Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушыларға үй құстары, олардың ерекшеліктерімен тіршілік ету әрекеттері туралы түсінік беру



Дата15.09.2017
өлшемі47,97 Kb.
#33745
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушыларға үй құстары, олардың ерекшеліктерімен тіршілік ету әрекеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық  – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, үй құстары, олардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелей, қорытындылай отырып, білімдерін, жүйелі  сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік– оқушыларды құстарды күте білуге, қорғауға деген сезімдерін ояту, құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын элементтері, тірек-сызба

Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері, плакаттар, тест тапсырмалары, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 топқа бөлу Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар-түйеқұс), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар-аққу).

оқушылармен сәлемдесу

түгендеу

сабаққа дайындығын тексеру

назарын сабаққа аудару

бағалау парақтарын тарату



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Емен ағашы» сұрақ-жауап. Емен ағашының жапырақтары мен құстарын өзіне қайтарып беруіміз керек. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіміз керек. (Оқушыларға жапырақ және құстардың суреттері таратылып, оның артындағы сұрақтарға жауап беру керек)

  1. Құстардың жүрегінің құрылысын және қанайналым жүйесін түсіндір.

  2. Неліктен құстарды жылықандылар деп атайды, дене температурасы қанша?

  3. Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді? (бас, мойын, тұлға)

  4. Құстар қалай тыныс алады?

  5. Құстардың жақ сүйегі неге айналған? Ас қорыту жүйесін түсіндір.(тұмсыққа)

  6. Құстың қарны қандай бөлімдерден тұрады?

  7. Құстың омыртқа жотасының бөлімдерін ата.(арқа, бел, сегізкөз.)

  8. Құстардың қаңқасын түсіндір.

  9. Құстардың зәр шығару жүйесі қандай?

  10. Ширақ балапандар дегеніміз не? Ширақ балапан шығаратындар

  11. Қызылшақа балапан дегеніміз не? Қызылшақа балапан шығаратындар

  12. Құстардың жорғалаушылардан шыққандығын немен дәлелдеуге болады?

  13. Көнеқұс пен ілікқұстың құстарға қандай ұқсастығы бар?

  14. Жұмыртқаның құрылысын түсіндір.

  15. Қауырсынның құрылысын түсіндір.

  16. Құс миының бөлімдерін ата.

  17. Құстарды зерттейтін ғылым.

ІІІ.Электрондық оқулық.

ІV.Қызығушылықты ояту.Үй құстары туралы не білесіңдер?

V.Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.»

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақты жұмбақ шешумен ашу:

1 .Кеудесi қайқандап, 


Жүредi байпандап. (Қаз)

2. Қызыл бұжыр айдары бар


Қоқиланған айбары бар. 
Ауық-ауық азан салып, 
Өңеш керген айқайы бар. (Қораз) 
3.Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтандап. (Балапан).



Үй құстары жайлы мәліметтер беру. Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп атайды.Құс шаруашылығы мал шаруашылығының тиімді саласының бірі.Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше.Құс қауырсыны (мамығы)күнделікті тұрмыс қажетіне пайдаланылады.Ал құс саңғырығы –сапалы тыңайтқыш.Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар.Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрлері бар.Тауықтектестерден –тауық,күркетауық,мысыр тауығы,тауыс.Үйрек пен қазда қолға үйретілген құстарға жатады.Бұдан 7мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде-жабайы сұр қаз,Қытайда жабайы қутұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген.Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді.Қолға үйретілген құстардан ең көп өсірілетіні-үй тауығы.Асыранды тауықтың арғы –тегі банкив тауығы.Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі- күркетауық.Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс-африкалық түйеқұс.Оның еті,жұмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады.Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та,Қытайда,тіпті Қазақстанда (Қостанай өңірінде ,Алматы облысында)афри калық түйеқұс өсірілуде.Бір ғана құс фермасында ғана 300 мыңнан астам құс өсіруге болады.

VІ.Мағынаны ашу: мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі

Оқушылар мәтінді оқып,сипаттайды.

1-ші топ сипаттама береді, кесте,сурет салады

2-ші топ сипаттама береді, кесте,сурет салады

3-ші топ топ сипаттама береді, кесте,сурет салады.

VІІ. Ой толғаныс: пікір алмасу,өз ойларын қағаз бетіне түсіру, қорғау.

VІІІ. Биологиялық диктант:

Құс шаруашылығы - ......... шаруашылығының тиімді саласының бірі. Құс ................ - сапалы тыңайтқыш. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың ............ мен ......... алу. «..........» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын ................ аймағында және ............ қолға үйретілген.



ІX. Демалыс сәті: ойын «Кім көп біледі?» әр топтан бір-бір оқушыдан тақтаға шығады да,топ оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім үй құстарының суреттері немесе үй құстарының жазуы бар қағазды тақтаға іледі және құстар дыбысын анықтаулары тиіс. Топ оқушылары екі балаға тақтадағы ілінген тапсырманы түсіндіріп беру керек, ал тақтадағы екі оқушы ол сөзді немесе суретті тауып айту керек.

XІ. Сабақты бекіту: миға шабуыл,тест тапсырмалары. Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

XІІ. Қорытындылау.

XІІІ. Бағалау.

XІV. Үйге тапсырма. § Құс шаруашылығы. Оқу, құстар туралы эссе жазу (шағын)

XVІ. Рефлексия
Каталог: uploads -> doc -> 0eb2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb2 -> Өсу мен даму кезеңінде қандай өзгерістер жүреді?
0eb2 -> Шұбалаң негізгі мектебі Ділмағанбетова Индира Алшынбайқызы
0eb2 -> Абуталина Айнур Калиоллиевна


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет