Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, Сұлтанмахмұт



Дата06.12.2016
өлшемі26,6 Kb.
#3333
түріСабақ
8cынып

Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арманым» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақын туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың шығармаларының негізгі тақырыптарын ажыратып ашу,

ақынның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беру;

Дамытушылық: оқушының өткен сабақтарды қайталай келіп,ойларын тақырыпқа

байланысты дамытудың,өз ойларын еркін жеткізуді қалыптастыру,қазақ

тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру;

Тәрбиелік: оқушыларды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашалан оқуға

қызығушылық тудыру, аға ұрпақтың өсиетіне адал,білімді болуға тәрбиелеу.



Пән аралық байланыс: қазақ тілі,тарих,орыс әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыровтың суреті, кітап көрмесі

Сабақтың эпиграфы:

Ақыл – ой мен білім – әр адамның сәулет



(Ә.Науаи)

I. Ой туғызу, қызығушылық артыру - побуждение

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын түсіну үшін,бағалау үшін оның ұстанған көркемдік әдісіне тоқталу керек. С.Торайғыров романтик және символистік ақын болған. Өмір,дүние,өнер құбьылыстарын романтиктердің қкөзімен шолған.Романтикалық әдіс басқа әдістер секілді көркем әдебиет жаралғалы бері қатарласа келе жатқан құбылыс.Тіршілік заңдылықтарынынң ағысын емес,өмір, бақыт туралы алдын ала қалыптасқан ұғым мен сенімді бірінші кезекке шығарып айту романтизмге тән нәрсе. Басқаша айтқанда,романтиктер өмінр үрдесін тәптештеп,тексеріп,белгілепжатпайды. Олар «өмір осылай болса» дейтін арманды,қиялдығана ардақ тұтады.Сондықтан да олар ұнамаған көріністерді барынша жексұрын етіп,жақсылық деп ұғынғандарын асқақтап жырлайтыны мәлім.

Романтизм әдебиеті көлемінде көркемдік дамуын тұтас бір тарауын құрайтыны, бұл тарапта жаһан көлеміне таныс небір ірі көркемдік ескерткіштердің жасалғаны де белгілі.С.торайғыровтың көптеген туындылары да осы романтикалық құбылысты танытады. Ақынның көптеген өлеңдері мен поэмалары романтикалық туындылар деп қараймыз және оларды қазақ әдебиетінің өз кезеңдері аса ірі табыстары деп есептейміз

Ақынның көптеген өлеңдерінің алтын мақсаты- халықтың азаттыққа жетуін аңсау,болып келеді.Бір жағынан отаршылардың,екінші жағы жергілікті байлар мен билердің қарапайым халықты еріксіздік құүлдығына ұстап келгені. Ақпан,Қазан революциясын олар қуана қарсы алды. Ол өз арманы мен қиялына жеткендей болды. Алғашқы ретте ол Қазан төңкерісіне романтикалық мән берген.Бірақ төңкеріс бір ұлттың,бір халықтың,бір елдің азаматтарын: байды-кедейге,әкесін – ұлына, ағасын- інісіне қарсы қойған.Міне осындай кезеңдерінде романтикалық беталыстар мен мотивтер ақынның шығармашылығнда басымырақ болды.


II. Сабақ тақырыбының мағынасын ашу – осмысление.

1 топ – С.Торайғыров және «Алаш» партиясы

2 топ – С.Торайғыровтың өмірбаянымен танысады, оқулық бойынша

3 топ – «Арманым» атты өлеңмен танысып, 1-5 сұрақтар бойынша жұмыс жасайды.
III. Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша білгендерін бақылау – рефлексия.

1 топ – «Инсерт» стратегиясы бойынша көрсетеді

2 топ - кластер арқылы диалог құрады

3 топ – сұрақтар бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салады.
Мұғалімнің қорытындау сөзі –
Бағалау:

Үйге тапсырма:«Арманым» өлеңін жаттап келу,өмірбаянын қайталау
Каталог: uploads -> doc -> 0310
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0310 -> Сабақтың тақырыбы: Сан есімді бекіту
0310 -> Сабақтың мақсаты: білімділігі: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Мысалдың мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет