Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Дамытушылық



бет1/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,56 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың тақырыбы:Сөз басы

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

2.Дамытушылық: Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3.Тәрбиелілік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы.1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын пысықтау:Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

3.Жаңа сабақты түсіндіру:«Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» дегенді білдіреді.Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді.: бірншісі –ауыз әдебиеті,екіншісі—жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті –елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.Жазу өнері болмаған соң,елдің тарихы,өмірі,тұрмысы,салты, туған жері,өнері,арманы,әдемі,мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты-жөндері бізге белгісіз.Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп ,ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.

Көркем әдебиет –оқушыларға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал.Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана,сонан соң ұстаз,мектеп тұрмысындағы төңірек. Өнер,ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады.Өнер,ғылым бар жұртта адамдар тәрбиені ата-анадан да,төңірегінен де, мектептен де және әдебиеттен де алады.



Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар



ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер

шешендік сөздер айтыстар



Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.

Тексерілді:_____________Досманова А



Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

2. Тәрбиелілік: еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

3.Дамытушылық:білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын пысықтау:

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

3.Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?

3.Жаңа сабақты түсіндіру:Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашақтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты үш ерекшелігі бар.

Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет –зары,махаббаты.

Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана заңды түрде қабысады.

Кітаппен жұмыс:Кітаптан лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

Топпен жұмыс:.Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айман-Шолпан



Сұлушаш


Қыз жібек Ләйлі-Мәжнүн

Құсырау-Шырын Қалқаман-Мамыр


Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?

2.Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлар туралы оқып,кітаптар алып келу.

Тексерілді:_____________Досманова А



Сабақтың тақырыбы:Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;

2.Тәрбиелілікоқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

3.Дамытушылық: Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабақты түсіндіру:Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.

Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.

Жыр көп вариантты болып келеді.



Зерттеуші ғалым

жылы

Қай жерде,кімнен

формалары

Орыс ғалымы

Саблуков


1830

Семейдегі көкпектілік жыраудан

Жазып алған


Ғ.Дербісалин

1834

Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген

Бір үлгісін хатқа түсіреді.

Андрей Фролов

1841

Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы

Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.

Ш.Уалиханов

1851

Атақты Жанақ ақыннан

Жазып алады.

А.С.Пушкин




Орынбор жанындағы ауылдарда болып

Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.

М.Путинцев

1865

Қазақстанға келіп

Жазып алып орыс тіліне аударады.

Академик Радлов

1870




Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.

Профессор Н.Н.Березин

1876

«Түрік хрестоматиясы» кітабында

Бір вариантын жариялайды.

Археолог ғалым Н.Пантусов

1898

Түрік өлкесін зерттеуші

Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.

Орыс тарихшысы

И.А. Кастанье



1910

Оренбург мұражайында

Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.

Советтік дәуірде М.Әуезов

1925

1936


1939

Мәскеуде

Алматыда


«Батырлар жыры»

Бірінші рет басылып шығарылады.

Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады

«Батырлар жыры» жинағына енген.


Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

Зерттеушілердің аты-жөні

жылы

еңбектері

тұжырымдама

С.Сейфуллин

1932

«Қазақ әдебиеті»

Радлов варианты бойынша тоқталады.

С.Мұқанов

1935

«батырлар жыры» туралы еңбегінде

Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.

Қ.Жұмалиев

1944

«Қазақ әдебиеті»

Халық жыры

Ә.Марғұлан

М.Ақынжанов



1958

«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында

Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.

Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.

Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.

Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.

Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Жырдың қандай варианттары бар?

2.Кімдер зерттеген?

3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.

Тексерілді:_____________Досманова А



Сабақтың тақырыбы: Жырдағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:жырдағы көтерілген проблемаларды аша отырып,кейіпкерлерге талдау жасау;

2. Тәрбиелілік:логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,

3.Дамытушылық: еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: іскерлік ойын «Өкіл»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, топтық жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Тізбек –мазмұн (әр топ тізбекпен мазмұндайды)

2. топтық жұмыс. Сұрақ-жауап

Жаңа сабақты түсіндіру:Сұрыптап талдау жұмыс.Сынып 4 топқа бөлінеді де,тапсырмаларын алады.

А тобы Ә тобы


Өкіл

Б тобы В тобы

А тобы-Жырдағы көтерілген мәселелер.

Ә тобы – Қозы өліміне себепкер болған кім?

Б тобы-Баянның соңғы әрекеті туралы не айтар едің?

В тобы –Жырдағы Қарабайлар мен Қодарлар бейнесі,қазіргі кезеңде кездесе ме?

(Сұрыптап талдау,проблемалық сұрақтар,проблемалық шешуді ұйымдастыру барысында талдау жасау)

Ойынның шарттары. Тапсырмаларды орындау үшін уақыт беріледі. Әр топ өкілімен бірге проблемалық сұрақ- тапсырмаларды шеше отырып талдау жасайды да, өкіл өз тобының шешімін қорғайды. Басқа топтан сұрақтар болған кезде өкіл шеше алмаса «тайм-аут» алып, өз тобымен ақылдасып барып жұмыс істейді,жауап береді. (Өз тобының мүшелерінің жауабын естіп білгендіктен бағалау соларға жүктеледі).



Білімді бекіту:Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.

Үйге тапсырма:«Махаббат-дүние көркі». Әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс қоюға дайындалады.

Тексерілді:_____________Досманова А



Сабақтың тақырыбы: Жырдың құрылысы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:жырдағы көтерілген проблемаларды аша отырып,құрылысына талдау жасау;

2. Тәрбиелілік:логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,

3.Дамытушылық: еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау: «Махаббат-дүние көркі»тақырыбында әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс көрсетеді. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры саған несімен ұнады?

2. Қай кейіпкер,қандай қылығымен ұнады?

3.Ұнаған кейіпкер кім? Себебін түсіндір.

4.Сен Қозының орнында болсаң не істер едің?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын құрылысына қарай талдайды.

1.Басталуы.

2. Дамуы.

3. Шарықтау шегі.

4. Шиеленісі.

5. Шешімі.



Топпен жұмыс: Шығармадағы дәстүрлі салт жырларының үлгісін тауып,мысалдарымен дәлелдеп бер.
Жар-жар естірту


Жоқтау қоштасу


Білімді бекіту: Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлардың басқа түрлерін оқып келу

Тексерілді:_____________Досманова А



Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөздер. Билер сөзі – нақылдың көзі.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

2.Тәрбиелілік:сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

3.Дамытушылық:мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:Қалыптан тыс-саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,іздену

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері,дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс:тарих,география

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.



  1. Төле би кім?

  2. Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.

Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.


  1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

  2. Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауыңа найзаң тимесе

Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)

-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:

1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.

Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.



  1. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

  2. Ерте гүлдейтін гүл

  3. Ел ордасы

  4. Алғаш мектеп ашқан адам



















А






















Б
















А

























Й






Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

«Жақсы сөз жан семіртер» ...

«Досы көппен сыйлас» ...

«Отпен ойнама» ....

«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)

Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз



Білімді бекіту
Білімді бағалау:
Сабақтың тақырыбы

Каталог: uploads -> doc -> 0079
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0079 -> Сабақ: Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі Мектеп: №7
0079 -> Сабақтың жоспары Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 "Б" Мұғалімі: Альмишева Ляззат Шайзаевна


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет