Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Оттек. Оксидтер. Жану»



Дата29.01.2018
өлшемі94,94 Kb.
#36089
түріСабақ

Жұманазарова Құралай Алтынбекқызы

«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі. Қызылорда облысы. Шиелі кенті.
Тақырыбы: «Оттек. Оксидтер. Жану» тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Оттек. Оксидтер. Жану» тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, жүйелеу және оқушылардың танымдық ой-өрістерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлігін, реакция теңдеулерін жазып теңестіре білу, есеп шығара білу біліктерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік: ойланып, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, қоғамдасып химия пәніне құштарлықтарын ояту. Экологиялық және экономикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих, математика, әдебиет, т.б

Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, кестелер, сарамандық құрал-жабдықтар, реактивтер,

Сабақтың типі: қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: екі топқа бөліп сайыстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Исі, дәмі де жоқ, ұсталмайды,

Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.

Ол болмаса отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ.

(Оттегі)


Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Оттек. Оксидтер. Жану» тарауын қорытындылау. Сыныпты екі топқа бөліп сайыс түрінде өтеміз. Әділқазыларды және бір оқушыны көмекші етіп сайлап аламыз. Әр топ өзінің топбасшыларын сайлап алады.

І тур. Бой сергіту.

Әр топқа 10-10 нан сұрақ беріледі. Ойлануға уақыт берілмейді, жылдам жауап берілуі керек. Бір жауап, бір ұпай. Оқушы әрі топқа, әрі өзіне ұпай жинайды.


  1. Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.

  2. Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.

  3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?

  4. Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.

  5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?

  6. Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.

  7. Ауаның құрамы?.

  8. Қандай реакция экзатермиялық реакция деп аталады?.

  9. Молярлық көлем.

  10. Газдардың салыстырмалы тығыздығы?

«Ойшылдар» тобына

  1. Атмосферада неше пайыз оттек бар?

  2. Озонның физикалық қасиеті қандай?

  3. Зертханада оттекті қандай заттардан алады?

  4. Қандай реакция жану реакциясы деп аталады?.

  5. Өршіткі дегеніміз не?

  6. Оттек қайда қолданылады?

  7. Аллотропия дегеніміз не?

  8. Эндотермиялық реакция дегеніміз не?

  9. Қ.Ж газдардың көлемі қандай?

  10. Газдың тығыздығы қандай?


ІІ тур. Үй тапсырмасы.

І топқа «Оттегі атауының сыры» деген тақырыпта, ІІ топқа « Озон қабаты және оны қорғау» тақырыбында эссе жазуға берілген. Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Мазмұнына қарай және тақырыптың ашылуына қарай әділқазылар бағалайды. Бес ұпайлық жүйемен.



ІІІ тур. «Химиялық эстафета»

Топ басшылар сайысы. Ортаға топ басшылары шығады. Берілген тізбекті реакцияны бір минут ішінде орындауы керек. Әр-бір дұрыс жазылған реакция 2 ұпайдан есептеледі.

І топ: KClO3 →O2 → MgO

К2О

ІІ топ: КМnO4→ O2→ CaO

Na2O



ІҮ тур. «Мені тап»

Топтық сайыс. Топтың барлық мүшелеріне үлестірмелі карточкалар таратылады. Карточкада 5 химиялық элементтің таңбасы бар. Оқушы осы элементтердің оттегімен қосылысының формуласын құрастырады. Жазуға бір минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жазылған оксидтің формуласы 1 ұпай. Сонда әр оқушының 5 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.


Ү тур. «Ойлан, тап!»

2 топқа ортақ жұмбақтар қойылады. Жауабының қазақша, орысша және латынша атын атайды. Егер қазақша атын атаса – 1 ұпай, орысша атауын атаса- 2 ұпай, латынша атауын атаса – 3 ұпай алады.

Жұмбақтар:


  1. Өзім газбын менімен дем аласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттегі-кислород- оксигениум)

ҮІ тур. «Есептеп тап!»

Топтық сайыс. Топтың барлық мүшелеріне тапсырма жазылған карточка таратылады. Карточкада бір оксидтің аты берілген, оқушы ары қарай оның формуласын, молекулалық массасын (Mr) және оксид құрамындағы оттегінің массалық үлесін W(O) есептеп, табады.

Егер формуласын дұрыс жазса- 1 ұпай, Мr дұрыс тапса- 2 ұпай, W(О) дұрыс тапса- 2 ұпай жинайды. Карточкадағы тапсырманы толық орындаса әрбір оқушы 5 ұпай жинай алады.


ҮІІ тур. Химик- математик.

2 топқа масса және зат мөлшерін табуға есеп беріледі. Ойланып шығаруға 4 минут уақыт беріледі. Бірінші болған оқушыға- 5 ұпай, екінші болған оқушыға - 4 ұпай, үшінші болған оқушыға- 3 ұпай.



Қорытынды. Оқушылардың жинаған ұпайлары есептеліп, бағалау шкаласы бойынша бағаланады.

Бағалау шкаласы:

17 ұпайдан жоғары – “5”,

12-16 ұпай – “4”

7-11 ұпай – “3”



Үйге тапсырма.

Тарауды қайталап оқып келу




Каталог: wp-content -> uploads -> filesRef
filesRef -> Студенттерді ғылыми-зерттеушілік қызметіне дайындау жолдары
filesRef -> Компьютерлік технология
filesRef -> Таукент 2016ж Дайындаған: Ж. Аженова
filesRef -> Қазақтың ұлттық ойыны – «Тәуекел» Бауржанов Азамат Бауржанулы «Рыков атындағы орта мектебі»
filesRef -> Ойын арқылы балалардың ой—өрісін жетілдіру. Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»
filesRef -> Сабақ жоспары: Химия. 11 сынып Сабақ тақырыбы: «Спирттер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
filesRef -> Сабақтың тақырыбы Санды өрнек. Санды теңдік (теңсіздік), айнымалысы бар өрнек, теңдеу
filesRef -> Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет