Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушылар дың өсімдікт ер туралы білімдерін тиянақтап тереңдету



Дата27.07.2017
өлшемі68,52 Kb.
#22056
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шипалы өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты: 
Білімдік: Оқушылардың өсімдіктер  туралы білімдерін тиянақтап тереңдету.
Дамытушылық Оқушылардың өсімдіктер туралы   дүниетанымын қалыптастыру. 
Тәрбиелік:  Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Сайыс  сабақ
Сабақтың әдісі: Жазбаша, сұрақ – жауап, ізденіс 
Сабақтың көрнекілігі: Слайдар, интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі материалдар 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру ,психологиялық тренинг  ,топқа бөлу.   
ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (5 мин ) Мұғалім топтарға 10 сұрақтан сауал қояды 
ІІІ. “Сіз білесіз бе? ”  ( 5 мин)  Дүниедегі ең, ең  (сауалғы тапсырмалар) 
IV. Орнын тап  \сызба толтыру үлестірмелі материал таратылады
V. Шығармашылық жұмыстар. 3 топтан  бір-бір оқушы шығып өздерінің зерттеген дәрілік өсімдіктері жайлы мәлімет  береді.
VІ. Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар  (Әр топ 5 жұмбақ) 
VІI. Іздеу ұйымы. Әрбір топқа жеке конверт беріледі. Конверт ішінде өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі бар.Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, артындағы сұраққа жауап беру.
VІІI. «Жоғалған сөзді тап» әр топқа 5  тапсырма
Х. Сөзжұмбақ құрастыру
ХІ. Биологиялық эстафета.
ХІІ. Үйге тапсырма   
ХІІІ. Оқушыларды марапаттау 
І. Ұйымдастыру бөлімінде  сынып оқушылары  3 топқа бөлінді:




«Жемістер» тобы

«Көкөністер» тобы

«Жидектер» тобы

 

 

 


ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (3 мин ) Мұғалім топтарға 6 сұрақтан таратады


  1. Вегетативті мүшелер өсімдікке нені береді? (өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу)

  2. Табиғатта тіршілігін сақтап  қалу үшін өсімдік мүшелері әр  түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделеді (Ол түр өзгеріс (метаморфоз) деп аталады. Мыс.: кіндік тамырлы-асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс)

  3. Органикалық тыңайтқыштар? (қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы)

  4. Өрмелгіш сабақты өсімдіктер? (асбұршақ, жабайы бұршақ т.б.)

  5.  Сабақтың түрлерін ата? (Тік сабақ, шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған, жатаған (желі-асқабақта, мұртша-құлпынайда)

  6. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты (өркен) дейді

  7. Көп жылдық  өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктері мен қосалқы бүршіктері ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол қандай бүршік? (бұйыққан бүршік)

  8. Ашылмаған гүл? (гүлшанақ)

  9. Бүршіктің ішкі құрылысы (қабыршақ,бастапқы жапырақ, өсу нүктесі, бастапқы сабақ)

  10. Минералды тыңайтқыштар (фосфор,калий,азот)

  11. Жемтамырлардың түрлері (асханалық, техникалық)

  12. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен (тамырсабақ)

  13. Сабақтың түбінде жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркен ұшындағы бүршік (түйнек)

  14. Жылдық шеңберден қандай құбылысты байқауға болады? (Ағаштың жасын)

  15. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы (20-30 см сағатына)

  16. Өзек қандай мінднт атқарады? (қоректік заттар өзек сәулелері арқылы  сабақтың  барлық қабаттарына жеткізіледі)

  17. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты (түзуші)

  18. Пиязшықтың құрылысын талдап беріңіздер (түбіртек (қысқарған сабағы), сыртқы кебу қабыршақтар, ішкі шырынды жапырақтары, төбе қолтық бүршіктері)

ІІІ. “Сіз білесіз бе? ”  ( 5 мин)  Дүниедегі ең, ең  (сауалғы тапсырмалар)

  1. Ең ұзын шырмалғыш өсімдік (Лиана)

  2. Таза ауа индикаторы (Қына)

  3. Ең тез, жылдам өсетін өсімдік (Бамбук тәулігіне 1 метр өседі)

  4. Дүниедегі ең биік ағаш (Эвкалипт)

  5. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен 2000 жыл)

IV. Орнын тап  \сызба
V. Шығармашылық жұмыстар. 3 топтан  бір-бір оқушы шығып өздерінің зерттеген дәрілік өсімдіктері жайлы мәлімет  береді.
І топ –қалақай; ІІ топ- итмұрын; ІІІ топ- таңқурай

 VІ. «Мен –саған, сен –маған» Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар  (Әр топ 5 жұмбақ) 


І топ ІІ-ші топқа жұмбақ шешкізеді, ІІ-ІІІ, ІІІ-І   және қосымша мұғалім оқиды

Қар астында қыстайды


Ақ пен бүркіп тыстайды (Бәйшешек)

Өзіне шап-шақ,


Киген қалпағы аппақ
Балалар тұр қаптап (Бақбақ)

Тіршіліктің қуатын, 


Өз бойна жинайтын 
Жинай-жинай азықты,
Адамзатқа сыйлады (Өсімдіктер)

Дәні алтын, асырайды халқын (Бидай)

Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)

Ұстарамен алынбас,


Ұйысып тұрған қалың шаш ( Егін )

Екі жағы бүртік,


Ортасы сызық. ( Бидай )

Жер астында ақбоз ат,


Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың.  ( Пияз )

Домалақты, көміп қойдым сығалап,


Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ. ( Картоп )

Аласа талда алуан алма,


Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ )

Шақырсаң өздігінен бара алмайды, 


Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң қанамайды. ( Ағаш )

Тікен, тікен тік пісте,


Қысы-жазы бір түсте. ( Шырша )

Жиып қойсаң анасын, 


Жеуге болар шикідей,
Бұл іске қайран қаласың. ( Күнбағыс )

Қырға кілем жайдым.      ( Қызғалдақ )



VІІ. Іздеу ұйымы. Әрбір топқа жеке конверт беріледі. Конверт ішінде өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі бар. Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, артындағы сұраққа жауап беру.
Тамырсабақ_пен_тамырдың_айырмашылығы_Картопта_–_Түйнек_пен_тамырдың_айырмашылығы_Інжугүлде-Өсу_бүршігімен_гүл_бүршігінің_айрмашылығы'>Бақбақта – Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы
Картопта – Түйнек пен тамырдың айырмашылығы
Інжугүлде-Өсу бүршігімен гүл бүршігінің айрмашылығы

Сабаққа'>VІІI. «Жоғалған сөзді тап» әр топқа 5  тапсырма

І топ                    VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

1)Сабаққа бүршік, гүл,  жапырақ жеміс бекінеді

2)Өзек сабақтың ортаңғы қабаты

3)Сабақ өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады


4)Сабаққа бүршік,жапырақ, жеміс бекінеді
5)Сабақ арқылы қоректік заттар.қозғалады, органикалық заттар қорға жиналады көбеюге  қатысады

ІІІ топ                          VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

11)Күріштің тамыры  шашақ тамыр


12)Тамырсабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық. Тамырсабақ өркені 
13)Фосфор  өсімдіккте жетіспесе  жемістің тұзәлуі баяулап, салмағы кемиды 
14)Өсімдіктің көбею мүшелері генеративті 
15)Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде бөліне бастайды ..өсу.бөлімі

ІІ оп                      VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

6)Тік сабақ – жүгері, бидай, терек, емен, қайың өсімдіктерінде кездеседі


7)Жатаған сабақ – өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады, мұртшалары болады. Асқабақ, қияр, қарбыз, қауынт өсімдіктерінде болады 
8)Шырмалғыш сабақ  нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды. шырмауық,  құлмақ өсімдіктерінде кездеседі 
9)Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке  ұқсаған жасушаларды жасымықша  дейді 
10)Тамыр бөліміне кірмейді тамыр оймақшасы

 

Ембі қалалық №7 қазақ орта мектебі



«Жарқын болашақ»

Дарынды балаларға арналған жазғы демалыс лагері.



Тақырыбы: Шипалы өсімдіктер

Өткізген: тәрбиеші Тогимбаева Б.Ж.

2015-2016 жыл.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет