Сабақтың мақсаты: Білімділік : о қушыларға Паскаль құрылымы бойынша білімді меңгерту. Дамытушылық



Дата24.04.2017
өлшемі32,87 Kb.
#14772
түріСабақ
Айгелдиева Маржанкул Сарсенқызы

№70 Жанқожа батыр атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті
Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі. Алфавит. Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларға Паскаль құрылымы бойынша білімді меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды программалық сауатылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс,
бейнеәдіс, ойын элементтерін табу


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер,
электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

ІV. Есептер шығару

V. Электронды оқулықпен тапсырма орындау

VI. Тест тапсырмасын орындау

VIІ. Сабақты бекіту

VIІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушыларын түгелдеп, өз орындарына отырғызып сабақты бастау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

№1 жұмыс дәптері


... дегеніміз – берілген ... пайдаланып, қажетті ...

... жүзеге асырытын ... орындау ережесі
2 жұмыс дәптері

Алгоритм ...

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  4. ...

3 жұмыс дәптері



Алгоритмдік ... ... орындалатын ... , амалдарды ... және ...

... арналған өз ... кейбір ... пайдаланатын ...

мен ... жүйесін айтады.

4 жұмыс дәптері



Алгоритмдік ...

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  4. ...

  5. ...

  6. ...

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінле жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды.

Турбо Паскаль программасының тақырыбын жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тіліндегі кез келген программаның

тақырыбы , одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық болған жағдайда, 7 бөліктен тұрады:

1.Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атаулар тізімі (uses)

2. Белгілерді сипаттау (label)

3. Тұрақтыларды сипаттау (const)

4. Мәліметтер типін сипаттау (type)

5. Айнымалыларды сипаттау (var)

6. Процедураларды сипаттау (procedure)

7. Функцияларды сипаттау (function)

Прогамма синтаксисі:

Program - программаның аты;

label - белгілер бөлімі;

const - константалар бөлімі;

type - типтер бөлімі;

var - айнымалылар бөлімі;

procedure, function - процедуралар мен функциялар бөлімі;

Begin

операторлар бөлімі;

end

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құрғанда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер,цифрлар және арнайы белгілер жатады.

  • Атаулар

  • Цифрлар

  • Айыру белгілері

  • Арнайы символдар


Арнайы символдарға арифметикалық амалдар да жатады. Олар қосу,азайту,бөлу,көбейту.

DIV – санды бөлгендегі бүтін бөлігі

Mod – санды бөлгендегі қалдығы

Логикалық амал белгілері: AND – және, OR - немесе, NOT – емес, XOR- арифметикалық немесе амалы, SHL- биттер тіркесін солға ығыстыру,

SHR - - биттер тіркесін оңға ығыстыру

Мысал: 11 DIV5 =2 123 DIV 4 =30 10 DIV 3= 3 17 DIV 5 = 3

10 Mod 5 =0 11 Mod 5 = 1 31 Mod 16 = 15
Үш санның қосындысын табу.

Program Sum;

Var a,b: integer; C,n: integer;

Begin

Readln (a,b,c);

N: = a+b+c;

Writeln (n); end.

ІV. Есептер шығару



  1. 20 div 10 =2 3. 18 div 3*5 = 1

  2. 10 div 2 = 5 4. 18 5 div 90 = 2

5. (45 + 5) mod 4/2 = 0 6. 35 div 12 + 45 mod 11 = 3

7. (17 +5) div 11 + 57 mod 24 = 11

8. (28 +12) div 12/4 - 14/2 mod 3
Өрнектерді программалау тілінде жазу.


  1. 10a + 12b = 10*a + 12 * b

  2. 22 a2 + 18 ab3 = 22 * a *a + 18 * a * b *b *b

  3. (3*x*x + 4 * x * x *x * x)/ (10 *a*a + 5 *a*a) / (x*x + x*x*x )/ (18*a*a – 15 *a*a)

Программалау тілін құру

  1. Ньютонның екінші заңын программалау

  2. Бүтін А санының түбірін шығару

  3. Нақты А және В сандарының квадраттарының қосындысын табу

  4. Радиусы R –ге тең дөңгелектің ауданын табу

V. Электронды оқулықпен тапсырма орындау

VI. Тест тапсырмасын орындау

VIІ. Сабақты бекіту



  1. Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

  2. DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?

  3. Var операторының қызметі қандай?

  4. Const операторының қызметі қандай?

  5. Read операторының қызметі қандай?

  6. Write операторының қызметі қандай?

VIІІ. Бағалау

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу және аралас программа құрып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет