Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру



бет16/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,23 Mb.
#6006
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

V. Жаңа сабақты қорыту.

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімнің сұрақтарын айт?

3.Деректі зат есім дегеніміз не?

4.Дерексіз зат есім дегеніміз не?

5.Жалқы есім дегеніміз не?

6.Жалпы есім дегеніміз не?

(Осы сұрақтар негізінен оқушыларға ереже қорытқызуға болады.)



VI. Бағалау. (Топ жетекшілерінің есебі бойынша жүргізіледі.)

VII. Үйге тапсырма.

Жүргізуші.

Күнделікті енді ашайық,

Тапсырманы тізіп жазайық.

Зат есімнен алған білімді,

Ұмытпай еске салайық.

«Біздің сыныпта» деген тақырып бойынша үйден әңгіме жазу

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Диктант «Алатау сұлулығы»



Сабақтың мақсаты,Міндеттері:білімділік – : Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту сын есімнен өткен тақырыптарды қалай меңгергендігі туралы байқау,толықтыру; дамытушылық – түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,сауатты жазуға дағдыландыру;тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдәсі: сұрақ-жауап,талдау,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиеторыс тілі,математика.

Сабақтың түрі : білімді жүйелеу,жинеақтау,іздендіру,қайталау.

Көрнекілігі: қоржын,асықтар,карточкалар,тірек сызбалар,қима қағаздар,тест,суреттер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерден үй жұмысын тексеру.

Сапалық,қатыстық сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрау: көкшіл,ащы,жап-жасыл,

өнерлі,білімді,аттылы.

ІІІ.Өткен тақырыпты қорыту.Сұрақ-жауап алу.

-Оқушылар,мына қоржынның ішінде бірнеше асықтар бар.Сол асықтар нөмірмен белгіленген.Нөмір бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Сөз табы деген не?

3.Зат есім деген не?

4.Зат есімнің қандай түрлері бар?

5.Сын есім деген не?

6.Сын есімнің қандай түрлері бар?

- Білімдерімізді толықтыру үшін «Топтастыруды» орындап жіберейік.

негізгі туынды


дара күрделі


қатыстық сапалық
- Кәне,оқушылар,ішінде сын есімі бар бір сөйлем құрайықшы.

VI. Жаңа сабақ. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту Тақырып атын,күннің жадын дәртерлеріңе жаздырту.Жаттығу,ойын түрлерін жүргізіп,орындату.


    1. 150-жаттығу (жазбаша).Мәтінді дауыстап оқу. Мазмұнын әңгімелеу.Сын есімдерді тауып,өзінің тіркескен сөзімен бірге теріп жазу. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту мақсатымен Синтаксистік талдау жасау

    2. «Графикалық диктант»

Жазғы үй

Сары ырым

Ауыр бала

Биік дауыс

Жаман балапан

Әдепті демалыс

Көтеріңкі жүк

    1. 151-жаттығу(ауызша орындау).Өлеңді мәнерлеп оқу.Құрамынан сын есімді тауып,өлеңге қандай мағына беріп тұрғаннын атау.

    2. «Біліміңді шыңда»

Үш оқушыны тақтаға шығарып талдау жұмысын орындату.Отырған оқушылар басқа сөзді алып талдауларын тапсыру.

1) Септікке талдау 2) Дыбыстық талдау. 3) Математикалық талдау.



Оқушы Қоңыз дымқыл.

Диктант «Алатау сұлулығы»



VI.Қорытынды.Бағалау,мадақтау.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құрамы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Қазақ тілінің сөзік құрамы туралы түсінік беру.Дағдыларын,машықтарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық.Өткен сабақтардан алған білімдерін қайталауға арналған әр түрлі жаттығулар арқылы балаларды тез ойланып,жауаптарын тиянақты,жүйелі айта білуге дағдыландыру.Мәнерлеп оқуға баулу.Ізендіре отырып,шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік.Қазақ халқының өмірінен елес беру.Ой қиялын өз өрнегімен бере білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе,қазақ тілінің сөздік құрамы жазылған кесте,сурет,бейнетаспа,т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,талдау-жинақтау,сұрақ-жауап..

Пәнаралық байланыс: әдебиет,сурет өнері,халықтық педагогикамен байланыс.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру.Сыныптағы оқушыларды түгендеп,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.

1.Тест жұмысы арқылы оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру,бағалау.

2.Сұраулар қоя отырып,өткен тақырыптағы ережелерді қайталау,мысалдар келтіру.

* Лексика дегеніміз не?

* Омоним,антоним,синоним

* Тұрақты сөз тіркесі

* Мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмашылығы

* Айтылған мақал-мәтелдеріңді аяқтап айт.

1.Батырға да ...

2.Айдағаның бес ешкі ...

3.Еңбек етсең ерінбей ...

4.Оқу инемен ...

* Сөздік қор
ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» демекші Жүсіп Баласағұнның сөзін еске түсірелікші:

«Ақылдың көркі – тіл,тілдің көркі – сөз».Ғ.Мұстафин аталарың «Жалғанда не терең? Сөз терең.Не сұлу? Сөз сұлу.Не өткір? Сөз өткір» демеп пе еді.Ендеше даналарымыз айтқан сұлу,терең,өткір сөздің,яғни қазақ тілінің сөздік құрамы қандай екен соған назар аударалық.

Мына үлкен жайқалып өскен емен ағашына назар салайықшы.Жерден нәр алған тамыры мен діңгегі сөз болса,ал бұтақтары сол сөздің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады екен.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де,кірме сөздер де,кейін пайда болған жаңа сөздер де,дталектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.


IV.Алған білімдерін тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс.Ережені оқушылардың оқуы.


2.Жаттығу жұмысы.

145-жаттығу.Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап,сонан соң сөйлем құраңдар.



Мен жазда өзенге көп шомылдым.Сендерге хайуанаттар бағын ұнататындар бар ма?Біздің ауыл маңында ағаштар қалың өседі.Айжан жолдасына кітап берді.Таңертең күн шайдай ашық болып еді,кешке қатты өзгерді.

А тобына. 145-жаттығудан бірінші сөйлемді басшылыққа ала отырып шағын мәтін құрастырып жаз.Мәтіннің түрін ата,тақырып қой.

Ә тобына.Сөйлем ішінен тек заттың атын білдіретін сөздерді көшіріп жаз,сұрақ қой.

146-жаттығу.Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру.Мәтінге ат қою.


V.Шығармашылық жұмыс.
Үйге тапсырма беру: а) ереже жаттау; ә) 144-жаттығу.


Тоқсандық,жылдық білімдерін бақылау мақсатындағы тест тапсырмалары.
Күні:

Аты-жөні:



1. Біріккен сөзді белгіле:

1) ашық 2) кәсіпорын 3) отыз 4) балдырған



2.Қос сөзді белгіле.

1) қаптесер 2) балықшы 3) домбыра 4) жан-жануар



3.Тіркесті сөзді белгіле.

1) ата-ана 2) ауа райы 3) балапан 4) шаруашылық



4. Одағай сөзді белгіле.

1) бәрекелді 2) жазбаймын 3) селк етті 4) сайын



5.Дерексіз зат есімді белгіле.

1) қарындаш 2) парасат 3) жиырма 4) ақкөңіл



6. Туынды сын есімді белгіле.

1) жақсы 2) денелі 3) таза 4) терең



7.Болжалдық сан есімді белгіле.

1) екеу 2) екіден 3) алтыншы 4) жүздей



8.Сілтеу есімдігін белгіле.

1) мынау 2) барлық 3) біз 4) әркім



9.Туынды етістікті белгіле.

1) тазала 2) сөйле 3) көрді 4) отыр



10. Өзгелік етісті белгіле

1) киінді 2) терісті 3) салдырды 4) жасалды



11. Ортақ етісті көрсет.

1) оқыт 2) таранды 3) сөйлесті 4) төселді



12. Есімшені белгіле.

1) айтса 2) келіпті 3) оқыған 4) барма



13.Көсемшені белгіле

1) айтқан 2) жүріп 3) болар 4) оқыту



14.Үстеуді белгіле

1) аңшы 2) жоғары 3) жақын 4) отыз



15.Еліктеу сөзді белгіле

1) ақырын 2) сарт-сұрт 3) алақай 4) сайын



16. Септеулік шылауды белгіле

1) әттең 2) кейін 3) төмен 4) әсіресе



17.Туынды зат есімді белгіле

1) қақпа 2) қалың 3) төмен 4) достық



18.Жинақтық сан есімді тап

1) екінші 2) оннан 3) төртеу 4) жүздеген



19.Бейнелеуіш сөзді белгіле.

1) сарт-сұрт 2) жалп етті 3) үлкен-кіші 4) ала жаздай



20.Сапалақ сын есімді тап.

1) тасты 2) сулы 3) бірнеше 4) таза




6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Ауызша тілдің нормасы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика Тұлпар шаба жетіледі

элементтерін қолдану : Сұңқар ұша жетіледі.

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Әдеби тілдің нормалары дегеніміз не?

2.Мәтін дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді.Оның бірі – ауызша тіл,екіншісі – жазбаша тіл.Ауызша тіл үй іші,отбасында ғана емес,теле-радио хабарларында,жиын-жиналыстарда сөйлеу,адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі,диалог арқылы,мұғалімнің сабақ түсіндіруі,оқушының жауабы және т.б. арқылы көрінеді.Әр түрлі кітаптар,көркем шығармалар,оқулықтар,газет-журналдар,ғылыми еңбектер және т.б. жазбаша тіл арқылы беріледі.Ауызша,яғни сөйлеу тілінің өз нормалары болады.Ауызша тілдің нормалары орфоэпиялық нормалар деп аталады.Онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуындағы бірізділік,үндестік сақталып отырады.Мысалы, Ақ үйден шыға келді әнші жігіт деген сөйлем орфоэпиялық норма бойынша: Ағ үйдөн шыға гелді әнші жігіт болып ыйтылады.Екінші сөздегі бірінші ү дауысты дыбысының әсерінен алдыңғы ақ сөзінің соңғы қатаң қ дыбысы ұяңданып,ғ болып,үйден деген сөздің бірінші буынындағы ү деген еріндік дауысты дыбыстың әсерінен шығыс септіктің жалғауындағы (-ден) езулік дауысты е еріндік ө дыбысына айналып, үйдөн болса,келді деген сөздің бірінші к дыбысы алдыңғы сөздің соңғы дауысты а дыбысының әсерінен ұяңданып, г болып (гелді) айтылады.Ал жазуда ол ескерілмейді,орфографиялық норма негізінде жазылады.Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпиялық сөздіктерде беріледі де,дұрыс жазылуы орфографиялық сөздіктерде көрсетіледі.



Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу. Тіл туралы жазылған бір мәтінге орфографиялық, орфоэпиялық нормалар бойынша талдау жасаңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Баланың тілі,ең алдымен,ана тілінде шығады дейміз.Осының себебі туралы ойланып,пікірлеріңді айтыңдар.

2.Ана тілі деген ұғымды сен қалай түсінесің: ол сені дүниеге әкелген ананың тілі ме,әлде өзің өкілі болып саналатын халқыңның тілі ме?

3.Ана тілі арқылы нені үйреніп,білесіңдер?

4.Мәдени және рухани байланыс дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Ана тілінде білім,тәрбие алу дегенді қалай түсінесіңдер?

6.Ана тілін білмеген адам туған халқын,Отанын,елін сүйе ала ма?

7.Ана тілінде бізге көнеден жеткен даналық,шешендік,ерлік,елдік өнер,білім туралы қандай сөздерді (шығармаларды) білесіңдер?

8.Ана тілінің қадір-қасиеті туралы өз ойларыңды жазыңдар.

9.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенді қалай түсінесіңдер?



Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кітаптар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет , тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әдеби тілдің өмір сүріп,дамуы,қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты.Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін,мысалы,нормалық,жүйелік сипаттарын,дамуын,қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екенін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырамыз.Ол мысалдар жеке сөйлемдерғана емес,үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді.Әдетте ондай үзінділерді мәтін деп атайды.Яғни, мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасыының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,

Олардағы ойлар жинақталып келіп,автордың (жазушының,ғалымның,зерттеушінің және т.б.) белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.Ол көркем шығарма да,публицистикалық шығарма да,

Ғылыми әдебиет те болуы мүмкін.Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым саласына,мысалы,биология,астрономия,экономика,медицина,химия,математика,тіл білімі,тарих,әдебиет,физика,техника және т.б. қатысты болып келеді.

Мәтіннен әдеби тілдің сөздік құрамын,сөз байлығын,сөз қолданылуыныңмағыналық ерекшеліктері,арнайы сөздердің,терминдердің,жаңа сөздердің,жергілікті сөздердің,басқа тілден сөз алу,тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылу сипатын көріп,айқындаймыз.
Жаттығумен жұмыс : 4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай ұғымды білдіретінін,яғни мағынасын анықтаңдар.
Кітаппен жұмыс: 7-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып,ондағы орыс тілінен енген сөздерді атаңдар.Мәтіндегі ой бөліктерін анықтаңдар.Мәтінде қай жылдардағы оқиға көрініс тапқан?

Орыс сөздерінің ену себебін айтыңдар


Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Сөз дегеніміз не? т.б.
Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 6-жаттығу.Байырғы түбір сөдерді,жұрнақ арқылы жасалан сөздерді,сөздердің бірігуі,қосарлануы,тіркесуі арқылы жасалған сөздерді баған-баған бойынша бір-бірінен ажыратып жазыңдар.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің түрлері.Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: а) білімдік — зат есім,зат есімнің түрлері туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабағы.

Сабақтың типі: жаңа сабакты меңгерту.

Сабақтың әдістері: сын түрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: схема, теледидар, кадоскоп

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру.



  1. Сөз түрлерін атаңыз.

  2. Атауыш, көмекші, одағай сөз дегеніміз не?

  3. Төмендегі сызбаны толтырыңыз.





  1. Жекелеген оқушыларға кеспе қағазы беріледі.

  2. 116-жаттығу тексеріледі.

III. Қызығушылығын ояту кезеңі.

  1. "Ой шақыру" мақсатында топта отырған әр оқушы зат атауларын жазады.

  2. Жұптасып жазған мысалдарын бір-біріне оқып, толықтырады.

  3. Топта әр жұптан бір оқушы топтың ортақ келісілген мысалдарын сыныпқа оқиды.

Мұғалім тізбектеп оқушылардың мысалдарын тақтаға жазады.

Зат атаулары




Әнші

Ата-ана


Қазақстан

Шолпан


Астана

Бөлме

Ағаш

Қағаз


Парасат

Мал


Ұшақ

«Айгөлек» журналы

Мектеп

Ілгек


Журнал

Жетіқарақшы

Мемлекет

Қалам


Теңіз

Кісі


Қала

Тайбурыл


Күй

Асқар




ІV. Мағынаны ашу кезеңі .

  1. Тізбектегі мысалдарды топтастырамыз. Жалқы, жалпы зат есімнің ережесін

оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз.

Қала Асқар

Кісі Астана

Ұшақ Шолпан

әнші Жетіқарақшы

ағаш Тайбурыл

ата-ана Астана

бөлме «Айгөлек» журналы

қалам


  1. Таблица толтырылады.




Жеке заттарға атау
Жалқы есім

Ұқсас, жалпы заттарға берілген атау

Жалпы есім



дара


күрделі

дара

күрделі

Астана
Мұхтар
Зерде

Қазақстан

Республикасы

"Абай жолы"

романы


Абылай хан

даңғылы


Қала
Жазушы
Көше

Кемпірқосақ
мәдениет үйі
ата-ана

. Бақылау жұмысы

VI. Үйге тапсырма. Темендегі сүрақтарға жауап жазып
келу тапсырылады.

  1. Сенің жолдастарың кімдер?

  2. Қандай газет, журнал, кітап оқисың?

  3. Қандай елді мекендерді білесің?

  4. Қандай озен, кел, теңіз аттарын білесің?

  5. Қандай ірі қалаларды білесің?

  6. Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?

  7. Сіздің үйде кімдер тұрады? Олардың аты-жөнін толық жазып көрсет.


6 - сынып Қазақ тілі

Каталог: uploads -> doc -> 058c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
058c -> Lesson study туралы ой-толғаныс
058c -> Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау Сабақтың мақсат-міндеттері а білімділік
058c -> Сабақ Пәні Физика, 10 сынып, жаратылыстану математикалық бағыт. Панорамалық сабақ -сабақ интерактивтік тақтамен өткізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет