Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы синтаксистік түсінік қалыптастыру



Дата26.08.2017
өлшемі93,75 Kb.
#27881
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы синтаксистік түсінік қалыптастыру.

Сөйлем құру дағдыларын жетілдіру.Сөйлем соңына қойылатын тыныс

белгілерімен таныстыру.



Дамытушылық: Өз ойын ашық білдіруге,өзіндік жұмыс істеуге, сауытты жазуға

дағдыландыру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелілік: Көркем жазуға,ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,өзіндік ізденіс,жинақта

Сабақтың принциптері: біртұтастық,жүйелілік

Сабақтың көрнекілігі:

тірек-сызба.суреттер,ойын құралдары,интерактивті тақтадан слайдтар



Сабақтың барысы:І.Бағдарлау -мотивациялық кезеңі:

1. Ұйымдастыру.

а) Оқушылармен амандасып,сабаққа назарын аудару;

ә)Балалар қазір қай сабақ екенән еске түсіріп жіберейік:

Қазақ тілім өз тілім,ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым қазақ тілім.

-Міне, балалар, ғұлама, кемеңгер ақын ағаларымыздың тілі,туған тіліміз «қазақ тілі» екенін байқаймыз.



2. Психологиялық дайындық.

Жұмбақ шешеу.

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан

-Бұл жұмбақтың шешеуі не деп ойлайсыңдар?

-Күн

-Балалар,неліктен сабағымызды күнге қатысты бастап отырмыз?

-Күн мемлекеттік нышанымыз тудың ортасында орналасқан.

-Күн тыныштықтың,байлықтың белгісі.

-Күннен адамға қатысты қандай қасиеттерді алуға болады?

-Мейірімділік,жылылық,әлемге ортақ,шуағы мол.



Хормен:Бола білсең күндей бол,

Жұрттың бәрін бірдей қөр.

Мейіріміңдң аямай

Жылуыңды себе бер!

3.Үй тапсырмасын сұрау.

3-жаттығу. «Менің анам» тақырыбында жазып келген щығармаларын оқыту.



4. Үй тапсырмасын бекіту.

а) Шығарма туралы алған білімдерін пысықтау.

ә) Шығарма дегеніміз не?

б) шығарма неден құралады?

в) Шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығы қандай?

5.Топтастыру бөлімі.

а) «Ана» сөзіне сипаттама беру.

ә) Ана мен күннің суреттеріне сөйлем құрау.

-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар




Ана

аяулы

сұлу

дос

Ананың

суреті




ақылдыы



қымбатты жан

қадірлі жан


6. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қызығушылығын ояту. «Ойлан тап» ойыны
8-6

7+6

14-4

9+4



25-5

12-7


Математикалық байланыс.

л

ө

е

й

с

м

10

15

13

5

14

20

Өрнектерді есептеп,мәнән табу. Шешулеріндегі сандарды әріптермен салыстыру.

«Сөйлем» сөзін шығарып алу.

Суреттер арқылы түсіндіру.



ІІ.Орындаушылық-операциялық кезең.

7. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. «Сс» әрпі

1-жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді оқы.

Сөздер:кітап, дала, суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды.

Сөйлемдер:Кітапты күтіп ұста. Далада суықжаңбыр жауып тұр. Көк биеқұлындады.

2-жаттығу. Ауызша

Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғаннын оқып бер.


МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

«Ойлы болсаң,озып көр» ойыны. Бес жолды өлең құрастыру.


  1. Қыс.

  2. Салқын аяз.

  3. Борайды, жауады, үскіреді.

  4. Қыс мезгілі қандай тамаша!

  5. Суық мезгіл.

8. Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

3-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.



«Сүйікті пән»

Түртіп қалдым Майқанды,

Майқан маған қарайды.

-Әй, сен осы қай пәнді

Сүйесің?-деп сұрадым.

Білгендерге пән пәнін

Барлығы да тәуір-ау!-

Деді Майқан.-Ал менің

Сүйеп «пәнім» -қоңырау!

Жаттығу жұмысын жан жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны анықталды.

5-жаттығу. «Адасқан сөздер» ойыны

Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
басады

әрең

1.


Аяғын

құлыншақ



Адамға

пайда

құстар

көп

келтіреді

2.

3.


Үйлер

көрінді

биік

алыстан


9. Жаңа сабақты бекіту.

Шығармашылық жұмыс

1. .

2. !

3. ?



«Кім жүйрік» ойыны.

«Сөйлем» сөзінен бірнеше сөздер шығару.

Мес, ес, сөл, ем, сөйле, өс, өсем, ел, сел.

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

10.Тірек-сызбамен жұмыс. «Сөйлем» дегеніміз не?


С өйлем



Хабарлысөйлем

Лепті сөйлем

Сұраулы сөйлем



Әңгімелейді

Көңіл-күйді білдіреді

Сұрай айтылады



Нүкте қойылады(.)

Леп белгісі қойылады(!)

Сұрақ белгісі қойылады(?)

Құстардың суреті (сауысқан, қарға, торғай, көгершінің суреті)



  • Балалар, бұл қандай құс.

  • Көгешін.

  • Дұрыс айтасыңдар, көгершін-бейбітшілік құсы.

Хормен: «Ақ көгершін» әні орындалады.

11.«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» туралы айтылады

«Қазақстан» сөзжұмбағын шешу.
Сөзжұмбақтың жауаптары:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)


  1. Қадірлі жан (ана)

  2. Ұлттық тағам (қазы)

  3. Тәтті жеміс (алма)

  4. Туымызда бейнеленген құс (қыран)

  5. Сырт сырт соғады,

Уақыт озады. (сағат)

  1. Рәміздердің бірі (ту)

  2. Аң патшасы (арыстан)

  3. Ас атасы - (нан)



12.Үйге тапсырма беру.

-Балалар, біздің елімізде құстардың түрі өте көп. Солардың бірі-көкек. Көкек – көктем жаршысы. Көктем айында көкек жылы жақтан ұшып келсе, көктем айы басталады деп жатады.

-Сонымен, үйге 4-жаттығуды ала қойыңдар. Мәтінді оқы. Ондағы сөйлемдердің жігін тауып көшір. Әр сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? Тиісті жерге нүкте қой.

Көкек .

Көкектің жұмыртқасы ұсақ болады, өзі бірден артық жұмыртқа тумайды, ұя салмайды балапан баспайды жұмыртқасын кез-келген торғайдың ұясына тастап кетеді оны торғай басып шығарады.

-Ауызша тілде бірінші сөйлем екіншісінен қалай ажыратылады?

-Жазбаша тілде ше?



13.Бағалау.

Ақтөбе қаласы, №15 орта мектебі

бастауыш класс мұғалімі

Жолаева Айнур Толегеновна
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет