала білесің бе?» Мәтін ішінде зат есім,сын есім,сан есім кездесуі керек.

Оқушылар «Саржайлау», «Сегіз аяқ» әндерін айтады.


7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Оқушы мүмкіндігіне қарай материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.
Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыстанады.166-жаттығу орындалады.

Алгоритмдік деңгей тапсырмасы
А,Т,С әріптерінен басталатын қатыстық сын есімдер табу қажет.
Алғыр Тапқыр Сулы

Арлы Төзімді Сабырлы

Арыстандай Тәртіпті Сезімді

Алмадай Тебеген Сезгіш

Аққудай Тиімді Сезімтал

Айтқыш Толық Сөзшең

Ақылды Таулы Сүзеген

Айлалы Тасты Сауықшыл

Ақылсыз Түнгі Сыншыл

Аққулы Тарихи Сазандай


Эвристикалық деңгей тапсырмасы.

«Егер мұғлім болсам ...», «Мектебім – мақтанышым» тақырыптары бойынша мәтін құрайды,ішінде зат есім,сын есім,сан есім түрлерін қолдануы керек.


Шығармашылық кезең

« Туған елім – Қазақстан» тақырыбында пікір таластыру,яғни ой-толғау немесе «Батырлар жырынан» үзіндіні жыр мақамымен айту,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасайды.


8.Үйге тапсырма

3 топ бір-біріне тапсырмалар береді.Тапсырма мақсаты : кітапханамен байланыс орнату.

І топ келесі сабаққа тест сұрақтарын дайындайды. «Мектеп тарихы сыр шертеді» тақырыбындамәтін құрап,есімдерге талдау жасау тапсырылады.

ІІ топ есімдік тақырыьына «Нені міндетті түрде білу керек?» сызба-кесте дайындайды. «Қайырымды бала деген кім?» ой-толғау,зат есім,сын есім,сан есімдерді тауып,талдау жасау керек.

ІІІ топ көркем сөз сазгері Ғабит Мүсіреповтың шығармалары бойынша «Менің сүйікті жазушым» ой-толғауы,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасау тапсырылады.Есімдердің мағыналық түрлеріне мысалдар дайындайды.

Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты : Білімділік.Сын есімнің мағыналық ерекшеліктерін таныту,жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.Тәрбиелік. Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу.Білім алуға,оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.Дамытушылық. Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігімен жұмыс рекеттерін дамыту.Тапқырлық,ізденімпаздық,алған білімдерін пайдалана білу қасиеттерні арттыру.

Сабақтың түрі: біліи,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.

Әдісі:түсіну,тану,қолдану,ой қозғау,ізденіспен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: сабақ эпиграфына алынған сөз,тірек-сызба плакат,үлестірмелі қағаздар,тірек-сызба кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,әдеп,бүгінгі өмір.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақты әдеттегідей бір оқушы өлең жолдарымен бастайды.

Қазақ тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаның да бас иетін,

Тілің ұлттық қасиетің.



Кіріспе сөз.

Досымыз түгіл,дұшпанымыз да бас иетін,ұлттық қасиетімізден саналатын тіліміз туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Өтілген тақырыпты еске түсіру.

Сын есімнің жасалу жолдары туралы сұралады.Үйге берілген жаттығу,қосымша талдау жұмыстары тексеріледі.

3.Жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

Сабақтың эпиграфына алынған сөзбен жұмыс.

«Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға,бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда». (Абай)

- Сөздерден сын есімді тап.

- Адамның қандай қасиеттері көрсетілген? Оқушы жауабы тыңдалады.

Сезімді,білімді,талапты адамның түсінетіні де,көретіні де мол болатындығын сөз етеді.



Сын есім

Жақсы сөз Сөзшең адам

Сапалық Көкшіл мата Қатыстық Алғыр бала

Жүйрік ат Тоғайлы өңір


Сызба бойынша сапалық сын есім негізгі түбірден және туынды сын есімнің шырайларынан жасалатындығын,ал қатыстық сын есімнің басқасөз таптарынан жасалатындығын оқушылар өздері қорытып айтады.

4.Сын есімнің маңызды белгілерін,мағыналық ерекшеліктерін,түрлерін дәлелдеу.

Оқулық бойынша берілген жаттығуды орындау.

146-жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату

148-жаттығу бойынша топтық тапсырма.

І топ. Сын есімдерді мағыналықтүрлеріне ажырату.

ІІ топ.Мәтінге ат қою.Ертегіні ары қарай жалғастыру.

ІІІ топ Сын есімдерге кешенді талдау жасау.

Ескі – сын есім.


  • негізгі сын есім

  • сапалық сын есім

  • синтаксистік қызметі (анықтауыш).

Пайдалану.Бүгінгі өмірмен байланыс.

Жақсылық

Күнгей

Тіршілік Әділдік



Көлеңке  Зұлымдық
Тіршілікте жақсылық пен жамандық атаулы қатар жүретіндігі,олар арқылы адамның қасиеттері көрінетіндігін әңгімелеуге ықпал етіледі.Ондай қасиеттердің бәріне «Қандай?» деген сұрақ қойылады.

«Менің досым кім?» Оның қандай қасиеттері бар?

(Оқушылар әдепті,салмақты,биязы,дөрекі,қатал т.б. сынды сөздерді қатыстыра шағын шығарма жазады)

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма: сурет,үлестірме қағазбен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс

Жақсы сөз – Жарық сәуле

Сыпайы адамнан тек жақсы сөз,жақсы іс қана шығып тұрады.

Инабатты

Қандай адам

Сыпайы
Әдепті,ақылды,инабатты сөзін қатыстыра сөйлем құрау.



Жинақтау.

Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі.

1.Тіліміздің дәрежесін көтеру үшін.

2.Сөз байлығын,сөздегі қорымызды көбейтеді.

3.Жақсы мен жаманды,дәмді мен дәмсізді ажырата білуге,талғамымыздың,жақсы қасиетіміздің қалыптасуына әсер етеді.

Сөзімізді сын есімнің мағыналық түріне қарай талдау жасаймыз.

Дәмді – қатыстық сын есім

Жақсы – сапалық сын есім.



Қорытындылау: Мен бүгінгі сабақтан не алдым? (Оқушы пікірі тыңдалады)

  • Мен сын есімнің мағыналық түрлерін білдім.

  • Сапалық және қатыстық сын есімдерінің жасалу жолын,айырмашылығын білдім.

Оқушыларға ой салатын,қозғау салатын тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

«Абайдың аңсағаны қандай азамат?»


Көкірек берік болу

Үлгі алу, көңілденіп, тұщынып,

ынтамен ұғу



қайтарып,

ойланып,


көңілге,

бекіту


Кеселді

нәрселерден

қашық болу

Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себебі

1

2


3


4
Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. Сын есімдерді қатыстыра сөйлем құрау,талдау. 155-жаттығу.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Өзгелік етіс

Сабақтың мақсаты: білмділік – оқушыларға етістіктен өткенді қайталай отырып етістіктің категориясын меңгерту; дамытушылық – етіс түрлеріне тоқталу,жасалу жолдарын көрсете отырып айырмашылықтарын айқындау; тәрбиелік – жаңа технологияны қолданып білімдерін көтеру.

Әдісі : деңгейіне қарай дамыта оқыту.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі : таблица,карточка,семантикалық карта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге «Етістер», «Өздік етіс» деген тақырыптарды оқып,240-жаттығу орындауға берілген.(Өлеңді оқып,өздік етістерінің қалай жасалғанына көңіл аударыңыздар.Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.)

Үй тапсырмасын тексеріп,оқушыларға оқытқызамын.

Үй тапсырмасын қорытындылау.


Етістіктің түрлері

Тұлғасына қарай

негізгі: кел,бар

туынды: шегеле

Құрамына қарай

Дара: айтты

Күрделі: айтып барған

Мағынасына

қарай

Тұйық : көру, бергізу, нақтылау

болымды:кел,бар

болымсыз: келме



барма


Салт: жүр,ер,байла,

Сабақты: ата,көр, тап,ек



өздік етіс: көрінді

өзгелік етіс: айтқызды

ортақ етіс: сөйлесті

ырықсыз етіс:айтылды







Етіс

Қимыл мен орындаушының арасындағы байланыс



Өздік Тара-н-ды

Қимыл иесі істі

өзі атқарады.

Не істеді?

Не қылды?

Асан жуынды.

Өзгелік

Оқы-т-ты

Қимыл иесі істі

біреуге орындатады.

Не істетті?

Не қылғызды?

Сурет салғызды.

Ырықсыз

Жина-л-ды

Қимыл иесі айтылмайды,

бірақ іс орында-

лады.


Не істелінеді?

Не қылынды?



Сурет ілінді

Ортақ

Тер-іс-ті

Қимыл иесі

бірнеше адам

болады.


Не қылысты?

Олар тасысты



ІІІ.Жаңа сабақтың материалын баяндау.

Өзгелік етіс қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі,яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект,қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп,белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар мыналыр: 1) –ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: отырғыз,жүргіз; 2) –дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: салдыр; 3) –т: жасат,сөйлет.

Өзгелік етісті сөйлемде қимылды,іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады:бірі-сол қимылды орындатушы.Мысалы: Мектеп айналасына ағаш отырғызылды.Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.Айнұр Омарға кітап оқытты,мазмұнын айтқызды.

IV.Оқулықпен жұмыс.241-жаттығу.Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жаса.

Үлгі: көбей-т-тір,ойлан-дыр,оқы-т-тыр.

V.Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгейдің тапсырмасы.242-жаттығу.Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып,олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: тарт-тыр-ып.

2-деңгейдің тапсырмасы.Терме диктант.Берілген мақал-мәтелдерден өзгелік етістерді теріп жаз.

1.Ер өтірік айтпайды, 2.Ер асылық айтпайды, 3.Ақыл көпке жеткізер, 4.Өзен,су көлге жеткізер,

Жоқтық айтқызады. Тоқтық айтқызады. Өнер көкке жеткізер. Соқпақ жолға жеткізер,

5.Ақылды адам айтқызбай білер, 6.Ашу шабыстырады, 7.Елдестірмек елшіден, Жол молға жеткізер

Ақ сұңқар қаққызбай ілер. Ақыл табыстырады. Жауластырмақ жаушыдан.

3-деңгейлік тапсырма.Өлең шумақтарынан өздік етісті тауып,өздік етісті тауып,өзгелік етіске айналдырып,

сөйлем құраңдар.

1.Ағашқа қонып,қаранып, 2.Ісіндің,кебіндің, 3.Төсі төмен салынған,

Қанатын,жүнін таранып, Сонда да не пайда? Бауыры ішке алынған

Болмақшы еді мәз-мейрам. Түрі жат өгіздің, Шоқтығы озат көрінген

Сен қайда,ол қайда? Қатар тұрған нарыннан.

Құлан дерсің мүсінін

Қарап тұрсаң алдынан.

Отан қорғар ұлымның

Мінеріне осы ат

Лайық деп танылған.

4-деңгей.1.Етістерді қатыстырып «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбына ой-толғау жаз.

2.Семантикалық карта


Етістіктің

түрлері
Сөз тіркесі


Сабақты

Салт

Өздік етіс

Өзгелік етіс

Жыр айтқыз

Шөпті баспа

Сабақтан шықты

Білімін толықтырды

Жұртты сөлетпеді

Жерге төкті

Үйге жатқызды

Сөзді ұғу

Үйді тазалатқыз

Сабағын оқыттыр



+

+

+



+

+

+



+

+



+




+

+

+


+

+




VI. Қорытындылау сұрақтары.

Етіс дегеніміз не? Өздік етіс дегеніміз не? Өзгелік етіс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.


VII. Үй тапсырмасы. 243-жаттығу. Берілген өзгелік етістерді қолданып сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.

Үлгі: Жыр айтқыз.Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қос сөз.Қайталама қос сөз

Сабақтың мақсаты: білімділік – қос сөз,қайталама қос сөз туралы түсінік беру; тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа әтрбиелеу; дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін,таным,қабілетін,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: проблемалық әдісті қолдана отырып,деңгейлік тапсырмалар беру.

Көрнекілігі:жаңа сабақ туралы кесте,үлестірмелі қағаз,техникалық құрал.

Жаңа сабақ. «Қос сөз.Қайталама қос сөз» көрнекілігін пайдалана отырып түсіндіру.

Күнделікті өмірмен байланыстыру «Менің тілім – сатылмайтын байлығым» атты апталық жүріп жатқанын

тіл біздің байлығымыз,ұлтымыздың белгісі екенін айту.

Тіл дегеніміз не? Оған қандай анықтама берер едің?



Тірек сызба арқылы мемлекеттік тілге түсінік беріледі.


Осы тірек сызбадан қос сөзді таптыру.



(ата-бабамыз)

Каталог: uploads -> doc -> 058c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
058c -> Lesson study туралы ой-толғаныс
058c -> Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау Сабақтың мақсат-міндеттері а білімділік
058c -> Сабақ Пәні Физика, 10 сынып, жаратылыстану математикалық бағыт. Панорамалық сабақ -сабақ интерактивтік тақтамен өткізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет