Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Қазақстан қалалары», оның ішінде, «Қазақстан астаналары»



Дата07.05.2017
өлшемі93,49 Kb.
#15658
түріСабақ
Ашық сабақ: «Астана»

Сабақ жоспары

Пән атауы: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Қоңыратова Ж.Т.

Сыныбы: 8 «А»

Мерзімі: 11.12.15 ж

Сабақтың тақырыбы: Менің Астанаға барғым келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

«Қазақстан қалалары», оның ішінде, «Қазақстан астаналары» тақырыптары бойынша оқушылардың білім деңгейін тексеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Мәтін төңірегінде сөйлей білуге, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгере білуге, өзара қарым-қатынас жасай білуге, сұрақтарға толық жауап беріп, сұхбат құрастыра білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар орындап, білімдерін жетілдіру. Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласына «саяхатқа барып», әсем ғимараттарымен танысу. «Күрделі сөздер», «Жалғаулар», «Сан есім» грамматикалық материалдарын қайталау.

Дамытушылық:

Оқушылардың өз ойларын жетік айтып, еркін сөйлеу, тыңдау, сауатты жазу, монолог, диалог құру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Мемлекеттік тілді меңгеруге баса мән беру, елге, елордаға, туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес( саяхат сабақ);

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап; мәнерлеп оқу;диалог, монолог құру; тыңдалым; ойын ойнау;

Пәнаралық байланысы: тарих, жаратылыстану, әдебиет, ән сабақтары

Көрнекілігі: интерактивті тақта(слайдтар),Қазақстан Республикасының картасы, тақырыптық буклеттер, грамматикалық кестелер, үлестірмелі тапсырмалар;

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Міндеттері:

1)сәлемдесу;

2)кезекшінің мәліметі;

3)т/қ ескерту;

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Міндеттері:

1) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын баяндау;

2)үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

3)кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

4)өткен сабаққа шолу;

А) «Ой шақыру»: Балалар сөзжұмбақ шешіп, сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық!

1.Әкеңнің әкесі

2.Абайдың туған жері

3.Алматы обл. орталығы

4.Қызылорданың бұрынғы аты

5.Еліміздің Тұңғыш Президенті

6.Еліміздің үшінші астанасы

-Балалар қаңдай сөз шықты? -


(ата)

(Семей облысы)

(Талдықорған)

(Ақмешіт)

(Нұрсұлтан Назарбаев)

(Алматы)



АСТАНА

А

С

Т

А

Н

А

Ә) Сабақтың мақсаттары баяндалады;

Б)Дәптермен жұмыс;



Астана, елорда, бас қала, орталық, құрамында, орта ғасыр, ежелгі, бұрынғы, мемлекет, тарихи, туған жер, менің қалам, ғасыр, дәуір, Кеңес дәуірі, құрылу, мәдениет пен сәулет орталығы, сауда орталықтары, оқу орындары, ықшамаудандар, денсаулық сақтау орындары, демалыс орындары, көшелер, даңғылдар.

Б)Үй тапсырмасын қайталау;

1.Оқушылар дұрыс сөйлей, жаза білу үшін келесі грамматикалық материалдар қайталанады:

2. «Күрделі сөздер» грамматикалық материалы қайталанады(түрлері, ережесі,

мысалдары);

а)Дара және күрделі сөздерді екі бағанға бөліп жазу:



Халықаралық, сарай, ғимарат, Қызылорда, бойтұмар, рәміз, тарих, қолөнер.

3.Септік жалғау, тәуелдік жалғау(үлестірмелі тапсырмалар: 1-2 оқушы қала сөзін септейді, ел сөзін тәуелдейді);



4.«Сан есімдер» түрлері, сұрақтары, мысалдары (хронологиялық карта толтыру);

1929 ж.-Алматы қаласы ел астанасы болды.

1991 ж. –Тәуелсіздік алған жыл.

1998ж- Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

1992ж.-Мемлекет рәміздері қабылданды.

Б) Сұрақтарға жауап беру:

Қазақстан қандай ел?

Елордамыз қалай аталады?

Жақында қандай мереке болады?

Республикалық маңызы бар қалаларды білесің бе?

Елімізде неше облыс бар?

Сенің туған қалаң қай қала?

В) «Кім тапқыр?» ойыны: Орталықтарын тап:





Қазақстан облыстары

Орталығы

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10.

11.


12.

13.


14.

Ақмола

Ақтөбе


Алматы

Атырау


Батыс Қазақстан

Жамбыл


Қарағанды

Қостанай


Қызылорда

Маңғыстау

Оңтүстік Қазақстан

Павлодар


Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан



Көкшетау

Ақтөбе


Талдықорған

Атырау


Орал

Тараз


Қарағанды

Қостанай


Қызылорда

Ақтау


Шымкент

Павлодар


Петропавл

Өскемен


Г)Қалаларға сипаттама берілген жұмбақтарды шешу(бірнеше оқушылар жұмбақтар жасырады, қалғандары оны шешеді);

Д) Монолог құру(4 оқушы астаналар туралы әңгімелейді);

Балалар астаналарды неше кезеңге бөлуге болады?

-Астаналар-

1.Орта ғасырдағы астаналар(VI-ХII ғас. Суяб, Баласағұн, Қойлық, Янғикент);

2. Кеңес дәуіріндегі астаналар(1920-1991, Орынбор, Қызылорда, Алматы);

3. Тәуелсіздік кезіндегі астаналар(1991 ж.бастап, Алматы, Астана);

Ж)Диалог: үлестірмелі тапсырмалардағы тірек сөздер бойынша диалог құру;

1-үлестірмелі тапсырма: екі дос, сәлемдесу, кездесу, Алматыны аралау, қаланың көрікті жерлері туралы сұрау, атау, көрсету;

2-үлестірмелі тапсырма: сәлемдесу, Алматы қаласына қонаққа келу,бір жерді сұрау, қалай бару керек екендігін түсіндіру.



IІІ.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі

Міндеттері:

1)жаңа материалды, жаңа сөздерді таныстыру, меңгерту, тәрбиелік мақсатын ашу, ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

А)Оқулықпен жұмыс:127-бет, 1-тапсырма, мәтін тізбектеліп оқылады;

Ә)Жаңа сөздерді енгізу(Сөздік талданып, дауысталып оқылып, сөздіктеріне жазылады):

саясат

бой көтеру

болашақ

нышан

бейнеленген

жарқын

политика

возвышаться

будущее

символ

изображено

светлое


Б)Мәтін тізбектеліп оқылады, көп нүктенің орнына септік жалғаулары қойылады.

В)Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

2-тапсырма: Сұрақ-жауап(оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді).



1.Қандай жағдайларға байланысты Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілді?

2. Есіл жағасын бойлай қандай ғимараттар орналасқан?

3.Парламент үйінің алдында қандай ескерткіш бар?

4.Қазақстан болашағының нышаны не?

ІІ деңгей

3-тапсырма, сөздердің аудармасын табу;

ІІІ деңгей

5-тапсырма, тірек сызбаны пайдалана отырып, сөйлемдер құру:

В)Астана қаласына саяхат(тыңдалым, оқушылар тыңдай отырып, слайдтар көреді);



V.Жаңа материалды бекіту кезеңі

Міндеттері:

1)жаңа материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру.

Оқушыларға тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындайды;

Тест сұрақтары:

1-нұсқа

1.Астана қаласының нышаны:



а)ту ә)елтаңба б)Бәйтерек

2.Керекті сөзді жаз:



Астанада ... ескерткіші бар:

а)Махамбеттің ә)Шәкәрімнің б)Сәкеннің

3.Астана Арқаның .... орналасқан:



а)сол жағында ә)төрінде б)оң жағында

4.Астана .... қала:



а)қызық ә)кішкентай б)жаңа

5.Керекті сөзді жаз:

Елорда ... жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

а)1998 ә)1997 в)1995

6.Астананың бұрынғы атауы:

а)Ақтобе ә)Алматы б)Ақмола

7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а)Ертіс ә)Қарасу б)Есіл

8.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:



а) Астананы ескі қала

б) Астана сұлу әрі таза қала

с)Астанада нашар қала

9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:



а)Астана әдемі қала.

ә)Астана-Қазақстанның астанасы

б)Астана-Қазақстан қаласы

10.Астананың түған күні:



а)6 шілде ә)10 тамыз б)7 маусым

2-нұсқа

1.Астана .... қала:



а)қызық ә)кішкентай б)жаңа

2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?



а)Ертіс ә)Қарасу б)Есіл

3.Керекті сөзді жаз:



Елорда ... жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

а)1998 ә)1997 в)1995

4. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана әдемі қала.

ә)Астана-Қазақстанның астанасы

б)Астана-Қазақстан қаласы

5.Астана қаласының нышаны:



а)ту ә)елтаңба б)Бәйтерек

6.Астананың түған күні:



а)6 шілде ә)10 тамыз б)7 маусым

7.Керекті сөзді жаз:



Астанада ... ескерткіші бар:

а)Махамбеттің ә)Шәкәрімнің б)Сәкеннің

8.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:



а) Астананы ескі қала

б) Астана сұлу әрі таза қала

с)Астанада нашар қала

9.Астананың бұрынғы атауы:

а)Ақтобе ә)Алматы б)Ақмола

10.Астана Арқаның .... орналасқан:



а)сол жағында ә)төрінде б)оң жағында


VI.Үй тапсырмасы

Міндеті:оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру;

Ү/т 127-бет, мәтіннің мазмұны, елорда туралы ойтолғау жазу;



VII.Сабақтың бағалау кезеңі

Міндеті:өзара бақылау; жеке оқушының және жұп жұмысының қабілеттігіне сапалы баға беру(ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.).

VIII.Рефлекция кезеңі

Міндеттері:

1.оқушылардың көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау;

2.оқушылардың өзін-өзі ұстай білуін және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.

Не білдім, не үйрендім?(4 минут)
Каталог: uploads -> doc -> 0cbf
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cbf -> Сабақтың Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсінік қалыптастыру. Сабақтың міндеттері
0cbf -> Сабақ : Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 8 сынып Математика пәні мұғалімі : Әмірғазина Гүлжамал Құрақбайқызы
0cbf -> Бөлімі: Математика Тақырыбы:Қызықты текшелер Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет