Сабақтың мақсаты: білімділік: зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: грамматикалық сауаттылығын көтеру



Дата19.05.2017
өлшемі42,12 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі (слайдымен)

Сабақтың мақсаты: білімділік: зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат

беру.

Дамытушылық: грамматикалық сауаттылығын көтеру,



өз бетінше қорытынды шығаруға, ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа және

адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді игеру сабағы.

Түрі: аралас

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, проблемалық іздену, өз бетімен жұмыс.

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Қолданылған технология: ақпараттық - коммуникативтік технология, СТО

технологиясының стратегиялары.

Көрнекі - құралдары: оқулық, суреттер, қима қағаздар.

Техникалық құралы: компьютер, интерактивті тақта.

Болжамдап отырған нәтиже: зат есімнің тәуелденуін айыра алатын тұлға.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

а) психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру 7 мин

а) 35 - жаттығу(ауызша)

3. Жаңа сабақ 30 мин

а) Ой жинақтау

ә) Мұғалімнің түсіндірмесі

б) Оқулықпен жұмыс

4. Сабақты бекіту 4 мин

а) Венн диаграммасымен жұмыс

5. Білімдерін бағалау 1 мин

6. Үйге тапсырма 1 мин

Сабақтың барысы: Оқушылардың назарын болатын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен

Жылылықты шашайық

Сәттілік тілеп күлімсіреп

Біз сабақты бастайық

2. Үй тапсырмасын тексеру

37 - жаттығу. Сөздерді оқы. Әр қатарда берілген бес сөздің қайсысы артық.

1. Құсты

2. Жақсы осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

- Құсты атуға болмайды.

- Жақсы сөз жарым ырыс.

Қорытындылау. Құрастыру ойыны

1. Биыл нешінші жыл

2. 2011 жыл қандай жыл.

3. Қоян қандай екен?

4. Қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?

Осыдан қандай ертегі шығаруға болады?

Жыл басына таласқан хайуанаттар.

3Жаңа сабақ: Зат есімнің тәуелденуі.

- Бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты туған өлкеміздің көне тарихы ескерткіштері туралы мағлұмат беру.

- Ал балалар бәріміз автобусқа мініп бірінші Ж. Жабаев атамыздың ескерткішінен бастаймыз.

- Ж. Жабаев ескерткіші қайда орналасқан?

- Орталық базарда

1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы Хантауы мен Жамбыл тауының етегінде туылған. Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған ірі сөз шебері. Ол айтыс ақыны болған 1945 жылы 99 жасында дүние салған.

38 - ЖАТТЫҒУ. СӨЙЛЕМДІ ОҚЫ. Суретпен берілген сөздердің түбірі

мен қосымшаларын ажырат.

Сағатым, мысығың, қаламсабы.

«Тез ойлан» ойыны

Мысық - мысығы.

қаламсап - қаламсабы

Ереже айтқызу

Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғау ларды тәуелдік жалғаулар деп атайды.

Сағат - сағатым, сағатың - сағаты.

- Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Біз Қарахан баба мен Дәуітбек атаның мазарына барамыз.

Қарахан мазары 11 ғасырда тұрғызылған болған. Қарахан баба әулие ата деп атайды. Ал Дәуітбек әулие атаның туысы үлкен батыр, ірі қолбасшы мемлекет басқаруға қатысқан қайраткер. Тараз қаласын жаудан аман алып қалған батырдың бірі.

39 - жаттығу. Өз бетінше жұмыс.

Ішіне

Жекеше.


Менің анам, қолым.

Cенің анаң, қолың

Сіздің анаңыз, қолыңыз.

Оның анасы, қолы

Сыртына

Көпше


Біздің анамыз, қолымыз.

Сендердің аналарың, қолдарың

Сіздердің аналарыңыз, қолдарыңыз

Олардың аналары, қолдары

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Жекеше түрі

Менің қозым, етігім.

Сенің қозың, етігің

Сіздің қозыңыз, етігіңіз.

Оның қозысы, етігі

Көпше түрі

Біздің қозымыз, етігіміз

Сендердің қозыларың, етіктерің

Сіздердің қозыларыңыз, етіктеріңіз

Олардың қозылары, етіктері.

- Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Тектұрмас ата кесенесіне келдік. Тектұрмас ата батыр болған.

Ата мазарына жақсы тілек тілеп келеді екен. Атаның мазары әулиелі жерге салынған.

41 - жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқытып жатқа жазу.

Түйем шықты өрісіне,

Боталары маймаңдап

Қойым өрді қапталдап

Қозыларым салды ойнақ.

(Ж. Жабаев.)

Ой қозғау: Төрт түлік пірлерін атау.

- Енді Тараз қақпадан өтіп Айша - бибі кесенесіне келдік.

- Айша - бибі кесенесі 11 - 12 ғасырда салынған архитектура. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі қазіргі Айша - бибі селосында орналасқан. Айша - бибі Қараханға ғашық болып әкесінен рұқсат сұрап артынан іздеп бармақшы болады. Әкесі рұқсат бермеген соң кетіп қалған. Әкесі теріс батасын берген. Ғашығын іздеп шығып Талас өзеніне суға шомылып жатқан жерінен жылан шағып өлтірген. Қасындағы күтушісі Бабаджан Хатун Қараханға хабар бергізіп, Қарахан баба сол жерден мазарын салғызған.

42 - жаттығу. Семантикалық картамен жұмыс.

--------------------------

5. Қорытындылау.



- Бүгін біз балалар, сабағымызда туған өлкеміздің қандай тарихи ескерткіштеріне бардық?
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет