Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік



Дата07.05.2017
өлшемі101,42 Kb.
#15766
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан


Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру.
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: жаңа сөздер мен мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, Отанын қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сұхбат, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, мемлекеттік рәміздер, туған жер, Отан туралы қанатты сөздер, аударма сөздіктер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, әнұранды орындау.
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
б) Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін түсіндіру.

ІІ. Ой – шақыру


- Бүгінгі сабағымызды қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңімен бастайық. Мұқият тыңдаңдар.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті үнін сүйем...

- Бұл өлең не туралы?

- Туған жер, отан туралы
- Отан деген не?
- Отан деген адамдардың туып - өскен жері
- Сендер қай жерде, қай мемлекетте туып өстіңдер?
- Қазақстанда
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:”Қазақстан – Менің Отаным”

IIІ. Жаңа сабақ

1. Мағынаны тану

а) Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл




  • Қазақстанда қандай халықтар тұрады ?

  • Ассамблея деген нені білдіреді ?


Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республика-сының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйымдастыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. 
Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.


ә) Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл


  • Конституция туралы не білесіңдер ?


Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республика-сының Ата Заңы. Ағымдағы  Конституция  1995 жылы  30 тамыз күні жалпы-халықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер




2. Мәтінмен жұмыс



Берілген сөздерден сөйлем құрастыру:
• 1. Менің, жерім, туған, Отаным, Қазақстан
• 2. Республикасының, Қазақстан, азаматымын, мен.
• 3. Еліміз, бай, біздің.
• 4. Қазақстан, ел, мәдениетті, білімді.
• 5. Мен, мақтан, өз, етемін, елімді.
• 6. Біздің, Қазақстан, Отанымыз.


3. Ой – толғаныс
а) Кроссворд
Тігінен: Біздің Отанымыз қалай аталады ?
Көлденеңінен: 1.Қазақстан халықтарының этностық ұйымының атауы

2.Конституция деген не ?

3.Қазақстанның елордасы

4.Қазақстан қандай мемлекет ?

5.Елбасының тегі






Қ







1.

А

С

С

А

М

Б

Л

Е

Я

2.

З

А

Ң







А




Қ

3.

А

С

Т

А

Н

А







4.

Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З







А







5.

Н

А

З

А

Р

Б

А

Е

В


ә) Ойын: «Қазақстан қалалары»
ау, ау – Атырау ты, ты – Алматы ды, ды – Қарағанды

аз, аз – Тараз да, да – Қызылорда ай, ай – Қостанай

тау, тау – Көкшетау на, на – Астана ей, ей – Семей

ған, ған – Талдықорған ент, ент – Шымкент ал,ал – Орал

дар, дар – Павлодар мен, мен – Өскемен бе, бе –Ақтөбе
4. Жеке жұмыс Тест жұмыстары:


1. «Отан» дегеніміз не?
а) адамның туып - өскен жері
ә) ұнайтын мемлекет

2. ҚР жер көлемі қандай?
а) ұлан байтақ
ә) кішкентай

3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а) 1990ж.
ә) 1991 ж.


4. ҚР рәміздерінің қатарын көрсет:
а) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә) ту, елтаңба, әнұран


5. Мақалды аяқта:
Отансыз адам -...
а) ормансыз бұлбұл
ә) сусыз гүл

IV. Сабақты қорытындылау.

«Қазақстан» бізге не болады?»




Отан

үйіміз



Қазақстан



халқымыз




еліміз





жеріміз

достығымыз

бақытымыз

Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет