Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
#1065
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев - табиғат жыршысы
Сабақтың мақсаты: 

  1. Білімділік. Оқушыларға қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан 
    Қастеевтың табиғат көрінісі бейнеленген шығармаларымен таныстыру.

  2. Дамытушылық. Әбілхан Қастеевтың табиғат көрінісі бейнеленген шығармаларымен таныстыру арқылы оқушылардың қабылдау, есте сақтау, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік. Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

  1. Сабақ типі: Алған білімді практикамен ұштастыра білу сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, тарих, әдебиет

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, иллюстрациялар, репродукциялар, оқулық, слайд презентациялар,

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: сулы бояу, гуашь, қылқалам, қарындаш, сурет альбомы, өшіргіш, қарындаш.


Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, кезекшіні тағайындап, бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен тақырыпқа шолу

- табиғат көрінісі бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?

- табиғатты бейнелеген суретшілерді атаңдар?

-этюд жазудың маңызын айтыңдар?


Үй тапсырмасын қорыту. Этюд жазудың кезеңдерімен табиғатты бейнелеудің жолдарын үйрету.
Жаңа сабақты түсіндіру:

Әбілхан Қастеевтың табиғат көрінісі бейнеленген шығармалары жайлы мағлұмат беру.



Мәтінмен жұмыс

Халқымыздың ұлы суретшісі, «қазақ бейнелеу өнерінің атасы» Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші.

Әбіл­хан Қастеев 1904 жылы қазіргі Алматы облысы, Пан­фил­ов ауданы, Шежін ауылында диқан­дықты кәсіп еткен қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әке­сінен үш жасында айырылған ол тұр­мыс тауқыметін ерте тартып, бала жа­сынан еңбекке араласты. Әбіл­ханның мұңдасы да, сырласы да шежірелі Шежінінің көркем таби­ғаты болды. Табиғаттың сан түрлі бояуын санасына сіңіріп, өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемінің аты мен затын, түр-түсін, тіршілігін терең сезініп, түсініп өскен Әбілханның су­рет­шілік дарынының ұштала түсуіне ана­сы Қалипаның да әсері көп бол­ды. Бейнесі көкіре­гінде сайрап тұра­тын жер жаннаты Жеті­су­дың, туып-өскен өлкесі – жазиралы Жаркенті мен шежірелі Шежінінің, қала берді, күллі қазақ даласының тамылжыған таби­ғатын қылқаламмен сөйлетті.

Әбілхан - өз елінің, табиғатының сұлулығын, адамдарының даралығы мен даналығын дәл бейнелеген суретші. Жер - анадан жаралған үлкен суреткер тылсым табиғатты бейнелеуде оған жан бітірді. Оның шығармасының талғамы терең, өрісі кең: онда тарихи тақырып шығармалары да, өзгерістер дәуіріндегі тұрмысын бейнелейтін жанрлық картиналар да молшылық. Қастеев шығармашылығында портреттер мен табиғат суреттері де үлкен орын алады, туған ел табиғатының сұлулығы мен ерекшелігін эмоциялық түйсіну шынайылықпен, лирикалық сезімталдылық ғажап ұштасып жатыр. Бояу түстерінің ырғағы бейнелердің оптимистік оның шығармашылығындағы қазақ эпосының ең үздік туындылары мен тұрмыстық өнердің жарасты үндестігінен туып, халықпен біте қайнасқан. Табиғат суреттері арқылы Қастеев үздіксіз жаңарып жатқан туған өлкесін перзенттік сүйіспеншілікпен, асқан шабытпен жырлайды. Акварельмен салған суреттер қазақтың шетсіз - шексіз жомарт даласы, диқандардың еңбекке, ерлікке толы дархан өмірі, тамылжыған жайлау жәнаты жайлы сыр шертеді.

Өзінің табиғи сезімталдығының арқасында ол талай көркем дүниелерді өмірге өкелді, олардың негізгі арқауы туған жерге, адамына, өз халқына деген орасан зор сүюспеншілік еді.

Ә. Қастеев табиғат кеңістігіндегі адам тұлғасының мәнін табиғатпен етене етіп, терендеп кетіп бара жатқан кеңістікті ерекшелеуді көкжиек сызығының не жоғары, не төмен орналасуы, адам бойының масштабын дәл табу арқылы көрсетеді. "Талас алқабыңда" адамдар бейнесі табиғаттың шынайы көрінісін сезінуге көмекші, қосымша бөлшектер ретінде ұсақ бейнеленеді. Сондықтан да ол "Талас алқабы" болып қабылданады. Әрине, бұл ерекше суреткерлік қасиет.1960 жылдары Қастеев өнеркәсіптік пейзаж — жаңа тақырыпқа бет бұрды. Көз алдыңда етек жайған ұлы жеті жылдық құрылыстарын бейнелеу — көкке шаншылған көтергіш краңдардың мойындары ("Руда алу фабрикасының қүрылысы", 1960 ж.), терең рудалық карьерлер ("Мартен рудасы", 1960 ж. жөне басқалары) таудан құлаған өзеңдердегі тосқауылдар мен завод ғимараттары бола тұрса да Қастеев өзінің негізгі тақырыбын туған өңірдің жаңарған табиғатын, алып өнеркәсіптің көлеңкелері арасынан көре білді. Жаңа тақырып Қастеевтің палитрасына да өзгерістер берді. Нөзік өрнекті күмістей өрілген түр-түс қосыңдылары сол "өнеркәсіптік" табиғатты кескіндеді. Әбілхан - туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Түрксіб" (1932), "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты туындылары эпикалық қарымымен, дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес. Табиғаттың, әлемнің, адамның – барлық жаратылыс элементтерінің арасындағы байланыс пен үйлесімділікке негізделген табиғаттың күшін руханилығын, қазақ халқының дәстүрлі санасының қалыптастырды. Қастеев әрбір көркем кеңістік пен уақыт қатынастарын бейнелеуде дәл шешім таба білді.



Суретші бар ғұмырында акварельмен, майлы бояумен, графикалық тұрғыда мыңнан аса туынды әкелді. Шығармаларында қазақ елінің болмыс-бітімін, басқа елге ұқсамайтын бояуы өте нәзік лирикалық негізде жеткізді.
2004 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЭСКО көлемінде тойланды.Қазақтың мемлекттік көркемсурет өнер мұражайы Ә.Қастеев есімімен аталады.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету. (слайд, репродукциялар).

"Түрксіб" (1932),



Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.


Каталог: uploads -> doc -> 0223
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0223 -> Өзін – өзі танудың парадигмалары
0223 -> Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж. Б. Курмангалиева. География-биология пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет