Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушының өнер тарихы пәнінен өз ойын еркін айтып, жеткізуге үйрету



Дата24.08.2017
өлшемі35,09 Kb.
#25754
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанры

1.Бейнелеу өнерінің түрлері.

2.Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Машықтық жұмыс: 1.Конспекті жазу. 2.Көрнекті материалдармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушының өнер тарихы пәнінен өз ойын еркін айтып, жеткізуге үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушылардың тазалыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың өнер тарихы пәнінен ой – өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: топтық

Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: қалың бетті дәптер, қалам, күнделік.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын тексеру

III.Жаңа сабақ

а)теориялық; б)машықтық

IV.Қорытындылау

V.Үйге тапсырма

VI.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру

III.Жаңа сабақ.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанры.

Бейнелеу өнерінің түрлері.

Бейнелеу өнерінің әрбір түрі өмірдің сан белесін көрсете отырып дамытады. Бейнелеу өнерінің түрлері шындықты қабылдаумен, көркемдік міндеттермен, сонымен қатар бейнені сомдағанда қолданатын материалдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның әрқайсысы әр кезеңде дамып, өзіндік сипат ала бастады. Алдымен сәулет өнері және жанды бейне бейнелеу өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Содан кейін өнердің бір түрі графика қызыметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және дербес түріне айналады. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер түрі де ерекше сипатта бағыт алады. Соңғы жылдары өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бенесін тапты.

-1.Графика

-2.Композиция

-3.Дизайн

-4.Кескіндеме – (живопись)

-5.Мүсін өнері – (скульптура)

-6.Сәулет өнері – (архитектура)
Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Бейнелеу өнері д/з – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнері түрі. Бейнелеу өнері бірнеше түрге бөлінеді. Олар: кескіндеме,графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Кескіндеме – жазық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет.

-1)Натюрморт д/з – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма. «Натюрморт» француз сөзі «өлі табиғат» дегенді білдіреді.

-2)Пейзаж д/з – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Пейзаж әр алуан кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреуі суретшінің қиалынан туады.

-3)Портрет д/з – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма.

Бейнелеу жанрлары да бірнеше түрге бөлінеді. Тарихи, баталдық, маринист, анималистік. Тарихи жанр д/з – белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Баталдық жанрда – соғыс оқиғалары мен бейнеленеді. Маринист – теңіз, көл сияқты табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма.

Графика д/з – қағаз немесе картон бетіне карандаш, қылқалам немесе басқада құралдармен орындалатын сурет. «Графика» атауы гректің «жазамын, сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Кескіндеме д/з – әр түрлерімен жазықтық бетінде ороындалатын көркем шығарма. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке т.б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуащь, майлы бояу, пастель, сангина және т.б. Кескіндеме монументтік, станокты болып екіге бөлінеді.

IV.Қорытындылау.

1.Бейнелеу өнерінің түрлері нешеге бөлінеді?

2.Оларды ата?

3. Бейнелеу өнері д/з не?

4. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?

5. Кескіндеме д/з не?

6. Натюрморт д/з не?

7. Пейзаж д/з не?

8. Портрет д/з не?

9. Бейнелеу жанрлары неше түрге бөлінеді?

10. Оларды ата?

11. Тарихи жанр д/з не?

12. Баталдық жанр д/з не?

13. Графика д/з не?

V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын мазмұндап, түсінгенін айту.

VII. Сыныпты жинақтау

Сабақ аяқталғаннан кейін сыныпты жинастырамыз.
Каталог: uploads -> doc -> 1265
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1265 -> Ғажайып нәрсе химия, Тұңғиық сыры әр алуан. Жоғалып бір зат зым – зия
1265 -> Мазмұндама Өтілу мерзімі Сағат саны Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты
1265 -> «Ұлтын ұлықтаған ұл» атты тәрбие сағатының жоспары Аудандық үздік тәрбие сағаты байқауына қатысушы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет