Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін



Дата10.06.2017
өлшемі78,73 Kb.
#18527
түріСабақ
7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класына жалпы сипаттама, бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер, бунақденелілерді қолға үйрету. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін 
айқындау. Бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелілерді қолға үйрету туралы танысады.  
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа және тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.  
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – біліктілігін, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Сабақ типі: Аралас

Сабақ түрі: Жаңа білім беру

Көрнекілігі: Бунақденелілер топтамасы, суреттер, тапсырма жазылған үлестірмелі
қағаздар, плакат, жапсырмалар.  
Әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, тірек сызба, топтық, жұптық жұмыс

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, география, ағылшын, орыс тілі, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы: 
І. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу. О.б ленталар алу арқылы бір шаңырақ астына жиналу.

Сабақ ұраны:  Мәңгілік ел –болашақтың іргетасы, шаңырақтың ұлттық идеясы.

Үй тапсырмасын тексеру. Буынаяқтылар типі, өрмекшілер класы.



Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі.
1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар өз топтарына берілген тапсырмалар бойынша тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді,

Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.


3. Әр топтан оқушы өздерінің жұмысын қорғайды

«Екі шеңбер» стратегиясы. Оқушылар үй тапсырмасын еске түсіреді. Стратегияны түсіндіру.

Кейбір оқушылар карточкамен жұмыс жасайды.



«Өрмекші торы» стратегиясы. Сұрақ жауап.

  1. Өрмекшітәріздестерге жататын жәндіктерді ата

  2. Олар қай типке топтастырылған

  3. Өрмекшілерді зерттейтін ғылым

  4. Неге арахнология деп аталған

  5. Өрмекшітәріздестердің денесі неше бөлікті

  6. Мұртшасы барма, жоқпа.

  7. Қантарату жүйесі

  8. Тыныс алу жүйесі

  9. Демтүтік деген не

  10. Шаяндардан негізгі айырмашылығы

  11. Өрмекшітәріздестердің басым көпшілігінде қанша жұп аяқ болады.

  12. Зәр шығаруы

  13. Жүйке жүйесі

  14. Көбеюі

  15. Көздері

  16. Өрмекті қалай тоқиды

  17. Ең ірі өрмекшітәріздестер

  18. Өкпе

  19. Хитин деген не?

  20. Кенелер кай класка жатады.

  21. Кенелерді ата.

Т -Кестесі

Белгілердің қай  буынаяқтыларға тән екенін + арқылы кестеге толтырыңдар:






Шаянтәріздестер

Өрмекшітәріздестер

 1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер

2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады

3.Жүретін 8 аяғы  бар

4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары

5.Тыныс алу мүшесі-желбезек

6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік

7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән

8.Көздері қарапайым құрылысты

9.Көздері көп көзшелерден тұрады.

10. Циклоп,дафния,таңқышаян

11. Кене, құршаян,бүйі





 

ІІ. Мағынаны таны.

Шегіртке мен құмырсқа мысалын оқу.

Сабақ тақырыбы. Бунақденелілер. Насекомые. Insects.

Оқушылардың салған суреттері болса тақтаға ілу.



Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар үлестіру.

Жануарлар дүниесі

Көпжасушалы жәндіктер дүние тармағы

Буынаяқтылар типі

Бунақденелілер класы 
БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР
Жануарлар дүниесі, Көпжасушалы жәндіктер дүние тармағы, Буынаяқтылар типі,

Бунақденелілер класына жататын омыртқасыз жәндіктер. Насеком –құжынақ дегенді білдіреді, сондықтан олар жер бетінде өте көп таралған. Олардың 1 миллионға жуық түрі бар. Олар 35 отрядқа жіктелген. Екі класс тармағы бар. Туақанатсыздар, қанаттылар. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология деп аталады.

Тіршілігі, түрлері:  

Жер бетінде жорғалап (қоңыз, құмырсқа, тарақан), Топырақ астында (бұзаубас), Ауада ұшып (шыбын, маса, көбелек, инелік), Суда (суаршын, су қандала, су шалқақ, зұламат),


Адам мен жануарда паразиттік жолмен тіршілік етеді (бүрге, бит, қандала).
Буданақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері: 
Бунақденелілер - буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. Көпшілігі құрлықта мекендейтін, демтүтік арқылы ауамен тыныс алатын, дара жынысты, буынаяқты жәндіктер. 
Сыртқы құрылысы: денесі айқын ажыратылатын үш бөліктен: бас, көкірек және құрсақтан құралады, бір н-е екі жұп қанаттары бар.Сондықтан ұша алады.Қанатсыз бунақдане де кездеседі. ересектерінің бір н-е екі жұп қанаттары болады, қоректену сипатына қарай ауыз мүшесінің құрылысы әр түрлі болып келеді, шала және толық түрленіп дамиды, барлығының 6 аяғы болады. 
Буданақденелілердің құрсақ бөлігі мөлшері біркелкі бірнеше бунақтардан құралады. 
Буданақдененің сыртқы жабыны – хитинді қабат. Хитин - әктенген тұздар сіңген органикалық заттар. Ол жәндіктің ішкі мүшелерін қорғап, сыртқы қаңқа қызметін атқарады. 
Қоректенуі:- Жапырақтармен, өзге бунақденелілермен, гүл шірнесімен, т.б. 
- Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Жұтқыншақ арқылы өңешке өтіп жемсауға түседі. Одан қарынға, қарыннан ішекке өтіп қорытылып денеге сіңіріледі.

Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. 
- Сүзуші (шыбын), шаншып сорушы (маса), кеміруші (тарақан), кеміріп жалаушы (бал арасы), түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек) ауыздар болады.Шағып алатын жәндіктердің жіңішке, ұзын, өткір қанжарлары бар. Ол қауіпсіз футлярға салынған. 
Ішкі құрылысы.

- Тыныс алуы –демтүтік, (трахея)
- Зәр шығаруы - мальпигий тамыршалары, дене бөліктеріндегі қалдық жиналып ішекке өтеді.
- Жүйке жүйесі - Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні – ми күшті дамыған. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий түзеді.
- Қанайналым жүйесі- ашық тамыр жүйесі арқылы жүзеге асады. Мөлдір түтік тәрізді жүрегі арқа жағына орналасады, жүрек және одан таралатын қысқа қолқадан басқа бунақдене денесінде қанайналым тамырлары болмайды. Қаны түссіз. Түссіз қанды гемолимфа деп атайды.

Сезім мүшелері. Сипап сезу, иіс сезу, көру, есту, тепе теңдік мүшелері күшті дамыған. Мұрттары арқылы сипап сезеді, иісті ажыратады.
Кейбір бунақденелілерді әдейі қолға үйретіп ұстайды. Балараларды, тұт жібек көбелегін. Бірінен бал алса, бірінен жібек жіп алып мата тоқиды. Өсімдіктерді тозаңдандыратын бунақденелілер де пайдалы.

Топ: Бунақденелілерге жалпы сипаттама, Түрлері. Өкілдері. Тіршілік ортасы. Денесі

Топ: Терминдермен жұмыс

Энтомология-, Хитин-, Гемолимфа -, Ауыз аппараттары



Топ: Ішкі құрылысы: Тыныс алуы, Қоректенуі, Зәр шығаруы, Қан айналымы, Жүйке жүйесі

Топ: Сезім мүшелері, Бунақденелілерді қолға үйрету, Пайдасы

ІІІ. Ой қозғау

Бунақденелілердің пайдасы: өсімдіктерді Тозаңдандырады (көбелек), топырақтарды түзуге қатысады(көңқоңыз), баларалар адамға бал ж/е балауыз береді, жібек көбелектерінен жібек алынады, даладағы, ормандағы жануарлар өлексесімен өсімдіктер шіріндісімен қоректенеді (қоңыз).

Бекіту: Сонымен топтық жұмысты әркайсың өз шаңырақтарыңда жасадыңдар. Енді барлығымыз бір шаңырақ астына жиналайық. Осындай ұйымшыл, берекелі болсақ «Мәңгілік елге» айналатынымыз сөзсіз.
Үйге:

оқу, бунақденелілердің пайдасы, бал арасы мен тұт жібек көбелегі туралы оқып келу,



Бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 0f07
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f07 -> Мұғалімнің жоғары кәсіби құзіреттілігі-тиімді сабақтың нәтижелілігі
0f07 -> Таңдау курс Тақырыбы: Антропология Құрастырған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет