Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Жылы құбылыстары»



Дата25.08.2017
өлшемі2,63 Mb.
#27679
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласы

№135- жалпы орта мектебінің

Физика-математика пәні мұғалімі



Кемелбекова Сауле Амаловна

Пәні: физика №1 сабақ жоспар

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Жылы құбылыстары» туралы білімді тиянақтау.

2.Дамытушылық: Логикалық зейін қою

қабілетін, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дебат сайыс.

Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан оқыту және Ғалиев әдісінен элементері.

Пән байланысы: Медецина, халықтық педагогика, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: Үлестірмелі материал, плакаттар, графопроэктор суретттерімен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Дайындық кезеңі.

ІІІ. Ұй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Алдымен оқушыларды есте сақтау қабілетіне қарай екі топқа бөлеміз:

  1. Жылу қозғалтқыштарын пайдалануды жақтаушы топ яғни ЖАҚ топ

  2. Жылу қозғалтқыштарын пайдалануды датттаушы топ яғни ДАТ топ

Әділқазы алқасы мектепте физика- математикадан сабақ беретін мұғалімдер

І-кезең Үй жұмысы:

Үй жұмысына екі есеп берілген. Есепті тексеру үшін екі топтың топ басшылыры тақтада шығарады. ЖАҚ тобының топ басшысы Артыкова Жазираның берілген есепті плакатқа суреттін салып «Жылу құбылысына» толық қайталу жүргізеді. Яғни жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті жану жылу, меншікті булану, меншікті балқу жылу тақырыптарын формуласын жаза отырып ережелерімен өз тобындағы оқушыларымен қайталап береді.

Есепің берілгені:

Температурасы 00 С, 1 л су құйылған массасы 4 кг қалайыдан жасалған ыдысқа 15 кг тас көмірін жаққан кезде, суды буландыру үшін және отынды толық жандыра отырып ыдысты балқу температурасына дейін жеткізіп балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет ?



ДАТ тобының топ басшысы Ешимова Нургүл өз есебін түсіндіру үшін плакатқа суретін салып тарауға өз тобындағы оқушылармен қайталау жүргізеді. Яғни ол меншікті булануға қарсы жүретін құбылыс конденсация, қайнау, балқуға қарсы құбылыс қатаю немесе кристалдану, термодинамиканның І-ІІ заңдарын толығымен айтып өтеді

Есептің берілгені:

Температурасы 1000С, массасы 10 кг су буы конденсацияланған кездегі жылу мөлшерін пайдаланып, -100С температурадағы қанша мұзды балқытуға болады?



ІІ-кезең «Галерея шарлау»

Бұл кезеңде оқушылар қарама-қарсы топтар бір-бірінің тақтада шығарылған есебінің қателіктерін

көрсетіп береді.

ІІІ-кезең «Жылу құбылысы өмірде»

Бұл кезеңде екі топтан 4-оқушыдан шығып ағаштағы алманы үзіп, сондағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрактары

1 Неге отқа қойылған сулы шәйнек қайнар алдында «шуылдайды»?

2 Қорғасынды суға салып ертуге болама?

3 Неге ағашты, қағазды балқытуға болмайды?

4 Көмір жаққанда астына тамызық салады және тамызық ретінде майда шөп немесе ағаш жаңқалары пайдаланады. Тамызық араларын ашып , реттеп қоғанда тез тұтанады неге?

5 Неге өзен, көл маңындағы егіндік суыққа аз шалдығады?

6 Неге тау басында ет жақсы піспейді?

7 Қайсысы қауыпті: машина радиаторындағы қысымының азаю ма, әлде көбеюі ме?

8. Мұздың меншікті балқу жылуының судың меншікті булану жылуының аз болуы көктемдегі егін жұмыстарына қандай әсері бар?

Жауаптары

  1. Ыдыс түбіне пайда болған бу көпіршіктері жоғары көтеріліп, судың сұйық қабатына енеді. Мұнда көпіршіктегі бу конденсецияланады да көпіршікті жарады. Осы кезде «шуыл» шығады.

  1. Болады. Ол үшін қорғасыны бар құйылған ыдысты берік қақпақпен жауып қыздыру керек . сонда судың температурасын қорғасының балқу температурасына дейін жеткізуге болады.

  2. Ағаш қағаз арганикалық заттар оларды қыздырғанда жанып кетеді.

  3. Отын тұтанып жану ушін оған белгілі бір мөлшерде жылу беру керек. Ал тамазық ретінде алынған майда ағаш жаңқаларының тұтануына сіріңке шиі берген жылу энергиясы жеткілікті. Тамызық араларын ашқанда оған ауа жақсы барады да жану күшейеді.

  4. Судың меншікті жылу сыйымдылығы көп, сондықтан су суынғанда айналаға көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.

Тау басында судың қайнау температурасы 100 С-тан төмен , сондықтан ет жақсы піспейді.

  1. Қысымының азаюы қаупті

  2. Көктемгі мұздың еруімен, еріген су буынуң кебуі баяу өтеді де, су топраққа терең енеді.

ІV- кезең « Ғажайып табиғат»

Бұл кезеңде екі топтың оқушыларына екі мезгілдегі табиғат көрінісі беріледі. Бұл көріністе оқушылар қандай жылу құбылысты көріп тұрғандарын талдап береді.

ДАТ топқа күз мезгілі 3

ДАТ топ күз мезгілінде конденсация, булану, сәулелік жылу, ауаның ылғалдығы, шық нүктесі туралы айтады. ЖАҚ топқа көктем мезгілі

Жақ тобы көктем мезгілінде мұздың балқып суға айналуы, кебу, жылу алмасу туралы сөз жүргізеді.

V- кезең «Дебат» Бұл кезеңде ЖАҚ тобы жылу қозғалтқыштардың пайдалы жақтарын қорғайды. ДАТ тобы жылу қозғалтқыштардың зиянды жақтарын қорғайды.

Жақтаушы жақтан топ басшысы сөз алады.

Жылу қозғалтқыштарын пайдалану өркениеттке апарар жол деп есептейміз. І-дәлел Қазіргі кезеңде энергетикалық кризис әлемді жайлап келеді. Солтүстік Қазақстан аймағында энергитикалық тапшылық жоқ. Бізде Оңтустік Қазақстанда аймағында энергетикалық тапшылық өз орнын алып отыр. 4 Оңтүстік Қазақстан энергитиканы Өзбекстаннан сатып аламыз. Сол үшін біз АЭБ Оңтүстікте салуды дұрыс жоба деп отырмыз. Яғни АЭБ-де жылу қозғалтқыштарынның бір түрі бу трубинасын пайдаланатынын сіздер жақсы білесіздер. Уран атомының энергиясын пайдалану арқылы, біз жағары дәрежедегі бу қысымын алаламыз. АЭБ-ін салу экономикалық жағынан аса тиімді. Біріншіден АЭБ-де , жылу электр бекетеріне қарағанда пайдаланатын отын мөлшері әлдеқайда аз жұмсалады. Екіншіден жұмыс істейтін адамдар саны за болады олай болса оларды тұрғын үймен қамту проблемасы оңай шешіледі, тағы басқа сауықтыру шараларына да шығын кемиді. Отын тасымалдайтын жүздеген вагондардың және соған сай тасымалдау шығындары да азаяды. Біздегі Созақ және Қызылқұмда уран рудасы өндіретін өндірісті пайдаланып АЭБ салу тиімді. ЖЭБ қарағанда АЭБ экологиялық жағынан таза экономикалық жағынан тиімді.

ІІ-дәлел. Жылу қозғалтқыштың тағыда тиімді түрі ол іштен жану қозғалтқышы. Іштен жану қозғалтқышын біз техникалық машиналарда қолданамыз. Яғни ішкі энергияны жылу беру арқылы механикалық энергияға айналдыратын құрылғыларда қолданамыз. Олар самолеттерді ұшырады, тракторларда, тепловоздарда, теплоходтарда, теңіз кемелерінде, автомобильдердің көптеген түрлерінде орнатылады. Сіз өзіңіздің өміріңізді осы құралдарды жоқ деп елестетіп көріңіз. Қарапайым бір мысал егер сіз аурып қалсаңыз, сіз қаланың бір шетінде тұрасыз, жедел жәрдем шақырасыз. Жедел жәрдем сізге автокөлік арқылы тез келуге асығады. Сіз шет елдерге аттанатын болсаңыз сіз шартты түрде самолет, немесе теңіз кемелері арқылы барасыз. Егер бұл автокөліктер болмаса сіз мақсатыңызға жет алмаған болар едіңіз. Тракторларды ауыл шаруашылығында қолданамыз. Жер жырту, дән себу, егінді жинау үшін қолданамыз. Кен қазу, су құбырларын, газ құбырларын тарту үшін, жер телімдерін текістеп жол салу үшін, халық көп орналасқан қалаларда метро тунелдерін салу үшін, үлкен өзен бойынан автамобиль темір жол көпірлерін салу үшін т. б сол сияқты керектерде тракторлармен қоса автокөліктің басқа түрін қолданамыз. Автокөліктің шамасы кемелген мұнай, көмір. тағы сол сияқты кендерді тасымалдау үшін тепловоздарды және теплохоттарды қолданады.

ІІІ-дәлел. Жылу қозғалтқышының тағы бір түрі реактивті қозғалтқыш . Турбореактивті қозғалтқыштар авияцияда 40-жылдары көптеп қолдана бастады. Қазіргі кезде турбореактивті қозғалтқыштары бар ИЛ-62, ТУ-154; ИЛ-86 ұшақтары Қазақстанның қалаларын басқа елдермен байланыстыруда. Біз ғарышқа ұшу арқылы қыруар ақшаға ие болып отырмыз. Сол ақшаны еліміздің керегіне жұмсап отырмыз. Соның арқасында өркенйетті елдің біріне айналдық. Бізге мәлім зымырандарда реактивті қозғалтқышты қолданамыз. Ғарыш кеңістігін зерттей келе бізді қоршап тұрған планета, комета тастар ,күннің жерге әсерін т.б зерттеулер жүргізе аламыз. Мен өз сөзімді аяқтай келе «жылу қозғалтқышсыз өмір жоқ» деп айтқым келеді. Өркениетті ел болу үшін өз үлесімізді қосайық!

ДАТ топ жылу қозғалтқыштарының адамға әкелер зиянды жақтарын қорғап шығады.

Жылу қозғалтқыштарын пайдалану қасіретке апарар жол деп есептеймін.

І-дәлел Сіз айтып отырсыз АЭБ пайдалану экологиялық таза, экономикалық 5 тиімді жоба-деп, мен бұған мұлдем келіспеймін. Сіз өз сөзіңізде АЭБ-ін салу қажеттілігі жөнінде пікірлеріңізге өз басыңыз толықтай сенесіз бе? Сіз жаңа айтып өтіңіз Қызылқұмда уран рудасы өндіріледі деп. Оның айналаға келтіретін зияны көп екенін өзіңізде жақсы білесіз. АЭБ –і жұмыс істеген кезде радиоактивті қалдықтар міндетті түрде қалады. Оладың есебін тауып көмген өзінде, халыққа қоршаған ортаға зияны жоқпа? Бізге мәлім АЭБ-де бу трубинасын қолданады. Бу трубиналарында жоғары буды алу үшін атом ядроларының энергиясын пайдаланады. Енді өзіңізге мәлім, атом ядроларының энергиясы қару түріндегі әлемге қандай қорқыныш, қандай жантүршігерлік қауіп әкелгеніне қарсы болмассыз? Атом электр бекеттерін салу, еліміздің биосферасына аса қауыпты. Семейдегі ядролық полигонының зардабы әлі күнге дейін шығып жатыр, арадан 62 жыл, яғни жарты ғасыр өтсе де. Маңғыстауда халықтан жасырын түрде үш бірдей жер асты ядролық сынағы өткізілді. Бұл бізге мәлім болған жарылыстар , әліде беймәлім жарылыстар саны нешеу екені бір Құдайға мәлім. Сізге атом ядросының адамның денсаулығына қандай зиян әкелетінін айтып өтейін. Сынақ жүргізілген жылдары, психикалық ауралар, ақыл-есі кемдер, қан және қантамыр аурулары, қалқанша без аурулары, тері аурулары, инфекциялық аурулар және соның салдарынан 10000 адамның өлімі т.б сол сияқтыға дұшар болған. Әзіргі күнге дейін өз әсерін беріп келуде. Оңтүстік Қазақстанның аты ВИЧ-СПИТ арқылы атақты болып жатқанда, АЭБ-тін Қазақстанның 8-жеріне орнаттып қосымша жазылмас ауруларды өзімізге шақырып отырған жоқпыз ба? Экономикаға тиімді деп отырсыз, сонда адамның денсаулығы экономикаға қатысы жоқ деп отырсыз ба? АЭБ-рін салудан көрі Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыру, болмасса жел энергиясын пйдалану бұдан гөрі пайдалы емес пе? Неге Қызылқұм аймағына АЭБ салғанша Күн энергиясын пайдаланып энергияны содан алайық. Меннің естуімше Солтүстік аймақта электр энергиясының тапшылығы жоқ, олар қайта Рессейге және шет елдерге сатып жатыр дейді. Сонда олар бізге сатудан гөрі шет елді абзал көріп отыр ма? Неге біз электр энергиясын Өзбекстаннан сатып алуымыз керек Өзіміздікі ше? АЭБ салған ақшаға неге өзімізге Солтүстіктен электр қуатын тартып әкелмейміз? Бізде Күн арқылы электр энергиясын алуға толық мүмкіндік бар тек қана ғалымдар жоба ұсынса болды.

ІІ-дәлел Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығына зор деп отырмыз. Яғни іштен жану қозғалтқышын қолданылатын құрылғылар. Бірақ қазіргі таңда жану өнімінің зиянды қалдықтарынан табиғтты қорғау мәселесі күрделеніп бара жатыр. Зерттеулер жануарлар, өсімдіктер, сонымен қоса, адамдар да ауаның химиялық құрамының азғантай өзгерісінің өзіне өте сезімтал келетінін көрсетті. Жылу машиналарында отынды жағу кезінде оттектің көп мөлшері шығындалады, нәтижесінде ауадағы оттектің мөлшері біртіндеп азайып барады. Сонымен бірге, атмосфераға көмірқышқыл газы мен басқа да химиялық қосылыстарды көп мөлшерде шығарады. Олардың көбі дерлік тірі оганизімдерге жағымсыз әсер етеді. Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 345 млрд тоннаға артты. Бұл атмосферадағы балансты бұза отырып, ондағы көмірқышқыл газының концетрециясының артуына алып келді. Өндіріс кәсіпорындарының және жылу электр станцияларының оттықтарындағы отын ешқашан толық жанып кетпейді. Сондықтан ауаны күлмен, күйемен ластайды. Күкірт пен азоттың оксидтері қосылып ылғал ауамен азот пен күкірт 6 қышқылын түзеді, соның нәтижесінде қышқыл жаңбыр жауып, ол қылқан жапырақты орманның жоғалып кетуіне, ауыл шаруашылық дақылдарының түсіп төмендеуіне, ауа мен судың ластануына әеклетін аса үлкен зиян келтіреді. Атмосфераның ластануы адам денсаулығына зиянды. Меннің пікірімше автокөліктегі іштен жану қозғалтқыштың орнына, сутекпен жұмыс істейтін автокөліктермен, немесе күн энергиясы арқылы қозғалатын автомашиналарды, мүмкіндегенше ертерек зертегеніміз және іске қосқанымыз жөн. Себебі сутек жанғанда, сыртқы орта үшін зияны жоқ су түзіледі. Ал күн энергиясы арқылы қозғалатын автокөліктердің сыртқы ортаға мұлдем зияны жоқ.

ІІІ-дәлел сіз өзіңіз айтып өткендей Қазақстанның қалаларын реактивті лайнерлер ұшағын пайдаланып басқа елдермен байланыстыруда деп.Сіз білесіз бе? Тек бір ғана реактивтік лайнер5 сағат ұшқанда, 45 т оттекті пайдаланалы. Атмосфераға көмірқышқыл газы мен басқа да химиялық қосылыстарды көп мөлшерде шығарады. Сонның салдарынан жағарыда атап өткендей атмасфера тірі организдерге жағымсыз әсер етеді. Сонда атмасфера ластануымыз үшін аса көп жұмыс істеіміз қажет емес, бірнеше лайнер шығарсақ болды. Өзіңіз ойлаңыз бір ғана лайнер осынша оттекті пайдаланса, ғарышқа ұшып жатқан зымырандарымыз қанша тонна оттекті пайдаланады? Ғарышқа ұшырып біз өркенйетті елге емес ауруға шалдыққан елге айналып жатырмыз. Не себеп ауылшаруашылық егіндеріміз суыққа шалдығып, өнімдердің бағасы жоғарлап жатыр? Себебі диқандар егінін егіп болса, біздің Қазақстан басқа елдермен бірігіп ғарышқа ұшады. Ғарышқа ұшу салдарынан ауа-райы курт өзгеріп егіндер суыққа шалдығады. Ол теқ қана егінге әсер етпей қан қысымы бар адамдарғада өз әсерін тигізеді. Кешегі Қызылорда да болған апат ғарыш кемесінің сәтсіз ұшуынан жарылысқа ұшырап, сал обылысқа түскені қаншама малдардың үстіне жара басып,қырылып кетті. Ол адамға әсер етпейді деп ойлайсыздар ма? Кімде-кім осы дәлеліме қарсы келсе мен ол адамды, қылмыскер деп санаймын.

Біз Қазақстанның келешегіміз осы жылу қозғалтқыштарын жойып, тірі ағзасына әсер етпейтін қозғалтқыштарды ойласуға өз үлестеріңді қосыңдар. «Тәні саудың жаны сау» деген қағиданы ұстанып мен өз пікірімді аяқтаймын.

Екі топ бір-біріне сұрақ жауап беру арқылы дебатты аяқтайды

Дебаттан кеиінгі сайыс ол Галиев әдісімен толық жылу құбылыстарына сызба нұсқа ретінде түсінгенін жазып береді барлық оқушылар. Яғни дәптермен жұмыс істейд VІ- кезең «Пысықтау»Бұл кезеңде оқушылар өткен тарауды пысықтау үшін Ғалиевтің әдісімен сызба нұсқа арқылы қортындылайды


Жылу алмасу

процесі


Бу машинасы іштен жану двигатель реактивті қозғалтқыш

Жылу қозғалтқыштары
Механикалық Жұмысқа негізделген

Жұмыс денесі

Бензин суы жылу резервтері Жылу өткізгіштік Циклда

Ауа, су буы Конвекция жұмыс

Сәулелік жылу алмасу жасайды
Пайдалы әсер коэффицент

Q Жылу мөлшері


Z=A\Q= (Q1-/Q2/)\ Q1

Z=(T1-T2)\ T1=1-T2\T1

Айнымалы процес Термодинамика заңы І-ІІ



Температура Меншікті жылу сйымдылығы

Q=cm(t1-t2)

Отының меншікті жану жылу

Q=qm


Қыздырғыш Суытқыш


Q>0



Q<0
Меншікті булану жылу

Q=Lm



Q=Q1+Q2= Q1-/Q2/
Меншікті балқу жылу

Q=λm


Пайдалы әсер коэффиценті

∆U=Q-A=0 A=Q=Q1-/Q2/ η=(A\Q)100%


№2


Сынып-9

Сабақтың тақырыбы: Күн және Айдың тұтылуы.

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік: Күн және айдың тұтылуының себебін түсіндіру. Тұтылудан кейінгі тіршілікке әсері.

2Дамытушылық: Физика пәнінен оқушылардың қызығушылығын және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

3Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, іздемпаздыққа, шығармашылыққа, қауыпсіздікке тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Ғылыми әдістемелік кеңес

Оқыту әдісі: Жеке тұлғаны дамытудағы негізделген оқу сабақтарының құрлымдық технологиясы .

Пән байланысы: Тарих, биология, математика, физика

Көрнекілігі: Компьютер, графопроэктор, суреттер, плакат, Күн және ай макеті, қосымша дисктер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныптағы оқушыларды өз қалауларымен 4 топқа бөлеміз

ІІ. Дайындық кезеңі.

Бөлінген 4 топтағы оқушылар дөңгелек үстелге отырады

І- топ Тарихшы ғалым талдаушылар

ІІ-топ Физик ғалым зерттеушілер

ІІІ- топ Математик ғалым Шығармашылар

ІV- топ Биолог ғалым ізденушілер.
Бағалау парағынның моделі «Күн жүйесі» деп аталады. Себебі, күн біздің жұлдызымыз. Күнді зерттей отырып , басқа жұлдыздарда болып жатқан және жұлдыздарға дейінгі орасан зор қашықтықтар салдарын тікелей бақылап көре алмайтын құбылыстар мен үрдістерді білуге мүмкіндік аламыз. Ендеше, біздің шәкірттеріміз де бір-бір жұлдызға тең. Себебі, олардың ішкі дүниесін түсіну үшін, қабілеттерін ашу үшін зерттеуіміз керек. Бағалау парағы балл есебінде қойылады:

110-95 балл «5» деген баға 95- 70 бал «4» деген баға 70-45 бал «3» деген баға.


5 10

20 15

Өзін-өзі тану




5 10 15

5 10 15







Өзін-өзі басқару

Өзін-өзі оқыту






Жас ғалым


20 20 6
Жас ғалым

Өзін-өзі бекіту

10

Өзін- өзі реттеу
5

10

Өзін-өзі анықтау

5

5 15

15

10

20


15

Аты-жөні . .

Жыинаған балы .

Сабақтың барысы:

Муғалім: Бүгін құрметі ғалымдар біз сендердің көмектеріңмен Күн және айдың тұтылу себептерімен, олардың тіршілікке қандай әсері бар екенін айқындап, және одан сақтану қажетпе? деген сұраққа жауап аламыз.

Ғылыми жетекші өз сөзін бастайды.

Күн тәртібінде қарастырылатын өзекті мәселелер.

І -мәселе Ежелгі халықтың Күн мен айдың тұтылу себептерін түсіндіру.

ІІ-мәселе Қазіргі кездегі Күн мен айдың тұтылу себебі.

ІІІ -Келешектегі күн мен айдың тұтылуу

ІV-Бұл табиғи құбылыстың тіршілікке әсері.

Қортынды әр түрлі мәселелер.

Басты мақсатымыз 3 наурызда болған айдың тұтылуы және 19 наурызда болған Күннің тұтылуы тіршілікке өз ықпалын немесе кесірін тигізедіме? деген сұраққа жауап алу. Алдымен ежелгі халық Күн мен Айдың тұтылуын қандай құбылыс деп түсінген? Соған тоқталып өтсек.

Тарихшы ғалымдар тобы.

І-Мәселе.

Ежелгі қауым Күнді құдай деп, тұтылуын құдайдың қарғысы деп түсінген. Негізінде Күн дегеніміз-жұлдыз, балқып қызған, керемет үлкен газды шар. Бұл Күн жүйесіндегі жұлдыздардың ең үлкені. Күннің тарту күші зор болғандықтан, барлық планеталарды өз орбитасында ұстап тұрады. Сарос халқының байлары Күн тұтылуын адамдарды қорқыту үшін өкруге шақырған. Айды түннің құдайы деп атаған, түннің тұтылуын айдың қарғысы деп атаған. Ескі заманда « ай қанға боялды», ай тұтылу бір жан түршігерлік кеселдің нышаны деп қорқытқан. Бұрын күннің тұтылған кездегі қараңғылық дадамдарды қатты үрейлендіретін. Күннің одай тұтылулары соғыстың, ақыр заманның нышаны деп ойлатын-ды.

Қарғыстан құтылу үшін кедей отбасындағы адамды өлім жазасына кескен яғни ол бір адамның жанын сұрайды деп айтқан екен. Тарихқа шұғылатын болсақ 1936 жылы 19 июнде ең ұзақ Күн тұтылу бүкіл Евразия материктеріне көрінген. Сонның ішінде СССР –ге де көрінген. Бұл тұтылуды байқауға арнайы құрал болмағандықтан США мен Франциядан адамдар арнайы шақырылып барынша зертеді. Осы тұтылу Алматыдағы Астрономия және Физика институтының ашылуына себеп болды. Институтың ашылуына негізгі қызмет атқарған ғалым Фесенков болды. Фесенковтың басқаруымен 1941 жылы 21 қыркүйекте Күн тұтылуы қайталанады. Ол уақытқа дейін Фесенков шет елден қажеттті құралдарды арнайы алдырып қойған еді.

Толық тұтылу Кавказда басталды да Қазақстанның барлық аймағынан өтеді. Кавказда толық тұтылу уақыты 94 секунті құрады, Қызыл -Орда да 104 секунта ал Алматыда 122 секунт аралығында көрінді. Ол уақытта 2-ші Дүние жұзілік соғыстың басталғанына 3-ай өткен болатын қанша қиын кезең болсада 28 экспедиция құрылып бұлтұтылуды байқап зерттеген.

Тұтылудың ерекше қасиетін бақаған яғни Күн аймағынан шыққан тәжінің көлем жағынан алдыңғы тұтылғандардан да үлкен болып шықты. Күннің бес радиусына тең келетін екен. Фесенко Астрономия және Физика институтін кеңейтуге және де барлық құрал жабдықпен қамтамасыз етуге әрекетін жасайды. 1945 жылы обсерваторияның жұмыс істеу жобасы дайын болды да ҚазФан мәжілісінде қарастырылды жұмыс істеуіне мақұлданады. 1946 жылы шешім қабылданып абсерватория ашылды. 20 май 1947 жылы Бразилия мен Аргентина аймағында толық тұтылу болды. 8 минут уақыт аралығында өтеді. 31 июлде 1981 жылы бүкіл СССР де толық Күн тұтылу болды. 2006 жылы 29 наурызда Күн тұтылу 4 минут 7 секунт уақыт аралығында болып өтті. Шымкентте сағат 1638 болып өтті, Ал Алматыда 1645 сағатында басталды да ол 2 минутке созылды .

ІІ-Мәселе

Күн мен Айдың тұтылуын ғалымдар қалай түсіндіреді?

Деген сұраққа Физика ғалым зерттушілер тобы Күн тұтылу себептерін түсіндіреді.

Күннен жарықтанған Жер мен ай конусше (тоғысатын) көлеңке түсіреді және конусше ( бытырайтын) шала көлеңке түсіреді. Ай түгел не жарым жартылай Жер көлеңкесінің тұсына келгенде Айдың толық не шала тұтылуы болады. Жерден ол Ай горизонт үстінде болғанда қай орнынан болсада бір мезгілде көрінеді. Айдың толық тұтылу фазасы 1 сағ 40 минутқа шетін ай жер көлеңкесінен шыға бастағанға шейін, созыла алады. Күн сәулелері Жер атмосферасына сынып Жердің конус көлеңкесінің тұсына келеді. Сонда атмосфера көгілдір сәулелерді және онымен көршілес сәулелерді күшті жұтады ал конус ішіне көбінесе қызыл сәулелерді өткізеді, өйткені оларды ауа нашарлау жұтады. Міне тұтылу фазасы үлкен болғанда, Айдың мүлден жоғалып кетпей қызғылтау түске боялатыны осыдан екен. Ай тұтылулары жарты жылға таяу мерзім аралатып, бір жылда үш ретке шейін, әрине тек толған ай кезінде болып тұрады. Толық Күн тұтылу Жерге ай көлеңкесінің дағы түскен орынан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км-ден арпайтындықтан, бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек жердің азғана бөлігінде көрінеді. Ай өз орбитасымен орын ауыстырғанда, Жер бетіне түскен көлеңкесі батыстан шығысқа қарай қозғалады да, толық тұтылудың жіңішке жолағы

біртіндеп сызып өтеді. Жерге Айдың шала көлеңкесі түскен орындарында Күннің шала тұтылуы байқалады.

Жердің айдан және Күннен қашықтықтары аздап өзгеруі салдарынан, айдың көрінетін бұрыштық диаметрі Күндікінен бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады. Бірнеше жағдайда Күннің толық тұтылуы 7 мин 40 с-қа шейін созылады, үшіншіден бір сәт қана, ал екінші жағдайда Ай күннді тегінде түгел жапппайды да, сақина тәрізді

тұтылу байқалады. Онда айдың қараңғы дискісінің айналасында Күн дискісінің жарқыраған жиегі көрінеді.

ІІІ-мәселе

Келешектегі Күн мен Ай тұтылу туралы мәлімет беріліп өтеді.

Не себептен әр бірет ай жаңарған кезде тұтылмайды?

Математик шығармашыл ғалымдар сөз алады.

Егер Ай орбитасының жазықтығы эклептика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда ай тұтылуы болып тұрар еді. Бірақ ай орбитасынның жазықтығы эклептика жазықтығымен 5091 бұрыш жасап қиылысады. Сондықтан көбінесе ай эклептика жазықтығының солтүстік не оңтүстік жағын ала өтеді де тұтылу болмайды. Арасы жарты жылға таяу жылдың екі мезгілінде ғана, яғни толық Ай мен жаңа Ай эклептикаға жуық кездерде тұтылу басталуы мүмкін.

Жер мен Айдың қозғалу заңдарын дәл білгендіктің арқасында жүздеген жылдар бұрын тұтылу кездері және оның қай жерде қандай болып көрінетіні еспсетеліп қойылған. Толық тұтылудың жолақтары бірдей фазада болатны сызықтар ( изофазалар) және әр-бір орын үшін тұтылудың басталуы, аяқталуы, орта кезеңдерін санап білуге мүмкіндік беретін сызықтар көрсетілген карталар жасалынады. Бір жылда неше рет күн тұтылу болып өтеді? Жер үшін Күн тұтылу бір жыл ішінде екі реттен бес ретке дейін бола алады, соңғы жағдайда тек қана шала тұтылулар болады. Айырықша бір орында орташа алғанда толық тұтылу өте сирек 200-300 жылда бір-ақ рет көрінеді.

Ай орбитасыны жазықтығы кеңістікте айналады ( бұл айдың жерге қатысты қозғалысында Күннің тарту салдарынан туатын ұйытқулардың бір түрі ( және 18 жыл ішінде толық бұрылыс жасадйы. Сондықтан мүмкін болатын тұтылулардың периодтары жылдың басқа даталарына ауысады. Ескі заманың ғалымдары тұтылулардығы жаңағы 18 жылдық периодпен сабақтас периодтылықты аңғарып, тұтылулардың баслалуын долбарлап күн ілгері айтып бере алатын еді. Қазір тұтылу кездерін күн ілгері есептеудегі қателік 1-с-қа кемірек.

ІV -Мәселе

Күн мен айдың тұтылуының тіршілікке әсір бар ма?

Бұл сұраққа жауапты биологтар береді.

Алдымен Жер Ай және Күн не үшін керек деген сұраққа жауап беріп кетсек. Жер адам өмір сүру үшіін керек. Күн адамға қуат, өмір күші- тіршілік көзі болып табылады .Ай адамда болатын физиалогиялық психикалық процестерді реттейді. Адам құрылысы Күн системасы болып біз нысан қызметін атқарамыз, жүрек Күн қызметін атқарады. Жер Күн нысандары әр түрлі күшейтілген магнит өрістері бар дене болып, олардың өзара орналасуы айнымалы магнит өрістеріне әсер етеді. Ол адамның өзінің электромагнит өрісіне әсер етеді. Жердің магнит өрісі өзгерсе, адам денесінің магнит өрісі өзгереді. Адамның биоөрісін-аурасын алғашқы болып емшілер тапқан. Егер, Ай тұтылса ол Күннің әсерінен құтылады, босайды да, Жерге өз әсерін күшейтеді яғни жердің магнит өрісі Айға қарап бағытталады. Нәтижеде жер бетіндегі сулар теңіздер толқиды, тасиды жер қимылдайды. Егер Күн тұтылса онда Жер Күн бақлауынан шығып жердің магнит өрісі ауытқиды да, вулкан-жаңарту, атқылап таулы аймақтарда , сулы аймақта су тасып, таң қаларлық күшті апаттар болады. Әрине бұл физикалық құбылыс жағынан қарастырғанда. Мысалға 1936 жылғы күн тұтылу бүкіл евразия аймағында болып өтті сонның ішінде СССР ге де арадан 3-4 жыл өтпей Екінші Дүние жүзілік соғыс бүкіл Евразия халқымен Европа халқының арасында болып 5 жылға дейін созылды. Қаншама мыңдаған адамдар өліп кеті. 1953 ж 6-июльде Испания жерінде Куман меридианында Күн тұтылған, бес аптадан соң жер сілкінуі болып 4000 адам өлген. 1901 ж 8-майда Се-Пъер меридианында ( Мартиникс аралығында) Күн тұтылып, сол күні вулкан-жаңартау атқылап жер бетін тып-типыл еткен. Адам ағзалары дұрыс жұмыс істеп тұру үшін, адамның дені сау болуы үшін қаутты Күн көзінен алып тұрады. Ай Күннен кейінгі қуатты түнде адамға береді. Айдың әсерінен адамның психикасы, ой қызметі даимды. Ай мен Күн тірі арганизімнің арасындағы дәнекер. Қорыта келгенде Күн өмір көзі, Ай жүйке жүйелернің сезіміңің көзі. Егер Ай тұтылса жүйкеге ал күн тұтылса жүрекке әсері күшті.

V-Мәселе

Жас ғалымдардың сөзі:

Күн немесе Ай тұтылғанда тірі ағзаға әсер етпеуі үшін айналы беттен жасалған спутник немесе серіктерді ойлау қажет. Олардың жылдамдықтарын есесптеп тұтылуға сәйкес уақытта Күнің сәулесіне шағылдырып, айға түсіру қажет. Сонда Ай күннің бақлауынан құтылмайды. Айдың жерге ықпалы әлсірейді. Деп өздерінің жобаларын ұсынады.

Қорыта келе біздің хатшы қызымыз бүгінгі мәселелерді айтады. Ең соңғы мәселе бойынша шешім қабылдыйды. Егер ол жобаны дұрыс деп есептесе онда жобаны келесі Күн тұтылуына дейін жүзеге асырып жіберу керек. Егер қабылданбаса онда жоба жабылады.
Үйге тапсырмаға жарықтың шағылу заңын биологялық, физикалық және математикалық тұрғыдан зерттеу.

Оқушыларды жоғарыда көрсетілген әдіспен бағалау.



№3 Сынып-8

Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстарына кайталау

Сабақтың мақсаты:

А) оқушылардың электростатика, тұрақты электр тогы бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, тәжірибе арқылы көрсету. Білімдерін тианақтау

Б) тақырыптарға сәйкес пәндік тілді сақтай отырып , оқушылардың, білім-білік дағдыларын дамытып, тақырыптың салымдылық, мүмкіншілігін (өмірмен байланыстылығын) жетілдіру.

В) құралдармен жұмыс істеу кезінде техника қаіпсіздігін сақталуы, оқушының партада отыру гигиенасының сақталуын қадағалай отырып, физикалық құралдармен жұмыс істей білу дағдаларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ .

Сабақты өткізу әдіс-тәсілдері: Тәжірибие арқылы қортындылау сабағы және интеллектуалды ойын сабағы.

Көрнекіліктер: Электрометрлер, сфералық ыдыстар, шыны, эбонит таяқшалары, амперметр, волтметр, реастат, лампалар, таған, өткізгіш сымдар, кіліт, диэлектриликтер, құрбақа, темір, жез сымдар, мыс сульфаты, батария

Сабақтың барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты үш ауылға бөліп тастаймыз , әр аулдан көсем сайлап аламыз. Сайланған көсем өз ауйлының тұрғынын жауабына қарай бағалайды

Бірінші ауыл Физиктер ауылы

Екінші ауыл –Химиктер ауылы

Үшінші ауыл Биологтар ауылы

ІІ-Дайындық кезеңі

Екі оқушы автокөлікте саяхат жасап әр ауылда қонақта болады

ІІІ-Саяхатқа шығу кезеңі.

Мұғалім:

Құрметті жолаушылар физика ауылына жеттік аялдамада түсетіндеріңіз болса түсіңіздер.

Сабира мен Нұрлыбек аялдамада түсіп қалады. Олар физика ауылына келсе ол жерде той болып жатқан болады. Қандай тойға келіп тұрғанына қызыққан Нұрлыбек тойда жүрген қыздардан:

-Бұл неткен үлкен той екен? – деп сұрайды. Сонда бір қыз өзінің Есімін айтып неткен той екенін түсіндіреді:

-Алдымен есіміңіз кім? Менің есімім Жазира бұл той біз физиктер Электр құбылысы тарауын жақсы меңгеріп үлкен жетістіктерге жеткенімізді сосын алғаш рет «Электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Андре Ампер Маридің туғанына 232 жыл толғанына той жасап жатырмыз.

Жолаушының сөзі:

Кешірес атым Нұрлыбек сонда Электр құбылысы дегеніміз не өзі?

Физиктердің аулындағы бір тұрғғын өзін таныстырып түсіндіруге кіріседі. Физика аулының тұрғыны Сандуғаштің сөзі:

Электр құбылыстары бұл зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен өріс арқылы туындайтын қозғалысқұбылысын айтамыз. Электр энергиясының көмегімен өзіміз туратын үйді қычтың күні жылытамыз, ал жаздыңгүні ыстықта оны салқындатамыз, үнемі жарық жағамыз алыс қашықтықты сазды әуендер, ауызша сәлемдеме жолдаймыз,теледидардан түрлі кескіндерді көреміз, поэзд бен кемелерді, машиналарды, станоктарды қозғалысқа келтіреміз, тіптен адамдарды емдейміз, қышқылдардан сұлфаттардан таза металды бөліп аламызжәне т. б. Көптеген аса маңызды істерді жүзеге асырамыз, Электр энергиясын пайдаланусыз, ғылыми прогрессте әр түрлі электр аспаптарын қолданатын біздің тұрмыс тіршілігімезде мүмкін емес.

Нұрлыбек

-Біздің өмірімізге қажет екен бірақ бұл электр ненің салдарынан пайда болады?

Бұл сұраққа Клара жауап береді:

-Денелердің өзара электірлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы-олардың электірленуі деп, яғни электр заряды деп атайды. Денелердің үкелгенен кеиін өзіне басқа денелерді тартатын денені электірленген немесе электр заряды берілген деп атайды. –деп Клара заряд деген ұғымнан бастап түсіндіреді. Зарядтың екі тегі түралы айтып электрометр арқылы тәжірибе жүзінде зарядтардың өзара әсерлесуі туралы түсінік береді.

Жалғасын Дидар түсіндіріп береді. Яғни ол элетр өткізетін және өткізбетіндерді тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндіріп береді. Электр заряды орналасқан кеңістікте электр өріс болатынында, элетрометр арқылы көрсетіп береді.Кулон заңының мәнісін түсіндіре келіп атомдар құрлысын графопроэктор, суреттер көмегімен түсіндіріп береді.

Сабира:

-Токтің күшін анықтауға, және токтың әрекетін реттеуге болма?

Бұл сұраққа Жазира жауап береді яғни электор құбылыстарын түсіндіре бастайды. Электр тогы, электр тогының әсерлерін, электр тогының бағытын, ток күшін, электр кернеуін, өткізгіштердің электр кедерсісін, Ом заңын, меншікті кедергі формулаларын жазып мәнісін түсіндіріп береді. Өткізгіштерді қосудың турлерін амперметірлер, вольтметірлер, реостат, кіліт, өткізгіш сымдар, шамдар, акуммулятр арқылы тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндіріп, формуласын жазып береді.

Нұрлыбек:

-Токтың жұмысы мен қуатын анықтауға бола ма?

Бұл сұраққа Ербол жауап береді. Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс ғалмы Э. Ленц зерттегені туралы айтып токтың жұмысы мен қуатын қалай табу керек екенін формула арқылы жазып ережесін түсіндіріп, Джоуль-Ленц заңының тұжырымын түсіндіреді.

Сабира:

-Ток өткізгештерде ғана боладыма әлде басқа орада да боладыма?

Бұл сұраққа Мұхамет жауап береді. Ол өз жауабында Сүықтардағы, газдардағы, Вакумдағы электр тогы ненің салдарынан туындайтынын түсіндріп береді.

Сұраққа толық жауап алған екі жолаушыға физика ауылының тұрғыны Жазира былай дейді:

-Сіз электр туралы көп білгіңіз келсе онда көрші химия ауылына өтіңіз себебі менің естуімше ол ауылда химик ғалымдар тәжірибе жасап жатыр.

Нұрлыбек пен Сабира көрші ауылға аттанады.

Химия ауылына келсе ол жерде шын-мәнісінде химиктер тәжірибе жасап жатыр екен. Нұрлыбек:

-Сіздер не істеп тұрсыздар, бұл қандай тәжірибе? -деп сұрайды

Химия ауылының тұрғыны Нургүлдің жаубы:

-Біз мыс сүльфатынан ток арқылы таза мысты бөліп алмақшымыз.- дейді. Сабира:

Сонда токтың химияға да қатысы болғаны ма?

Нүргүл :

-Ия дәл солай біз сіздерге қазір химиялық элементер арқылы қалай ток алуға болатынын және де Электролиттерде токтың жүру эрекшелігін түсіндіреміз. -деп жауап береді. Содан соң Айдана электролиттер, элерторлиз, Электролиттердегі электр тогы дегеніміз не?, гальваникалық элементтер, аккумулятор, гальванопластика гальваностегия, электролиттік диссоциация, рекомбинация туралы түсінікті айтып Фарадей заңының тұжырымдап формуласын тақтаға жазып береді.

Нұрлыбек:

-Мына істеп жатқан тәжірибелеріңізде қандай құралдарды пайдаланып жатырсыздар?

Нургүл:

Аккумулятор ,қосқыш сымдар ,кіліт шам, амперметр ,вольтметр, калориметр , мыс сүльфаты, су 150гр, сағат. Біз құралдарды тізбектей жалғап аламызда, вольтметрді шамға паралаль жалғаймыз. Содан соң уақыты белгілеп кілітті қосамыз. Амперметрдің және вольтмертірдің мәндерін калирометрдегі су қызған кезде яғни бес минут уақыт аралығындағы мәндерді жазамыз. Жазған мәндерімізбен Фарадей заңы бойынша алынған мыстың масасын анықтауымызға болады, сонымен қоса бөлініп шыққан жылу мөлшерін, қуатын, токтың жұмысын, ПӘК –ін есептеп табуымызға болады.

Біз мысал жарық түнде сөніп қалса екі 3В батарея аламыз оның оң деген үшына бір қосқош жалғаймыз, теріс бөлігіне де бір қосқош жалғайиыз жалғаған қосқаштарды 1,5В шамға оң дегенді шамның бұрандасының ұшына терісдегенді жанына жалғап жарық алуымазға болады -деп Нургүл өз сөзін аяқтайды. Жақсылап тыңдап жүрген физик ауылының тұрғындары өздері дайндап келеген химиктер аулының тұрғындарына бір ойын жасырады тәжірибе жүзінде.

Тәжірибеге керегі:

Картон қағаз, бір бет қағаз, қалпақтары қоладан, ұштары ұзындау болатын он скрепка электр сымы, саптары изаляциаланған қайшы, батарея(4,5В ) патрондағы қолшам ,желім, қарындаш.

Тәжірибе барысы;

Қағаздан он төртбұрышты қиып алып, оның бесеуіне мемлекеттердің атарын, қалған бесеуіне олардың астаналарын жаз. Содан кейін картонның біржақ шетіне мемлекеттердің аттары жазылған қағаздарды, екінші бөлігіне олардың астаналарына бір жолда тұрмағаны жөн әрбір мемлекетті астаналарымен он скрепканы кадаймыз. 5 бөлік сымды киып алып, ұштарын қайшымен тазалап мемлекет пен астаналарына бектілген скрепкаларға қосамыз Бір сымның ұшын батареяның шығып тұрған клеммаларына жалғап содан кейін басқа екі сымды алып, біреуін батареяның екінші ұшымен, ал екіншісін патронның бос клемасымен қосамыз. Сымдардың басқа екі ұштары бос қалады. Бос сымның біреуні мемлекетке бекітіп екіншісін химиктерден оның астанасын сұрап жауап берген астанаға бекітеді. Егер жауап дұрыс болса шам жанады ,егер дұрыс емес болса жанбайды.Себебі:

Скрепка-қоладан, яғни электр тогын жақсы өткізетін металға жатады. Скрепкалар патронның артындағы сымдармен жалғанған болса, тізбек тұйықталып, ол арқылы ток жүреді де, шам жанады. Қателескен кезде-тізбек тұйықталмайдыда, себебі мемлекет пен астанасының арасында байланыс болмай қалады, сондықтан шам жанады.

Бұл ойынға дұрыс жауап алған екі жолаушы өздерінің сапарларын әрі қарай Биолоктар ауылына жалғастырады.

Биологтар тұрғындары есеп шығарып жатқан екен. Есептің берілгені:

Кебісті клейлеген конвейер лентасының потенциалы 8000В деін жетеді. Жұмыс кезінде ағаш орындықта отырған жұмыскерлер қолдары лентаға тиіп заряд алады. Жұмыскелердің дене сйымдылығы 25 Ф деп, оның денесіне берілетін зарядты анықтау керек.. Есептерін шығарып болған соң

Сабира:-қарап тұрып электр құбылысының биологияға да қатысы мол деп ойлаймыз. Сонда электрдің тірі ағзаларға да әсері барма?

Меруерт өз сөзін Гальвани жаңалықтарынан, құрбақа денесіне электр кернеуін берсе, онда оның аяқтарының жийырлатындығын бақағанынан бастап айтып береді. Олар дәлел келтіріп береді Тәжірибе жүзінде ол үшін:

Аккумулятор, қосқыш сымдар, амперметр, вольтметр , шам, тірі тауық.

Бәрін тізбектеі қосып келіп аккумулятордың теріс бөлігінен алынған қосқыштың бір бөлігін тауықтың бір қанатының астына терісіне жалғайды, шамнан шыққан екінші бөлігін екінші қанатының астына жалғайды. Белгілі бір уақытан соң шам жана бастайды, тауықтың дауысы өзгеріп айқайлай бастайды. Меруерт шамның неге жанған екенін түсіндіріп береді. Азизхан электротерапиянның,

физотерапияның, термотерапияның, электрошоптың адамға қандай падалы әсер беретінін түсіндіріп береді. Тұрақты ток арқылы емдеудің жолдарын Назира түсіндіріп береді. Ерлан тірі табиғатта өздігінен 50-60 В кернеу шығаратын электірлік скаттар туралы, 500 В –қа дейін кернеу тудыратын жылан балықтары туралы айтып береді.

Қорыта келе Үш ауылда қортынды жасайды . Бірінші физика ауылы Электр құбылыстарының техникадағы паыдасы туралы, Химиктер тұрмыста қолданатын металдарды бөліп, немесе гальваникалық элементердің пайдасы т.с.с. Биологтар Электр құбылыстардың Биофизиологиялық әсерлері түралы қортындылап Электр тогсыз өмір жоқ –деп тұжырымдайды.

Мұғалімнің өзі соңында қортындылайды.

Әр ауылдың көсемі бағалау парағына баға қаяды.

Бағалау парағы



Оқушы аты-жөні




Ү

Ж

Н

Ү

Ж

Н

Ү

Ж

Н

Ү

Ж

Н

Ү

Ж

Н

Ү

Ж

н

Физика




















































Химия























































Биология























































Ү-дегеніз Үздік, Ж-Жақсы, Н-Нашар. Үйге тапсырма тарауды қайталап келу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, нақыл сөздер жазып келу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет